5В071700 «Жылу энергетикасы» мамандығының студенттеріне арналған



жүктеу 254,5 Kb.
бет1/3
Дата02.01.2020
өлшемі254,5 Kb.
#25805
  1   2   3

ПОӘК 042-14-1-02. 1.20.70/02-2012


№ 1 баспа

24 беттің беті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 дәрежелі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-14-1-02. 1.20.70/02-2012




“ Теориялық және қолданбалы механика ” пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің студенттер үшін пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№1 баспа






5В071700 «Жылу энергетикасы» мамандығының

студенттеріне арналған

Теориялық және қолданбалы механика




ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Семей 2012




Алғысөз

1. ЖЕТІЛДІРГЕН

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, “Машина жасау және механика” кафедрасының аға оқытушысы Турусбеков Серікбол Какарманұлы

____________«___» ______2012 ж.

2. ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “ Машина жасау және механика” кафедрасының отырысында
Хаттама № 4 , 3 желтоқсан 2012 жыл
Кафедра меңгерушісі _________ С.Д. Токаев
2.2 Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында


Хаттама № 4 , 29 желтоқсан 2012 жыл
Төрайымы __________ Ж.К. Молдабаева

3. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға ұсынылды
Хаттама №___ «____» ________ 2012 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _____________ Б. Рскелдиев

БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ




Мазмұны





1

Жалпы мағлұматтар

4

2

Пәнді оқытуға әдістемелік нұсқаулар

6

3

Курстың форматы мен саясаты

6

4

Бағалау саясаты

7

5

Пәннің мазмұны мен сабақтың түрі бойынша сағаттардың бөлінуі

9

6

СӨЖО мен СӨЖ мазмұны

14

7

Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесі

16

8

Әдебиеттер

16

9

Сұрақтар

17


1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР


    1. Оқытушы мен пән туралы жалпы мағлұмат




  • Оқытушының аты-жөні – Турусбеков Серікбол Какарманұлы;

  • Кафедра – «Машина жасау технологиясы және механика»;

  • Байланыс – тел: 35-22-26, № 1 оқу ғимараты, № 409 кабинет;

  • Сабақ өткізу орны – № 1 ғимарат аудиториялары;

  • Пән бойынша кредиттер саны – 4.



    1. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме (1 кесте):

Кесте 1 - Оқу жұмыс жоспарынан көшірме





Курс

Семестр

Кредит

саны


ДС (сағ)

ПС (сағ)

ЗС (сағ)

СӨЖО (сағ)

СӨЖ (сағ)

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау формасы

1

2

4

30

30

-

30

90

180

емтихан

1.3 Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Кандай болса да мамандықта инженерлерді дайындау үшін физика­математикалық пәндерінде теориялық механиканың ролі ерекше.

Галилей мен Ньютон ашқан механиканың заңдары денелердің қозғалысы

мен тепе-теңдігінің параметрлерін есептеуге мүмкіншілік береді. Табиғаттың

құбылыстарына, техникаға, табиғи ғылыми пәндерге механиканың қатынасы

бар.


Табиғаттанудың көп сaлаларында механика олардың бас ғылыми мазмұны болып табылады. Сонымен қатар, механика өнеркәсіптің салалар, транспорт, құрылыс үшін ғылыми негіз болып табылады. Машинажасауда, металлургияда технологиялық процестерді есептеу үшін механиканы білу керек.

Жаңа құбылыстарды тауып ашу механиканың дамуына ролі зор.



Жаңалыкпен бipiншi рет танысқанда жиі ол ғылыми заңдарға бағынбайтын, ойда жоқ ғажайып болып көрінеді. Мысал үшін, Кеплер тапқан планеталардың

траекториялары - эллипстер екені және бұл қозғалыстардың кейбір қасиеттері

Ньютонды бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуға келтірді.Теориялық механика ғылымның күнделікті табиғаттың құбылыстарын және техникада байқауға болатын, қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыстың жалпы заңдылықтарын зерттейтін саласы. Сондықтан теориялық механиканың қорытындылары табиғаттанудың және техниканың көптеген салаларында қолданылады. Ол жалпы инженерлік пәндердің ғылыми негізі, мысалы, машиналар мен механизмдер теориясы, материалдар кедергісі, гидравлика және т.б.

Математика пәні абстрациялық негізде оқытылатын болса, механика мәселелері /тыныштық,қозғалыс/,ең алдымен нақты заттарға /қатты дене, сұйық,газ/ қатысты тұжырымдалып , техниканың барлық дерлік салаларын қамтиды.

1.4 Курстың мақсаты студенттерді теориялық механика пәні бойынша абсолют қатты денелердің қозғалыстары /кинематика бөлімі/ және күш әсерлерінен туындайтын тыныштық күйі мен қозғалу мүмкіндіктерін /статика, динамика бөлімдері/ жан-жақты қарастырып , әртүрлі заңдылықтармен таныстыру.

1.5 Пәнді оқытудың негізгі мақсаты оқытылатын пәнді мамандық бойынша практикада қолдана білу, студенттердің механикалық қозғалысқа жататын көптеген құбылыстарға қатысты түсініктерін қалыптастыру; механикалық қозғалыстың негізгі заңдарын игеру.

1.6 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

- Білуі тиіс: кезгелген күштер жиынын қарапайым түрге келтіріп,талдай білу



  • Дағдылануы тиіс: табиғаттағы құбылыстарды схемалық түрде қарастырып, нақты есепті абстракты механикалық түрде келтіре біліуі керек.

- Игеруі тиіс: пәннің дәріс материалдарын.

-Меңгеруі тиіс: абсолют қатты денелердің тыныштықта болуының шартын жазып, қажетті есептеулер жасауды; нүкте қозғалысын жанжақты сипаттай білу, кинематикалық сипаттамаларын табуды; қатты денелердің қарапайым, күрделі, кұрама қозғалыстарын талдап, еркіндік дәреже санына байланысты қозғалыс теңдеулерін жазып, кинематикалық сипаттамаларын таба білуді

-Хабардар болуы тиіс: теориялық механиканың бөлімдеріне қатысты есептерді шығару білу, практикалық маңызын түсіндіре алуды; абсолют қатты дене қозғалыстарының дифференциалдық теңдеулерін жаза білу, интегралдап, қажетті талдаулар жасау

-Үйренуі тиіс: Нақтылы инженерлік мәселелерді шешуде теориялық механиканың әдістерімен принциптерін таңдауын жете білуі керек.


1.7 Курстың пререквизиттері:

- математика 1




    1. Курстың постреквизиттері:

- материалдар кедергісі

2 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың (бөлім) негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Әрбір тақырып (бөлім) бойынша қысқаша конспекті өзін-өзі тексеру сұрақтарымен аяқталады.

Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдау. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтар немесе әдістемелік нұсқауларды тек оқып жатқан материал жоқ болған кезде немесе негізгі оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.

Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.




3 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ МЕН САЯСАТЫ
Аудиториялық сабақтар келесілерден тұрады: дәрістер (ДС), практикалық (ПС) және оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖО).

Барлық кредит саны – 4. Дәріс – 30, практикалық сабақ – 30, оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы – 30. Барлығы – 90 сағат.

Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.

1. Дәріс, зертханалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу керек кешікпей және сабақ үстінде бір-бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр дәріске немесе зертханалық сабаққа қатысқаны үшін +2 баллмен бағаланады, ал дәрісті немесе зертханалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда 0 баллмен бағаланады.

Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға ала алмайсыз. Әр өтелмеген сабақ тағы қосымша -5 баллмен бағаланады.

2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.

3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Пунктуальды және міндеттеріңізді уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жіберуге болады және ол студентті тәртіпке салу үшін қосымша тапсырмалар беріледі.

4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.

5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.

6. Біреуден көшіріп алу немесе плагиат болған жағдайда оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.

7. Межелік аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысуымен өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

8. Қорытынды аттестация дәстүрлі әдіспен билетке жауап арқылы өткізіледі. Әрбір билет үш сұрақтан тұрады.


4 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі ретте жүргізіледі:

– ағымды бақылау “ Теориялық механика ” пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі);

– аралық бақылау (7 апта);

– қорытынды бақылау (академиялық кезеңнің соңында бір рет емтихан түрінде жүргізіледі).

“ Теориялық механика ” пәнінің оқу

процесінің күнтізбелік кестесі




№ р/с

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау түрі







Үт1

Үт2

Үт3

Үт4

Үт5




Үт6




Үт7




Үт8

Үт9




2

Балл














































Белгіленуі

ҮТ – үй тапсырмасы, Р – реферат, АБЖ – аудиториялық бақылау жұмысы, АБ – аралық бақылау, Т – тестілеу, АЖ – ауызша жауап.

Аралық бақылау студенттердің практикалық және дәріс сабақтарына қатысуын, сонымен қатар үй тапсырмаларын, рефераттар және т.б. тапсырмаларды орындауын ескереді.

Аралық бақылау – оқытушының қатысуымен тест және аудиториялық бақылау жұмыстарын орындау.

Пәнді бағалау 100%-дық шкала бойынша бірінші аралық бақылаудан екінші аралық бақылау аралығында жинаған балл есебінен пайыздық қатынаста қойылады. Осындай ретпен екінші аралық бақылау қортынды болып табылады.

Әрбір студенттің рейтингісін есептеу Сіздердің оқудағы жетістіктеріңізді «мінсіз студентпен» салыстыру арқылы жүргізіледі.

Студенттердің рейтингісін есептеу




№ р/с


Студенттің аты-жөні

СҚ

ҮТ

АБЖ

АЖ

ГР

Р

Т

Ө



АБ1, %

СҚ


ҮТ

АБЖ

АЖ

ГР

Р

Т

Ө



АБ2, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22







Балл




Балл




1
































































2


































































































































К

Мінсіз студент

14

























100

16

























100

Белгіленуі

ҮТ – үйге тапсырма, Р – реферат, АБЖ – аудиторялық бақылау жұмысы, АБ – аралық бақылау, Т – тестілеу, Ө – өңдеу, АЖ – ауызша жауап, СҚ – сабаққа қатысу, ГР – графика өздік жұмысын орындау.


Емтиханға екінші аралық бақылау қортындысы (рейтингілік) болған студенттер жіберіледі.

Пәннің қортындысы бағасы екінші аралық бақылау нәтижесін емтихан бағасына ескеру арқылы шығарылады.

Студенттердің білімі, икемденуі мен дағдылары келесідей әріптік эквивалентте, балл және пайыз арқылы бағаланады.


Студенттің балдық рейтингтік нәтижесі


Пайыздық қатынаста

Кредиттік жүйе бойынша балл

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлі жүйеде бағалау

218,5-230

100-95

4

А

Өте жақсы

216,2-207

94-90

3,67

А-

204,7-195,5

89-85

3,33

В+

Жақсы

193,2-184

84-80

3,0

В

181,7-172,5

79-75

2,67

В-

170,2-161

74-70

2,33

С+

Қанағаттанарлық




158,7-149,5

69-65

2,0

С

147,2-138

64-60

1,67

С-

135,7-126,5

59-55

1,33

Д+

124,2-115

54-50

1,0

Д

112,7-0

49-0

0

F

Қанағаттанарлықсыз


жүктеу 254,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау