66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын



жүктеу 2,76 Mb.
бет1/17
Дата16.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#9819
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2010 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 306-ө бұйрығына

қосымша
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың



бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы

66-шығарылым
«Арнайы өндіріс бұйымдарын

жөндеу және сынау» бөлімі

Астана 2010

Кіріспе
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) 66-шығарылым, «Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау» бөлімі.

Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасы алты разрядты тарифтік торға сәйкес әзірленген. Жұмыс разрядтары, еңбек жағдайларын ескермей, олардың күрделілігіне қарай белгіленген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасын қолдану, разрядтар беру және арттыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының Жалпы ережелерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен бекітілген, осы кездегі қолданыстағы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, саралау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесінде көрсетілген.


«Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау» бөлімі
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жөніндегі автоматшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жұмыстарын орындау кезінде автомат желіні басқару. Әр түрлі калибрлі гильзаларды жаңарту және атысты құрастыруға арналған автомат желіні баптау және күйін келтіру. Автомат желідегі ақаулықты түзету. Автомат желіге салу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс процессінде жабдықтар мен механизмдерді реттеу. Өнімді ОТК-ға тапсыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомат желінің құрылысы, оның жұмыс қағидаттары, пайдалану және техникалық ерекшеліктері; электрлік қоректендіру схемасы және электр тізбегінің үзілген жерлерін жалғау тәсілдері; гильзаларды жаңартуға қойылатын техникалық талаптар; автомат желіге қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдар, шығарылатын өнімнің сапасын анықтауға және автомат желінің қалыпты жұмысына арналған бақылау-өлшеу аспаптары; электротехника негіздері.
2. Аэростатшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Такелаждың қарапайым бөлшектерін тазалау, жөндеу және жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аэростатшының басшылығымен аэростаттың қаптамасы мен керек-жарақтарын жөндеу.

Білуге тиіс: аэростат, газгольдер такелажының негізгі түрлері мен мақсаты; такелажға қойылатын негізгі талаптар; қарапайым тораптар мен бітіктер; аэростат пен газгольдердің әр түрлі тораптарына кететін материяның сыртқы түрі мен айырмашылықтары; бөлшектерді желімдеу және жөндеу кезінде бетін дайындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Газгольдерлерді ауыстыруға арналған жіп - жасау.

2. Газгольдерлер – тесілген жерге жамау салу және көлемі 20 мм дейінгі тесікті бітеу.

3. Таспа - ауыстыру.

4. Демалыс табандарының ілмектері - жасау.

5. Әр түрлі ілмектер - өру.

6. Газгольдердің шайбалары - ауыстыру.
3. Аэростатшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аэростат такелажының жиынтығына кіретін күрделілігі орташа бөлшектер мен керек-жарақтарды жасау. Аэростат қабығы пен оның керек-жарақтарына шағын жөндеу жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аэростатшының басшылығымен барлық жүйенің тораптары мен бөлшектерін сынауға дайындау және сынау. Аэростаттың беріктігін сынауға қатысу.

Білуге тиіс: аэростаттардың типіне байланысты такелаждың құрылысы және оларға қойылатын техникалық шарттар; аэростаттар мен газгольдерлердің құрылысы; аэростаттар мен алмалы-салмалы такелажды сынау тәртібі; сынау кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен аспаптардың қызмет қағидасы; сынаудан кейін тексеру жүргізу тәртібі; такелаж үшін қолданылатын материал, оның қасиеттері мен ерекшеліктері; қарапайым тораптардың, өрмелер мен бітіктердің типтері; газгольдерлерді орташа жөндеуге қойылатын техникалық шарттар; желімді сынау; ақаулықтардың түрлері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жапсырмалар - орнату.

2. Газгольдерлер – жартылай сақинаны ауыстыру.

3. Такелаж табанның ілмектері - жасау.

4. Жарылатын айлабұйымдар - бітеу.

5. Демалу такелажын - жасау.

6. Қабығының трапециясы (алғашқы) - ауыстыру.
4. Аэростатшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аэростат қабығын орташа жөндеу және оның керек-жарақтары. Аэростат такелажының жиынтығына кіретін күрделі бөлшектер мен керек-жарақтарды жасау. Такелаж материалдарын сынау.

Білуге тиіс: аэростаттар мен газгольдерлерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мақсаты, қасиеттері мен ерекшеліктері; аэростаттар мен газгольдерлердің беріктігін сынау жөніндегі нұсқаулық; резиналанған мата мен зығыр арқанның беріктігінің нормалары; сынау кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен аспаптар; сынаудан кейін тексеру жүргізу ережесі; ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Аэростаттар - такелаж табанды ауыстыру.

2. Жіп – қара май жағу.

3. Газоанализаторлар – сынау және бақылау.

4. Қабық трапециясының топтары - ауыстыру.

5. ГВ-47 сорғылары - сынау.

6. Байланатын такелаж - жасау.

7. Тор тораптар - байлау.

8. Тіректің тартпа белдіктері - ауыстыру.

9. Тірек трапециясы - ауыстыру.

10. Такелаж - сынау.

11. Қатты арқан - бітіктер.

12. Шлангылар, аппендикстер, белдіктер мен табандар - жасау.
5. Аэростатшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйенің аэростаттарын сынау. Сынақ қорытындысы бойынша қорытынды. Аэростаттар мен газгольдерлерді жөндеу. Аэростат жиынтығына кіретін барлық аспаптарды сынау. Көтеруге дайындау және аэростаттарды дала жағдайында көтеру.

Білуге тиіс: барлық жүйенің аэростаттары мен газгольдерлерді, аэростаттар мен газгольдерлердің жиынтығына кіретін такелаж бен керек-жарақтарды сынаудың техникалық шарттар; бұйымдарды сынауға құжаттаманы ресімдеу ережесі; аэростаттарды көтеруге дайындау және оларды көтеру ережесі; аэростаттардың бивакта толық күйінде болу тәртібі; аэростаттарды көтеру кезінде аэрометеорологиялық жағдайдың ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Аэростаттар – тұтас жайманы ауыстыру.

2. Газгольдерлер - аппендиксті ауыстыру.

3. Корм конусы – жасау және орнату.

4. Аэростат қабығы – беріктігін сынау.

5. Стабилизаторы - құрастыру.


6. Әскери және арнайы машиналардың жүргізушісі
Жұмыс сипаттамасы. Әскери және арнайы машиналарды (танкілерді, өздігінен жүретін құрылғыларды, бронетранспортерлерді, арттягачтар мен басқа да оның базасында монтаждалған машиналарды) көлікке арту және одан түсіру кезінде, жөндеу үшін цехтарға жіберу үшін, сынауға байланысты емес басқа жағдайларда көшіру үшін басқару. Әскери және арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жөндеу. Машиналарға жанар-жағар май құю.

Білуге тиіс: машинаның құрылысы, оны пайдалану, техникалық күту және алдын-ала жөндеу ережесі мен нұсқаулығы; жанар-жағар майды жұмсау нормалары; машинаны көлікке арту және тиеу ережесі; әскери және арнайы машиналарды жөндеу жөніндегі слесарь үшін көзделген көлемде слесарлық іс, алайда жүргізушіге берілген разрядтан бір разрядқа төмен.

Жеңіл танкілер мен артжетектерді, бронетранспортерлер мен олардың базасында монтаждалған әскери және арнайы машиналарды басқару кезінде - 4-разряд.

Орташа және ауыр танкілер мен артжетектерді, бронетранспортерлер мен олардың базасында монтаждалған әскери және арнайы машиналарды басқару кезінде - 5-разряд.

Ескерту. әскери және арнайы машиналардың жүргізушісінің автомобиль жүргізушісі куәлігі болуы керек.


7. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артжүйенің, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, атқыш қару-жарақ пен машинаның техникалық жағдайы мен күрделі емес бөлшектерінің, тораптар мен механизмдерінің ТУ сәйкестігін сыртқы түрін бақылап және қарапайым бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалан отырып (шаблон, штангенциркуль, щуп, кронциркуль, калибр, лупа, амперметр, вольтметр және т.б.) айқындау. Оларды жарамдылық санаты және жөндеу түрлері бойынша сұрыптау. Ақаулығын анықтау техникалық құжаттамасын ресімдеу. Ақаулығын анықтау кезінде бөлшектерді ішінара бөлшектеу.

Білуге тиіс: ақаулы бөлшектердің, тораптар мен механизмдердің атауы, мақсаты мен құрылысы; ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдері; шектеулер мен қондырмалар, квалитеттер туралы (дәлдік сыныптары) және сәйкессіздік параметрлері туралы негізгі мәліметтер (өңдеу тазалығы сыныптары); бөлшектер мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары; тік сызықты және қисық сызықты бетті бояуға, щупке, штихмассаға тексеру әдістері; ақауын анықтауға құжаттаманы ресімдеу ережесі; күрделі емес бөлшектер мен тораптардың сызбалары.

Жұмыс үлгілері

1. Аккумулятор батареялары, аккумулятор жәшіктері – ақауын анықтау.

2. Бонкалар, қапсырма шеге, бронь және қоршау, болт, гайка, шайбалар - ақауын анықтау.

3. 5 - 7 сыныпты дәлдікпен жасалған біліктер мен осьтер - ақауын анықтау.

4. ВКУ-27 айналмалы контактілі құрылғылар – бөлшектердің ақауын анықтау.

5. Гильза ұстағыштар, жапсырмалар, цапфалар, жабушы механизмдер - ақауын анықтау.

6. Шынжыр табан, жетекші дөңгелектер, машинаның тірек және сүйеу катоктары, тығын-айналмалы шынжырлар, экскаватордың жұлдызшалары - ақауын анықтау.

7. Дегазациялық аспаптар, противогаз, теріні қорғау құралдары жиналған күйде және жеке күйінде ақаулығын анықтау.

8. Артқұрылғылардың домкраттары, артиллериялық ЗИП-тер - ақауын анықтау.

9. Картерлер, түптер, шкивтер, КДМ-100, Д-40 және УД типті қозғалтқыштардың газ таратқышының қақпағы - ақауын анықтау.

10. Электр кабельдің, электр сымның ұштары, басұштар, оқшаулауыш, бандаждауыш, КС-31 стартердің кнопкасы, жарықты қосқыш және сөндіргіш, розеткалар, ашалар, сигналдық шам, сақтандырғыштар, штепсель ажырамалары, клеммалар мен клеммалық қысқыштар, тартпа релесі, дыбыс сигналдарының электр арматуралары, фаралар - ақауын анықтау.

11. Қақпақтар, қарапайым рычагтар мен шарнирлер, агрегаттар мен машина тораптарының люктері, бекіту бөлшектері, бұрандалы саңылау - ақауын анықтау.

12. Винтовкалардың, карабиндер мен автоматтардың қалақтары; пистолет-пулеметтердің дүмі; пулеметтің магазині, металл таспасы мен қорабы - ақауын анықтау.

13. Құрастырылған күйдегі 120 мм дейінгі минометтер және 160 мм минометтердің бөлшектері, құрылғылардың бекітуші болттары - ақауын анықтау.

14. Мотоциклдердің рамалары мен арбасы, отырғышы, стеллажы, оқ-дәрі салатын орны, мұнара погондарының сепараторы - ақауын анықтау.

15. Құбырлар, ауа тазалағыштар, басқару жетектерінің тартпалары - ақауын анықтау.


8. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйелі күрделілігі орташа қару-жарақтың, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, атқыш қарулар мен машиналардың бөлшектерінің, тораптары мен агрегаттарының, механизмдерінің; плиталардың, призмалардың, бұрыштар мен струбциналардың, домкраттар мен стенділердің техникалық жай-күйін құрастырмалы кондукторлар мен әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып және қажетті бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау. Қарапайым оптикалық аспаптардың бөлшектерінің, тораптары мен механизмдерінің ақауын анықтау. Ақаулығы анықталатын бөлшектердің кемшілігі бар бөлшектерін жарамды бөлшектермен ауыстыру. Бөлшектер мен жинақтаушы элементтерді магнит дефектоскоппен және люминесцентті құрылғымен тексеру. Ақаулығы анықталатын бұйымдардың техникалық құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: ақаулығы анықталатын бөлшектердің, тораптардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты; ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары және сынақ жүргізу; ақаулықтардың түрлері және оларды жою тәсілдері; оптикалық аспаптарды есепке алу, сақтау ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде физика және электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтер; бұйымдардың ақауын анықтауға және сынауға қажетті құжаттаманы ресімдеу тәртібі; күрделігі орташа тораптар мен агрегаттардың схемасы мен сызбасы; магнит және люминесцентті дефектоскоптардың жұмыс қағидаты.

Жұмыс үлгілері

1. АБ-61 мұнарасының агрегаты– бөлшектер мен тораптардың ақаулығын анықтау.

2. Жанар май бактары; құю мойындарының, шолу люктердің, басқару кабиналарының, құлыптардың, есіктер мен қораптардың, арнайы кузовтардың ішкі қаптамасының бөлшектері; крандар, вентильдер, жік ысырмасы, жанармай деңгейін көрсететін қалтқы көрсеткіш; шаң-тозаң тұнбасы бар су бөлгіш, сақтандырғыш-өткізгіш клапандар, цистерналардың толтырылуының шектеулері - ақаулығын анықтау.

3. Теңгергіштер, кривошиптер, штоктер, аспа серіппелері, торсион біліктер, борт фрикционы мен бұрылыстың планетарлық механизмінің барабаны, фрикциондар мен бекіту дискілері - ақаулығын анықтау.

4. Бинокльдер, ВК-3, ВК-4, К-8-Т типті коллиматорлар; ТР перископтар, МК-4 типті шолу құралдары, ПО-1М, ППУ-8-Т, ОП2-50 және МПМ-46 типті шанақтар, дальномердің шідері; тысқап, аспалы сөмке және оптикалық аспаптардың орау қораптары - ақаулығын анықтау.

5.ОСМ, СТУ, БТУ типті бульдозерлер – аспалы жабдықтың ақауын анықтау.

6. Гермосауыт, гидравликалық амортизаторлар, арматураланған шлангылар - ақаулығын анықтау.

7. Тахометрлердің датчиктері, іске қосу магнетоларының бөлшектері, реостаттар, индукциялық катушкалар - ақаулығын анықтау.

8. Мотоциклдердің қозғалтқыштары және берілісті ауыстыру қораптары – бөлшектердің ақаулығын анықтау.

9. Винтовкалардың, карабиндер мен пулеметтердің, пистолет-пулеметтердің, автоматтардың, қол және станокты пулеметтердің бітеулері мен көздеу айлабұйымдары, ЗПУ раккурстық көздеу, түсіру қораптары мен механизмдері; револьверлер, ТТ, Макаров, Стечкин, пистолеттер; СГ, ДШК пулеметтердің станоктары - ақаулығын анықтау.

10. Бітемелер, люлька, оқпанның тұғыры, қарудың тежегіш құрылғысы - ақаулығын анықтау.

11. 8T137, 8T113 және 2ТЗ типті бұйымдар – құрылған күйінде ақаулығын анықтау.

12. Кабель - ақаулығын анықтау.

13. Кулисалар, тісті муфтілер - ақаулығын анықтау.

14. Кранның бұру механизмдері, автогрейдерлердің рамалары, скреперлер - ақаулығын анықтау.

15. 160 мм минометтер, зымыранның такелаждық алмалы-салмалы тораптары, бұру рамасы және әскери машинаның бұру рамасының бекіткіші - ақаулығын анықтау.

16. МБ-208 моторы - сынау.

17. МВ-42 моторы, МПБ-54 моторы, АПА, МТС, ДТ-75 желдеткіштің моторы – бөлшектер мен тораптардың ақаулығын анықтау.

18. Беріліс муфтілері, рамалар, рөлмен басқару, қозғалтқыштың реттеуіштері, іске қосу механизмдері және бронетранспортерлер мен арнайы машиналардың редукторлары - ақаулығын анықтау.

19. Сүйірлер, науа, құю-ағызу магистралінің бітемесі, магистраль құбыр зымыранын бекіту тартпасы - ақаулығын анықтау.

20. Радиаторлар, қыздырғыштар - ақаулығын анықтау.

21. ілмектердің рессорлары, жартылай ось, дөңгелек - ақаулығын анықтау.

22. Көтергіш механизмдер мен машиналардың арқандары - ақаулығын анықтау.

23. Жанар-жағар май сүзгісі, реттегіш корпусы - ақаулығын анықтау.


9. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйе қаруларының, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, ату қару-жарақтарының, машиналар мен қозғалтқыштардың күрделі бөлшектерінің, тораптарының, агрегаттар мен механизмдерінің техникалық жай-күйін анықтау. Құрастырылған күйде жер бетіндегі артиллерия қаруларының ақаулығын анықтау. Күрделігі орташа оптикалық аспаптарды бөлшектей және құрастыра отырып ақаулығын анықтау. Аспаптың ақаулы бөлшектерінің орнына жарамды бөлшектерін жинақтау. Жөндеу және бөлшектерді, механизмдер мен агрегаттарды қалпына келтіру сипатын белгілеу. Ақауын анықтау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдарды, айлабұйымдар мен стенділерді баптау.

Білуге тиіс: ақаулығы анықталатын агрегаттардың, механизмдер мен бұйымдардың құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты; күрделі тораптардың, агрегаттар мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары; ақаулықтардың түрлері және оларды жою тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдар мен стенділерді баптау және реттеу ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде физика және электротехника бойынша негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Мұнаралар (кесінділер), арнайы кабиналар; алмалы-салмалы қалқа - ақауын анықтау.

2. ПАБ буссольдері, K-10T және К-8Т типті коллиматорлық визирлер, 1 метрге дейінгі базасы бар дальномерлер, қару-жарақ панорамасы, ПЕР-17а типті перископтық призмалық аспаптар, ТНП, ТПК типті шолу аспаптары, ПБО көздегіштері, ПОС-1 аспаптары, стереотүтіктер, ТТ-2, ТТ-3, РТ типті топографиялық және геодезиялық аспаптар, КБ кипрегельдер, нивелирлер - ақауын анықтау.

3. Бас біліктер, тістегершіктер мен тісті тәж, гильзалар мен блоктың бастары - ақауын анықтау.

4. 8ГЗЗ типті бұйымның ауа өткізгіштері - ақауын анықтау және қысыммен нығыздау.

5. Барлық типті генераторлар, стартерлер, іске қосуды реттеу аппаратурасы - ақауын анықтау және сынау.

6. Гидравликалық көтергіш механизмдер - ақауын анықтау.

7. ЗАК-32 және 3AК-41 типті толтырғыштар, 8T311 типті бұйымдар – құрастырылған күйінде ақауын анықтау.

8. 203 мм және одан үлкен калибрлі қарудың тығындары, құрылғының құлыпты-бекіту құралы - ақауын анықтау.

9. 8Т26, 2Т8, 8T211, 8Г135, 8Т22, 8Т116 типті бұйымдар - құрастырылған күйінде ақауын анықтау.

10. Карбюраторлар, газ бөлгіш механизмдер, жанар-жағар май сорғылары, форсунка - ақауын анықтау.

11. Ауыспалы беріліс қораптары, борттық берілістер, борттық фрикциондар, қуатты іріктеу қораптары, қуатты іріктеудің тарату қораптары, тарату қораптары мен арнайы машиналар мен бронетранспортерлердің шығырлары - ақауын анықтау.

12. К-61 типті қалқыма транспортерлердің корпусы - ақауын анықтау.

13. төменгі ілмектің кронштейндері, теңгерімдер мен ленивецтің тығыны - ақауын анықтау.

14. Автомобиль типтес машинаның алдыңғы және артқы, РЛС жүретін бөлігі - ақауын анықтау.

15. Су және май сорғылар – бөлшектердің ақауын анықтау.

16. БМ ГМЧ бағыттаушы артқұрылғылар- пакетті калибрлеу.

17. Мұнара мен люктердің погоны - ақауын анықтау.

18. ПО-750, 4500, 6000 типтес түрлендіргіштер; РЛС дроссельдері - ақауын анықтау.

19. САУ механикалық шанақтар, жердегі артиллерияның қару-жарақтары және 160 мм астам калибрлі минометтер, жер астындағы және бұрылыс механизмдері - ақауын анықтау.

20. РРТ-30, Р-5, РА-ЧП, РКС-10, РЗ-ЗП, РУ-2П, ТРЗ типті реле-реттегіштер - ақауын анықтау және сынау.

21. Экскаваторлар мен кранның бұрмалары - ақауын анықтау.

22. Жанармай және ауа жүйелерінің құбырлары, зымыран құрылғыларының компенсаторлары мен арнайы кабельдері - ақауын анықтау.

23. 21П6, 2П26, 8У23, 8У218, 2В30, СМ-63-П типті бұйымдардың тораптары - ақауын анықтау.

24. ЗПУ-1, ЗПУ-2 типті зенит құрылғылар, ірі калибрлі пулеметтер, ату қару-жарақтарының барлық үлгілерінің оқпандары, барлық жүйелі винтовкалардың, карабиндердің, автоматтар мен пулеметтердің оқпан қораптары - ақауын анықтау.

25. Шарик және ролик мойынтіректері - ақауын анықтау.

26. Қозғалтқыш құрылғылары автоматикасының элементтері - ақауын анықтау.
10. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артиллериялық қару-жарақтардың, машиналар мен қозғалтқыштардың аса күрделі және негізгі тораптары мен агрегаттарының техникалық жай-күйін анықтау. Құрастырылған күйінде механикаландырылған көздеуіші бар автомат және жартылай автомат зенит қару-жарақтарының, зымыран құрылғыларының электр қуатты және іске қосу жабдықтарының ақауын анықтау. Күрделі және дәлме-дәл бөлшектердің микрометриялық өлшеуді күрделі және аса күрделі оптикалық және бақылау-өлшеу аспаптарын бөлшектеу және құрастыру технологиясына сәйкес жүргізу. Аса күрделі электр схемасы бар арнайы мақсаттағы аса күрделі және негізгі электр аппаратурасының және бірнеше механизмнен тұратын, электроникаға негізделген күрделі жеке электр монтаждау схемасы бар аспаптардың ақауын анықтау. Ақауын анықтау кезінде арнайы стенділерді барлық арнайы және әмбебап бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, техникалық шартта көзделген сынақтарды жүргізу. Ақауын анықтаған кезінде қолданылатын аспаптарды, стенділер мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.

Білуге тиіс: ақаулығы анықталатын бұйымдардың құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты; аса күрделі және негізгі тораптар, механизмдер мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары, ақаулықтарды жою тәсілдері; оптикалық және бақылау-түзету аспаптарын бөлшектеу және құрастыру технологиялық процессі; өте дәл жазықтықты тексерудің интерференциялық әдістері; тұрақты және айнымалы токты қашықтықтан басқару электр жетектерінің жүйесі, олардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; бұйымдарды тексеруге арналған бақылау-өлшеу аппаратурасын, аспаптар мен арнайы құрылғыларды баптау және реттеу тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника, электроника және механика; аса күрделі бұрыштар мен агрегаттардың құрастыру сызбалары.

Жұмыс үлгілері

1. 1 метрден жоғары базасы бар дальномерлер, кең бұрышты және ұзын фокусты коллиматорлар, компараторлар, өлшеу микроскоптары, оптиметрлер, СТ-10 және ТШ типті көздеуіш, электронды-оптикалық аспаптар - ақауын анықтау.

2. Қозғалтқыштар, жоғары қысымды бұйымдар мен агрегаттардың пневмо- және гидрожүйелері - ақауын анықтау.

3. Детандерлер, турбомуфтілер, ДБ-70, ДВ-40типті дискілі литрометрлер, тахометрлер, термометрлер, манометрлер, спидометрлер - ақауын анықтау.

4. 37 АЗП типті бұйымдар, 85 мм зенит зеңбірек, КС-19, КС-30, С-60 – құрастырылған күйінде ақауын анықтау.

5. 2П16, 2П26, 8У218, 2В30, 8Г315, 8Г113, 8Г140, ГВ32, СМ-63-П типті бұйымдар - құрастырылған күйінде ақауын анықтау.

6. ЭСП-57 типті бұйымдар - ақауын анықтау.

7. Жоғарғы және төменгі картерлер, цилиндр блоктары, иінді білік, цилиндр сүргілер - ақауын анықтау.

6. Танкілер мен САУ корпустары, мұнараны бұру механизмдері, гитаралар, бекіткіштер, компрессорлар - ақауын анықтау.

9. Көздеу механизмі, ПУО - ақауын анықтау.

10. Бронекорпустардың артқы мосты – ось сәйкестігін тексеру.

11. Борттық және негізгі берілістер, берілісті ауыстыру қораптары, борттық редукторлар, танкілер мен САУ пневмотежегіштерінің және олардың негізінде құрылған машиналардың компрессорлары - ақауын анықтау.

12. Көлденең берілістер мен агрегаттың берілістері - ақауын анықтау.

13. КС-19 типті зенит құрылғысының шолып бақылаушы жетегі (қашықтықтан, гидравликалық) - ақауын анықтау.

14. Қысым реттегіштері, рөлді машиналар, ТНА жану камералары, редукторлар, жоғары қысымды баллондар мен ыдыстар - ақауын анықтау.

15. Әскери және арнайы машиналардың гидравликалық жүйесі - ақауын анықтау.

16. Деңгейді бақылаудың сигнализация жүйесі – күрделі тораптардың ақауын анықтау.

17. Бақылаушы электрогидравликалық жүйелер – құрастырылған күйінде ақауын анықтау.

18. Басқару механизмдері бар планетарлық трансмиссиялар, қару-жарақтың жылжытпайтын құрылғысы - ақауын анықтау.

19. Қозғалтқыштың астындағы іргетас және берілісті ауыстыру қорабының тіреуіші - ақауын анықтау.


жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау