7
4.Курстың мақсаты мен міндеттері
Дәрістың мақсаты – студенттерге көліктік тасымалдауларды басқару
жүйелерінің барлық деңгейлерін ақпараттық қамтамасыз етуді автоматтандыру,
қазіргі
заманғы
ақпараттық
технологиялар
қызметтері
жағдайында
компьютерлік техникада басқару міндеттерінің шешімдерін (тасымалдау
процесін нормалаудан бастап диспетчерлік жүйенің барлық деңгейлерінде
оперативті басқаруға дейін) жасақтау, жасау және олардың нәтижелерін
қолдану әдістері туралы, сонымен қатар, қазіргі заманғы талаптарға сай
тасымалдауларды
басқаруды
автоматтандыру
іс-шараларының
пайдаланушылық және экономикалық тиімділігін бағалау әдістері туралы
кәсіби білім алуға көмектесу.
Бақылау сұрақтары:
1.Есептеу және ұйымдастырулық техниканы пайдаланғанда Республиканың
экономика дамуына қалай әсер етеді?
2.Есептеу және ұйымдастырулық техниканы пайдаланғанда Республиканың
экономика дамуымен тиімді басқаруды арттыру үшін қандай талаптар
қойылады?
3.Көліктегі басқару үрдісі нені білдіреді?
4.Көлікпен тиімді басқарудың арттырудың негізгі құралы?
5.Курстың мақсаттары мен міндеттері қандай?
8
1-дәріс
Тақырып: Автоматтандырылған басқару жүйелері (көліктегі) және
оның көлікпен қызмет көрсетуді ұйымдастыру ролі.
Тақырып жоспары:
1.1 АБЖ негізгі түсініктері мен анықтамалары.
1.2 АБЖ үлгілі құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері.
1.3АБЖ: жұмыс істеудің мақсаттары, принциптері мен критерийлері,
ұйымдастырулы-техникалық және қызметтік құрылымы.
1. 1 АБЖ негізгі түсініктері мен анықтамалары
Жүйе, жүйелік, элемент. Жүйе деп - өзара байланыстары мен қарым-
қатынастарының реттілігі сақталатын, жеке элементтерден тұратын объектті
атайды. Жүйе ретінде адам, машина, ғарыштық объект, жануарлар, қоғам,
әлеуметтік топтар және т.б. жатады. Бұл жүйенің әрқайсысына белгілі бір іштей
қалыптасу, ішкі құрылымы, өзінің жеке ортасы және сонымен әсерлесу тәсілі
тән.
Осыған байланысты механикалық, биологиялық, әлеуметтік,
экономикалық
және т.б. жүйелерді енгізеді. Сапалық ерекшеліктерінің болуына қарамастан
бұл жүйелердің ортақ қасиеттері де бар. Осындай қасиеттерінің бірі болып,
олардың жүйелікке бөлінуі саналады.
Жүйелік деп – жүйенің құрама бөлігі бола отырып, өзі жеке жүйе ретінде
қалыптасатын жүйе бөлігін атайды. Мысалы, автомобиль жүйе, ол жеке
бөліктерден тұрады. Олардың арасынан мыналарды атап көрсетуге болады:
дөңгелек, двигатель, электрқондырғы жүйесі. Және бұлар өздері белгілі бір
функцияны атқара отырып, өздері де жүйе болып табылады. Көптеген жеке
жүйелер шындығында басқа бір күрделі жүйенің жүйелігі болып табылады.
Мысалы автомобиль көлігі көліктік жүйенің жүйелігі ретінде қарастыруға
болады, оның құрамына теміржол, құбырөткізгіш, су, ауа және т.б. кіреді.
Көліктік жүйе қоғамның экономикалық жүйесінің жүйелігі болып табылса, ал
экономикалық жүйе қоғам жүйесінің жүйелігі болады. (1-сурет). Күрделі
жүйелерде жүйеліктердің өзара байланысуы басқару мақсатының тәуелділігін
анықтайды. Егер қарапайым жүйеліктен күрделісіне ауысу керек болса, онда
бұл теориялық тұрғыдан үздіксіз болуы мүмкін, алайда қайтымды байланыс
қиынға соғады. Егер де автомобильді жүеліктерге бөле беретін болсақ, онда
соңында жүйелікке бөлуді қажет етпейтін бөлшектерді аламыз. Мысалы,
цилиндр блогы, цилиндр қалпақшасының бекітуіне арналған шпилька және т.б.
осылайша тәжірибелік тұрғыдан бөлінуді талап етпейтін жүйе бөліктерін
элемент деп атайды.