66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын


Дыбыс өлшегіш станцияның операторы



жүктеу 2,76 Mb.
бет7/17
Дата16.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#9819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

80. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орталық пункті басқару пультінің операторы ретінде станцияның дыбыс посттарының жұмысын басқару. Дыбыс өлшегіш станция мен радио байланыс аппаратурасын жазуға арналған орынды таңдау. Дыбыс өлшегіш станциялардың аппаратурасы мен радиобайланыс аспаптардың (посттарда және орталық пункте) барлық жинағын қосу және теңшеу. Станция мен радиобайланыс жинағының жұмыс істеу режимін тексеру және автоматиканың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Штаттық дыбыс өлшегіш станция аппаратурасы мен радиобайланыс аспаптарының кінәраттарын айқындау және жою. Дыбыс өлшегіш станциялар мен радиобайланыс аспаптарының жекелеген тораптарына зертханалық сынақ жүргізу. Дыбыс өлшегіш аппаратураны зертханалық және далалық сынау кезінде алынған тәжірибелі деректерді толық өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін аппаратураның барлық блоктары мен тораптарының принципті және монтажды схемасы; аппаратура мен барлық көмекші бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеру және теңшеу әдістемесі; дыбыс өлшегіш станция мен радиобайланыс аспаптар әдістемесінің негізгі ережелері; атыстың дыбысын қабылдау кезінде алынған ленталарды және зертханалық сынақтардың деректерін алғаш өңдеу.
81. Далалық баллистика станциясының операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Есептоп құрамында станцияны ұрыс қалпына жазу. Есептоп құрамында станцияны ұрыс қалпынан жорық қалпына қысқарту. Ұрыс кезінде станцияның қарапайым блоктарының біріне қызмет көрсету. Қарапайым есептеу аспаптарының көмегімен өлшеу нәтижелерін алғаш өңдеу. Станцияның жалғастырғыш желілерін жөндеу.

Білуге тиіс: электр техниканың негізгі мәліметтері; станцияның жинақтығы; станцияның ұрыс және жорық жағдайында аппаратура мен көмекші жабдықтарды орналастыру тәртібі және орны; станцияның қызмет көрсететін блоктарының құрылғысы және міндеті; қарапайым есептеу құрылғыларының (арифмометр, логарифмдік сызғыш, кестелер) құрылғысы және міндеті; өлшеулердің орта нәтижелерін және орташа қателерін есептеу тәсілдері; станцияның камералық құралының құрылғысы және міндеті;қарапайым есептеулерді жүргізген кезде есептеуші техниканың жұмысы; сынақ жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
82. Далалық баллистика станциясының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станцияның тіркеуші аппаратурасын (хронометр, осциллограф, индикаторлы блок) дайындау, қосу және жұмыс істеу қабілетін бақылап тексеру. Атысты қабылдаған кезде станцияның хронометрі мен индикаторлы блогына қызмет көрсету. Аккумуляторлық батареяны зарядтауға дайындау және зарядтау. Станцияның аккумуляторы мен блоктарының жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою. Авометрдің көмегімен кабельді желілердің дұрыстығын тексеру. Кабельді фишкаларды бітеу және өңдеу. Түзетулер енгізе отырып, сынақ нәтижелерін өңдеу. Осциллограммаларды фото химиялық өңдеу.

Білуге тиіс: станцияның жекелеген блоктарының (хронометрдің, индикаторлы блоктардың) міндеті, құрылғысы туралы жалпы мәлімет және жұмыс істеу принципі; шлейфті осциллографтың (МПО-2 типтік) құрылғысы мен жұмыс істеу принципі; негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының (омметр, авометр, мегометр) міндеті және құрылғысы және оларды пайдалану ережесі; аккумуляторлық батареялардың құрылғысы, оларға күтім көрсету ережесі және пайдаланудың негізгі деректері; аккумуляторларды зарядтау ережесі; станцияның кінәраттарын анықтау және жою тәсілдері; түзетулерді (баллистикалық және аспаптық) айқындау және өлшеу нәтижелеріне енгізу тәсілдері; радиотехниканың (станцияда қолданылатын радиолампалардың жұмыс істеу принципі мен міндеті, радио бөлшектердің құрылғысы мен міндеті) негізгі мәліметтері; реактивтерді жасау және осциллограммаларды фото химиялық өңдеу.
83. Далалық баллистика станциясының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станцияның шығарылатын блоктарын (қабылдау-таратқыш, антенна жүйесі, фотоны іске қосушы). Өлшенген жылдамдыққа түзетулерді айқындау үшін қажетті арақашықтық пен бұрыштарды өлшеу. Толқын өлшегіштің көмегімен таратқышты теңшеу және толқын ұзындығын өлшеу және қабылдағыштың кристалды араластырғыштарын теңшеу. Антенналарды бағдарлау және тікелей байланыс сигналын іріктеу. Станцияның жұмыс істеуі кезінде қабылдау-таратқыш блогына қызмет көрсету, атыс қабылдау процесінде оны бақылау және реттеу. Барлық баллистикалық түзетулерді айқындап және енгізіп, кестелерді қолданбай, әмбебап тәсілмен атыс нәтижелерін өңдеу.

Білуге тиіс: станция блоктарының міндеті, құрылғысы және жұмыс істеу принципі; толқын өлшегіштің міндеті мен құрылғысы және олармен жұмыс істеу әдістемесі; таратқыштарды және тұтас алғанда қабылдау-таратқыш блоктарын теңшеу және жұмысын тексеру ережесі; таратқыш толқындарының ұзындығын салыстырып тексеру және оның номиналды мәнін алу тәсілі; кестелі және әмбебап тәсілмен өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесі; компаратордың құрылғысы мен міндеті және компараторда осциллографиялы жазбаны өңдеу әдістемесі; радио және импульсті техниканың негізгі мәліметтері; станцияның негізгі блоктарының принциптік және монтаждық схемалары.
84. Далалық баллистика станциясының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станцияны атысты қабылдауға дайындау және оның жұмысын бақылау. Катодты осциллограф пен дыбыс генераторының көмегімен станцияның кінәраттарын анықтау және жою. Ақау бөлшектер мен блоктарды ауыстыру, одан кейін станция блоктарының сипаттамасын тексеру. ПБС тәжірибелі үлгілеріне қызмет көрсету. Катодты осциллографты, стандартты сигнал генераторларын, дыбыс генераторларын пайдалана отырып, станцияға профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: станцияның тұтас алғандағы міндеті, құрылғысы, жұмыс істеу принципі, тексеру және теңшеу ережесі; станцияны күту және сақтау ережесі; тәжірибелі артиллерия жүйесі мен зымыран қондырғылардың атысын қабылдау кезінде станцияларды қабылдау әдістемесі; сыртқы және ішкі баллистиканың негізгі мәліметтері.
85. Радиотехникалық станцияның операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұрыс жұмыстары кезінде станцияның есептоп нөмірінің біреуінің міндетін орындау. Радиотехникалық станцияның жұмысын жазуға және дайындауға қатысу. Блок аралық өтпелі құрылғылар мен кабельдік ажыратқыштарды дұрыс қалпын ұстау.

Білуге тиіс: электр техника мен радиотехника негіздері; радиотехникалық станция қызмет көрсететін блоктар мен тораптардың міндеті мен негізгі деректері; профилактикалық тексеру жүргізудің ережесі; станцияның материалдық бөлігін пайдалану, тасымалдау, сақтау және күту ережесі; сынақты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың негізгі талаптары.
86. Радиотехникалық станцияның операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұрыс жұмыстары кезінде станцияның есептоп нөмірінің біреуінің міндетін орындау. станцияның ұрыс жұмысы процесінде бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштерін қадағалау. Станцияны жазу, станция аппаратурасын іске қосу және жұмысқа дайындау. Станция блоктарын профилактикалық жөндеу және типтік кінәраттарды жою. Тіркеуші аппаратураны пленкамен немесе лентамен зарядтау, алынған деректерді көрсету және түсіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін станцияның блоктары мен тораптарының міндеті, жұмыс істеу принципі және құрылғысының ерекшеліктері; станцияға профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу ережесі; станцияның есептобындағы өз нөмірінің міндеті; станцияның типтік кінәраттарын іздеу және жою тәртібі; бақылау-өлшеу аппаратураның міндеті және негізгі деректері; станцияны қоректендіруші штаттық агрегаттарды пайдалану ережесі; сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу талаптары.
87. Радиотехникалық станцияның операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Радиотехникалық станциялардың позициясын іріктеу және жазу. штатты бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып, станцияларды іске қосу, теңшеу және дайындау. Станциялар үшін бастапқы деректерді дайындау және орнату. Станцияның кінәраттарын анықтау және жою. Станцияға профилактикалық тексеру және ағымдағы жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: радиолокация және радиотелеметрия негіздері; қызмет көрсететін станцияның міндеті, құрылғысы және тактикалық-техникалық деректерінің негіздері; қызмет көрсететін станция блоктарының принциптік және монтаждық схемалары; станцияның кінәраттарын анықтау және жою ережесі; станция мен бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеру және теңшеу ережесі; станцияны жазу, қысқарту және ұрыс жұмысы кезінде барлық есептоп нөмірлерінің міндеттері; алғашқы қондырғыларын дайындау, түсіру және тіркеуші аппаратураның көмегімен алынған деректерін өңдеу.
88. Радиотехникалық станцияның операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Радиотехникалық станцияны басқару және орталық пункттің операторы ретінде, радиостанцияны пайдалану (қызметті басқару) жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тактикалық-техникалық параметрлердің сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстың режимін қолдау. Радиотехникалық станцияны жазу және өлшеудің жалпы кешеніне қосу. Арнайы радиотехникалық өлшегіш аспаптардың (генераторлардың, стандартты сигналдардың, катодты және шлейфті осциллографтардың, автоматтық сүйемелдеу жүйелерінің амплитудалы және жиілік сипаттамасын түсіруге арналған аспаптардың және басқа да аспаптардың) көмегімен станцияны және беретін құрылғыларды толық дайындау, теңшеу және даярлығын тексеру. Автоматтық шифрды айыру аппаратурасын толық дайындау және қызмет көрсету әрі телеөлшеу нәтижелерін өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін радиостанцияның және оған кіретін блоктар мен тораптардың, сондай-ақ станцияның блоктарын теңшеу және реттеу кезінде қолданылатын радио және электрмен өлшеу аспаптарының міндеті, құрылғысы және негізгі тактикалық-техникалық деректері; станцияның материалдық бөлігін жөндеу, тасымалдау, сақтау және күтім көрсету ережесі; станцияның пайдалы деректерін өңдеу тәртібі.
89. Оптикалық тіркеу станциясының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті оператордың басшылығымен күндізгі уақытта жылжымалы және жылжымайтын объектілерді фотограмметриялы, стереофотограмметриялы түсіру және кинотіркеу. Фотокамера мен снарядталған кассетаны қайта зарядтау. Аспаптар мен қоректендіру көздерін электр схемаға қосу. Бақылау-өлшеу аппаратураларының көрсеткіштерін қадағалау. Кассеталарды кинопленкамен, фотопленкамен немесе фотопластинамен зарядтау. Киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды камералық өңдеуге дайындау. камералық өңдеу кезінде күрделі емес операцияларды орындау. Аппаратураға күтім көрсету. Түсіргеннен кейін электр схемаларды бөлшектеу.

Білуге тиіс: электр техника, радиотехника және фотография негіздері; өлшеу пунктінің (үш типті фотоаппараттан және бір кинокамерадан кем емес) қызмет көрсететін аспаптарының құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі және оларға күтім көрсетудің негізгі ережелері; бақылау-өлшеу аппаратурасы мен электрмен өлшеу аспаптарының міндеті мен негізгі деректері; кассеталарды қайта зарядтау ережесі; орталық өлшеу пунктінен келіп түсетін командаларды орындау тәртібі; компаратордың міндеті мен негізгі деректері; камералық өңдеудің негізгі ережелері туралы түсінік; кинофотопленкалардың типтері; түсіретін аппаратураның жұмысына есеп жүргізу және формулярларын жүргізу ережесі; аппаратураны күтуге қойылатын талаптар.
90. Оптикалық тіркеу станциясының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күндізгі және түнгі уақытта жылжымалы және жылжымайтын объектілерді фотограмметриялы, стереофотограмметриялы түсіру. Түсірудің фотографиялық және механикалық параметрлерін орнату. Өлшеу пункті аппаратурасының жекелеген механизмдерін қосу. Электрлік токтың түрлендіргіштерін қосу. Түсірілген киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды фотозертханалық өңдеу. Позитивтерді басу және үлкейту. Негізгі және көмекші аппаратураны орнатып, өлшеу пунктін дайындау. аппаратураны жұмысқа дайындау, бағдарлау, түзеу, салыстырып тексеру, теңшеу. Штаттық әдіспен киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды камералық өңдеу кезінде қарапайым параметрлерін айқындау немесе электрлік клавишті есептеу машинасында түсіру нәтижелерін есептеп өңдеу. Жұмыс кестесін жасу.

Білуге тиіс: өлшеу пункті аспаптарының (фотоаппараттың 3 типінен және киноаппаратың 2 типінен артық) құрылғысы мен міндеті; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы мен пайдалану; оптикалық тіркеу станциясының түсіру нәтижесінде айқындалатын негізгі параметрлері; фотоэлектрлік экспанометрдің құрылғысы және қолдану; фотографияда қолданылатын материалдар, олардың қасиеттері, таңбалау, міндеті; рецепт бойынша айқындағыштарды, бекіткіштерді және басқа да реактивтерді құрастыру ережесі; химиялық негіздер мен электрлік токты түрлендіргіштердің құрылғысы және пайдалану ережесі; өлшеу пунктін теңшеу, түзеу және бағдарлау ережесі және тәртібі, компаратордың құрылғысы және түсіру нәтижелерін камералық өңдеу тәртібі немесе алгебралық және тригонометриялық тәуелділігі, осы түсірімдерді есептеп өңдеу кезінде қажетті геометриялық тізулер; координат тікбұрышты жүйесі, масштабы туралы түсінік; графиктерді тізу ережесі; өлшеу пунктінің аппаратураларын түзеу және теңшеу ережесі; түсіру шарттары және кадр жиілігін есептеу әдістемесі; түсіру кезінде объектіні жасанады жарықтандыру тәсілдері.
91. Оптикалық тіркеу станциясының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күндізгі және түнгі уақытта жартылай автоматты бағыттау жетектерін пайдаланып,жылжымалы объектіні фотограмметриялы және стереофотограмметриялы түсіру. Аппаратураны орнату үшін орын таңдау, түсіру арақашықтығы мен жылдамдығын есептеу. Өлшеу пунктінің аппаратурасын станцияның жалпы схемасына қосу. Электр схемаларды құрастыру және монтаждау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша аппаратураның жұмыс істеу сапасын бағалау және кінәраттарды жою. Оптикалық тіркеу аппаратурасының ішкі және сыртқы бағдарламаларының элементтерін айқындау, есептеу және оларға түзетулер енгізу. Кинотеодолитті түсірім деректері бойынша кеңістікте координат нүктелерін айқындау және осы нүктеге кинофототеодолит көздегіштерін бұрыштап орнатуды есептеу. Өлшеу пунктінің аспаптарының техникалық тексеру, профилактика және ағымдағы жөндеу. Оптикалық бөлшектер мен тораптардың ұсталуын бақылау. Штат әдісімен киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды камералық өңдеу кезінде күрделі параметрлерін айқындау немесе есептеу нәтижелерін ЭЦВМ жай жазуға айналдыру. Алынған параметрлер бойынша қорытынды таблицалар мен кестелерді құрастыру.

Білуге тиіс: өлшеу пунктінің (4 типті киноаппараттан кем емес) аспаптарының құрылғысы мен міндеті; кинотеодолитті қондырғылардың құрығысы; өлшеу пунктінің принципитік (оптикалық, механикалық, электрлік) схемасы; траекторияның белсенді учаскелерінің негізгі элементтері және уақыт функциясында олардың өзгеру сипаты; түсірудің фотографиялық параметрлерін іріктеу ережесі; күрделі электрлік схемалардың монтаждау негіздері және оқу ережесі; түсіру кезіндегі ақаудың түрлері, оның пайда болу себебі және алдын алу шаралары; сандық дифференциялау ережесі; тегістеу туралы түсінік; оптикалық тіркеу станциясының аспаптарын бағдарлауға түзетулер енгізу тәртібі; кинофототеодолитті қондырғылар мен кинокамералардың өзара іс-қимылы.
92. Оптикалық тіркеу станциясының операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оптикалық тіркеу станциясының өлшеу пунктінің аспаптарының синхронды жұмысын басқару. Қоректендіруші электрлік желілерге орталық өлшеу пунктінің аспаптарын қосу. Стендтер мен тректерде түсірілімдер жүргізу үшін түсіру аппаратураларының кешенін бірыңғай жүйеге монтаждау. Оптикалық тіркеу станциясының жұмысын толық тексеру. Оптикалық тіркеу аппаратурасының коллимациялы және басқа да қателерін айқындау. Далалық жағдайда қуатты және сигналды кабельдерді төсеп және монтаждап, 2-4 пунктті құрамды станцияның өлшеу базасын іріктеу, бөлшектеу және жабдықтау. Киноленталарды, фотопленкаларды немесе фотопластиналарды камералық өңдеу кезінде ерекше күрделі параметрлерді айқындау. ЭЦВМ есептеу жүргізу үшін бастапқы деректерді дайындау. Түсіру деректерін өңдеу нәтижелерін толықтай рәсімдеу және ұсыну.

Білуге тиіс: оптикалық тіркеу станциялар жұмысының электрлік схемасы; оптикалық тіркеу станциясын түсіру кезінде сенімді деректерді алуды қамтамасыз ететін түсіру объектісіне қойылатын талаптар; әр түрлі жағдайда шифрларды оқу құрылғыларының принциптері; әр түрлі типті шифрларды оқу құрылғысының принциптері; түсіру нәтижелерін есептеу және ЭЦВМ есептеу үшін деректерді дайындау.
93. Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. шығырдың көмегімен бомбаларды ұшаққа ілу.

Білуге тиіс: ұшақтардың барлық жүйесінің бомба ұстағыштарының және бомбаларды ілу үшін қолданылатын құрылғылардың құрылғысы, оларды реттеу; бомбаларды ілу тәсілдері.
94. Бомбалар мен снарядтарды самолетке ілуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұшақтың ұшыру жүйелерін реактивті снарядтармен зарядтау.

Білуге тиіс: ұшақтың ұшыру жүйелерін реактивті снарядтармен зарядтау ережелері; қару-жарақ түрлері және оның элементтер.
95. Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жүйедегі ұрыс жарғыштарын бомбаларға және реактивтік снарядтарға бұрау. Жарғыштарды сыртқы тексеру.

Білуге тиіс: әр түрлі жүйедегі жарғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі; ұрыс жарғыштарын тексеру және қысылуын тексеріп, оларды бомбалар мен реактивті снарядтарға бұрау ережесі.
96. Оқ-дәрі қопарушы-разрядтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қопару үшін оқ-дәрілерді қатарлау. Жағу үшін дәрілерді котлаванға қатарлау. Броньшұңқырларда қопару жұмыстарын жүргізу үшін құм дайындау. Электр тәсілмен қопару кезінде магистральді желі төсеу. Электр тізбектерін монтаждау, қопару схемасы және жөнделген электр тізбектерін омметр бойынша дұрыс біріктірілуін тексеру. Белсенді зарядтарды дайындау. Патрондарды арнайы пештерде жағу. Капсюль төлкелерін атып алу (салқындату), винтовка және пулемет оқтарынан қорғасынды балқыту, гильзадағы капсюльдерді күйдіру. Қазандықтар мен пештерді оқ пен гильзадан босату және гильзадан капсюль төлкелерін бұрап шығару. Қопарудан кейін сынықтарды іріктеу мақсатында құмды елеу. Негізгі зарядтар мен миналарды престеу және атып алу. Негізгі зарядтарды шығаратын аспаптарды басқару. Практикалық снарядтардан түтін элементтерін және инертті жарақтарды кетіру. Қопарудан кейін алаңды тексеру. Жарылмай қалған металлоломды және толық жанбаған оқ-дәріні немесе жарылыспен шашыраған элементтерді тексеру. Жоғары білікті қопарушының басшылығымен оқ-дәрілерді, дәрілерді және пиротехникалық құралдарды жою бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: электр техника бойынша негізгі мәліметтер; оқ-дәрілерді, дәріні және жарылғыш заттарды қолдану ережесі; қауіпті оқ-дәріні қолдану және тасымалдау ережесі; жарамсыз дәріні жағу тәртібі, ережесі және нұсқаулығы; фанерадан цилиндрлер жасау ережесі және олардың міндеті; оқ-дәріні қопару тәсілдері мен әдістері; оқ-дәріні жаруға қатарлау ережесі және патрондарды пештерде жағу ережесі; жетекші белдеулерді түсіру тәсілдері; миналардың негізгі зарядтарының міндеті мен құрылғысы және зарядтарды шығару әрі жұлып түсіру ережесі; капсюльдерді гильзадан күйдіру тәсілдері; жасырыну үшін блиндаждар жабдықтау ережесі; оқ-дәріні қопару үшін орын дайындау; қаруға немесе ататын құралдарға, қазандықтар мен пештерге қызмет көрсету ережесі; қопару кезіндегі қолданылатын сигналдық белгілер; химияға қарсы қорғану құралдары.

Жұмыс үлгілері

1. Капсюль төлкелері – ату үшін тесікке бұрау.

2. Тұндырғыштар, торлар мен науалар – жарылғыш заттардан тазарту.

3. Калибрі 122 мм дейін снарядтар – жетекші белдеулеулерді түсіру.


97. Оқ-дәріні қопарушы-разрядтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеке тәртіппен атыс және электрлік тәсілмен оқ-дәрінің барлық түрі мен типін қопару. Магистраль желісін жару құралдарына біріктіру. Арнайы фанералы цилиндрлерді орнату, цилиндрге толық жабдықталған снарядтарды орнату және снарядты, оның сынықтарын айқындау мақсатында бронь шұңқырларда қопару үшін жарғыштарды электр детонатормен және электр тұтандырғышпен жабдықтау. Қопарудан кейін шамасы мен салмағы бойынша сынықтарды сұрыптау. Жарамсыз дәрілерді және жарылғыш заттарды жағу, электр тәсілмен немесе дәрі жолақтары арқылы күйдіру. Тұтандырғыш түтіктерді жасау. Түтіктерді зарядтарға салу. Жарылғыш заттарды снарядтар мен миналардан балқытып алу, сілтілеу және күйдіру. Трассерлерді күйдіру, жарғыштар мен түтіктерді металға бөлшектеу, шрапнельдерді атып зарядтау, оқ-дәрілерді күйдіру және қолмен, тиісті құрылғыларды пайдаланып, атыс қаруның патрондарынан тұтандырғыш түтіктер мен гильзадағы капсюльдерді пішу. Қопару механизмдері мен аспаптарын жөндеу және реттеу. Секторларда, цилиндрлерде және басқа да нысанада снарядтар мен ұрыс бөліктерін қопару кезінде талқандалған координатты өлшеу.

Білуге тиіс: снарядтардың, шрапнельдер мен миналардың құрылғысы; калибрлері мен жүйелері бойынша оқ-дәрілерді сыныптау; жарылғыш заттар, дәрілер, электрмен тұтандырғыштар мен электр детонаторлар туралы қарапайым мәліметтер; электр запалдың құрылғысы және запал түтіктерін дайындау ережесі; электр тізбектерінің жұмыс істеу принципі, оларды іріктеу және олармен тәжірибе жасайтын алаңды жабдықтау электр жетектерін белсенді зарядтарға біріктіру ережесі; индукторлы қопарғыш машинаның құрылғысы, пайдалану ережесі және жұмыс істеу принципі; алаңда және бронь шұңқырда қопару жүргізу жөнінде нұсқаулық; атыс және электрлік оқ-дәріні қопару; от өткізгіш пілтелерді сынау әдісі; қопарудан кейін снаряд элементтерінен алынған сынықтарды айқындау; жарылғыш заттар қалдықтарын жою нұсқаулығы; белсенді зарядтарды қару-жарақтарға салу тәсілдері; оқ-дәріні бөлу ережесі; жарылғыш заттарды балқытудың, сілтілеудің және күйдірудің температуралық режимі және дәрілерді жағу; қопару кезінде қолданылатын өткізгіштердің маркалары мен қиыстыру.

Жұмыс үлгілері

1. Жарылғыш заттардың блоктары – снарядтардың корпустарынан шығарып тастау.

2. Оқ-дәрі – алаңда және броньшұңқырында бір жақты фугаспен қопару.

3. Снаряд корпустары – қыздыру пештерінде орнату (шығару), жарылғыш заттарды шығару және блоктарға сұрыптау.

4. 122 мм артық калибр снарядтары – жетекші белдеулерді түсіру.

5. Тұтандырғыш құралдар – жүйелер бойынша бөліп-жазу және күйдіру.


98. Оқ-дәрілерді қопарушы-разрядтаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолданыстағы нұсқаулықтардың талаптарын қатаң сақтай отырып, от және электрлік тәсілмен жаппай оқ-дәрінің барлық түрі мен типтерін қопару. Белсенді зарядтарды қопарылатын қару-жараққа қатарлау. Пиротехниктің басшылығымен қауіпті оқ-дәріні қопару. Қопарудың күрделі схемаларын құрастыру, схемаларды монтаждау және жөнделген торлардың дұрыстығын тексеру. Жарылғыш заттардың құтыларымен жабдықталған снарядтарды разрядтау. Алаңда жарылмай қалған (істен шыққан) снарядтарды қопару кезінде зарядтарды салу. От өткізгіш пілтенің сапасын және жану жылдамдығын тексеру. Оқ-дәрі бар қалан мен қатарларды жағу. Оқ-дәріні қопаруға және жағуға есеп құжаттамасын дайындау. ЖЗ және бастамашы құралдарды тұтандыруға және жоюға дайындау. Қопару үшін ЖЗ қажетті мөлшерінің таблицасын пайдалану. Ғимаратты, имаратты және топырақты қопару.

Білуге тиіс: ерекше қауіпті оқ-дәріні пайдалану ережесі, ерекше қауіпті оқ-дәрілерді қопару нұсқаулығы; белсенді зарядтардың немесе қопару құралдарының істен шығуы кезінде фугастарды қайта қопарудың ережесі; от өткізгіш пілтенің ұзындығын есептеу; күрделі электр тізбектерінің жұмыс істеу принципі; қопару жүргізу үшін жарылғыш заттардың қажетті мөлшерінің таблицасы және қопару жұмыстары кезінде әр түрлі калибрлі оқ-дәрі сынықтарының құлаштау таблицасы; тәжірибе жүргізу алаңын өңдеу ережесі; ЖЗ мен бастамашы құралдарды арнайы жою жөнінде озық үлгідегі қопаруларды дайындау және жүргізу нұсқаулығы; электрлік және атыс тәсілімен топырақта, үлкен және шағын секторларда, плита квадраты мен броньшұңқырында қопарулар жүргізу ережесі; ЖЗ физикалық-химиялық қасиеті; қопару жұмыстары кезінде есеп құжаттамасын ресімдеу ережесі.

жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау