6D080600 – Аграрлық техника және технология мамандығына арналған кешенді емтиханның бағдарламасы



жүктеу 165,42 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.05.2018
өлшемі165,42 Kb.
#18117


 

 



 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ИНЖЕНЕРЛІК ФАКУЛЬТЕТІ 



 

«АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 

 

 

БЕКІТЕМІН 



Оқу және оқу-әдістемелік  

жұмысы жӛніндегі проректор 

_____________ Ә.Ӛ.Серікбаев 

«____» ____________ 2017 ж. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



6D080600 – Аграрлық техника және технология 

мамандығына арналған кешенді емтиханның  

 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы – 2017 ж.  

 



 

6D080600 – Аграрлық техника және технология мамандығының кешенді 



емтиханының  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  2008  жылғы  18  наурызындағы  №125  (2013.04.11.  берілген 

ӛзгерістер 

мен 


толықтырулармен) 

бұйрығымен 

бекітілген 

Білім 


алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды 

аттестатау жүргізудің үлгі ережесі  бойынша жасалған. 

 

 

6D080600  –  «Аграрлық  техника  және  технология»  мамандығына 



арналған  кешенді  емтиханның  бағдарламасы  «Аграрлық  техника  және 

технология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды, № 1 хаттама, 23 тамыз 

2016 ж. 

 

Кафедра меңгерушісі                              С. Бекбосынов 



 

 

 



 

6D080600  –  «Аграрлық  техника  және  технология»  мамандығына 

арналған  кешенді  емтиханның  бағдарламасы  «Инженерлік»  факультеттің 

оқу-әдістемелік  комиссиясының  отырысында  қаралып  ұсынылды.  №  1 

хаттама, 24 тамыз 2016 ж.

 

 



 

 

Факультеттің ОӘК тӛрағасы                            М.Т. Жетпейсов 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

МАЗМҰНЫ 

 

1  Түсініктеме жазба 



2  «Ғылыми тәжірибенің әдіснамасы» пәні  

3  «Агроинженериядағы ӛндіріс пен ғылымның заманауи 



проблемалары» пәні  

 



4  «Мал шаруашылығындағы машина жүйесін негіздеу мен 

техникалық прогресті болжау» пәні  

 





 

 



«Ӛсімдік шаруашылығындағы машина жүйесін негіздеу мен 

техникалық прогресті болжау» пәні  

«Мал шаруашылығындағы қайта жаңартылатын 

энергия кӛздері» пәні 

 

11 


 

13 


 7  «Ӛсімдік шаруашылығындағы қайта жаңартылатын  

энергия кӛздері» пәні                                                                                                  

 

16 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Түсініктеме жазба 



 

6D080600  –  «Аграрлық  техника  және  технология»  мамандығы 

бойынша 

PhD 


докторанттарына 

арналған 

кешенді 

емтиханының 

бағдарламасы  ҚР  ЖОО-нан  кейін  білім  берудің  БЖМБС  талаптарына  сай 

құрастырылған  және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылы  23 

тамызындағы  №  1080  Қаулысымен  (2  тарау.  Докторантура)  бекітілген  және 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18 

наурызындағы №125 (2013.04.11. берілген ӛзгерістер мен толықтырулармен) 

бұйрығымен  бекітілген  Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау, 

аралық  және  қорытынды  аттестатау  жүргізудің  үлгі  ережесі    бойынша 

жасалған. 

Мамандық  бойынша  кешенді  емтиханға  докторантура  бағдарламасы-

ның  міндетті  компонент  пәндері  мен  базалық  және  бейінді  пәндер  циклін 

таңдау жӛніндегі  компонент пәндері кіреді. 

Кешенді емтихан бағдарламасының мақсаты – 6D080600 – «Аграрлық 

техника  және  технология»    мамандығының  докторанттарын  оқып  үйренген 

пәндері бойынша қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыруға дайындау. 

Бағдарламада  пәндердің  қысқаша  сипаттамасы  және  сол  пәндерге  сай 

келетін  сұрақтар берілген (30 сұрақ).  Мамандық бойынша алған білімдерін, 

біліктіліктерін  және  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандарттарына 

сәйкестілігін анықтауға бағытталған  оқу жетістіктерін бақылау үшін негізгі 

және қосымша әдебиеттер тізімі кӛрсетілген.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 



1.  «Ғылыми тәжірибенің әдіснамасы» пәні 

 

 

Бұл  пән    бір-фактор  эксперименттік  зерттеулердің  әр  түрлі  қазіргі 

заманауи әдістерін талқылайды және стационарлық, далалық машиналардың 

қажетті қуатын, ӛнімділігін анықтау әдістерін қарастырады.. Сонымен қатар, 

пән  қарастырылып  отырған  үрдістердің  оңтайлы  аймағына  жоғары  ӛрлеу 

сатысына  ӛтудің    кӛп  факторлы  эксперименттік  зерттеулердің  әр  түрлі 

әдістерін  қарастырды.  Оңтайлы  жағдайда  экспериментті  жоспарлау,  жуық 

стационарлық  аймағын  сипаттайтын  эксперименталды  зерттеуді  жүргізу 

жоспарын қарастырады.    

 

Негізгі әдебиет  



 

 

1. Kosso, Peter. A Summary of Scientific Method /Book Title. – 2011.  



2.  Атыханов  А.Қ.,  Әбілжанұлы  Т.,  Жортуылов  О.  Ғылыми-зерттеу 

негіздері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰАУ типографиясы, 2012. – 160 б. 

3. Касандрова О.Н., Лебедев В.В. Обработка результатов наблюдений. 

– М.: Наука, Главная редакция физ-мат. литературы, 1970. – 1- 4 с. 

4.  Мельников  С.В.,  Алешкин  В.Р.,  Рощин  П.М.  Планирование 

эксперимента в исследованиях сельскохозяйственных процессов. – Л.: Колос, 

1972. – 200 с. 

5.  Гутер  Р.С.,  Овчинский  Б.В.  Элементы  численного  анализа  и 

математической обработки результатов опыта. – М.: Наука, 1970. – 432 с. 

6.  Спиридонов  А.А.  Планирование  эксперимента  при  исследовании 

технологических процессов. – М.: Машиностроение, 1981. – 184 с. 

7.  Адлер  Ю.П.,  Маркова  Е.Ю.,  Граневский  Ю.В.  Планирование 

эксперимента при поиске оптимальных условий. – 2-е изд. перераб. и доп. – 

М.: Наука, 1976. – 280 с. 

 

Қосымша әдебиет 

 

 

1.  Завалишин  Ф.С.,  Мацнев  М.Т.  Методы  исследований  по  меха-



низации сельскохозяйственного производства. – М.: Колос, 1982. – 231 с. 

2.  Әбілжанұлы  Т.  Кормоприготовительные  машины  для  крестьянских 

хозяйств  и  других  агроформирований.  –  Астана:  АО  КазАТУ  им. 

С.Сейфуллина, 2007. – 200 с. 

3. Башкатов Д.Н. Планирование эксперименты в разведочном бурении. 

– М.: Недра, 1985. – 181 с.  

 

 



 

«Ғылыми тәжірибенің әдіснамасы»  



пәні бойынша сұрақтар  

 

1.   Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері. 

2.   Ғылыми зерттеудің схемасы. 

3.   Ғылыми зерттеудің элементтері. 

4.   Ғылыми гипотеза және теориялық және эксперименталды зерттеулер 

жүргізу кезінде ғылыми гипотезаны мәні. 

5.   Ғылымның анықтамасы және маңыздылығы. 

6.   Факторлар мен оңтайландыру параметрлеріне қойылатын  жалпы талаптар. 

7.   Бір-фактор эксперимент жүргізудің жалпы әдісі.  

8.   Бір-фактор экспериментке мысал. 

9.   Іргелі зерттеулердің  міндеттері. 

10. Қолданбалы зерттеулердің  міндеттері. 

11. Проблемалық жағдайлар. 

12. Гипотеза. 

13. Қарым-қатынастардың дисперсиясын  анықтау. 

14. Қателікті анықтаудың  жалпы тәртібі. 

15. Ең кіші квадраттар әдісі. 

16. Эксперимент жоспарлаудың негізгі міндеттері. 

17. Факторлар мен оңтайландыру параметрлеріне қойылатын  негізгі талаптар.  

18. Чебышев әдісінің  теориялық негіздері. 

19. Екінші ретті теңдеудің коэффициенттерін анықтау. 

20. Сызықтық коэффициенттерді анықтау. 

21. Ӛзара әсерлерлесу коэффициенттерін  анықтау. 

22. Коэффициентер мәндеріне талдау. 

23. Моделдің  барабарлығын тексерудің теориялық негіздері. 

24. Фишер критерийі анықтаудың  жалпы тәртібі. 

25. Тік кӛтерілу әдісі бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізу. 

26. Кохрен критерийі бойынша дисперсияның біртектілігін тексеру. 

27. Регрессия коэффициенттерінің мәнін тексеру. 

28. Математикалық модель гепотезасының  барабарлығын тексеру. 

29. Жуық стационарлық аймағын сипаттау үшін  эксперименттік зерттеудің 

әдістемесі. 

30. Екінші ретті жоспардың. әдісі. 

 

2.  «Агроинженериядағы  өндіріс  пен  ғылымның  заманауи 

проблемалары» пәні  

 

Ауыл  шаруашылық  ӛндірісіндегі  әлемдік  беталыстар.  Ауыл 

шаруашылық  ӛндірісіндегі  машина-технологиялық  жаңарту.  Техника  және 

технологияның  инновациялық  дамуының  бағыты.  Ауыл  шаруашылық 

машиналарын  ӛңдеушілердің  кӛрсететін  қызметі.  Қазақстанда  ауыл 

шаруашылық  машиналарын  ӛндірудің  ерекшеліктері.  Агроинженерлік 




 

ортаның  рӛлі.  Дәлдік  егін  шаруашылығының  экологиялық  аспектілері. 



Мобильдік  ауыл  шаруашылық  техникаларын  роботтау  және  автоматтау 

проблемалары.  Сүтті  мал  шаруашылығын  техникалық  жетілдірудің 

бағыттары.  

Мүйізді ipi қараны күту жүйелері. Малдарды күтіп-бағу. Cүттi алғашқы 

ӛңдеу.  Eттi  мал  шаруашылығының  технологияларын  жетілдіру.  Етті 

тұқымдар. Малды ӛcipy, жемдеу және жаю. Құс шаруашылығын техникалық 

жетілдірудің  бағыттары.  Егіншілік  ӛнімдері.  Астықты  ұнға  айналдыру 

кәсіпорнының  технологиялық  үрдістері.  Ӛндірістің  энергетикалық  балансы 

(тепе-теңдігі).  Мал  шаруашылығы  технологияларындағы  энергия  тиімділігі. 

Машина-трактор  паркін  пайдалану.  Технологиялық  үрдістерді  автоматтан-

дырудың  келешегі.  Ауылшаруашылық  кәсіпорындарының  инженерлік-

техникалық  қызметі.  Аудандық  (ауданаралық)  деңгейдегі  инженерлік-

техникалық  қызмет.  МТС  инженерлік  қызметінің  материалдық-  техникалық 

базасы.  МТС  инженерлік  мониторингі.  Ауданның  инженерлік  қызметін 

басқару.  Ӛңірлік  инженерлік-техникалық  қызмет.  AӚK-гi  техника  мен 

жабдықтарды  диагностикалау.  Диагностикалау  бағдарламаларын  жасау. 

Техникалық  құралдарды  диагностикалау  кезінде  болжамдау  мен  шешім 

қабылдауды  қолдаудың  шағын  жүйесі.  Қалпына  келтірудің  құрама 

технологиялары.  Позициялаудың  жаһандық  жүйелері  әдістерін  пайдалану. 

Математикалық  моделдерді  компьютерде  жүзеге  асыру.  Технологиялық 

жүйелерді жобалау әдістері. Жобалау үдерісіне қойылатын талаптар.  

 

Негізгі әдебиет  

 

1.  Современные  проблемы  науки  и  производства  в  агроинженерии. 



Учебник. Под.ред. академика РАСХН А.И.Завражнова, 2013 гЛ- 

2.  Автоматизация  производственных  процессов  в  машиностроении: 

учеб.для втузов / Н.М.Капустин (и др.) - М.:Высш.школа, 2004- 

L

 

415с. 


3. Арютов Б.А. Методы повышения эффективности производственных 

процессов  по  условиям  их  функционирования  в  растениеводстве.  Учебное 

пособие. – М.: Академия естествознания, 2010. – 250 с. 

 

Қосымша әдебиет 



 

1.  Ариничев  В.Н.  Модернизация  машинно-технологической  системы 

сельскохозяйственного  производства  /В.Н.  Ариничев:  -  Электрон.дан.  - 

Режим доступа: http://www.arinichev-av.ru. 

2.  Кучур  С.С.  Научные  исследования  и  решение  инженерных  задач: 

учеб.пособие для вузов / С.С.Кучур, М.М. Болбас, В.К.Ярошевич. - Мн.: 2003 

- 4 1 6  с. 

3.  Федоренко  В.Ф.  Инженерные  нанотехнологии  в  АПК.  –  М.: 

Росинформагротех, 2009. – 144 с. 



 

4.  Werner  A.Precision  Agriculture  a  s  an  example  of  Inter  –  and 



transdisciplinary research in agriculture: results of the German joint :h: book of the 

joint conference of ECPA – ECPA – ECPLT – Waginingen Akademic Publishers. 

2003. 

«Агроинженериядағы өндіріс пен ғылымның заманауи 

проблемалары» пәні бойынша сұрақтар 

 

1.   Әлемдік жэне отандық ауылшаруашылық ӛндірісінің түсімділігін 

арттырудың стратегиялық бағыттары. 

2.   Агротехнологиялар және оларды қалыптастыру принциптері. 

3.   Қазақстанда ауылшаруашылық ӛнімдерін ӛндірудің ерекшеліктері. 

4.    Ауылшаруашылық ӛндірісіндегі әлемдік ағымдар. 

5.    Ауыл шаруашылығы ӛндірісін машина-технологиялық жетілдіру 

(модернизациялау). 

6.    Техника мен технологияларды инновациялық дамытудың бағыттары. 

7.    АӚК-індегі ӛндірістік үрдістерді моделдеу. 

8.    Отын-энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеудің негізгі 

бағыттары. 

9.   Топырақ қорғаудың  энергия үнемдеуші технологиялары. 

10. Энергия үнемдеуші жаға техника. 

11. Жем-шӛп дайындау кезіндегі ресурс үнемдеу. 

12. Ӛндірістік үрдістерді моделдеу мен жобалау әдістері. 

13. Етті мал шаруашылығындағы технологияларды жетілдіру. 

14. Қайта ӛңдеу технологияларын, технологиялық құралдарын жетілдірудің 

негізгі бағыттары. 

15. Мал шаруашылығы саласының күйі, мақсаттары мен жетілдіру 

міндеттері. 

16. Ауылшаруашылық шикізатын қайталап ӛңдеу. 

17. Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. 

18. Энергияның қалпына келетін кӛздері және биоэнергетика. 

19. Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудегі биоэнергетика. 

20. Энергия тұтынуға ықпал ететін факторлар. 

21. Ауылшаруашылық ӛнімдерін ӛндіруді автоматтандыру. 

22.  Ауылшаруашылық кәсіпорнының энергетикалық  аудиті. 

23. Машина-трактор паркінің техникалық күйі және АӚК инженерлік-

техникалық қызметінің заманауи жағдайдағы мәселелері. 

24. АӚК инженерлік-техникалық қызметінің құрылымы. 

25. МТС инженерлік қызметінің материалдық-техникалық базасы. 

26. АӚК-індегі ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық 

жабдықтарды жӛндеу. 

27. АӚК-індегі техника мен жабдықтарды диагностикалау. 

28. Дәл егіншілік жүйесіндегі технологиялық үрдістерді басқару.  

29.  Дәл егіншілік жүйесін қолданудың негізгі принциптері мен келешегі. 

30. Ӛндірістік үдеріс басқару нысаны ретінде. 




 

3. «Мал шаруашылығындағы машина жүйесін 



       негіздеу   мен техникалық прогресті болжау» пәні 

 

 

Ғылыми-техникалық  прогресс  жаңа  құралдар  мен  жабдықтарды 



пайдалану мен ғылыми жаңалықтардың ӛнертабыстардың әсері техника мен 

технологияның  дамуын  кӛрсететін    ғылым  мен  технологиялардың  ӛзара 

байланысы  болып  табылады.  Ол  еңбек  құралдары  мен  ӛндіріс  процесінде 

адамдардың ӛзара қарым-қатынас қалыптастыру бойынша жұмыс істейді. 

Ғылыми-техникалық прогресс жылдам экономикалық ӛсу мен кӛптеген 

әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қуатты құрал болып табылады. Оның 

жетістіктерін іске асыру қарқыны осы саладағы ұлттық саясатты дәйекті іске 

асыру тәуелді болып табылады. 

Осы  мәліметтер    негізінде,  бұл  пәнде  мынадай  негізгі  мәселелер 

талқыланады: 

-  Болжау ұғымы және оның мәні

-  Болжау объектілері; 

-  Ғылыми-техникалық прогресс; 

-  Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары; 

-  Ғылыми-техникалық прогресстің басым бағыттары; 

-  Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі, тиімділігінің түрлері; 

-  Ғылыми-техникалық прогресс және АӚК ғылыми және ақпараттық 

қамтамасыз ету; 

-  Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресс; 

-  Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттары; 

-  Мемлекеттік инновациялық саясат және индустриялық-инновациялық 

қызметті мемлекеттік қолдау. 

Сонымен  қатар,  бұл  пәнде  ірі  азық  дайындау  технологиясы,  сүрлем, 

пішендеме,  сондай-ақ  жемшӛп  пен  дәруменді-шӛпті    ұн  дайындаудағы 

машиналар жүйесі қарастырылады.  

 

Негізгі әдебиет  

 

1.  Владимиров  Л.П.  Прогнозирование  и  планирование  в  условиях 



рынка: Учебное пособие. – М., 2000. 

2.  Перспективные  направления  НТП    в  растениеводстве  //Сб.  научн. 

докл.  Международной научно-практической  конференции «Земледельческая 

механика в растениеводстве». Т.1. – М.: ВИМ, 2001. Д.э.н. В.М.Баутин. 

3. Александров В.А. Прогнозирование научно-технического прогресса. 

Учебное пособие. – М.: МИУ, 1999. 

4.  Д.  Львов.  НПТ  и  экономика  переходного  периода  //Вопросы 

экономики. – №11. – 2001. 

5.  Brockwell,  Peter  J.,  Davis,  Richard  A.  Introduction  to  Time  Series  and 

Forecasting. Book Title. – 2016. 

 



10 

 

Қосымша әдебиет 



 

1.  Закон  РК  №  534-4  ЗРК  «О  государственной  поддержке 

индустриально-инновационной деятельности». 09.01.2012. 

2. Абилжанулы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских 

хозяйств и других агроформирований. – Астана, 2007. – 200 с. 

 

 



«Мал шаруашылығындағы машина жүйесін негіздеу  

мен техникалық прогресті болжау» 

пәні бойынша сұрақтар 

 

1.   Болжау және оның объектілері. 

2.   ҒТП болжаудың негізгі бағыттары мен  міндеттері 

3.   Ғылыми-техникалық прогресс – даму негізі және ӛндірісті қарқындату. 

4.   Кешенді механикаландыру,ӛ.автоматтандыру және компьютерлендіру  

5.   Механикаландыру деңгейі. 

6.   Автоматтандыру деңгейі. 

7.   Ӛндірісті химиялау. 

8.   ҒТП тиімділігінің түрлері.  

9.   Есептеулерде ағымдағы және біржолғы шығындарды анықтау тәртiбi. 

10. АӚК ғылыми - ақпараттық қамтамасыз ету. 

11. Техникалық және технологиялық революция: олардың қарым-қатынасы 

және дамуы. 

12. Ауыл шаруашылығында ҒТП  басым бағыттары. 

13. Мемлекеттік инновациялық саясат.  

14. Ауыл шаруашылығында ҒТП ерекшеліктері. 

15. Индустриялық-инновациялық саласындағы мемлекеттік реттеу. 

16. Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық жүйесі. 

17. Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау. 

18. Жемшӛп дайындау технологиясының қалыптасу әдістері. 

19. Технологияның эксплуатациялық шығындар элементтері. 

20. Технологияның бірлік эксплуатациялық шығындарын анықтау. 

21. Шағын теңдерде шӛп жинау технологиясының машиналар жүйесі.  

22. Орама шӛп дайындау технологиясындағы машиналар жүйесі.  

23. Пішендеме дайындау технологиясындағы машиналар жүйесі. 

24. Сүрлем дайындау технологиясындағы машиналар жүйесі. 

25. Туралған шӛп даярлау технологиясының негізгі артықшылықтары. 

26. Туралған шӛп дайындау технологиясындағы машиналар жүйесі. 

27. Дестіден тікелей жинаумен туралған  дайындау технологиясы. 

28. Жоғары температуралы кептіруді қолданбай дәрумені-шӛп ұнын 

дайындау технологиясы. 

29. Дәрумені-шӛп ұн дайындау машиналар жүйесі. 

30. Малға жем дайындау технологиясы.   



11 

 

 



4.  «Өсімдік  шаруашылығындағы  машина  жүйесін  негіздеу  мен 

техникалық прогресті болжау» пәні 

 

Болжамдау  ұғымы  және  объектілері.  Ғылыми  техникалық  прогресс 



(ҒТП)  және  оның  негізгі  бағыттары.  Ғылыми-техникалық  прогрестің  (ҒТП) 

қолайлылығы.  ҒТП-тің  басым  бағыттары  ауыл  шаруашылығында 

Агроӛнеркәсіптік  кешенді  (АӚК)  ақпаратпен  қамтамасыз  ету.  Мемлекеттік 

инновациялық  саясат.  Ӛнеркәсіптік-инновациялық  қызметті  мемлекеттік 

қолдау  жайлы.  Инновациялық  жобаларды  қолдау  құралдары.  Қазақстанда 

ӛсімдік 


шаруашылығының  дамуының  негізгі  бағыттары.  Ӛсімдік 

шаруашылығындағы  машиналар  жүйесін  негіздеу.  Ауыспалы  егіс 

дақылдарының  топырағын  минималды  ӛңдеу  технологиясы.    Пленкамен 

оралған  орамадағы  пішенді  дайындайтын  машиналар  жүйесі.  Полимерлік 

жеңде қапталған азық даярлауға арналған машиналар жүйесі және даярлауға 

арналған  машиналар  жүйесі.  Кіші  шаруашылық  формасындағы  картоп 

ӛндіруге  арналған  машиналар  жүйесі.  Жемшӛп  дайындауға  арналған 

заманауи  машиналар.  Қазақстанның  шӛлді  және  жартылай  шӛлді  ӛрістерін 

жақсарту  кезіндегі  жұмыстарды  механикаландыру.  Ӛріске  қоршау  жасау 

технологиясы  және  оны  іске  асыратын  машиналар  кешені.  Қазақстанның 

Оңтүстік  аймағын  ауыл  шаруашылық  техникамен  комплектілеу.  Солтүстік 

Қазақстанда  ӛсімдік  шаруашылығын  кешенді  механикаландыруға  арналған 

машиналар мен технологиялар жүйесі.  

 

 



Негізгі әдебиет  

 

1 Привалов Ф.И. , Лабоцкий И.М. , Мееровский А.С. и др. Особенности 

технологий и техническое обеспечение заготовки кормов из трав и силосных 

культур:  рекомендации.–  Минск  :  РУП  «Научно-практический  центр 

Национальной академии по механизации сельского хозяйства, 2010.– 53 с. 

 2  Усманов  А.С.,  Голиков  В.А.,  Рзалиев  А.С.,  Утемуратов  Ж.Ж., 

Жуматай 

Г.С., 


и 

др. 


Состояние 

технического 

обеспечения 

агропромышленного  комплекса  и  сельскохозяйственного машиностроения  в 

Казахстане: научно- аналитический обзор.–Алматы, 2015.– 274 с. 

 3  Усманов  А.С.,  Голиков  В.А.,  Рзалиев  А.С.,  Утемуратов  Ж.Ж., 

Артамонов  В.Н.  и  др.  Предложения  по  развитию  сельскохозяйственного 

машино- строения в Казахстане.– Алматы: ТОО «AD Time».– 2016.–356 c. 

 4  Павловский  В.К.,  Гракун  В.В.,  Бурдыко  В.М.  и  др.,  Технологии  и 

техническое  обеспечение  производства  высококачественных  кормов: 

рекомендации.–  Минск:  НПЦ  НАН  Беларуси  по  механизации  сельского 

хозяйства, 2012.– 69 с. 




12 

 

 5  Двуреченский  В.И.  Системы  возделывания  сельскохозяйственных 



культур  с  применением  новых  технологий  и  способов  обработки  почв.– 

Костанай: 2014.– 68 с. 

 6  Кешуов  С.А.,  Козак  А.И.  Состояние  технического  обеспечения 

сельского хозяйства в Казахстане / Труды ГОСНИТИ, том. 114, 2014.– С.24-

27. 

 7  Hunt  D.  (1998).  Farm  Power  and  Machinery  Management,  9th  edition, 



320 pp. Ames, Iowa: Iowa State University Press. 

 

 



Қосымша әдебиет 

 

1 Комплекс машин для заготовки кормов с упаковкой в полимерный 

рукав «КОКОН»,- Беларусь, 2009. 

2 Рекомендации по созданию культурных огороженных пастбищ и 

новой технологии содержания каракульских овец,- Самарканд, 1980,- 24 с. 

3 Новые технологии и технические средства для установки 

пастбищной изгороди: Аналитический обзор - Алматы, 1993 - 68 с. 

4 Новые технологии и машины для уборки семенных посевов 

сельскохозяйственных культур: Аналитический обзор,-Алматы,1992,-86 с. 

5 Локшин А.Л., Баранов Г.П. Индустриальная технология уборки 

риса,- Из-во:Кайнар, 1988.-6 с. 

 

6 Усовершенствованное производство риса: буклет. -24 с. 



7 Нормативы потребности в технических средствах для механизации 

растениеводства Северного Казахстана - Костанай, 2008 - 77 с. 

8 Рекомендации технологии и средства механизации возделывания 

картофеля, Алматы, 1997 - 37 с. 

 

«Өсімдік шаруашылығындағы машина жүйесін негіздеу  

мен техникалық прогресті болжау»  

пәні бойынша сұрақтар 

 

1.  Болжамдау  түсінігі  және  мәні.  Ғылыми-техникалық  прогресстегі 

болжамдаудың негізгі бағыттары мен міндеттері.  

2.  Ауыл  шаруашылығындағы  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі 

бағыттары. 

3.  ҚР индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау. 

4.  Қазақстандағы  ӛсімдік  шаруашылығының  дамуы,  шаруашылықтың 

қазіргі жағдайы. 

5.  Пленкамен 

оралған  орамадағы  пішенді  сақтау  және  даярлау 

технологиясы және оны жүзеге асыратын машиналар жүйесі.  

6.  Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресс. 

7.  Ӛндірісті  жүйелік  механикаландыру  –  ғылыми  техникалық  прогрестің 

маңызды бағыты. 




13 

 

8.  Полимерлік жеңде қапталған азық даярлауға арналған машиналар жүйесі 



және технологиясы. 

9.  Ауыл  шаруашылық  дақылдарын  тамшылап  суаратын  технология  мен 

машиналар жүйесі. 

10. Солтүстік 

Қазақстанда 

ӛсімдік 


шаруашылығын 

кешенді 


механикаландыруға арналған машиналар мен технологиялар жүйесі. 

11. Болжамдау  объектісі  және  оның  пәні.  Ғылыми-техникалық  прогресті 

болжамдаудың негізгі бағыттары және тапсырмалары. 

12. Ғылыми-техникалық прогресстің басым бағыттары. 

13. Қазақстандағы ӛсімдік шаруашылығы дамуының негізгі бағыттары. 

14. Қазақстандағы жеміс-жидек жинау машина кешені мен технологиялары. 

15. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі және олардың түрлері 

16. Қазақстанның  Оңтүстік  аймағын  ауыл  шаруашылық  техникамен 

жабдықтау 

17. Жүгері ӛңдеу және жинау машиналар кешені мен технологиясы. 

18. Техникалық прогресс – ауыл шаруашылығы дамуының негізі. 

19. Ауыспалы 

егіс 

дақылдарының 



топырағын 

минималды 

ӛңдеу 

технологиясы. 



20. Күріш жинаудың индустриалды технологиясы. 

21. Қазақстанның  шӛлді  және  жартылай  шӛлді  ӛрістерін  жақсарту  кезіндегі 

жұмыстарды мехаикаландыру. 

22. Ӛріске  қоршау  жасау  технологиясы  және  оны  іске  асыратын  машиналар 

кешені. 

23. Қазақстанның оңтүстік аймағының топырағын ӛңдеу кезіндегі жер ӛңдеу 

агрераттарын құрастыру. 

24. Қазақстанның 

оңтүстік  аудандарында  кӛкӛніс  ӛңдеуге  арналған 

шаруашылық жылыжайлар. 

25. Машиналар және технологиялар жүйесінің жалпы мінездемесі. 

26. Қазақстандағы  ауыл  шаруашылық  шикізатын  ӛңдеу  кезіндегі  топырақты 

нӛлдік ӛңдеу. 

27. Кӛкӛніс жинау және ӛңдеу машиналар кешені мен технологиясы.  

28. Себілген  және  табиғи  шӛптен  азық  даярлайтын  машиналар  кешені  мен 

технологиясы.  

29. Кіші  шаруашылық  формасындағы  картоп  ӛндіруге  арналған  машиналар 

жүйесі. 


30. Қант  қызылшасын  ӛсіру  және  жинау  машиналар  кешені  мен 

технологиясы. 

 

5. «Мал шаруашылығындағы қайта жаңартылатын 

                                    энергия көздері» 

 

 «Мал  шаруашылығындағы  қайта  жаңартылған  энергия  кӛздері» 

пәнінің  мақсаты  –  елдің  және  оның  аймақтарының  энергетикалық 

теңгерімінде 

қалпына 

келтірілетін 

энергия 

кӛздерін 

пайдалану 



14 

 

мүмкіндіктерін  зерделеу.  Соның  нәтижесінде  ӛнеркәсіп  және  ауыл 



шаруашылығы  ӛндірісі  мекемелерінде  барынша  энергия  тиімділігі  артуы 

және  қоршаған  орта  жағдайы  жақсаруы  тиіс.  Энергетикалық  ресурстарды 

тиімді  пайдалану  нәтижесінде  ауыл  шаруашылығында  баламалы  және 

жаңартылатын 

энергия 

кӛздерін  пайдаланудың 

техникалық 

және 


экономикалық кӛрсеткіштері артуы тиіс. 

 

Негізгі әдебиет 



 

1. Шефтер Я.Н. Жел энергиясын пайдалану / Я.Н.Шефтер. - М: Энер- 

гоатомиздат, 1983. - 200 б. 

2.  Ресейде жаңартылатын энергия кӛздері ресурстарын пайдалану тиімділігі / 

П.П. Безруких, Ю.Д. Арбузов, Г.А. Борисов и др. - СПб.: Наука, 2002.-314 б. 

3. Твайделл Д. Жаңартылатын энергия кӛздері / Д.Твайделл, А.Уэйр. - М.: 

Эиергоатомиздат, 1990. - 390 б. 

4. Девинс Д. Энергия: ағылшын тілінен аударма / Д.Девинс. - М.: 

Энергоатомиздат, 1985,-360 б. 

5. Виссарионов В.И. Экологические аспекты возобновляемых источников 

энергии / В.И.Виссарионов, Л.А.Золотов. - М.: МЭИ, 1996. - 156 б. 

6. Твайделл Дж, Уэйр А. Возобновляемые источники энергии. - М.: 

Энергоатомиздат,1990.- 392б. 

7. Ветроэнергетика: Новейшие разработки. –М: Энергоатомиздат, 1992. 

8. Борисова Н.Г. Энергосбережение и использование НВИЭ. – Алматы. 

АИЭС. 


Қосымша әдебиет 

 

1. Геотермальное теплоснабжение / А.Г. Гаджиев, Ю.Н. Султанов, П.Н. Ригер 

и др. - М: Энергоатомиздат, 1984. - 120 с. 

2. Вымороков Б.М. Геотермальные электростанции / Б.М.Вымороков. - М - 

Л.: Энергия, 1966. - 112 с. 

3. Энергетическая безопасность и малая энергетика // XXI век: сб. докл: 

Всероссийской НТК. - СПб., 2002. 

 

4. The technology of electricity production to prevent global warning. Power 



Generating technologies for prevention of global warning /Hisatome Masatoshi, 

Komuro Takayoshu, Matsuo Takuij, Ohki Yoshinori//Mitgubshi Heavy Ind. 

Techn.Rev. – 1997. – 34, №3, C100-154. – анг. 

5. Оборудование нетрадиционной и малой энергетики: справочник — каталог 

/ Ю.Д. Арбузов, П.П. Безруких и др. - АО "Новые и возобновляемые 



15 

 

источники энергии", 2002. - 167 с. 



6. Корбанов Г.П. Установки для использования солнечной энергии: учеб. 

пособие по курсу "Нетрадиционные источники энергии" / Г.П.Корбанов. - 

М.: Издательство МЭИ, 1996. - 112 с. 

7. Кислогубская приливная электростанция / под общ. Ред. Л.Б. Берн-штейна. 

- М.: Энергия, 1972. - 263 с. 

8. Росс Д. Энергия волн: Первая книга о революции в технике / Д.Росс. -Л.: 

Гидрометеоиздат, 1981. - 112 с. 

9. Мак-Кормик М. Преобразование энергии волн / М.Мак-Кормик. - М.: 

Энергоатомиздат, 1985. - 137 с. 

«Мал шаруашылығындағы қайта жаңартылатын энергия  

           көздері»    пәні бойынша сұрақтар 

 

1. Жаңартылатын энергия түрлерін пайдалану ӛзектілігі 



2. Энергия үнемдеу қажеттілігі факторлары. Энергия үнемдеу және 

экология 

3. Жаңартылатын энергия кӛздерін қолданудың органикалық отын 

үнемдеу және қоршаған ортаны қорғаудағы ролі 

4. Күнді жылу энергиясы кӛзі ретінде қолдану 

5. Күннің энергетикалық жарқындығы және күн сәулесінің 

спектральдық сипаттамасы 

6. Жылу электрстанциялары. Жылыжайлар. Тұзды суды тұщыту 

қондырғылары 

7. Жел энергиясын пайдалану. Жел электр қондырғыларының (ЖЭК) 

жалпы сипаттамасы 

8. Жел қондырғысы доңғалағының жұмыс режимі. Желдің 

статистикалық сипаттамасы. ЖЭҚ орналастырудың оптималь шешімдері 

9. Биоотын технологиясы: проблемалар және болашағы 

10.Жылу ӛндіру, пиролиз, гидрогенизациялау, биогаз алу қондырғылары 

11.Геотермальдық энергия. Геотермальдық аумақтар жіктелуі. Жер 

қыртысындағы энергия қоры және оны пайдалану әдістері 

12.Термодинамикалық негіздері. Мұхиттың жылу энергиясын пайдалану 

13.Есеп жылуы. Күш суды айдауға арналған сорғылар. Жұмыс орта 

турбиналары. 

14. Мұхит толқындары мен жағалау толқуы энергиясын пайдалану. 

15.  Толқын  кинематикасы  мен  динамикасы.  Толқындардың  іске  асырылуы, 

энергия ағыны. 

16. Энергия дауылы, жалпы сипаттамасы, теориясы, толқуы. 




16 

 

17. Гидротурбиналардың идеалды және нақты қуаты. Белсенді және 



реактивті турбина. 

18.  Күн  радиациясының  және  оны  ӛлшеудің  жалпы  сипаттамасы.  Тікелей, 

диффузды, кӛрініс және жалпы күн радиациясы. 

19. Жылу, жұмыс және электр энергиясына күн энергиясын, күн энергиясын 

пайдалану арқылы салқындату. 

20.  Күн  қондырғыларын  есептеу  және  жобалау.  Пассивті  күн  жылу 

жүйелерін есептеу. 

21.  Белсенді  күн  жылу  жүйелерін  есептеу  және  жобалау.  Ауыл 

шаруашылығында күн энергиясын пайдалану мысалдары. 

22. Күн батареяларының түрлері және оларды жобалау. Күн батареяларының 

тиімділігі. 

23. Жел ағыны сипаттамасы және олардың ӛлшемі, жел энергиясы ұғымдары, 

Қазақстан Республикасының облыстарында жел жылдамдығының ӛзгеруі. 

24.  Жалпы  жел  энергиясын  электр  және  механикалық  энергиясына 

айналдыру принциптері. 

25.  Жел  қондырғыларын  жалпы  теориясы.  Жіктеу,  ауыл  шаруашылығында 

жел ағыны энергиясын пайдалану 

26.Жалпы бағыты, жел электр қуаты қондырғылардың түрін таңдаңыз. 

27. Биомасса ресурстары және жанғыш жаңартылатын энергия кӛздері. 

28.Ӛндірістік энергетика және биогаз. Биогаз ӛндіру әдістері. 

29.  Мал  фермалары  үшін  арналған  биогаз  ӛндіру  қондырғылары.  Биогаз 

қондырғылары ӛнімділігін анықтау. 

30.  Геотермалдық  ресурстар.  Жерасты  жылу  ӛндіру  технологиясы. 

Құрылымы мен жылу сорғыларының жұмыс принциптері. 

 

 

6. «Өсімдік шаруашылығындағы қайта жаңартылатын  



энергия көздері» 

 

 «Ӛсімдік және мал шаруашылығындағы жаңартылған энергия кӛздері» 

пәнінің  мақсаты  –  елдің  және  оның  аймақтарының  энергетикалық 

теңгерімінде 

қалпына 

келтірілетін 

энергия 

кӛздерін 

пайдалану 

мүмкіндіктерін  зерделеу.  Соның  нәтижесінде  ӛнеркәсіп  және  ауыл 

шаруашылығы  ӛндірісі  мекемелерінде  барынша  энергия  тиімділігі  артуы 

және  қоршаған  орта  жағдайы  жақсаруы  тиіс.  Энергетикалық  ресурстарды 

тиімді  пайдалану  нәтижесінде  ауыл  шаруашылығында  баламалы  және 

жаңартылатын 

энергия 

кӛздерін  пайдаланудың 

техникалық 

және 


экономикалық кӛрсеткіштері артуы тиіс. 

 



17 

 

 



Негізгі әдебиет 

 

     1.Шефтер Я.Н. Жел энергиясын пайдалану / Я.Н.Шефтер. - М: Энер- 

гоатомиздат, 1983. - 200 б. 

     2.  Ресейде  жаңартылатын  энергия  кӛздері  ресурстарын  пайдалану 

тиімділігі / П.П. Безруких, Ю.Д. Арбузов, Г.А. Борисов и др. - СПб.: Наука, 

2002.-314 б. 

     3..Твайделл Д. Жаңартылатын энергия кӛздері / Д.Твайделл, А.Уэйр. - М.: 

Эиергоатомиздат, 1990. - 390 б. 

     4.Девинс Д. Энергия: ағылшын тілінен аударма / Д.Девинс. - М.: 

Энергоатомиздат, 1985,-360 б. 

     5.Виссарионов В.И. Экологические аспекты возобновляемых источников 

энергии / В.И.Виссарионов, Л.А.Золотов. - М.: МЭИ, 1996. - 156 б. 

     6.Твайделл Дж, Уэйр А. Возобновляемые источники энергии. - М.: 

Энергоатомиздат,1990.- 392б. 

     7.Ветроэнергетика: Новейшие разработки. –М: Энергоатомиздат, 1992. 

     8.Борисова Н.Г. Энергосбережение и использование НВИЭ. – Алматы. 

АИЭС. 

 

       Қосымша әдебиет 



 

     1.  Геотермальное  теплоснабжение  /  А.Г.  Гаджиев,  Ю.Н.  Султанов,  П.Н. 

Ригер и др. - М: Энергоатомиздат, 1984. - 120 с. 

     2. Вымороков Б.М. Геотермальные электростанции / Б.М.Вымороков. – М 

- Л.: Энергия, 1966. - 112 с. 

     3. Энергетическая безопасность и малая энергетика // XXI век: сб. докл: 

Всероссийской НТК. - СПб., 2002. 

          4. The technology of electricity production to prevent global warning. Power 

Generating technologies for prevention of global warning /Hisatome Masatoshi, 

Komuro Takayoshu, Matsuo Takuij, Ohki Yoshinori//Mitgubshi Heavy Ind. 

Techn.Rev. – 1997. – 34, №3, C100-154. – анг. 

     5.  Оборудование  нетрадиционной  и  малой  энергетики:  справочник  — 

каталог/ Ю.Д. Арбузов, П.П. Безруких и др. - АО "Новые и возобновляемые 

источники энергии", 2002. - 167 с.  

     6. Корбанов Г.П. Установки для использования солнечной энергии: учеб. 

пособие по курсу "Нетрадиционные источники энергии" / Г.П.Корбанов. - 

М.: Издательство МЭИ, 1996. - 112 с. 

     7.  Кислогубская  приливная  электростанция  /  под  общ.  Ред.  Л.Б.  Берн-

штейна. - М.: Энергия, 1972. - 263 с. 

     8. Росс Д. Энергия волн: Первая книга о революции в технике / Д.Росс. -

Л.: Гидрометеоиздат, 1981. - 112 с. 

     9. Мак-Кормик М. Преобразование энергии волн / М.Мак-Кормик. - М.: 

Энергоатомиздат, 1985. - 137 с. 



18 

 

 



«Өсімдік шаруашылығындағы қайта жаңартылатын  

     энергия көздері» пәні бойынша сұрақтар 

 

 

1. Жаңартылатын энергия түрлерін пайдалану ӛзектілігі 



2. Энергия үнемдеу қажеттілігі факторлары. Энергия үнемдеу және 

экология 

3. Жаңартылатын энергия кӛздерін қолданудың органикалық отын 

үнемдеу және қоршаған ортаны қорғаудағы ролі 

4. Күнді жылу энергиясы кӛзі ретінде қолдану 

5. Күннің энергетикалық жарқындығы және күн сәулесінің 

спектральдық сипаттамасы 

6. Жылу электрстанциялары. Жылыжайлар. Тұзды суды тұщыту 

қондырғылары 

7. Жел энергиясын пайдалану. Жел электр қондырғыларының (ЖЭК) 

жалпы сипаттамасы 

8. Жел қондырғысы доңғалағының жұмыс режимі. Желдің 

статистикалық сипаттамасы. ЖЭҚ орналастырудың оптималь 

шешімдері 

9. Биоотын технологиясы: проблемалар және болашағы 

10.Жылу ӛндіру, пиролиз, гидрогенизациялау, биогаз алу қондырғылары 

11.Геотермальдық энергия. Геотермальдық аумақтар жіктелуі. Жер 

қыртысындағы энергия қоры және оны пайдалану әдістері 

12.Термодинамикалық негіздері. Мұхиттың жылу энергиясын пайдалану 

13.Есеп жылуы. Күш суды айдауға арналған сорғылар. Жұмыс орта 

турбиналары. 

14. Мұхит толқындары мен жағалау толқуы энергиясын пайдалану. 

15. Толқын кинематикасы мен динамикасы. Толқындардың іске 

асырылуы, энергия ағыны. 

16. Энергия дауылы, жалпы сипаттамасы, теориясы, толқуы. 

17. Гидротурбиналардың идеалды және нақты қуаты. Белсенді және 

реактивті турбина. 

18. Күн радиациясының және оны ӛлшеудің жалпы 

сипаттамасы. Тікелей, диффузды, кӛрініс және жалпы күн радиациясы. 

19. Жылу, жұмыс және электр энергиясына күн энергиясын, күн 

энергиясын пайдалану арқылы салқындату. 

20. Күн қондырғыларын есептеу және жобалау. Пассивті күн жылу 

жүйелерін есептеу. 

21. Белсенді күн жылу жүйелерін есептеу және жобалау. Ауыл 

шаруашылығында күн энергиясын пайдалану мысалдары. 

22. Күн батареяларының түрлері және оларды жобалау. Күн 

батареяларының тиімділігі. 

 



19 

 

23. Жел ағыны сипаттамасы және олардың ӛлшемі, жел энергиясы 



ұғымдары, Қазақстан Республикасының облыстарында жел жылдамдығының 

ӛзгеруі. 

24. Жалпы жел энергиясын электр және механикалық энергиясына 

айналдыру принциптері. 

25. Жел қондырғыларын жалпы теориясы. Жіктеу, ауыл 

шаруашылығында жел ағыны энергиясын пайдалану 

26.Жалпы бағыты, жел электр қуаты қондырғылардың түрін таңдаңыз. 

27. Биомасса ресурстары және жанғыш жаңартылатын энергия кӛздері. 

28.Ӛндірістік энергетика және биогаз. Биогаз ӛндіру әдістері. 

29.  Мал  фермалары  үшін  арналған  биогаз  ӛндіру  қондырғылары.  Биогаз 

қондырғылары ӛнімділігін анықтау. 

30.  Геотермалдық  ресурстар.  Жерасты  жылу  ӛндіру  технологиясы. 



Құрылымы мен жылу сорғыларының жұмыс принциптері. 

 

жүктеу 165,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау