5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017



жүктеу 0,72 Mb.
бет2/2
Дата21.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#5165
1   2


Таңдау бойынша курс 1
Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік іс-әрекет негіздері

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Туристтік қызмет психологиясы

Постреквизиттері: Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру, Ресторан ісі және қонақ үй бизнесін жоспарлау және ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерге туристік аяда кәсіпкерлік белсенділіктің логикасы жайлы қажетті білім беру. Әсіресе кәсіпкерлік идея, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, баға саясатын жасау, өндіріс шығындарын азайту, сондай-ақ мейрамхана және қонақ үй қызметінде қолданылатын өндірістік коммерциялық қызмет формалары мен әдістерін анықтауды зерттеудің нақты дағдыларын қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы мен мәні. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы мен мәні. Қонақжайлылық кәсіпорынның іскерлік аясындағы компоненттер құрылымы мен мазмұны. Кәсіпкерлік қызмет логикасы, кәсіпкерлік шешімді қабылдау процесі. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары (өндіріс факторлары). Кәсіпкерлік капитал және оны қалыптастыру әдістері. Кәсіпкерлік шешімді қабылдау. Бизнес-жоспар және қазіргі кездегі кәсіпкерліктегі рөлі. Қонақжайлылық кәсіпорын әріптестік байланыстың формалары. Кәсіпкерлік келісім шарт.
Күтілетін нәтижелер: Кәсіпкерлік қызмет идеясын жүзеге асыру технологиясы мәселелерін талқылау арқылы студенттерді дербес кәсіпкерлік қызметке дайындау, кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың теориялық негіздерін үйрету.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Замбинова Г.К., Аешова Н.Т.
Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Туристтік қызмет психологиясы

Постреквизиттері: Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерге туристік аяда кәсіпкерлік белсенділіктің логикасы жайлы қажетті білім беру. Әсіресе кәсіпкерлік идея, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, баға саясатын жасау, өндіріс шығындарын азайту, сондай-ақ туристік фирмалар қызметінде қолданылатын өндірістік коммерциялық қызмет формалары мен әдістерін анықтауды зерттеудің нақты дағдыларын қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы мен мәні. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы мен мәні. Туризмнің іскерлік аясындағы компоненттер құрылымы мен мазмұны. Кәсіпкерлік қызмет логикасы, кәсіпкерлік шешімді қабылдау процесі. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары (өндіріс факторлары). Кәсіпкерлік капитал және оны қалыптастыру әдістері. Кәсіпкерлік шешімді қабылдау. Бизнес-жоспар және қазіргі кездегі кәсіпкерліктегі рөлі. Туризмдегі әріптестік байланыстың формалары. Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық- құқықтық формалары. Туристік кәсіпорын мекемелері. Кәсіпкерлік келісім шарт. Туристтік саладағы ұйымдар ерекшеліктерін есепке алу кәсіпорындары. Туристтік кәсіпорындар табысын есепке алу. Туризмдегі жарнама: ерекшеліктер мен есепке алу. Туристтік кәсіпорындардың салық салу ерекшеліктері.

Күтілетін нәтижелер: Кәсіпкерлік қызмет идеясын жүзеге асыру технологиясы мәселелерін талқылау арқылы студенттерді дербес кәсіпкерлік қызметке дайындау, кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың теориялық негіздерін үйрету.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жуспекова А.К., Замбинова Г.К.
Таңдау бойынша курс 2
Микроэкономика

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттері: Баға және баға белгілеу, Салықтар және салықсалу

Мақсаты: Үй шаруашылық, фирмалар салалар деңгейіндегі экономиканың қалыптастыру механизмін түсіндіру үшін, сонымен қатар мемлекеттік саясатты жүргізудің салдарларын студенттерге түсіндіру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі. Тұтынушы әрекетінің теориясы. Өндіріс теориясы. Өндірістік шығындар. Капитал концентрациясы және нарықтық билік. Жетілген бәсекелестік жағдайы. Монополия жағдайында фирмалардың әрекеті. Олигополия жағдайында фирманың әрекеті. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті. Еңбек нарығы. Капитал нарығы. Жер нарығы. Инновация нарығы. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер микроэкономика теориясының пәні, методологиясын, жеке және нарықтық сұраныстар, нарықтық бәсеке, сұраныс қисығы, ұсыныс қисығы, тепе-теңдік жағдайында болатын нарықты зерттеп және т.б. экономикалық сұрақтарды білу керек; микроэкономика теориясының мәліметті, олардың құру принциптері туралы және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану ұсынылатын талаптарды, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жанбекова З.Х., Аркенова Ж.Р.
Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттері: Баға және баға белгілеу, Салықтар және салықсалу

Мақсаты: Әлеуметтік саладағы жеке таңдау және экономикалық субъектілердің шешім қабылдауындағы механизмдерді, мінез-құлық факторларына әсер ететін әлеуметтік саладағы микроэкономикалық өзгерістер арасындағы себеп-салдар байланысын оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі. Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі. Тұтынушы тәртібінің теориясы. Өндіріс және шығындар теориясы. Пайданы максимизациялау және бәсекелік ұсыныс. Таза монополия және монополиялық билік. Монополиялық бәсеке: қызметтер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау. Олигополия: үлгілер және баға қалыптастыру стратегиясы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру. Еңбек қызметінің нарығы және еңбекақы. Капитал және жер ресурстарының нарығы: баға қалыптастырудың ерекшелігі. Сыртқы әсерлер теориясы. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер оқытылатын пәннің мәнін, міндеттерін, әдістері мен мақсаттарын және оның басқа пәндермен байланысын, алға қойылған мәселелерді түсініп білу керек, микроэкономикалық және туристік қатынастар арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарды нақтылауды білуі қажет, микроэкономикалық қатынастарда жеке экономикалық субъектілердің мінез-құлқы үлгісін талғауға мүмкіндік беретін білімді меңгеру қажет.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жанбекова З.Х., Аркенова Ж.Р.
Таңдау бойынша курс 3
Баға және баға белгілеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттері: Салықтар және салықсалу, Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында баға белгілеудің негіздерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бағалар жіктеуі және олардың жүйесі. Бағалар құрамы мен құрылымы. Бағаны құраушы факторлар. Нарық құрылымы және баға белгілеу. Баға белгілеу үдерісінің кезеңдері. Фирманың баға саясаты. Шығындар және баға қалыптастырудағы олардың рөлі. Баға белгілеу әдістері. Баға белгілеудегі тәуекел және бағаларды сақтандыру. Экономиканың кейбір салалары мен аяларындағы баға белгілеудің ерекшеліктері. Баға белгілеу тәжірибесі және өнеркәсібі дамыған елдерде бағаларды реттеу.

Күтілетін нәтижелер: баға белгілеудің теориялық негіздері; бағаның құрамы мен құрылымын; бағалар орындайтын функцияларды; бағаларға әсер ететін факторларды; бағалар белгілеу үшін кәсіпорындар пайдаланатын әдістерді; баға белгілеу мәселелеріндегі мемлекеттің рөлін білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Даулетова А.М., Рабазанова А.А.
Бизнесті бағалау

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттері: Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру, Салықтар және салықсалу

Мақсаты: Бизнес құндылығының бағалау негізін ұйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бизнес құндылығының бағалау негізі. Бизнесті бағалаудағы құндылықтар түрлері мен қағидалары.Кәсіпорын бағалау құндылығындағы процес. Бизнесті бағалаудағы әдістер мен тәсілдер.Бизнесті бағалау құндылығын анықтаудағы ақпараттық базаның құрылымы. Бизнесті бағалаудағы есептіліктің даярлығы мен қаржылық талдауы (анализі). Бизнесті бағалаудағы табыстық тәсіл. Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы тәсіл.Бизнесті бағалаудағы шығындық тәсіл. Әр түрлі кәсіпорын мүлігінің бағалау құндылығы. Бақылаулы және бақылаулы емес акция пакеті жайлы бағалау құндылығы.Бағалау жұмысына есеп (отчет) құрастыру.

Күтілетін нәтижелер: Бизнесті бағалаудағы әдістер мен тәсілдерді, бизнесті бағалау құндылығын анықтаудағы ақпараттық базаның құрылымын, бизнесті бағалаудағы есептіліктің даярлығы мен қаржылық талдауын оқып ұйрену.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Мажитова С.К.

Таңдау бойынша курс 4
Ресторан және қонақ үй мәдениеті

Пререквизиттері: Туристтік қызмет психологиясы

Постреквизиттері: Ресторан және қонақ үй бизнесі

Мақсаты: Мейрмахана және қонақ үй бизнесінің негіздерін білу болашақ туризм менеджерлерін дайындаудың ажыратылмас бөлігі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Мәдениет пен қызмет көрсету тарихы. Қонақүй –саяхат қызмет көрсету туралы жалпы мәліметтер. Саяхат-қонақүй қызметінің маңызды ресурсы. Қонақүй және мейрамхана қызмет көрсетуінің негіздері. Қонақүй және мейрамхана қызмет көрсетуінің психологиялық мәдениеті. Қонақүй және мейрамхананың қызмет көрсетуінің эстетикалық мәдениеті. Қонақүй және мейрамхана ісінің дамуы.

Күтілетін нәтижелер: Мәдениет пен қызмет көрсету тарихын меңгеру, саяхаттың қонақ үй мәдениетіндегі маңызын зерттеу, қонақ үй және мейрамхана қызмет көрсетуіәнің психологиялық мәдениетің меңгеру, психология жайлы негізгі мәліметтер және оның мейрамхана-қонақ үй саласындағы қызмет көрсету процесіне әсерін қарастыру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Әлемдік қонақжайлық индустриясы

Пререквизиттері: Туризм негіздері, Туристтік қызмет психологиясы

Постреквизиттері: Ресторан және қонақ үй бизнесі

Мақсаты: Мейрамхана және қонақ үй қызметтері нарығында жұмыс істеуге қажетті кешенді тәжірибелік және теоретикалық білім беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлемдік қонақжайлылық индустриясының даму тарихы. Қызметтер аясы ретінде әлемдік қонақжайлылық индустриясының негізгі түсініктері мен анықтамасы. Клиенттер тарапынан қонақ үй кәсіпорынын таңдаудағы негізгі факторлар. Қазақстанда және шетелдегі қонақжайлылық кәсіпорын типтері мен олардың классификациясы. Қонақ үй кәсіпорындарының құрылымы. Әлемдік қонақ үй тізбегі. Тамақтандыру кәсіпорындарының тізбегі. Әлемдік қонақ үй кешенінің ұйымдастырушылық-бақылау құрылымы. Қонақжайлылық индустриясы дамуының заманауи тенденциялары. Қонақжайлылық индустриясындағы кешенді мәдениеті.

Күтілетін нәтижелер: Бұл курсы оқу барысында студенттер кәсіби дағдыларды қалыптастыруға,әлемдік қонақжайлылық индустриясының қазіргі заманғы маманға қажетті кәсіби базалық компетенцияны меңгеруге көмектеседі. Әлемдік қонақжайлылық құрылымының мақсаты, қызметі мен міндетін білімін жүйелендіру; алған теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т., Замбинова Г.К.
Таңдау бойынша курс 5
Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы

Пререквизиттері: Туризм негіздері

Постреквизиттері: Ресторан және қонақ үй бизнесі

Мақсаты: Бүгінде қонақжай индустриясы прогресс және уақыттың көмегімен алып салаға айналып отыр. Мұнда қызметтердің тұтынушыларына ең жақсысын ұсынатын миллиондаған кәсіпқой қызметкерлер жұмылдырылған. Олар туризм, демалыс, көңіл көтеру, қонақ үй және мейрамханалық бизнес, қоғамдық тамақтандыру, көлік салаларындағы бәсекелік ортада жұмыс істейді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Мейрамхана мен қонақ үй қызметі. Мейрамхана мен қонақ үй шаруашылығы сферасының негізгі түсінігі. Мейрамханалардың, қонақ үйлердің жіктелуі. Қонақ үй құрылымы. Қонақ үй ғимаратының құрылымы. Қонақ үй бөлмелері және олардың құрал-жабдығы. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы технологиялық процестің ерекшелігі. Даярлау, дайындау және арнайы цехтар. Қоймалық шаруашылық, асүйлік ыдысты жуу бөлмесі. Сауда бөлмелерінің түрлері, мейрамхананың интерьері, сауда бөлмесінің ерекшеліктері, құрал жабдығы. Буфеттер, барлар, олардың сипаттамалары. Асханалық ыдыстың сервистік, жуу бөлмесі, киім бөлмесі, үтіктеу бөлмесі. Асханалық ыдыс, киім. Мейрамхананың, қонақ үйлердің санитарлық-техникалық құрылғылары. Кондиционерлеу, электрожабдық және әлсізтокты шаруашылық. Қонақ үй қызметтерінің қолданылу мақсаты мен құрылымы. Мейрамхана, қонақ үй қызметкерлері. Оларға қойылатын талаптар. Міндеттері.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: әлемдік қонақжай индустриясының негіздерін білу және маңызын түсіну, әлемдік қонақжай индустриясының қызмет бағыттары бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т., Кенжебеков Н.Д.
Қонақжайлылық кәсіпорынның экономикасы

Пререквизиттері: Туризм негіздері, Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттері: Ресторан және қонақ үй бизнесі

Мақсаты: Студенттердің қонақжайлылық кәсіпорындар жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштерімен байланысты өндірістің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен материалдық-техникалық байланыстар туралы және өндірістік ұйымның шаруашылық қызметінің тиімді нұсқасын таңдауда және қонақжайлылық кәсіпорынның ресурстарын пайдаланудың тиімді әдістері мен формаларын негіздеу бойынша экономикалық есептерді орындау үшін қажетті есепті-талдамалық дағдылары мен кәсіби білім алуды қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қонақжайлылық кәсіпорынның экономикасы» курсының пәні. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формалары және кәсіпкерлік. Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардың өндірістік және нарықтық байланыстары. Кәсіпорынның негізгі қорлары және олардың өндірістегі рөлі. Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардың айналым капиталы. Кәсіпорын персоналы және еңбек өнімділігі. Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбекақысы. Өндіріс және өнімді өткізу шығындары. Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардың өндірістік қызметі. Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардың экономикалық стратегиясы. Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардың қаржысы.

Күтілетін нәтижелер: Студент білуі және меңгеруі тиіс: мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорындардың өндірістік шаруашылық қызметінің негізін, қонақ үй және мейрамхана қызметінің өндірісін ұйымдастыру тәжірибесінде пайдаланылатын негізгі шаруашылық әдістері мен тәсілдерін.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Сальжанова З.А., Ибитанова К.К.
Таңдау бойынша курс 6
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет негіздері

Пререквизиттері: Құқық негіздері

Постреквизиттері: Әлеуметтік-мәдени қызмет аясындағы құқықтық бақылау, ҚР Кәсіпкерлік құқығы

Мақсаты: Қазіргі қоғамдағы жемқорлық эволюциясы, оның сипаты болмыс ретінде ҚР-дағы жемқорлықтың рөлі мен ұлттық қауіпсіздікті бұзудағы, ондағы шетелдердің инвестициялық көлемін студентерге оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықтың криминалистік түсінігі, БАҚ пен саяси партиялар олардың жергілікті билікпен байланысыдағы жемқорлықтың сипаттамасын ашу.

Күтілетін нәтижелер: Студент білуге тиіс жемқорлыққа қарсы әрекет проблемасы барлық қоғамдық қатынастың саласына және кеден органдарының қызметіне кері әсерін тигізуде.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Искалиева М.С.
ҚР Еңбек құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері

Постреквизиттері: Әлеуметтік-мәдени қызмет аясындағы құқықтық бақылау, ҚР Кәсіпкерлік құқығы

Мақсаты: Студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын реттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдісі. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар. Еңбек құқығының субьектілері. Еңбекпен қамтуды құқықтық реттеу және жұмысқа орналасу. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.Еңбек шарты.Еңбекақы. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу.Еңбек уақыты және демалыс уақыты.Жұмыскерлердің жеке санатындағы еңбек құқық қатынастарын құқықтық реттеу. Еңбекті қорғау. Еңбек шарты тараптарының материалдық және тәртіптік жауапкершілігі.Еңбек даулары.Халықаралық еңбек құқығы.Әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынанайырмашылығы. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша шараларды қаржыландыру. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек стажы, оның түрлері, есептеу, бекіту тәртібі. Шетелдердің әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Әлеуметтік қамсыздандырудың халақаралық – құқықтық реттеу.Еңбекке жарамсыз тұлғаларды зейнетақы қорларынан қамтамасыз ету. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Жәрдемақы еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің бір түрі ретінде. Еңбекке жарамсыз тұлғаларды орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер: Құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет, еңбек құқығы пәнін оқу барысында игерген білімді тәжірибеде қолдану. Еңбек заңдылығын талқылау және оларды еңбек келіспеушіліктерін шешу барысында қолдану.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Толеубеков А.Т.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Семестр

3 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП

RGB 3214

Ресторан және қонақ үй бизнесі

3

5


OB 3214

Бизнесті ұйымдастыру

Таңдау бойынша курс 2


БП

NN 3216

Салық және салықсалу

3

5


NHS 3216

Шаруашылық субъектілерге салықсалу

Таңдау бойынша курс 3


БП

BUTGB 3217

Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

2

5


UORDGB 3217

Ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі есеп пен есеп беру

Таңдау бойынша курс 4


БП

TLP 3220

Емдік тамақтану технологиясы

3

5


OSKB 3220

Санаторлы-курортты бизнес ұйымдастыру

Таңдау бойынша курс 5


БП

PP 3211

Кәсіпкерлік құқығы

3

6


PRSSKU 3211

Әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету саласындағы құқықтық бақылау

Таңдау бойынша курс 6


БП

ORDST

3222


Туризм және қонақжай аясында көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру

3

6


KDDIG 3222

Қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтеру ісі

Таңдау бойынша курс 7


ПП

IRDGH 3305


Мейрамхана ісі және қонақ үй шаруашылығының инфрақұрылымы

3

6





IT 3305

Туризм инфрақұрылымы

Таңдау бойынша курс 8



ПП

POTB 3306

Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

3


6

к/р



OPRDGB 3306

Ресторан ісі және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау

Таңдау бойынша курс 9



ПП

IITIG 3309

Туризм мен қонақжайлық индустриясындағы зерттеу және ақпарат

3


6


MISU 3309

Қызметтер аясындағы маркетингтік зерттеулер

Таңдау бойынша курс 1
Ресторан және қонақ үй бизнесі

Пререквизиттері: Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері, Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік іс-әрекет негіздері

Постреквизиттері: Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар қызметтер нарығының, соның ішінде туристік және қонақ үй қызметтері аясының дамуына түрткі болды. Бұрынғылары жөндеуден өткізіліп, қазіргі талаптарға сай жоғары сапалы және жекелеген қызметтерді ұсынатын жаңа қонақ үй кешені пайда болды.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе.Қонақжайлық индустриясына кіріспе. Қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының мемлекеттік жіктеу жүйесі: түрлері, топтары. Қонақ үй бизнесіндегі халықаралық стандарттар. Қонақжайлылық сферасындағы қызмет көрсету стандарттары. Қонақ үй бизнесіндегі кадр саясатын қалыптастыру. Қонақ үй бизнесінде табыстарды басқару. Ақпараттық технологиялардың жүйесі. Бронь және резерв жүйелердің компьютерлік сипаттамалар. Менеджмент ақпараттық жүйелер. Қонақжайлық кешендерді басқару жүйелердегі ақпараттық технологиялар.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: қонақ үй және мейрамхана бизнесінің негіздерін білу және маңызын түсіну, қонақ үй және мейрамхана бизнесі бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Кенжебеков Н.Д., Аешова Н.Т.

Бизнесті ұйымдастыру

Пререквизиттері: Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері, Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік іс-әрекет негіздері

Постреквизиттері: Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Әлеуметтік және экономикалық қатынастардың өзара байланыс және өзара әсер ету тетіктері экономикалық жүйенің элементі ретіндегі қоғам нормасы және жеке нормалардың ролі туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бизнесті ұйымдастырудың жүйелі концепциясы. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұйымдастыру. Бизнестік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастырудың типтері мен әдістері. Ағындық бизнесті ұйымдастыру негіздері. Бизнестік бағдарламаны кәсіпорынның өндірістік куатымен негіздеу. Жаңа өнімді шығаруға бизнесті даярлауды ұйымдастыру. Өндірістің оперативті-өндірістік жоспарлауын ұйымдастыру. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. Бизнестік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның көлік шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның қойма шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: Бизнесті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу; бизнесті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Блялов Б.Е., Кенешева Г.А.
Таңдау бойынша курс 2
Салық және салықсалу

Пререквизиттері: Баға және баға белгілеу

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт – бағдарын ашып қарастырып оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі. Көлік құралдарына салынатын салық. Жер салығы. Мүлік салығы. Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС). Акциздер. Корпоративтік табыс салығы. Жеке табыс салығы. Шетелдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері. Әлеуметтік салық. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Ойын бизнестеріне салық салу. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері (АСР). Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі. Алымдар, төлемдер және баждар.

Күтілетін нәтижелер: Студент салықтардың экономикалық мәні, міндеттері мен қызметтері, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуы, салық саясатының құрылуы, оның мақсаттары мен міндеттері, жүзеге асыру құралдары, жекелеген салық топтары мен алымдардың қызмет етуі, оларды есептеу және төлеу механизмі, арнаулы салық режимін қолдану тәжірибесі, салықтық әкімшілдікті қолдану тәжірибесі.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Даниярова М.Т., Танашева А.Б.
Шаруашылық субъектілерге салықсалу

Пререквизиттері: Баға және баға белгілеу

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Салық салу теориясы мен тәжірибесін оқып үрену, студенттердің бойында шаруашылық субъектілері мен халықтың салықтарын есептеу негіздері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер кешенін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың және салық салу жүйелерінің жұмыс істеу теорялық негіздерін оқып үйрену атап айтқанда салықтардың экономикалық мазмұны, функциялары мен принциптерін, ҚР-дағы салықтар мен салықтар жүйесінің қалыптасу даму тарихи кезеңдерін, елдегі салық реформаларының негізгі тұжырымдамаларын ашып көрсету. Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге салық салу. Салықтық бақылаудың қажеттілігі және экономикалық мазмұны. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.

Күтілетін нәтижелер: Салықтардың жұмыс істеуі мен дамуын; Қазақстан Республикасы салық жүйелерінің қалыптасуы мен дамуын; салықтар мен алымдардың жекелеген топтарының жұмыс істеуі, оларды есептеу мен төлеудің тетігін; салықтар төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті, салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар қолдануды білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Лукпанова Ж.О., Улаков Н.С.
Таңдау бойынша курс 3
Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм, Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туризмдегі экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру. Ішкі және халықаралық туризм. Туристтік фирмалардағы және қонақ үй бизнесіндегі құжаттама және түгендеу. Негізгі құралдар меншікті капиталының, материалдық емес активтердің, тауарлық – материалдық қорлардың есебі, еңбек есебі және туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі еңбекақы төлеу есебі. Туристік қызмет көрсету мен қонақ үй сервисінің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Туристік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және туристік фирмалардың және қонақ үй шаруашылықтарының қаржылық есептіліктер жасауы. Халықаралық туризм есебінің ерекшеліктері.

Күтілетін нәтижелер: Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ныйканбаева А.И.
Ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі есеп пен есеп беру

Пререквизиттері: Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм, Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоғамдық тамақтандыру үйымдарында есепті ұйымдастыру негіздері. Қоғамдық тамақтандыру үйымдарында сату бағаларын калькуляциялау. Өзіндік өнімді сату операцияларын құжаттық рәсімдеу. Материалды-жауапты тұлғалардың есептіліктері. Өзіндік өнімді өндіру және сатуды есепке алу. Специялармен түзды есепке алу. Қонақ ұй бизнесінің негіздері, қонақ ұй қызметінің нарығы. Қонақ ұй бизнесінің қызметін сату және қаржылық нәтиженің қалыптасуы. Қаржылық есептілік.

Күтілетін нәтижелер: Курсты оқу нәтижесінде студент ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Абдрасимова Ж.К.
Таңдау бойынша курс 4
Емдік тамақтану технологиясы

Пререквизиттері: Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы

Постреквизиттері: Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Рационалды тамақтанусыз жүзеге аспайтын адам денсаулығын қалыпты және мықты ұстауы үшін студенттерге жалпы қағидаларын қалыптастыру, себебі дұрыс тамақтанбау түрлі аурулардың асқынуына әкеп соқтырады. Яғни емдік тамақтану технологиясы арқылы түрлі аурулардың алдын алып, асқынып кетпеуіне септігін тигізеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Адам өміріндегі тамақтану. Тыныс алу мүшелері ауруы кезіндегі тамақтану. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі тамақтану. Жүрек аурулары кезіндегі тамақтану. Бүйрек аурулары кезіндегі тамақтану. Ревматизм және ревматиодтық артрит кезіндегі тамақтану. Эндокриндік жүйе аурулары кезіндегі тамақтану. Қант диабеті кезіндегі тамақтану. Май басу және подагра кезіндегі тамақтану. Қан аздық кезіндегі тамақтану. Инфекциялық аурулар кезіндегі тамақтану. Хирургиялық емханадағы емдік тамақтану. Жүкті әйелдердің рационалды тамақтануы. Емізетін аналардың рационалды тамақтануы мен режимі. Арнайы және сәнді диета.

Күтілетін нәтижелер: Диетотеропия білімінің негізін игеру және оның нақты ауруларды емдеуіндегі ролі, емдеудің түрлі әдістерінің тарасында емдік тамақтану технологиясының орны, өзінің кәсіби қызметінде алған білімдерін пайдалана білу, нақты аурулар кезінде диеталық үстелді білу, емдік тамақтарды даярлау барысындағы технологияны меңгеру, аурудың негізгі қозғаушы күшін білу және оның пайда болу себептерін анықтау.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Исабаева Г.М.
Санаторлы-курортты бизнес ұйымдастыру

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы

Постреквизиттері: Халықаралық туризм географиясы, Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Соңғы жылдары халықтың емделу және сауығу қажеттіліктерінің арта бастауына байланысты санаторлы-курортты қызметтердің қайта жандану жағдайлары байқалуда. Туристік қызмет аясының құрамдас бөлігі болып келетін осы саланың даму болашағын ескере, студенттердің санаторлы-курортты қызметті ұйымдастыру және көрсету дағдысын кәсіби игеру қажеттілігі туындап отыр дей аламыз.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Санаторлы-курортты қызмет негіздері. Санаторлы-курортты туризмнің даму ерекшеліктері. Санаторлы-курортты қызметтер нарығы. Санаторлы-курортты қызмет нарығын маркетингтік талдау. Туризмдегі санаторлы-курортты өнім. Туристік қызметтер нарығына санаторлы-курортты өнімді жылжыту. Емдік-сауықтыру өнімін жобалау. Санаторлы-курортты өнімді стандарттау және сертификаттау. Санаторлы жолдаманы сатып алу – сату. Санаторлы-курортты кәсіпорынның шаруашылықтануы. Санаторлы-курортты туризмдегі стратегиялық жоспарлау. Санаторлы-курортты туризмдегі басқару. Санаторлы-курортты қызмет нарығын реттеу. Санаторлы-курортты туризмдегі ынтымақтастық. Санаторлы-курортты қызметтердің халықаралық нарығы.

Күтілетін нәтижелер: Санаторлы-курортты қызметтер негіздерін білу және маңызын түсіну; санаторлы-курортты туризмді ұйымдастыру бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу; санаторлы-курортты туризмдегі қызметтер туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т., Бекишева Ш.Т.
Таңдау бойынша курс 5
Кәсіпкерлік құқығы

Пререквезиты: Құқық негіздері, Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Постреквизиты: Виза құжаттарын рәсімдеу, Туроперейтинг

Мақсаты: ҚР кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Кәсіпкерлік құқық ғылымы. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері. Дара кәсіпкерлік: өзіндік және бірліскен кәсіпкерлік. Заңды тұлғалдардың кәсіпкерлігі. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Стандартизацияның құқықтың негіздері. Сертификацияның құқықтық негіздері. Моногамияны мемлекеттік реттеу. Жосықсыз бәсекенің түсінігі және формалары. Жосықсыз бәсеке үшін жауапкершілік. Шетел инвестицияларының түсінігі және түрлері. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері және түінігі.

Күтілетін нәтижелер: Құқықтық нормаларды нақты ситуацияда қолдана білу, кәсіпкерлік құқық саласында құқықтық ұғымдар мен категорияларға сүйене білу, теория және практиканың құқықтық мәселелерін талдап, шеше білу, сабақтас құқық саласының білімдерін құқықтық мәселелерді шешуде қолдану, құқықтық істердің мән жайларын зерттеп, негізді шешім қабылдай білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Есенов Д.К., Амантай А.А.
Әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету саласындағы құқықтық бақылау

Пререквезиты: Құқық негіздері, Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Постреквизиты: Виза құжаттарын рәсімдеу, Туроперейтинг

Мақсаты: Пәннің мақсаты әлеуметтік сервис және туризм саласының теориялық негіздерін зерттеу және практикалық дағды алу болып табылады.Әлеуметтік- мәдени қызмет саласындағы құқықтық реттеу пәні студенттердің әлеуметтік-мәдени сервис және туризмнің, сол сияқты туроператорлар мен турагенттер жұмысының құқықтық реттелуі туралы білім алуларына мүмкіндік береді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туризм және қонақ үй бизнесі құқықтық реттеу объектісі ретінде. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы қызметті басқару. Туризм қызметі және қонақ үй бизнесі субъектілері . Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы кәсіпкерлік істің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы шарттар. Туристік формальдылық. туризм және қонақ үй бизнесін сақтандыру. Әлеуметтік-мәдени сервис саласындағы коллизиялық нормалар. Туристік ұйымдар мен қонақүйлердің азаматтық құқықтық жауапкершіліктері. әлеуметтік-мәдени сервис саласындағы лицензиялау және сертификация. туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы дауларды қарастыру тәртібі. Халықаралық туристік құқық қайнар көздерінің сипаттамасы.

Күтілетін нәтижелер: Туристік қызмет саласындағы халықаралық келісімдер, азаматтық- құқықтық шарттардың жекелеген түрлері туралы заңдармен заңға бағынышты актілерді қолдану тәртібін білуі қажет, нормативті актілерге сүйене отырып туризм және қонақ үй институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Джантасова А.Д., Ахтышхан Е.А.
Таңдау бойынша курс 6
Туризм және қонақжай аясында көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Мұражайтану

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Туризмнің бос уақыттағы қызметтің ерекше түрі ретіндегі теориялық негіздерін игеру, туризм индустриясының қалыптасуындағы бос уақытты ұйымдастырудың рөлі мен маңызын қарастыруда байқалады. Көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру туристердің қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туризм бос уақыттағы қызметтің ерекше түрі ретінде, Туризм аясының әлеуметті-мәдени әлеуеті, Бос уақытты-мәдени қызметтің мазмұны, Туризмдегі көңіл көтеру индустриясы, Ұлттық саябақ туристердің бос уақытын ұйымдастыру орыны ретінде, Құмар ойындар көңіл көтеру индусриясының бір бөлігі ретінде, Анимация және оның түрлері, Анимация және туристік нысанның ұйымдық құрылымы, Туристік анимациялық бағдарламалар, Мейрамханалық анимация, Жанұялық бос уақытты ұйымдастыру, Жастардың (студенттік) бос уақытын ұйымдастыру, Анимациялық қызметтер рыногын сегменттеу.

Күтілетін нәтижелер: Туризмде көңіл көтеруге арналған бос уақыт туралы, оны ұйымдастыру негіздерін білу және маңызын түсіну; туризмде көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтеру ісі

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Мұражайтану

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты Курстың мақсаты туризмнің бос уақыттағы қызметтің ерекше түрі ретіндегі теориялық негіздерін игеру, туризм индустриясының қалыптасуындағы бос уақытты ұйымдастырудың рөлі мен маңызын қарастыруда байқалады. Көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру туристердің қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан, туристердің бос уақытта көңіл көтеру негіздерін білу болашақ туризм менеджерлерін дайындаудың ажыратылмас бөлігі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Туризмде көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру» оқытылу ерекшеліктері және мақсаттарымен анықталады. Осы мақсатта арнайы тәжірибелік білімді қалыптастыратын әдістерді қолданған жөн. Олар: ситуациялық есептер, қателерді анықтау әдісі, проектілеу әдісі, кейс-әдіс, ашық және жабық тестілер.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: туризмде көңіл көтеруге арналған бос уақыт туралы, оны ұйымдастыру негіздерін білу және маңызын түсіну; туризмде көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу; көңіл көтеру индустриясының қызметі туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу; көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру төңірегіндегі ақпараттарды, идеяларды, мәселені шешу жолдарын әртүрлі мәліметтер түрінде көрнекі ұсына алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.

Таңдау бойынша курс 7
Мейрамхана ісі және қонақ үй шаруашылығының инфрақұрылымы

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы

Постреквизиттері: Туроперейтинг, Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Туристік инфрақұрылымның туристік-сервистік және ілеспе кәсіпорындардың біртұтас кешені ретінде, осы кешеннің мәселелері мен даму болашағы жөнінде ұғым қалыптастыру. «Мейрамхана ісі және қонақ үй шаруашылығының инфрақұрылымы» курсы туристік пәндер кешенінде маңызды орын алады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым. Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымның рөлі. Туризмдегі материалды-техникалық базаның жалпы сипаттамасы. Туристерді орналастыру құралдары. Тамақтану базасы. Көліктік- коммуникациалық база. Туристік көліктің негізгі тасымалдау түрлері мен даму мәселелері. Телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық және инженерлік байланыстар. Шектес база.

Күтілетін нәтижелер: Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ашу, олардың құрамды бөліктерінің маңызы мен міндеттерін көрсету; туризм инфрақұрылымын жақсарту бағытында мемлекет және кәсіпкерлердің рөлін ашу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Туризм инфрақұрылымы

Пререквизиттері: Туризмология негіздері

Постреквизиттері: Туроперейтинг, Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Туризм инфрақұрылымының түрлері, олардың туризм саласын жақсарту үшін бірнеше салаларын меңгеру болп табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды: туризм инфрақұрылымын оқып білу, осы білімді тәжірибе жүзінде қолдану арқылы инфрақұрылым құралдарын дәріс алушыларға таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым. Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымның рөлі. Телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық және инженерлік байланыстар. Туристік сфераның өндірістік объекттері. Туристік сферадағы жалпы қолдану объекттері. Туристік қызметпен жабдықтаушы кәсіпорындар. Қазақстанда туризм инфрақұрылымы дамуының болашағы және мәселелері. Туризм инфрақұрылымы дамуының құқықтық негіздері. Туризм инфрақұрылымына инвестициялар.

Күтілетін нәтижелер: Туризм инфрақұрылымының құрама бөліктерін талдаудың тиімді әдістерін білуі керек; ұлттық туристік әкімшілігі және туризм саласы кәсіпорындарының туризм инфрақұрылымын дамытуына арналған іс-әрекет тәжірибесін қолдануы қажет.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жуспекова А.К.
Таңдау бойынша курс 8
Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Пререквизиттері: Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Постреквизиттері: Туроперейтинг, Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Туристік бизнес туралы тұтас көзқарас және туристік жүйенің құрамдас бөліктерінің кешені мен олардың өзара байланыстарын қарастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туристік кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру. Туристік кәсіпорында басқару негіздері. Туристік кәсіпорында бақылау негіздері. Туристерге қызмет көрсетуді жоспарлау. Көліктік саяхатты ұйымдастыру. Автосаяхатты жобалау. Авиациялық туристік бағыттарды дайындау мен өткізу ерекшеліктері. Теміржол және су саяхаттарын жоспарлау және ұйымдастыру. Туристік қызмет мәдениеті мен сапасы. Қонақүйдегі қызмет көрсету технологиясы. Қонақжай индустриясындағы корпоративтік мәдениет. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастар формасы ретінде. Менеджерлердің шағым және талаптарымен жұмысы. Туристік қызмет көрсетудегі дифференциацияланған тәсіл. Туризм маркетингі туралы түсінік.

Күтілетін нәтижелер: Туристік сала кәсіпорын қызметтерін ұйымдастыру туралы түсінікке ие болу. Туристік кәсіпорын жұмысының ерекшеліктері (қоғамдық тамақтану, көлік және т.б.) мен туристік қызметтің ағымдық және болашақтағы жоспарлау қағидаларын білу. Маршруттар бойынша туристерді қабылдау және жіберу әдістерін қолдануды, менеджерлердің лауазымдық қызметтеоіг құрастыруды, туристік компанияларды тіркеу үшін құжаттар тізімін құрастыруды, туристерге жоғары деңгейдегі сапалы және қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Кенжебеков Н.Д., Маймурунова А.А.
Ресторан ісі және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау

Пререквизиттері: Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Постреквизиттері: Туроперейтинг, Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Мақсаты: Студенттерге қонақ үй бизнесіндегі басқару мен ұйымдастыру жүйесіндегі жұмыс істей алатын мамандарды дайындау.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мейрамхана мен қонақ үй жұмыстарын ұйымдастыру. Мейрамхана мен қонақ үй кәсіпорындарының негізгі мақсаты мен міндеттері. Мейрамхана бизнесі мен қонақ үй кәсіпорнын бизнес-жоспарлау. Мейрамхана мен қонақ үй кәсіпорнының инвестициялық жобасы, бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері. Мейрамхана мен қонақ үйді басқарудың ұйымдасқан құрылымы. Басқарудың негізгі элементтеріне сипаттама. Мейрамхана мен қонақ үйді басқару қызметі. Мейрамхана мен қонақ үйлердегі бақылау қызметі. Мейрамхана мен қонақ үйді еңбек үрдісімен басқару. Еңбек шығының басқару. Мейрамхана мен қонақ үй тұлғаларын басқару. Тұлғаны қамтамасыз ету мен дамыту. Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен жоспарлау. Мейрамхана мен қонақ үй кәсіпорындарындағы қызмет көрсету сапасы мен мәдениеті. Мейрамхана мен қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық жоспарлау.

Күтілетін нәтижелер: Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесінің негіздерін білу және маңызын түсіну, мейрамхана ісі және қонақ үй шаруашылығы бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Таңдау бойынша курс 9
Туризм мен қонақжайлық индустриясындағы зерттеу және ақпарат

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Туризм маркетингі

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Студенттердің білім мен икем жинауы, қонақжайлылық және туризм сферасындағы зерттеулердің орындалуы мен бағалану нәтижелерін жоспарлау; білім және компетенцияны дамытудың екі негізгі бағыты: туризм және қонақжайлылық индустриясының спецификалық зерттеулер мен аналитикалық жұмыстарын орындау, сонымен қатар ғылыми- зерттеулер проекті мен дипломдық жұмысты дайындау мақсатында тәжірибелі зерттеулер икемін жинауды дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қонақжайлылық және туризм сферасындағы зерттеулердің қазіргі бағыттары. Қонақжайлылық және туризм сферасындағы зерттеулердің қазіргі тереңдетілген бағыттары. Қонақжайлылық және туризм индустриясында адалдық деңгейін өлшеу және тұтынушы қанағаттылығы.Адам ресурстары мен жетекшілік облысындағы зерттеулер. Қонақүйлер мен шипажайларда коммерциялық жылжымайтын мүлiктiң қаржыландыруының сұрақтары. Қонақжайлылық және туризм индустриясының әлеуметтік медиадағы рөлі. Туризм және қонақжайлылық индустриясының негізгі статистикалық мәліметтері. Менеджмент және маркетингтегі негізгі әдістемелік зерттеулер. Қазіргі бизнестің мәні, мағынасы және зерттеулері. Зерттеулер түрі. Зерттеу процесінің түсінігі. Қонақжайлылық және туризм сферасындағы ғылыми әдістерді зерттеу. Ережелер мен алгоритмді анықтау проблемаларын зерттеу. Туризм және қонақжайлылық ақпараттарын зерттеу. Туризм және қонақжайлылықтағы ақпарат рөлің зерттеу. Сыртқы ақпарат. Ішкі ақпарат.

Күтілетін нәтижелер: Туризм және қонақжайлылық индустриясында зерттеу және ақпараттарының ерекшеліктерін білу мен түсіну, туризм және қонақжайлылық индустриясының рационалды мекемелерінің әдістерін игеру, туризм және қонақжайлылық индустрисының негізгі түсініктері мен принциптерін зерттеуді қолдана білумен қатар, туризм және қонақжайлылық индустриясына талдау жасау мен нақты экономикалық ситуацияда шешім қабылдау және ұйымның жағдайы мен тиімді пішіндерін өңдеу; саланың жүйеленген талдауы негізінде дәлелдеме жасау.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жетписов С.У., Кенжебеков Н.Д.
Қызметтер аясындағы маркетингтік зерттеулер

Пререквизиттері: Туризмология негіздері, Туризм маркетингі

Постреквизиттері: Туроперейтинг

Мақсаты: Қызмет көрсету мекемелері деңгейлерінде келесі міндеттерді атқару қажеттілігі пайда болып отырады: нарықтарды зерттеу, фирма қызметінің мақсаттарын анықтау, стратегиясын қалыптастыру, қызмет көрсетуді координациялап отыру, қызмет көрсетуді оңтайландырып отыру, қызметтерге дұрыс баға белгілеу, қызмет пен сервисті алға жылжытып отыру және т.б.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қызметтер аясындағы маркетингтік зерттеулердің мәні, мазмұны және оны ұйымдастыру. Маркетингтік зерттеулердегі ақпараттар. Маркетингтік зерттеулер процесі, іріктемелі таңдау. Сауалнама жүргізу. Қадағалау және эксперимент жүргізуді ұйымдастыру. Қызметтер аясында маркетингтік зерттеулер жүргізудегі фокус-топтар. Маркетингтегі талдау жүйесі және нәтижелерді ұсыну. Қызмеетер аясындағы нарық конъюнктурасын талдау. Делдалдар мен жабдықтаушыларды зерттеу. Бәсекелік ортаны талдау. Фирманың ішкі ортасын зерттеу. Тұтынушыларды зерттеу. Тауарды зерттеу. Баға саясатын зерттеу. Тауарды алға жылжытуды зерттеу.

Күтілетін нәтижелер: Қызмет көрсету ааясындағы ақпараттарды өз бетінше жинау, өңдей білу. Нақты жағдайдайларды талдап, сипаттап, нақты ұсыныстар жасай білу. Салаға жүйелі түрде талдау жасап, оның бәсекелестік ортасына өз бетінше диагностика жүргізу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жуспекова А.А.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Семестр

4 курс

Таңдау бойынша курс 1



БП

SOUKUTIG 4221

Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

3


7


SMK 4221

Сапа менеджмент жүйелері

Таңдау бойынша курс 2

БП

TU 4222

Туроперейтинг

3

7

OB 4222

Бизнесті ұйымдастыру

Таңдау бойынша курс 3

БП

BE 4223

Bussiness English

3

7

BD 4223

Bussiness Doutch

Таңдау бойынша курс 4


ПП

BUTGB 4309

Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

3

7


UORDGB 4309

Ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі есеп пен есеп беру

Таңдау бойынша курс 5


ПП

RIDTIG 4310

Туризм және қонақжайлық индустриясындағы жарнама-ақпараттық қызмет

3



7

RSU 4310

Қызметтер сферасындағы жарнама

Таңдау бойынша курс 6

ПП

OVD 4311

Виза құжаттарын рәсімдеу

3

7

TO 4311

Кедендік ресімдеу


Таңдау бойынша курс 1
Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Пререквизиттері: Туризм менеджменті, Мейрамхана және қонақ үй мәдениеті

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Бүгінде қонақжай индустриясы прогресс және уақыттың көмегімен алып салаға айналып отыр. Мұнда қызметтердің тұтынушыларына ең жақсысын ұсынатын миллиондаған кәсіпқой қызметкерлер жұмылдырылған. Олар туризм, демалыс, көңіл көтеру, қонақ үй және мейрамханалық бизнес, қоғамдық тамақтандыру, көлік салаларындағы бәсекелік ортада жұмыс істейді. Бұл енді бой көтеріп келе жатқан қазақстандық қонақжай индустриясы салалары үшін алғықатарлы әлемдік тәжірибені зерттеу қажеттілігін тудырды.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Қызметтердің сапасы мен қызмет көрсету туризмнің басқару обьектісі ретінде. Сапаны басқарудағы методологиялық негіздер. Тұтынушылардың қызмет сапасына қанағаттануы мен қызмет көрсетуіне бағасы. Сапаны басқарудың моделдері. Қонақ үйдің қызмет сапасын басқару. Менеджмент жүйесінде халықаралық стандарттар жүйесі. ИСО 9000 стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесін құрастыру, енгізу және қамтамасыз ету. Сапа басқарудың принциптері (TQM) және TQM негізігі принциптерін қолданатын концепциялар. Сапа менеджменті жүйесін бірлестіру және оны құраушы жүйелер. Туризм облысындағы сертификация. Сапа менеджменті жүйесінің тиімділігің және нәтижесін бағалау.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: әлемдік қонақжай индустриясының негіздерін білу және маңызын түсіну; әлемдік қонақжай индустриясының қызмет бағыттары бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т., Кенжебеков Н.Д.
Сапа менеджмент жүйелері

Пререквизиттері: Туризм менеджменті, Мейрамхана және қонақ үй мәдениеті

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Студенттерге клесі пәндердің құрылысты - кисынды схемаларын толық игере алатындай білім беру; жоғарға математика, информатика, өнім сапасымен басқару, пән аралық байланысты: квалиметрия, сапамен басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: СМЖ- нің мақсаттары мен міндеттері. Менжмент сапасының эволюциялық формасы. ТQМ- ның концепциясы және үлгілері. Сапа менеджмент жүйесінің ISO 9001:2000 бойынша негізгі жағдайы. СМЖ – енгізуде, өңдеуде сабақ жасау реті. Сапа облысында ұйым саясаты. Сапамен басшылық. Сапамен басшылық ету элементтерінің мазмұны. СМЖ құжаттамасы. Процестік және жүйелік қарастыру. CALS,APIS –технологияларын сапа жүйелерімен ақпараттық қамтамасыз ету. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру. Интеграцияланған менеджмент ұйым жүйесіндегі сапа жүйесінің әдістері мен рөлі. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру

Күтілетін нәтижелер: Берілген бағдарламаны оқыту барысында студент өндірісті және өнім сапасын басқарудың теориялық негіздерін жетік меңгеруі қажет. Қызметті бағдарламалау және хабармен қамтамасыз ету жұмыстарында құзеретті болуы қажет. Сапа менджмент жүйесін енгізу реттерін жетік біліп үйрену қажет.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Есенбаева Г.А., Джазыкбаева Б.К.
Таңдау бойынша курс 2
Туроперейтинг

Пререквизиттері: Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Студенттердің туроператорлық қызметтің ұйымдық-басқару негіздерінмен туристерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидалары туралы тұтас ойларымен, тұтынушы сұранысына бағытталған жаңа технологияларды енгізу жағдайында туристік өнімді тиімді әзірлеу үшін туристік нарықты талдау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туроператор және турагенттер туроперейтингсубъектілері ретінде. Туроператорлардың типтері мен қызметтері. Турөнімнің негізгі сипаттамалары мен құрылымы. Туристік пакет. Оны құруға әсер ететін факторлар. Туристік дестинацияны таңдау үшін туристік ресурстарды зерттеу және талдау. Туристік жоспарлау. Туроперейтингтегі маркетингтік зерттеу. Турөнімді құрастыру технологиясы. Бағдарламалықтуризм: мәні, мақсаты мен міндеттері. Туристік пакет бағасы. Туристік қызмет сапасының мәні мен мағынасы. Турөнімді тарату жүйелері. Туроператор мен серіктестік ұйымдар арасындағы шарттық қатынастардың түрлері мен формалары. Туроператорлыққызметтегі сақтандыруды ұйымдастыру. Туроператорлық қызметте ақпараттық технологияны қолдану.

Күтілетін нәтижелер: Туроператорлық қызметтің негізгі құраушы қағидаларын білу; туристік индустрия кәсіпорын қызметтерін ұйымдастыру бойынша шығындарды бағалау және есептей алу; туристік өнім әзірлеу бойынша өздерінің жобаларын және баяндамаларын дәлелдей білу, түрлі маманданған туристік бағдарламалардағы қызметтерге сауатты талдау жасай алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Маймурунова А.А.
Бизнесті ұйымдастыру

Пререквизиттері: Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Әлеуметтік және экономикалық қатынастардың өзара байланыс және өзара әсер ету тетіктері экономикалық жүйенің элементі ретіндегі қоғам нормасы және жеке нормалардың ролі туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бизнесті ұйымдастырудың жүйелі концепциясы. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұйымдастыру. Бизнестік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастырудың типтері мен әдістері. Ағындық бизнесті ұйымдастыру негіздері. Бизнестік бағдарламаны кәсіпорынның өндірістік куатымен негіздеу. Жаңа өнімді шығаруға бизнесті даярлауды ұйымдастыру. Өндірістің оперативті-өндірістік жоспарлауын ұйымдастыру. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. Бизнестік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның көлік шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның қойма шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: Бизнесті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу; бизнесті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Кенешева Г.А., Блялов Б.Е.
Таңдау бойынша курс 3
Bussiness English

Пререквизиттері: Шет тілі, Кәсіби-бағдарланған шетел тілі

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Ұлттық мәдениетімен елдің және халықтарының тілі оқылатын.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Лексикалық материал: Face to face; letters, faxes and memos; on the phone; summaries, notes, reports; working together; international trade; money matters; dealing with problems; visitors and travelers; marketing; meetings; processes and operations; jobs and careers; sales and negotiation. Грамматикалық материал: уақытта топ Indefinite, Continuous, Perfect, Perfect Continuous белсенді кепіл; заман тобы Indefinite пассивті кепіл, Infinitive and Gerund, Relative Clause, Reporting speech.

Күтілетін нәтижелер: Жүгіртіп сөйлесуге арналған түрлі тақырыптар: жалпы, оқу-кәсіби, қабылдау түсіну және хабарлама, іскерлік сипаттағы, тілдік тақырып, іскерлік жазбаша қарым-қатынас.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аубакирова Г.Т., Ертысбаева Г.Н.
Bussiness Doutch

Пререквизиттері: Шет тілі, Кәсіби-бағдарланған шетел тілі

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Ұлттық мәдениетімен елдің және халықтарының тілі оқылатын.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Лексикалық материал: Face to face; letters, faxes and memos; on the phone; summaries, notes, reports; working together; international trade; money matters; dealing with problems; visitors and travelers; marketing; meetings; processes and operations; jobs and careers; sales and negotiation. Грамматикалық материал.

Күтілетін нәтижелер: Жүгіртіп сөйлесуге арналған түрлі тақырыптар: жалпы, оқу-кәсіби, қабылдау түсіну және хабарлама, іскерлік сипаттағы, тілдік тақырып, іскерлік жазбаша қарым-қатынас.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Корабаева А.А.
Таңдау бойынша курс 4
Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп

Пререквизиттері: Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм, Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туризмдегі экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру. Ішкі және халықаралық туризм. Туристтік фирмалардағы және қонақ үй бизнесіндегі құжаттама және түгендеу. Негізгі құралдар меншікті капиталының, материалдық емес активтердің, тауарлық – материалдық қорлардың есебі, еңбек есебі және туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі еңбекақы төлеу есебі. Туристік қызмет көрсету мен қонақ үй сервисінің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Туристік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және туристік фирмалардың және қонақ үй шаруашылықтарының қаржылық есептіліктер жасауы. Халықаралық туризм есебінің ерекшеліктері.

Күтілетін нәтижелер: Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ныйканбаева А.И.
Ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі есеп пен есеп беру

Пререквизиттері: Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм, Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоғамдық тамақтандыру үйымдарында есепті ұйымдастыру негіздері. Қоғамдық тамақтандыру үйымдарында сату бағаларын калькуляциялау. Өзіндік өнімді сату операцияларын құжаттық рәсімдеу. Материалды-жауапты тұлғалардың есептіліктері. Өзіндік өнімді өндіру және сатуды есепке алу. Специялармен түзды есепке алу. Қонақ ұй бизнесінің негіздері, қонақ ұй қызметінің нарығы. Қонақ ұй бизнесінің қызметін сату және қаржылық нәтиженің қалыптасуы. Қаржылық есептілік.

Күтілетін нәтижелер: Курсты оқу нәтижесінде студент ресторандық іс және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Абдрасимова Ж.К.
Таңдау бойынша курс 5
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы жарнама-ақпараттық қызмет

Пререквизиттері: Туризм маркетингі, Туризм мен қонақжайлық индустриясындағы зерттеу және ақпарат

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Туризмдегі жарнама-ақпараттық әрекетті оқып білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Туристік бизнестегі жарнаманың түсінігі, мәні және бағыты. Жарнама әрекетінің теориялық негізі. Турфирма әрекетінің концепциясы мен оның имиджі туристік бизнестің жарнама құралы ретінде. Жарнама процесінің дамуы мен ерекшелігі. Жарнамалық стратегия және творчествалық кешен. Негізгі жарнама құралдары. Жарнаманың тарату арналары. Турбизнестің жарнамалық әрекетіңде радио- және теле эфирді қолдану. Видио жарнама өндірісінің ерекшелігі. Туристік көрмелер, жәрмеңкелер, сайыстар. Жарнама компаниясын жоспарлау. Экономикалық тиімділік.

Күтілетін нәтижелер: Туризмнің жарнама-ақпараттық әрекеті аумағында білім алуы.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Қызметтер сферасындағы жарнама

Пререквизиттері: Туризм маркетингі, Туризм мен қонақжайлық индустриясындағы зерттеу және ақпарат

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Студенттерді нарықтық ортаға бағдарлануын үйрету, бәсекелестік күрес жүргізу, жарнаманы ұйымдастыру және жоспарлау. Оқылатын курс студентті жарнама қызметінің теориялық негіздерімен таныстырады, жарнама қызметін жоспарлау мен үйымдастыру бойынша тәжірибелік ілімдерге ие болуға көмектеседі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Маркетингтік коммуникациялардың теорияларының негізі және қазіргі заманғы концепциялары. Маркетингтік коммуникациялар үшін мақсатты аудиториялар. Маркетингтік коммуникациялар арналары. Жылжыту-микс жүйесіндегі шешімдер. Жарнама: мәні мен түрлері. Жарнама қызметін ұйымдастыру. Жарнаманы жоспарлау және бақылау. Өнімді өткізуді ынталандыру. Қоғаммен байланыс. Жеке сатылымдар. Қатынас маркетингі. Жаңа коммуникациялық технологиялар. Брендинг. Жылжыту бюджетін өдеу. Салалардағы маркетингтік коммуникациялар.

Күтілетін нәтижелер: Теориялық негідер білімін және қызметтер сферасында жарнама концепциясын игеру. Қызметтер сферасында кәсіби қызметтер ілімін игеру. Жарнаманы тарату арналарын таңдай білу. Жарнама бюджетін есептеу әдістемесін және жарнама тиімділігін бағалауды қолдану.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Даулетова А.М.
Таңдау бойынша курс 6
Виза құжаттарын рәсімдеу

Пререквизиттері: Халықаралық туризм географиясы

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өтуде виза құжаттарын толтыру және кеден талаптарына жауап беру қажеттілігі туындайды. «Виза құжаттарын рәсімдеу» курсы визаның ерекшеліктері мен құжатты толтыру ережелерін, төлқұжат режимінің негізі туралы білімді қамтиды.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық және қазақстандық туристік ұйымдар. Төлқұжатты ресмилік. Туристерді визалық қолдау. Виза құжаттарын рәсімдеу процедурасы. Қазақстан Республикасында визаны алу және рәсімдеу ережелері. Туристік ресмилік және туризмдегі қауіпсіздік. Жеке елдердің туристік ресмилігі. Туризмдегі сақтандыру. Кедендік-тарифті реттеу. Тауарлардың жеке топтарын туристердің тасымалдау және декларациялау тәртібі. Кедендік рәсімдеу. Туристердің кедендік бақылауды өту тәртібі. Медициналық ресмилік. Мәдени құндылықтарды шекарадан өткізу. Флора мен фаунаны әкелім және әкетілім тәртібі.

Күтілетін нәтижелер: Виза құжаттарын рәсімдеу негіздерін білу және маңызын түсіну; виза құжаттарын рәсімдеу бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу; елдердің визалық тәртібі туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Кедендік ресімдеу

Пререквизиттері: Халықаралық туризм географиясы

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Кедендік ресімдеу – Қазақстан Республикасында кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауға байланысты, Қазақстан Республикасының кеден органдары және тұлғалар арасында жасалатын әрекеттер мен процедуралар (рәсімдер) жиынтығы.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарлардың кедендік ресімделуі: технологиясы мен процедурасы. Тауарлардың шығу елін анықтау. Кедендік делдалдар, олардың кедендік ресімдеудегі рөлі мен орны. Кедендік тасымалдаушының қызметі. Тауарларды уақытша сақтау. Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары. ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауымен байланысты алдын – ала операциялар. Кедендік режимдердің түрлері мен белгіленуі: тауарларды еркін айналымға шығару, кері импорт.

Күтілетін нәтижелер: «Кедендік ресімдеу» түсінігін студенттердің жетік меңгеруі; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды іске асыру кезеңдерін білуі; тауарлар мен көлік құралдарын деклаарциялау түрлері мен ретін оқып білу; кедендік ресімдеу барысындағы кедендік деулаарциясы мен басқа да құжаттарды толтыруды үйрену.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Сыздыкова С.А., Орынбеков А.С.
жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау