10
материалдар, энергия көздері, ғимараттар, үймереттер және т.б.), қаражат және
ақпарат. Аталған элементтер өзінің негізгі заңдарына бағынатын төрт
жүйелікке біріктіреді. (2-сурет), олардан кез-келген өндіріс құралады, ал
жүйеліктер қоғамның аналогиялық жүйеліктері мен байланысқан.
Өндірістік ұжым кез-келген өндірістік-шаруашылық жүйенінің маңызды
бөлігі болып табылады. Қорытындысында осы ұжым барлық өндірістік-
шаруашалық саланы атқарады. Оның маңызды ерекшелігі болып осы салада
оның өзінің қызығушылығын, естиярлығын, идеясының сенімділігін
қалыптастыра
алады.
Еңбек
ұжымын
басқаруда
басқарушылардың
жұмысшыларды басқару қабілетінің жоғары болуы үшін оның білімінің жоғары
болғандығын, адам психологиясын түсінуді, тәрбиелік жұмыстармен
айналысуды, педогогика және әлеуметтік психологияны білуді талап етеді.
Материалды-техникалық жүйелік еңбек құралдары мен заттарынан
тұрады. Еңбек құралдарына машиналар, реттегіш аспаптар, транспорттық
құралдар, инструменттер жатады. Есептеуіш техниканың дамуы еңбек
құралдарына машиналарды басқару жүйелерін және электронды есептеуіш
машиналарды жатқызуға мүмкіндік берді.
Еңбек заттарына өңдеу процесіне қатысатын шикізаттар және жартылай
фабрикаттар, тапсырыс берушіге жетпеген дайын өнім, энергия көздері,
қосалқы бөлшектер және т.б. жатады.
Қаржы-экономикалық жүйелікте маңызды элемент болып негізгі және
айналымдағы құралдар, еңбекақы және экономикалық стимульдің қоры, еркін
ақша
айналымы,кредиттер және т.б. жатады.
Ақпараттық жүйелік өндірісті
басқару процесін қамтамасыз ететін
ақпарат ағынынан тұрады. Ақпараттар ағыны өздігінен немесе мақсатты түрде,
регламенттелген және регламенттелмеген өндіріс үшін іштей және сырттай
және т.б. болуы мүмкін. Бұл жүйеліктің негізгі элементі болып өндірісте
әртүрлі формада қалыптасатын ақпарат (бұйрықтар мен шешімдер, есептік
ақпараттар, нұсқаулықтар, технологиялық карталар, жолдамалық парақтар,
тауарлық-көліктік жинақтамалар) саналады. Нақты қалыптасқан ақпараттар
ағынысыз өндіріс пен басқарушылық мүмкін болмайды.
Жүйеліктерді функция бойынша ұйымдастыру. Өндірістік жүйедегі
әрбір элемент өндіріс процесінде және басқаруда белгілі бір функцияны
атқарады. Бұл функция өндірістік жүйенің ортақ мақсаттарымен, коллективтің
әлеуметтік даму тапсырмаларымен, өндіріс процесі мен басқарылуында
қолданылатын техника мен технология ерекшеліктерімен анықталады. Өндіріс
процесін және басқаруды бөлу өндірістік жүйеде басқарылатын және
басқарушы жүйеліктерінің қалыптасуына алып келді (3-сурет).
12
Жүйелік қатынас кезінде басқарылатын объект бір тұтас ретінде
қарастырылады. Бұрындары қарастырылған аналитикалық қарым-қатынас жеке
басқару функцияларының арасындағы байланыстың үзілуіне алып келді,
мысалы, бухгальтер ұйымды есеп және бақылау позициясынан қарастырса,
басты инженер – күрделі техникалық жүйе ретінде, экономист еңбек сұрақтары
ретінде – адамдардың еңбектегі қарым-қатынас жүйесі ретінде қарастырды.
Шындығында өндірістік жүйесінің бұл тек жеке сипаттары болып
табылады, ол әр түрлі объектілердің өзара әсерлесуін көрсетеді: адамдардың,
машиналардың, энергия көздерінің, ақпараттың, ақшаның және т.б. Кез келген
сферадағы ауытқулар, басқа сфералардың да ауытқуына алып келеді.
Жүйелік
қатынас – бұл басқарушының осы өзгерістерді көріп және шешім
қабылдағанда осыларды ескеру болып табылады.
Жүйелік анализ – бұл жүйелік қатынас негізінде басқарушылық шешім
қабылдағанда практикалық және ғылыми әдістерді пайдалану нұсқаулықтары.
Жүйелік анализ мақсаты – ұйымның мақсатқа жетуінің жоғары тиімділігін
беретін басқарушылық шешімді дайындау болып табылады.
Басқарудың жеке функцияларына қатысты анализ әдістері бар. Мысалы,
бухгалтерлік істе ерте заманнан бастап балланстық анализ әдісі қолданылады;
жоспарларды шығару барысында өндірістік-шаруашылық анализі кең
қолданылады және т.б. Алайда ұйымдастыру және оның жеке функцияларының
мақсатқа сай келмеуі мүмкін, ал кейде тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін.
Осылайша бас бухгалтердің көзқарасы бойынша маңызды мақсаты болып затты
максималды үнемдеу саналады, ал ұйымның көзқарасы бойынша – оны
рациональды пайдалану болып табылады. Осылайша мақсаттардың сай
келмеуі, олардың субъективті талқыдануы ұйым қызметкерлерінің арасындағы
түсінбеушілік пен жанжалға алып келуі мүмкін, ал бұл барлық жұмысқа кері
әсерін тигізеді.
1.2 АБЖ үлгілі құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері
Адамдар мен техникалық құралдардың басқаруынсыз көлік белгілі бір
тапсырмаларды орындай алмайды. Көлік қозғалысын басқару жүйесі - күрделі
құрылым. Ол келесі ішкі салаларды басқару жүйелерін қамтиды: Көлік және
ком муникациялар министрлігі; жол, жол бөлігі, кәсіпорын бойынша
үлестірілген функционалды қызметті басқару (мысалы, кадрлар, материалдық-
техникалық
қамсыздандыру, қаржы) жүйелері.
Көлікті басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, оның қызметін
іске қосу және дамыту өзінің күрделілігіне байланысты арнайы ішкі саланы
құруды қажет етеді. Бұл ішкі сала тапсырыс беруші мен АБЖ пайдаланушылар
арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Жүйе - өзара қатынастармен байланысқан тұтас, реттелген элементтер
жиыны. Басқару деп мақсатты ықпал етуді ұйымдастыру: жүйенің мақсатты
және тиімді әрекетін қалыптастыру үрдісі аталады.
Басқару кезеңдері: болжау, жоспарлау, оперативті басшылық ету, есепке
алу, бақылау, реттеу, үлестіру, ұйымдастыру және ынталандыру. Бұл ретте