22
Белгі – объектті сапалық сипаттауға арналған хабар түрі. Белгілер хабарды
нақтылауға және көп хабар ішінен бөліп алуға мүмкіндік береді. Белгілер
негізгі және басқа белгілермен бірге қолданылады.
Көрсеткіштер – хабардың жеке көрінісін сипаттайтын техникалық-
экономикалық ақпараттар байланысы, бірнеше белгілері бар, бір негіздеуге ие
болады, бұл құжаттың құрылуына қажетті минималды құрам болып табылады.
Құжат – бір немесе бірнеше көрсеткіштен (немесе хабарлар мен
көрсеткіштер) тұратын ақпараттық шолу, ақпаратқа жауапты тұлғамен
расталған. Жазба немесе баспа құжаттарында мұндай растау түрі қол қою,
факсимиле, мөр саналады. Ақпаратты өңдеуді автоматизациялау кезінде, құжат
басқа формаға енген кезде жауапты тұлғаны идентификациялау үшін арнайы
әдістерді пайдаланады.
Ақпарат массиві – бұл өңделу барысындағы ұқсастықтары бойынша
мәліметтерді біріктіру болып табылады. Массив типі ақпараттың болуымен
(мысалы, арақашықтық массиві, жүктеу және түсіру бойынша уақыт
нормасының массиві), мәлімет тасымалдағыш (мысалы, құжаттардағы,
перфокарталардағы, магнитті ленталдардағы массив), немесе мәліметтерді
өңдеу кезіндегі оның функциясымен (нормативті мәліметтер массиві,
анықтамалық мәліметтер массиві) анықталады.
Техникалық-экономикалық
ақпараттың
классификациясы.
Ақпараттың бағытталуы бойынша бастапқы және басқарушы болып бөлінеді.
Бастапқы ақпарат - әрдайым объектіден төменгі басқару жүйесіне
бағыттайды, төменгі басқару жүйесінен жоғарғы басқару жүйесіне бағыттайды.
Басқару ақпараты – кері бағытта қозғалады.
Ақпараттың пайда болу көзіне байланысты ішкі және сыртқы болып
бөлінеді. Сыртқы ақпарат басқару жүйесіне сырттай әсер ету салдарынан
пайда болады. Ол директивті көрсеткіштерден, жоспарлық тапсырмалардан,
тасмалдауға берілетін тапсырыстан және т.б. құралады.
Ішкі ақпарат өндірістегі іске асырылатын қызметтерді көрсетеді,
жоспарлық тапсырманың орныдалуын, қызметтердің, цехтардың, учаскелердің,
жеке автомобильдердің жұмысын көрсетеді.
Басқару объектісінің ақпараттық жүйесіне қатысты мынадай болып
бөлінеді.
Кіріс ақпараты өзінің пайда болу орнына байланысты ішкі және сыртқы
болуы мүмкін. Транспорттық басқарудың автоматтандырылған басқару
жүйеісінде көп салмаққа ішкі кіріс ақпараты ие болады, яғни, мәліметтер
автотранспорттық
өндіріс
орындарынан
және
транспортты
басқару
бөлімдерінен түседі. Сыртқы кіріс ақпараты транспорттық басқарудың қатысы
бар республикалық ұйымдардан, министрліктің және басқа да ұйымдардан
түсетін ақпараттар жатады.
Шығыс ақпараты өзінің пайда болу орнына байланысты ішкі және
сыртқы болуы мүмкін. Транспортты басқару бөлімдерін пайдалана отырып
белгілі бір тапсырмалардың шешімдері нәтижесінде алынатын мәліметтер
23
жиынтығы ішкі шығыс ақпаратын құрайды. Автоматизацияланған басқару
жүйесінен басқа ұйымдарға (министрлікпен, тұтынушымен және т.б.) түсетін
тапсырма шешімдерінің нәтижесі сыртқы шығыс ақпараты болып табылады.
Аралық ақпарат мәліметтерді өңдеудің жеке этаптарында, алдыңғы есеп
нәтижесі ретінде пайда болады. Түрлену дәрежесі бойынша біріншілік және
туынды ақпаратты бөліп көрсетеді. Біріншілік ақпарат - өндірістік-
қаражаттық басқару объектісінің саласында тіркелу фактілерінің нәтижесінде
пайда болады. Туынды ақпарат – біріншілік ақпаратты өңдеу және басқару
шешімдерінде қабылданған пайдалануға дайындалған ақпаратты алу болып
табылады.
Біріншілік ақпараттың ерекшелігі болып, бір ақпарат көзі өндірістің
бірнеше саласында топтау немесе таңдау арқылы басқа ақпаратты алу болып
табылады. Мәліметтердің тұрақтылық дәрежесі бойынша, яғни ақпараттың
сақталу ұзақтылығы бойынша тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді.
Тұрақты ақпарат тапсырманы шешу барысында мыңдаған рет
қолданылғанымен де өзі өзгеріске енбей ұзақ уақыт сақталады. Мұндай ақпарат
ретінде мысалы, әртүрлі нормативтер саналады.
Ауыспалы ақпаратқа аз уақыт аралығында өз мәнін жоғалтатын ақпарат
саналады. Көбіне олар бір ақ рет қолданылады. Ауыспалы ақпарат мысалы
ретінде автомобильдің линияға шыққандағы мәліметтері, сонымен қатар
тасымалдау туралы сұраныс жатады.
Функционалдық міндеті бойынша ақпарат нормативтік, анықтамалық,
жоспарлық және есептік болып бөлінеді.
Нормативті ақпарат – бұл әртүрлі нормалар мен нормативтер, мысалы,
автомобиль бөліктерінің және отынның шығыны, жөндеу аралық автомобиль
жүрістерінің нормасы, жүргізушінің еңбегін бағалау, материалды түзілу
қорының нормативтері және т.б. Анықтамалық ақпарат әртүрлі
анықтамалардан, бағалағыштардан, прейскуранттардан және т.с.с. тұрады.
Ақпарат көзі. Шаруашылық тіркеу өндірістік жүйенің жеке
сфераларының салаларының жұмыстары туралы ақпарат көздері болып
табылады.
Оперативті тіркеу басқару органдарының күнделікті ақпараттық
қажеттіліктерін
қанағаттандыру
үшін
қажетті,
жеке
шаруашылық
рперацияларды іске асыруға қатысатын жеке бөліктердің жұмысын бақылауға
арналған. Оперативті тіркеудің арқасында шаруашылық саласындағы
жоспарлар мен графиктердің іске асырылуы бақыланады, қондырғының
қозғалмалы бөлігінің құрылуы мен пайдалануын қамтамасыз ету, жұмыс
уақытын тиімді пайдалану, материалдық және еңбек ресурстарымен
қамтамасыз ету, материалды жеткізу келісімгарттарын іске асыру, пайданы
болдыру және т.б.
Оперативті-техникалық тіркеудің құралдары әртүрлі және осы өндірістегі
өндіруді ұйымдастыру да әртүрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |