Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері



жүктеу 175,99 Kb.
Дата16.01.2022
өлшемі175,99 Kb.
#32956
түріСабақ
8. Пәленшебаев Ж





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1В бөлім:Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: № 35 мектеп-лицейі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ижазова Ж.Ш

Сынып: 5"Б"

Қатысқандар: 18

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерін табады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Натурал санға еселік болатын әрі бөлгіші болатын сандарды жазады;

Кейбір оқушылар:

  • Берілген натурал санның бөлгіштер жұбының қасиетін қолдана отырып теңдеу түбірін табады;

Бағалау критерийі

-Натурал сандардың бөлгіштерін табады;

-Натурал сандардың еселіктерін табады;



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:Натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерін табуға ауызша және жазбаша мысалдар келтіріп түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлгіштер, еселіктер

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.

Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.

Берілген натурал а санның бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал сан.

Кез келген натурал а санның еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал сан.

Құндылықтарға баулу

- Жалпыға бірдей еңбек қоғамы;

- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, сабақ барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау



Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану (халық санының өсуі)

Алдыңғы оқу

Натурал сан,натурал санды көбейту және бөлу

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

9 мин


2 мин

4 мин

3 мин


Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу
Үй тапсырмасын сұрау.
ҚБ. «Бұрыштар» әдісі арқылы есептердің жауабын тексеру.

Оқушыларға тапсырманың мүмкін жауабы сыныптың бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың жанына барып тұрады, таңдаған жауаптарына түсіндірме жасайды.


Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету

Сынып оқушыларын топқа біріктіру.



1-топ. 4-ке қалдықсыз бөлінетін натурал сандар: 4;8;16;20;24;28

2-топ. 3-ке қалдықсыз бөлінетін натурал сандар: 3;6;9;12;15;18

3-топ. 2-ге қалдықсыз бөлінетін натурал сандар: 2;4;6;8;10;12

слайд


Қима қағаздар


Сабақтың ортасы

28 мин


5 мин

6 мин

6 мин

7 мин


4 мин

«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болғаны?» әдісі арқылы сабақ мақсатын айқындау. Жетелеуші сұрақтар қою.


144


108

12

60

48

12

2

3

4

6

12





  1. 12 санынан төмен орналасқан сандар туралы не айтуға болады?

  2. 12 санынан жоғары орналасқан сандар туралы не айтуға болады?

  3. Олардың қандай ерекшеліктері бар?

Сандардың қайсысы бөлгіш, қайсысы бөлінгіш болатынын талқылау.

ҚБ. «Допты лақтыру» (ауызша кері байланыс) Доп лақтырып сұрақ қойылады. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы жауап бере алмаса,басқа оқушыға береді.
Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы тапсырма топпен бірігіп орындалады.
3, 7, 10, 30,84,4,6,12, 15, 18 сандарының ішінен келесі шарттарды қанағаттандыратындарын теріп жаз:

a) 2-нің еселігін: _______________

b) 12 -нің бөлгіштерін: _______________

ҚБ «Дауысыңды кімге бересің?» әдісі арқылы топтарды бағалау.

Саралау тәсілі: қорытынды

Жұптық жұмыс. «Сенімді серіктес» әдісі. Жұп болып, бірлесіп орындалады.


Екі шартты да қанағаттандыратын санды әрбір тор көзге жазады.


Сан

15-тің бөлгіші

18-дің бөлгіші

32-нің бөлгіші

6-ның бөлгіші










12-нің бөлгіші










24-тің бөлгіші













Сан

3-ке

еселік


5-ке еселік

11-ге еселік

4-ке еселік










7-ге еселік










13-ке еселік










ҚБ. «Көршіңді тексер» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау тәсілі: тапсырма
Жеке жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі. Сараланған тапсырма. Конвертті түстері бойынша таңдайды.
1-тапсырма
Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар:

5 және 45, 9 және 71, 8 және 34, 16 және 80,

17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115
Дескриптор:

- үлкен санды кіші санға бөледі;

- қалдықсыз бөлінетініне көз жеткізеді.

- бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазады


2-тапсырма
18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін?
3-тапсырма
Натурал санның бөлгіштер жұбының қасиетін пайдаланып, теңдеудің түбірін "ойлап" табыңдар

x(х-5)=24 x(х+7)=78


ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» әдісімен бағаланады.

Саралау тәсілі: қарқын тәсілін қолдану арқылы оқушылар жеке қабілеттерін есепке ала отырып тапсырманы орындайды.
Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (дескриптор қосымша бетте).
Берілген сандардың бөлгіштерін және еселіктерін тап және ретімен жаз (мысалы:А,К,Х,О)

a) 24-тің бөлгіштері:

b) 2-нің еселіктері:


слайд


Қима қағаздар

Қима қағаздар





Үлестірмелі кеспе қағаздары

https://bilimland.kz/



Сабақтың соңы

3 мин


1 мин
2 мин

Үйге тапсырма.

№564,№565 есептер



Рефлексия: «SMS» әдісі. Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы

қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады.



Оқулық


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



Топтық, жеке, жұптық жұмыс кезеңдерінде және үй тарсырмасын тексеруде саралаудың тиімді тәсілдері қолданылады. "Бұрыштар" әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеруде саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады. Топтық жұмыс. «Ойлас-жұптас-бөліс» тәсілінде қарқын тәсілі арқылы сараланады. «Сенімді серіктес» әдісінде жұппен болып бірлесіп орындалады.Тапсырма тәсілі арқылы сараланады. Жеке жұмысыты "Конветтергі сұрақ" қарқын тәсілін қолдану арқылы оқушылар жеке қабілеттерін есепке ала отырып тапсырманы орындайды.

Сабақ мақсатын айқындау барысында оқушыларға "Миға шабуыл" жасалады. Мұғалім "Допты лақтыру" (ауызша кері байланыс) арқылы бағалау жүреді. Оқушы тапсырманы жақсы түсінсе мақталады, осылайша ауызша кері байланыс орнайды . Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады.Топтық жұмыс барасында оқушылар "Дауысыңды кімге бересің" тәсілі өздерін арқылы бағалайды.«Сенімді серіктес» әдісімен жұппен болып бірлесіп орындалатын тапсырма беріліп,оқушылар "Көршіңді тексер" тәсілі арқылы көршісін бағалайды. Жеке жұмыс барысында «Мадақтау сэндвичі» әдісімен бағаланады.


Қауіпсіздік техникасы ережелері

Интерактивті активті тақтаны уақытылы қосу, электронды бағалау







Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Тақырып

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Оқу мақсаты

5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.5.9 натурал сандардың еселіктерін табу;


Ойлау дағдыларының деңгейлері

білу, қолдану

Тапсырма


Берілген сандардың бөлгіштерін және еселіктерін тап және ретімен жаз (мысалы:А,К,Х,О)

a) 24-тің бөлгіштері:



b) 2-нің еселіктері:

Бағалау критерийлері

Дескриптор


Натурал сандардың бөлгіштерін,еселіктерін таба алады

натурал сандардың бөлгіштерін табу

натурал сандардың еселіктерін табу

ретімен жазады



жүктеу 175,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау