8 сынып Файл – бұл



жүктеу 148,08 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі148,08 Kb.
#6427

8 сынып
1. Файл – бұл ....

a) операциялық жүйе жүктелетін дискідегі жүйелік аймақ.

b) дискідегі немесе басқа ақпарат тасуыштағы атау берілген аймақ.

c) пайдаланушы пайдаланбайтын дискінің немесе басқа машиналық тасуыштың бөлігі.

d) ақпараттың кез келген типі сақталатын дискінің немесе басқа машиналық тасуыштың бөлігі.


2. Қапшық – бұл ….

a) пайдаланушының графикалық интерфейстеріндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған контейнер.

b) каталогтар ағашы.

c) аласталған файлдар мен қапшықтарды орналастыруға арналған контейнер.

d) файлдар диспетчері.


3. Жарлық – бұл …

a) файлдардың иерархиялық құрылымын бейнелейтін бағдарлама.

b) компьютерде немесе желіде қатынауға болатын кез келген элементке сілтеме.

c) «Сілтеуіш» терезесіндегі файлдардың ұсынылу формасын басқаратын меню командасы.

d) бірден бірнеше файлды немесе қапшықты көшірмелеуге мүмкіндік беретін бағдарлама.
4. Windows ОЖ-сінде ... атауы рұқсат етілген.


  1. символдар саны шектеусіз файлдың кез келген

  2. тек латын әріптерімен ғана берілген файлдың кез келген

  3. 255 символдан аспайтын файлдың кез келген

  4. 255 символдан асатын файлдың кез келген


5. Файлдар атауының ұзындығы ... бола алады.

а) бос орынды қамти отырып, 1 ден 255 символға дейін

b) 2ден 187 символға дейін

d) 3тен кем емес символ

д) символдардың санымен шектелмеген.
6. Файлдардың атауында мынадай символдарды: $ # & @ ! % ( ) { } пайдалануға бола ма?

a) Тек қана мыналарды: & @ ! %

b) Иә

c) Тек қана мыналарды: ! % ( ) { }



d) тек қана мыналарды: $ # &
7. Файлдардың атауында мынадай символдарды: \ / : * ? " < > ! в пайдалануға бола ма?

а) Иә


b) Тек қана мыналарды: \ / :

c) Жоқ


d) Мынадан басқасының бәрін: ?
8. Бір каталогте атаулары бірдей файлдардың болуына рұқсат па?

а) Ішкі каталогтері жоқ қапшықта рұқсат.

b) Жоқ.

c) Иә, егерде оларды әзірлеу уақыты сәйкес келсе;

d) Иә, егерде кеңеюі сәйкес келса.
9. Каталог – бұл ...

а) бұл қоржынға орналастырылған файл.

б) бұл операциялық жүйе жүктелетін дискідегі жүйелік аймақ.

г) бұл MS-DOS операциялық жүйесін іске қосатын бағдарлама.

д) бұл файлдардың атауы, файлдардың мөлшері туралы мәлімет және т.б. сақталатын дискідегі арнаулы орын.
10. Қазіргі мезетте пайдаланушы жұмыс істейтін каталог ... деп аталады.

a) түпкі


b) ағымдағы

c) негізгі

d) аласталған
11. Компьютерде файлдардың, қапшықтар мен дискілердің иерархиялық құрылымын ... бейнелейді.

а) Сілтеуіш (Проводник)

b) Каталог

c) Тапсырмалар тақтасы (Панел задач)

d) Жұмыс үстелі (Рабочий стол)
12. Сілтеуіш ... үшін қызмет етеді.

a) тек қана дискілермен жұмыс істеу үшін және файлдарды жою

b) тек қана файлдар мен қапшықтардың атауын өзгерту

c) тек қана файлдар мен қапшықтарды іздестіру

d) файлдар мен қапшықтарды көшірмелеу, орнын ауыстыру, атауын өзгерту және іздестіру
13. Дұрыс ұйғарымды таңдаңдар.


  1. Кез келген қапшықтың немесе файлдың атауын өзгерту мүмкін болады.

  2. Жұмыс үстелінде (Рабочем столе) тұрған қапшықтың атауын өзгерту мүмкін болады.

  3. Жүйелік қапшықтардың («Documents and Settings», «Windows» немесе «System32») атауын өзгертуге болмайды.

  4. Жұмыс үстелінде (Рабочем столе) тұрған қапшықтың атауын өзгертуге болмайды.

14. Жаңа қапшықты әзірлеудің дұрыс тізбегі атап көрсетіңдер:



  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашу – Файл - Әзірлеу (ФайлСоздать) командасын таңдау керек.

  2. Бас менюді (Главное меню) ашу – Бағдарламалар Әзірлеу (Программы Создать) командасын таңдау керек.

  3. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашу – Файл - Әзірлеу (ФайлСоздать) командасын таңдау керек


15. Файлдың көшірмесін басқа атаумен немесе басқа орында сақтау үшін ... командаларын таңдау керек.

a) ағымдағы бағдарламаның Түзету менюі (Меню Правка) – Көшірмелеу b) ағымдағы бағдарламаның Файл менюі (Меню Файл) Сақтау

c) ағымдағы бағдарламаның Қызмет менюі (Меню Сервис) Автоалмастыру

d) ағымдағы бағдарламаның Файл менюі (Меню Файл) Қалай сақтау...


16. Керек емес файлды немесе қапшықты ... командасымен алып тастауға болады.

a) Кірістіру

b) Көшірмелеу

c) Аластау

d) Қалпына келтіру
17. Аласталған объектілер уақытша тап болатын қапшық ... аталады.


  1. Портфель деп

  2. Менің құжаттарым (Мои документы) деп

  3. Қоржын (Корзина) деп

  4. Блокнот деп

18. Жұмыс үстелінен Жарлықты аластау әрекеті ...



a) сенің компьютеріңнің қатқыл дискісінен таңбашаны жояды.

b) Қатқыл дискіден Жарлықты жояды да оған сәйкес бағдарламаларды да, қапшықтарды да немесе файлдарды да жояды.

c) Қатқыл дискіден сәйкес бағдарламалардың, қапшықтардың немесе файлдардың жарлығын, сондай-ақ басқа бағдарламалардың бәрін жояды.

d) Жұмыс үстелінен тек жарлықты ғана алып тастайды.




19. Сенің компьютеріңнен файлды ... тәсілдермен жоюға болады.

a) Сол файлды Қоржын (Корзина) таңбашасына тасу; пернесін немесе + пернелер қисынын басу; файлдың атауын маустың оңжақ батырмасымен шерте отырып, Жою (Удалить) пунктін таңдау

b) Тек файлдың атауын шерте отырып жалғастыра пернесін немесе + пернелер қисынын басу

c) Тек файлдың атауын маустың оңжақ батырмасымен шерте отырып Жою (Удалить) пунктін таңдау

d) Сол файлды Қоржын (Корзина) таңбашасына тек қана тасу
20. Желілік немесе иілгіш дискіден аласталған элементтер Қоржынға түсе ме?

a) Иә


b) Тек атауын өзгерткеннен кейін ғана .

c) Жоқ.

d) Тек бірден қоржынға тасығаннан кейін ғана түседі.
21. Файлдар мен қапшықтар қоржында ... уақыт тұра алады.

a) 1 күн


b) бір апта

c) пайдаланушы оларды өзі жойғанша

d) жарты жыл
22. Қоржыннан қайта қалпына келтірілген файл ... орналасатын болады.

а) Жұмыс үстелінде (Рабочий стол)

б) Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығында

в) Түпкі каталогте

г) Бастапқы тұрған орнында
23. Файлдарды Қоржынға аластаған кезде ... болады.


  1. Файлдар дискіден өшіріліп, ал қоржында олардың тек қана тізімі сақталатын.

  2. Файлдар дискіден жойылмастан Қоржын қапшығында сақталып, бірақ бұрын тұрған қапшықта енді жоқ болатын

  3. Файлдар дискіден жойылмастан бұрын тұрған сол қапшықта сақталатын

  4. Файлдар дискіден қайтымсыз жойылатын



24. Әр жерде орналасқан бірнеше файлды ... ерекшелеуге болады.

а) бірінші файл бойынша және Shift пернесі басылып тұрған кезде соңғы файл бойынша шертіп

b) Shift пернесі басылып тұрған кезде әрбір файл бойынша шертіп

c) бірінші файл бойынша және Ctrl пернесі басылып тұрған кезде соңғы файл бойынша шертіп

d) Ctrl пернесі басылып тұрған кезде әрбір файл бойынша шертіп
25. Windows операциялық жүйесінде файлдың белгіленуі ... тұрады.


  1. екі бөліктен: атаудан және кеңеюден

  2. екі бөліктен: атаудан және домен атауынан

  3. бір бөліктен: атаудан

  4. үш бөліктен: атаудан, кеңеюден және домен атауынан

26. Файлдың кеңеюі (.txt, .doc, .ipg және б.) ... көрсетеді.

  1. құжат орындалған қосымшалардың типін

  2. файлдың тұрған орнын

  3. файлдың ақпараттық көлемін

  4. файлдың құрылымын

27. Төменде келтірілген жазбалардың қайсысы файлдың атауы бола алады?



  1. :abcd.doc


  2. lacd.doc

  3. ?abcd.doc


28. Егерде файлды жоятын болсақ, онда оның ішіндегі бары жойыла ма?

  1. Жоқ, бірақ бірінші жазылған файл жойылады.

  2. Жоқ.

  3. Иә

  4. Жоқ, бірақ бірінші каталог жойылады.


29. Сендердің компьютерлеріңде орналасқан файлдармен және қапшықтармен жұмыс істеудің басталуы ... көмегімен іске асады.

    1. Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) жолының

    2. Желілік қоршам (Сетевое окружение) терезесінің

    3. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасының

    4. Іздестіру «Поиск» бағдарламасының


30. Қапшықтағы барды қарап шығу үшін мына әрекетті орындау қажет:

a) Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасында оны бір рет шерту керек.

b) Желілік қоршам (Сетевое окружение) бағдарламасында оны екі рет шерту керек.

c) Тапсырмалар тақтасында (на Панели задач) оны екі рет шерту керек

d) Оны маустың оңжақ батырмасымен шерту керек, ал содан кейін ұсынылған менюде Ашу (Открыть) командасын таңдау керек.

31. Ағымдағы каталог – бұл ... каталог.

  1. операциялық жүйе бағдарламасының бәрі сақталатын

  2. компьютер жұмыс істеген кезде көлемі өзгеретін

  3. берілген уақыт мезетінде пайдаланушы жұмыс істейтін

  4. пайдаланушы әзірлеген файлдар тұратын


32. Қоржынға бұрындары аласталған қапшықты немесе файлды қайта қалпына келтіру үшін мыналарды орындау керек:

  1. Жұмыс үстелінде (на Рабочем столе) Қоржын (Корзина) таңбашасын екі рет шерту керек, маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды немесе қапшықты ерекшелеу керек және жанама менюде Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдау керек.

  2. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде Қоржын (Корзина) таңбашасын екі рет шерту керек, маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдау керек.

  3. Бас менюде Главном меню) Қоржын (Корзина) командасын таңдау керек, маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдау керек.

  4. Жұмыс үстелінде (на Рабочем столе) Қоржын (Корзина) таңбашасын шерту керек, маустың солжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдау керек.*


33. Алмасу буферінің көмегімен қапшықты немесе файлды көшірмелеу үшін мына әрекеттерді орындау керек:

  1. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Көшірмелеу (Копировать) командасын таңдау керек.

  2. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Сақтау (Сохранить) командасын таңдау керек

  3. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Қалай сақтау ... (Сохранить как ...) командасын таңдау керек.

  4. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу керек және жанама менюде Орнын ауыстыру (Переместить) командасын таңдау керек.


34. Қапшықты немесе файлды дискетке тез көшірмелеу үшін мына әрекеттерді орындау керек:

  1. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу, жанама менюде ЖөнелтуДиск 3,5 А (Отправить - Диск 3,5 А) командасын орындау керек

  2. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу, жанама менюде Көшірмелеу -Диск 3,5 А (Копировать - Диск 3,5 А) командасын орындау керек

  3. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу, жанама менюде Жөнелту-Адресат (Отправить - Адресат) командасын орындау керек

  4. Маустың оңжақ батырмасымен керекті файлды ерекшелеу, жанама менюде Жөнелту- CD-RAM (Отправить - CD-RAM) командасын орындау керек


35. Файлдар мен қапшықтарды іздестіруді қалай ұйымдастыру керек?

  1. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу – Бас менюдеГлавном меню) Табу (Найти) командасын таңдау – Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдау, ашылған терезенің солжақ тақтасындағы нұсқауға еру керек

  2. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу – Бас менюдеГлавном меню) Бағдарламалар (Программы) командасын таңдау - Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдау, ашылған терезенің солжақ тақтасындағы нұсқауға еру керек

  3. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу – Бас менюдеГлавном меню) Табу (Найти) командасын таңдау - Түзету (Правка) командасын таңдау, жанама меню командасына еру керек

  4. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу – Бас менюдеГлавном меню) Құжаттар (Документы) командасын таңдау - Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдау, ашылған терезенің солжақ тақтасындағы нұсқауға еру керек


36. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасының солжақ тақтасындағы қапшықтың жанындағы «плюс» таңбасы ... дегенді білдіреді.
  1. қапшықта қазіргі сәтте экранда бейнеленбеген ішкі каталогтар бар


  2. қапшықта ішкі каталогтор жоқ

  3. қапшықта тек қана файлдар бар

  4. қапшықта бары Сілтеуіш (Проводник) терезесінің оңжақ бөлігінде бейнеленген



37. Қапшықтар ... үшін арналған.


a) файлға тым оңай қатынауды және өзара байланысты файлдарды орналастыруды ұйымдастыру

b) көлемді құжаттарды форматтау мен сақтау

c) файлдарды жалғастыра жою

d) онша үлкен емес құжаттарды әзірлеу, қарап шығу, редакциялау
39. Windows. Қапшық әзірлеуді ... көмегімен іске асыруға болады.

  1. маустың оңжақ батырмасымен шақырылатын жанама менюдің немесе Файл-Әзірлеу (Файл – Создать) менюі пункттерінің

  2. F 7 пернесінің

  3. Іске қосу – Орындау (ПускВыполнить) менюі пункттерінің

  4. Іске қосу – Бағдарламалар (ПускПрограммы) менюі пункттерінің

жүктеу 148,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау