113. Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тралдардың, желілер мен белгілердің қарапайым тораптарын бөлшектеу және құрастыру. Бөлшектер мен тораптарды ауамен тазарту. Барлық диаметрлі болат тростарды тасымалдау. Түрлі диаметрлі тростардың шеттеріне кноптар дайындау. Трал, желі және белгі элементтерін сырлау және бояу. Күрделі емес бөлшектерде тесіктер бұрғылау және аралау. Бұйымдарды таңбалау. Қарапайым такелажды жұмыстарды орындау. Тростарды тарату, өлшеу және оларды бухтаға орау және бухтаны қайта байлау.
Білуге тиіс: болат тростардың түрлері; бұйымдардың жекелеген қарапайым тораптарының міндеті және құрылғысы; тростарды шабу ережесі; тростарды бухталардан тарату ережесі; қалқымалы бекіткіштердің орны; жұмыс және бақылау-өлшеу құралдары.
Жұмыс үлгілері
1. Торлар, кескіштер, канифас-блоктар, вертлюгалар – бөлшектеу, құрастыру.
2. Шығыр – бөлшектеу, құрастыру және сынақ жүргізу.
3. Салмағы 50 кг артық тара және буып-түйгіштер - жұмыс орнынан тасу, тазалау.
4. Кендір тростар – шашыраңқыларды бітеу.
114. Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тралдардың, желілер мен белгілердің жекелеген тораптарын жөндеу және жасау. Әр түрлі диаметрлі тростардағы сынабекітпелерді, шашыраңқылар мен мусингтерді бітеп әрі бітемей огондарды жасау. 20 кг/см2 дейінгі қысым бойынша бұйымдарды ауалы және гидравликалық сынау. Тростар мен канаттарды беріктікке сынау. Тралдардың, желілер мен белгілердің, олардың сапалы жағдайын айқындау үшін сырттай тексеру жүргізу. Кабельдерді тексеру және жөндеу. Сигналдардың тоқтату механизмдерді бөлшектеу.
Білуге тиіс: электр техника мен радиотехника негіздері; электрді өлшеу аспаптарының – омметр мен мегомметрдің құрылғысы және қолдану ережесі; түрлі тросс бұйымдарының конструкциясы, құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі; тросс бұйымдарын жасауға және сынауға қойылатын техникалық шарттар; тростар мен канаттар беріктігінің шектеулері.
Жұмыс үлгілері
1. Кабельдер – желінің бүтіндігін тексеру.
2. Плавкабелдер – салқын вулканизация.
3. Өткізгіштер, сигнал буйларын және белгілеуші буйларды орнату механизмдері, сәулелендіргіштер, динамометрлер, автографтар – бөлшектеу.
115. Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Трал тораптарын құрастыру. Күрделі такелажды жұмыстарды орындау. Тралдарды, желілер мен белгілерді жинақтау. Трал мен желінің күрделі тораптарын жөндеу.
Білуге тиіс: бұйымдардың күрделі тораптарының міндеті, құрылғысы және жұмыс істеу принципі; бұйымдардың жөнделетін тораптарын сынауға, реттеуге қойылатын техникалық шарттар; трал қаруын жөндеу түрлері; жұмыс барысында қолданылатын материалдардың негізгі талаптары.
Жұмыс үлгілері
1. Антенна құрылғылары, N 912 типтік бұйымдардың механизмдері – тексеру.
2. Сәулелендіргіштер, басқарылатын тереңдеткіштер, динамометрлер мен автографтар – жөндеу және құрастыру.
3. Плавкабелдер – ваннада оқшаулау кедергілерін тексеру.
4. Трал желілері – байлау.
5. 629, 417, 427, 475 типті бұйымдардың фидерлері – желілерді жетілдіру және ыстық вулканизация.
6. ГТВ-400 белгі зәкірлері – стопорлы және сақтандырғыш механизмдердің өзара әрекетін тексеру.
116. Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық типтегі тралды күрделі жөндеу (байланыссыздарды қоспағанда). Тралдардың, желілер мен белгілердің тораптарын өңдеу, тексеру, реттеу. Тралда жөнделген тралды монтаждау. Жөнделген тралды теңізде сынау, реттеу және өңдеу.
Білуге тиіс: тралды жарақтанудың тактико-техникалық деректер негіздері; бұйымдардың күрделі тораптар жұмысының сипаттамалық кінәраттары; акустика туралы негізгі түсінік; жасауға қойылатын техникалық шарттар және нұсқаулықтар, тралдарды жөндеу және сынау; тарлдауға тралдарды салу және орнату ережесі; көтергіш аспаптардың конструкциясы және пайдалану ережесі; күрделі және ерекше күрделі бөлшектер мен тораптардың сызбалары.
Жұмыс үлгілері
1. Автографтар, динамометрлер – баламалау және реттеу.
2. Акустикалық сәулелендіргіштер - өңдеу (айналымды тексеру, параметрлерін өлшеу, реттеу).
3. Буй – қондырғы механизмдерінің ажырап кетуін реттеу, іске қосылуын тексеру.
4. Бугельдер, тіркелмелі шұлықтар – жасау.
5. Сәулелендіргіштерді пульстеу механизмдері – электр магнитті муфталарды ілістіру сәтін тексеру және реттеу.
117. Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Байланыссыз тарларды күрделі жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Теңізде жөнделген тралдарды өңдеу және тексеру.
Білуге тиіс: тралдардың барлық тораптарының конструкциясы және өзара әрекеті; гидро акустика мен электрониканың негіздері; тралдардағы едәуір күрделі кінәраттарды айқындау әдісі; байланыссыз тралдарды сынауға қойылатын техникалық шарттар; пайдаланудан кейін тралдардың санаттылығын айқындау ережесі; байланыссыз тралдарды құрастыру сызбалары.
Жұмыс үлгілері
1. Буй-теледидар іздегіштерін жеткізушілер – кінәраттарды табу және оны жою.
2. Тралдар – тереңдік бойынша жүрісін айқындау.
3. Эхолоттар – шәкілдерді орнату дұрыстығын тексеру, көрсеткіштер мен дербес жазғыштарда шәкілдер белгілеу, тереңдігі бойынша жүрісін бақылау.
118. Оқ-дәрілерді құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен немесе күрделі емес аспаптардың көмегімен еркін салу, белгілеу, бұрау, престеу, керндеу арқылы құрамында оқ-дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрамдар жоқ немесе инертті заттармен жарақталған қару-жарақтың жекелеген қарапайым тораптарын құрастыру (бөлшектеу). Қарапайым бөлшектер мен тораптарды құрастыруға дайындау (тазарту, тұздау, бояу, калибрлеу, жинақтау және басқа да ұқсас жұмыстар). Полигонды сынақтарға арналған атысты дайындау кезіндегі дайындық жұмыстарды орындау. Оқ-дәрілердің қосалқы элементтерін жасау.
Білуге тиіс: құрастырылатын (бөлшектелетін) оқ-дәрілердің тораптары мен бұйымдарының және оларға жинақталатын элементтерінің міндеті, құрылғысы және жұмыс істеу принципі; оқ-дәрілерді, дәрілерді және зарядтарды қолдану ережесі; бөлшектер мен тораптарды тұздау, тазарту, бояу және майсыздандыру тәсілдері; еріткіштердің, майлардың негізгі қасиеті және оларды пайдалану ережесі; қару-жарақтардың қарапайым тораптарын құрастыруға қойылатын техникалық шарттардың талаптары; құралды және аспаптарды пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Әуе бомбылары – бугельдердің жіктерін тұздау.
2. Оқ-дәрі – бугельдермен, болттармен, шайбалармен жинақтау.
3. Бугельдер - түсіру, қаптау.
4. Капсюл втулкалары, атылған – гильзадан қолмен бұрап алу.
5. Гильзалар – тығын қақпақтарын және үйкелеу жүйелерін престеу.
6. Гильзалар – майлау, тұздау, керндеу. .
7. Бардық калибрдегі гильзалар, металл қораптары – жаншылған жерлерді қолмен және станоктарда түзету.
8. Артиллерия гильзалары – престе сыртқы және ішкі диаметрді калибрлеу, камерада тығындар, қапсырмалар бойынша тексеру, тұнбаларды түсіру, коррозиядан тазарту.
9. Зарядтарға арналған картон гильзалар (жабдықталмаған) – жабу станогында оқпандардың ауыздарын жабу.
10. Шпагаттан жасалған байламдар – жасау.
11. Картуз бен жіберетін жерлердегі зарядтар – байламын шешу және байлау.
12. Оқ-дәрі зарядтар – лак пошкаларынан, дәрі түтінің шаңынан және флегматизатор қалдықтарынан тазарту.
13. Картуздар, заряд қапшықтары – сұрыптау және жөндеу.
14. Снаряд корпустары – трассерлер мен гайкаларды бұрап алу, мыс жіппен бекіту.
15. Артиллерия снарядтары мен интернді жабдықталған миналардың корпустары - тоқтату.
16. Инертті жабдықталған миналар – тұрақтандырғыштарды керндеу.
17. Тангенциалды тесіктер - герметизациялау.
18. Артиллерия патрондары – қол престе ыспалайтын жүйені қысу, патрондау алдында белдік бөлігін майлау.
19. Инертті жабдықталған реактивті снарядтар – сапты қақпақтарды және қозғалтқыш камераларынан негізгі бөліктерді бұрап алу.
119. Оқ-дәрілерді құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен оқ-дәрілердің қарапайым және күрделілігі орташа тораптарын құрастыру (бөлшектеу), құрамында дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрам бар бұйымдарды құрастыру бойынша қарапайым жұмыстарды орындау, жабдықталмаған қарапайым немесе инертті жабдықталған бұйымдарды құрастыру. Шағын габаритті зарядтарды қолмен байланыстыру немесе желімдеу арқылы құрастыру. Бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды құрастыруға дайындау (инертті жабдықталған бұйымның орталық салмағын айқындау, сынауға дейін және кейін бұйымдарды өлшеу, желінген жерлерді бояу, тазарту, бұрандаларды қабыршақтардан тазалау, іріктеу, майлау және кружкаларды желімдеу, өлшемі және сыртқы түрі бойынша іріктеу). Арнайы аспаптарда салмақты немесе габаритті белгілер бойынша бөлшектерді топтарға сұрыптау. Құрастыру сапасын тексеру және бұйымдарды бөлінген топтар бойынша ТББ тапсыру.
Білуге тиіс: атысты құрастыруға қойылатын техникалық шарттар; дәрі мен зарядтарға қойылатын техникалық талаптар; әр түрлі зарядтардың, дәрі маркаларының құрылғысы; дәріні реттеу ережесі; дәрі зарядтарын реттеу ережесі және ыспалау жүйесінің міндеті; тұтандырғыш түтіктердің құрылғысы және престеуге қойылатын талаптар; гильзалардағы зарядтарды герметикалауға қойылатын техникалық шарттар, флегматизаторлардың міндеті және оларды гильзаға салу кезінде қойылатын талаптар; ЖЗ, дәрі, пиротехникалық құрамдардың негізгі физикалық-химиялық қасиеті және оларды пайдалану ережесі; оқ-дәрілерді картуздарға және зарядтау қаптарына салу тәсілдері әрі зарядтарды картуздарға тігу ережесі; жұмыс және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Әуе бомбалары – тұрақтандырғышы бар корпус жігін лентамен орау.
2. Оқ-дәрілер – сыртқы диаметрлік және сызықты өлшемдерді өлшеу, таразының көмегімен салмақты сипаттарды айқындау.
3. Қару-жарақтар – майларды түсіру.
4. Бомбалар, миналар, ұрыс зарядтарының бөлімшелері – бөлшектеу, тазарту, сырлау.
5. Тұтандырғыш – гильза ұшына жабыстыру, зарядқа бекіту.
6. Үш призмадан тұратын тұтандырғыштар – байланыстыру.
7. Тұтандырғыштар, жалын сөндіргіштер, зарядтар – картуздарға тігу, оқ-дәрі маркалары мен партиялары сұрыптау.
8. Капсюл төлкелері – нөмірлері, клеймалары, партиялары және жарамдық дәрежесі бойынша сұрыптау.
9. Капсюл төлкелері және гильзадағы оталдырғыш түтіктер – салқындату.
10. Гильзалар – фланецтің ұзындығы мен диаметрін өлшеу, станокта және қолмен ыспалау жүйесі мен тығын қақпақтарын престеу, станокта және қолмен оталдырғыш түтіктерді престеу, оқпанның аузын кесу және токарлық станокта фланецті қайрау, оқпанның аузын қысу және біліктеу.
11. Гильзалар, снарядтар – шорларды, қабыршақтарды, ойыстарды аралау, ұяшықтарды белгілеушілермен калибрлеу.
12. Жабдықталмаған зымыран қозғалтқыштары – тысын алып тастау, гидрооқшауларды алу.
13. Стаканның түбі, алдыңғы – зымыран қозғалтқышынан ажырату.
14. Дәрілік зарядтар – құрастырғыштар мен пеналдарға салу (алу).
15. Гильзадағы зарядтар – қолмен реттеу.
16. Бөлек оқтау атысына және домалақ емес қарулардың атысына арналған зарядтар – жинақтау.
17. Зымыран камералары – сақтандырғыш дискіні, бұқтырмаларды бұрып алу.
18. Тұтандырғышы бар каркас – қозғалтқышқа салу.
19. Тұтандырғыш корпусы – бортиктарды бұрау.
20. ЖЗ толтырылған снаряд корпусы – бас жағын бекіту, нөмірлерді шағу.
21. Инертті толтырылған снарядтардың корпустары – гильзамен біріктіру, жабдықтау (толтырғышты алып тастау), мыс жіппен байлау.
22. Снаряд корпусы – трассерлі гайкаларды бұрау (бұрап алу), инертті құтылармен жабдықтау.
23. Пулемет магазиндері, ленталары – жабдықтау.
24. Мина 120 мм, жарық беретін – құрастыру үшін бөлшектерді жинақтау, тығынды негізгі ұяшыққа бұрау.
25. Теңіз миналары – қақпағын түсіру.
26. Инертті жабдықталған миналар – тұрақтандырғыштарды бұрау, қайта ату үшін қалпына келтір, негізгі зарядты тұрақтандырғышқа салу.
27. Миналар, инертті жабдықталған реактивті снарядтар – төлкелер мен бос жарғыштарды бұрап алу, орталық салмағын айқындау.
28. ЖЗ жабдықталған миналар – тұрақтандырғышты керндеу және қосымша зарядтарды тұрақтандырғышқа ілу.
29. Баллистикалық ұштықтар – снарядтың негізгі бөлігіне бұрау (бұрап алу).
30. Оталдырғыш және сигнал беру патрондары – гильзаны капсюлдеу, жұлдызшаларды корпустарға салу, орау және зиговкалау.
31. Пиропатрондар – шығарып алу және тексеру.
32. Пирошамдар – бөлшектеу, құрастыру, пиропатрондармен жабдықтау.
33. Жалын сөндіргіштер, флегматизаторлар – зарядтары бар гильзаларға жинау.
34. Түтіні жоқ дәрі – берілген өлшемге кесу, ысқылау, майсыздандыру.
35. Түтікті дәрілер – байламдау, жинау.
36. Зарядтарға арналған түтік будалары – байлау.
37. Теңіз қарулары зарядтарына арналған орталық будалар – құрастыру.
38. Снарядтар мен миналар – орталықтың жуандануын және снарядтардың жетекші іздеушілерін сақиналармен, миналарды трубалар мен проймалармен тексеру.
39. Жабдықталмаған артиллерия снарядтары мен миналары – станокта бекіткіш бұрама өкшелері бойынша ұяшықтар бұрғылау.
40. Жабдықталмаған немесе инертті жабдықталған әр түрлі калибрлі снарядтар, миналар, әуе бомбалары – негізгі және берілген бөліктегі ұяшық бұрандаларының, қолмен және станокта бекіткіш бұрама бойынша бұранданың ақауларын тексеру.
41. Жабдықталған артиллерия снарядтар – орталық жуандатқышқа, белдеу бөлікке, ұяшықтардың бұрандаларына және берілген бөліктің бұрандаларына май жағу.
42. ЖЗ жабдықталмаған реактивті снарядтар – қозғалтқыш камераларынан сапты қақпақтарды және негізгі бөліктерді бұрап алу.
43. Тұрақтандырғыш – ауытқушылықты түзету және жою.
44. Трассерлер – тұрақтандырғыштың қанаттарына бекіту.
45. Кері теппейтін қаруға арналған атыстағы заряд құрылғыларының түтіктері – біріктіру және ажырату.
46. Металл тығыны – түрлері және жарамдылық дәрежесі бойынша сұрыптау.
47. От өткізгіш шнур – ұзындығын өлшеу.
120. Оқ-дәрілерді құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағат механизмі бар оқ-дәрінің күрделі тораптарын құрастыру (бөлшектеу). Калибрі 100 миллиметрге дейін артиллериялық снарядтар мен миналарды құрастыру. Гильзаларды зарядтармен жабдықтау әрі патрондау және сынау камераларында калибрі100 милиметрге дейін атысты калибрлеу. Құрамында оқ-дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрамдар мен капсюльдер бар,салмағы 500 кг дейін зымырандардың ұрыс бөлігін құрастыру бойынша күрделілігі орташа жұмыстарды орындау. Құрастыру алдында және құрастыру процесінде дайындық және тексеру жұмыстарын орындау; жабдықталатын бұйымдарда бекіткіш бұрамалардың астынан ұяшықтар бұрғылау, қолмен немесе аспаптардың көмегімен стапельге орнатып, қарапайым конфигурациялы (цилиндрлік, конустық) салмағы 200 кг дейін бұйымдарды тексеру, инертті жабдықталған бұйымдар инерциясының экваторлық және полярлық сәттерін анықтау. Оқшаулардың кедергілерін және тізбектің тұтастығын тексеру. Қалайымен және дәнекерлеушілермен дәнекерлеу. Сынақтарды пневматикалық және гидравликалық сынау. Станоктарда шағын габаритті зарядтарды құрастыру. Қозғалтқыштарды зарядтармен, тұтандырғыштармен және оталдырғыштармен жабдықтау. Дайын зарядтарға герметикалық құрам құю. Құрастырылған қозғалтқыштарды тексеру, реттеу. Бұйымдарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою. Құрастырылған бұйымдарды ТББ тапсыру.
Білуге тиіс: дәрілердің, ЖЗ мен пиротехникалық құрамдардың негізгі физикалық-химиялық негіздері; бұйымдардың түрлері мен калибрлері және оларды пайдалану ережесі; қару-жарақтың құрастырылатын тораптары мен бұйымдарының құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі; бұйымдарды құрастыруға қойылатын техникалық шарттар; снарядтарға таңба және жарғыштарға клейма салу; снарядтардағы негізгі жарғыштар мен түтіктерді дайындау ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Салмағы 500 кг дейін әуе бомбылары – тұрақтандырғыштармен бұрау.
2. Оқ-дәрілер – капсюлдер немесе оталдырғыш түтіктер салу, электрлік капсюлді төлкелерді гильзаларға бұрау, жабдықталған оталдырғыш стакандар мен бос жарғыштарды бұрау.
3. Сағат механизмдері бар қару-жарақтар – іске қосылу дәлдігін тексеру.
4. Оқ-дәрі – таразыларда өлшеу және баллистикалық белгілерді жағу.
5. Оқ-дәрі – станокта немесе қолмен патрондау, таразыларда құрама дәріден тұратын зарядтарды өлшеу.
6. Торпеда БЗО – орнату, электр тізбектің кедергілерін тексеруге арналған бекіткіштер, контейнерді азотпен толтыру.
7. Бомбалар, БЗО, миналар – құрастыру.
8. Капсюл төлкелері – қолмен және станокта снарядтарды патрондарға немесе зарядтарға, ұяшықтарға бұрау (бұрап алу), бұралуын тексеру.
9. Атыс, артиллериялық, жарғыштар – тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу.
10. Гильзалар – станоктарда немесе престерде қысу, сынауға дейін және кейін барлық өлшемді айқындау.
11. Гильзалар – түтікті және түйірлі дәріден тұратын құрама зарядтармен жабдықтау.
12. Электр оталдырғыш төлкесі бар гильзалар – салқындату.
13. Гильзалар – капсюлдерді немесе оталдырғыш түтіктерді салу.
14. Қозғалтқыштар, оқ-дәрілік, реактивті – құрастыру, стенд сынақтары кезінде бөлшектеу.
15. Руль қозғалтқыштары – зымыраннан түсіру.
16. Іске қосу қозғалтқыштары – құрастыру кезінде бұйымдарды орнатып және түсіріп "сухарьға" май құю.
17. Реактив қозғалтқыштары – плитаны сатыдан ажырату.
18. Бұқтырмалар, пирошамдар – оқшаулауды тексеру.
19. Гильзадағы зарядтар – станоктарда (дірілмашиналарында) реттеу.
20. Дайын зарядтар – герметикалайтын құрамды құю.
21. Пироксилинді оқ-дәріден жасалған зарядтар – станокта құрастыру (байлау).
22. Минасыздандыру зарядтары – реактивтік қозғалтқыштар мен жарылғыш құрылғыларды орнату.
23. Жаратын зарядтар – реактивті снарядтардың басындағы бөлігі зарядтарының ұяшықтарына ЖЗ құтыларын салу.
24. Салмағы 200 кг дейін зымыран техникасының бұйымдары – орнату және стапелде тексеру.
25. Зымыран камерасы – басындағы бөлікке бұрау (бұрап алу).
26. Снаряд корпусы – трассерлі гайканы трассермен жабдықтау және трассерлі гайканы трассермен бұрау.
27. Барлық калибрдегі снарядтардың корпустары – түптерін бұрап алу, бұрау, жарғыш заттармен (блоктармен) жабдықтау, негізгі ұрыс жарғыштарын бұрау және оларды станокта керндеу.
28. Артиллериялық миналар – тұрақтандырғыштарды бұрау, бұрып алу.
29. Жабдықталған миналар –негізгі зарядты тұрақтандырғышқа салу.
30. Артиллериялық патрон – станокта ЖЗ жабдықталған снарядты корпуспен қасу.
31. ЖЗ толтырылған артиллерия патрондары және снаряд корпустары – камера және рейсмуг бойынша тексеру, гильзада тесік бұрғылау және оны бекіту.
32. Зымыран – монтаждау-жіктеу арбашықтарында сақиналау.
33. Снарядтар мен миналар – басындағы және түбіндегі бөлік ұяшықтарының бұрандаларын және бекіткіш бұрама тесігінің бұрандасын белгілегішпен түзету, негізгі жарғыштар мен түтіктерді бекіту.
34. Жабдықталған снарядтар мен миналар – станокта бекіткіш бұрама өкшесі бойынша ұяшық тесу.
35. Снарядтар – қолмен керндеп снаряд ұяшығында берілген жарғышты бекіту, 3 қырлы призмада орталық салмағын айқындау.
36. Айналмайтын кумулятивті снарядтар – бүру.
37. Снарядтар, миналар – оталдырғыш станоктарды бұрау, бұрап алу.
38. Тұрақтандырғыш – зымыран камерасынан бұрап алу, бұрау.
39. Жарғыш заттардың құтылары – блоктарға желімдеу.
121. Оқ-дәрілерді құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағатты механизмдері мен пиротехникалық бұйымдары бар оқ-дәрінің озық партиясының күрделі және негізгі тораптарын құрастыру (бөлшектеу). Калибрі 100-ден 152 дейін артиллерия, реактивті және кумулятивті снарядтар мен миналарды, миналық-торпедалық ұрыс запастарының бұйымдарын және салмағы 500 кг дейін арнайы бұйымдарды, құрамында дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрам бар, салмағы 500 кг дейін зымырандардың ұрыс бөлігінің күрделі және жауапты тораптарын құрастыру. Сынау камераларында калибрі 100 миллиметрден артық атысты және кумулятивті снаряды бар атысты патрондау және калибрлеу. Атысты, снарядты, миналарды жарғыштармен жабдықталған түрге келтіру және оларды керндеу. Тығыздағыш астарларды, астарларды есептеу, іріктеу және престеу, рискалар жағу және артиллерия снарядтарын құрастыру кезінде астардағы оттискінің сапасын бақылау. Полигонды сынақ кезінде электр схемаларды құрастыру және монтаждау, электр өткізгіштерді және көпірлерді, тұтанғыш электр құралдарын, қозғалтқыштардың мен реактивті снарядтардың жабдықталуын тексеру. Желімдеу әдісімен қатты отынның жекелеген блоктарынан орташа мөлшердегі зарядтарды құрастыру. Қозғалтқыштардың құрастырылған тораптарын құрастыру дәлдігіне және герметикалығына тексеру. Құрастырылатын бұйымдардың гидравликалық және пневматикалық сынақтары. Бұйымдарды ТББ тапсыру.
Білуге тиіс: дәрілердің, ЖЗ және пиротехникалық құрамдардың физикалық-химиялық қасиеті; бұйымдардың түрлері мен калибрлері және оларды пайдалану ережесі; құрастырылатын тораптар мен бұйымдардың міндеті және оларды құрастыру (бөлшектеу) ережесі; тізбектердің электр өткізгіштігін тексеру үшін қолданылатын электр схемалар; тұтандырғыш құралдың құрылғылары; зарядты қозғалтқышқа салу және артиллерия снарядтарын құрастыру кезінде есептеу әдіснамасы; қатты отынның негізгі қасиеті және оларды пайдалану ережесі; бұйымдарды құрастыруға (бөлшектеуге) қойылатын техникалық шарттар; шектеулер және бұйымдарды өлшеу жүйесі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техниканы.
Жұмыс үлгілері
1. БЗО – кабельді бірігулерді монтаждау.
2. Оқ-дәрінің барлық түрі – жарғыштарды қолмен жете бұралау.
3. Жарғыштар мен түтіктер - салқындату.
4. Атыс, снарядтар, миналар – толықтай жабдықталған түрлерін штатты жарғыштарға келтіру.
5. Зымыран қозғалтқыштары, рульді – ішкі диаметр мен ұзындығын өлшеу, зымыранға орнату.
6. Салмағы 3 т дейін оқ-дәрілік зымыран қозғалтқыштары – құрастыру, бөлшектеу.
7. Қозғалтқыш – тұтандырғышты торға және қозғалтқыш снарядын зарядпен бекіту, түпті және сапты қақпақтарды бұрау, саптарды және сапты торларды орнату.
8. Реактивті қозғалтқыштар – фюзляжда ұрыс бөлігін орнату, фюзеляжбен біріктіру.
9. Кумулятивті бұйымдар – қалпақшаларды құрастыру.
10. Зымыран камерасы – бас жағынан бұрау, зарядтарды оқ-дәрілерін алып тастау, тұтандырғыштар және электр тұтандырғыштар.
11. ЖЗ жабдықталған корпустар – трассерлі камера диаметрін өлшеу, тығыздаушы астарларды іріктеу.
12. Реактивті снарядтардың корпустары – пиропатрондарды, оқ-дәрі зарядтарын және тұтандырғыштарды салу.
13. ЖЗ жабдықталған миналар, БЗО, бомбалар – калибрлеу.
14. ЖЗ жабдықталған миналар – бөлшектеу, қосымша зарядтарды түсіру, негізгі зарядтарды экстракциялау және жарғыштарды бұрау.
15. Миналар – артқы бөлік клапаны рычагтарын келтіру, КАП-3 тексеру.
16. Пиропатрондар – пирошамдарға салу.
17. Гидростатикалық миналы аспаптар және УГП, ПП-58, ГП-56, АППУ типтік сағатты механизмдері бар аспаптар – құрастыру, тексеру, реттеу.
18. Зымыран – қозғалтқыш қондырғыны және басындағы бөлікті жабдықтау және құрастыру.
19. Зымыран (ұрыс бөлігі) –электр тізбегін тексеру.
20. Снарядтар мен миналар – бас жағындағы және түбіндегі жарғыштарды бұрау және бұрап алу, таразыларда өлшеу.
21. Калибрі 100-ден 152 мм дейін артиллерия снарядтар – түпті бас жағынан бұрау.
22. Снаряд 130 мм реактивті – басындағы бөлікті реактивті бөлікпен бұрау, түптер мен бастарын бұрап бекіту.
23. ЖЗ толтырылған снарядтар мен миналар – тығыздаушы астарларды іріктеп қолмен ұрыс жарғыштарын бұрау.
24. Тұтандырғыш стакандар және қалпақшалар – бұрап алу, оларды ұрыс және инертті заттармен толтыру.
25. Негізгі түтіктер – УМВ көпірінің көмегімен кедергіге тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |