Зертханалықжұмыс №5
Photheo 19/1318 фототеодолитінің құрылғысы және қолданылуы
Тапсырма: фототеодолиттің принциптік схемасын үйрену
Мақсаты: фототеодолитпен жұмыс істеу принципі мен құрастырмалы бөлігімен танысу
Түсірістік аспап жерүсті стереофотограмметриялық түсірісі үшін арналған. Ол фотокамера мен теодолиттен тұратын жүйеден құралған. Сондықтан аспап фототеодолит деп аталады.
Осы екі негізгі түйіндерінің конструктивті байланысы бойынша фототеодолиттерді екі топқа бөлуге болады:
1 топ: фотокамера мен теодолит бірге қосылған аспаптар. Фотокамераның астында орналасқан теодолит түсіріс кезіндегі камераны бағдарлау үшін ғана емес, сонымен қатар фотоға түсіру базистерін абйланыстыру үшін де қызмет етеді.
2 топ: фотокамералар мен теодолит жеке орналасқан теодолиттер. Мұндай жағдайда фотокамера фотоға түсіру базистеріне қатысты берілген жағдайда фотокамераның оптикалық осін орнатуға мүмкіндік беретін оңайлатылған бұрыш өлшегіштік құрылғымен (оптикалық) жабдықталған.
Photheo 19/1318 фототеодолиті фототеодолиттік жинақтағы басты аспап болып табылады. Ол жеңіл қорытпадан жасалған қатты фотокамераға иеленген. Алдыңғы панелінде объектив, артқысында – объективтің фокалды жазықтығында қолданбалы рамка орналасқан. Фотосуретке түсіру кезінде оған фотопластинкалар берік қысылады. Фотокамера тіреуде орнатылады және винтпен белгіленеді. Үстіңгі жағында бағдарланатын құрылғы бекітілген. Атмосфералық мұнараның зиянды әсерін азайту үшін объективке сары жарықфильтрі бұрап кигізіледі.
Объектив фотопластинка жазықтығына параллель оны жоғары немесе төмен орын ауыстыруға мүмкіндік беретін суппортта орнатылған. Объективтің центрлік жағдайында пайдалы кескін бұрышы горизонталь бойынша 47 және вертикаль бойынша 34.
Объектив 30 мм жоғары ауыстырылғанда кескін бұрышы вертикаль бойынша 26-ға, ал 45 мм ауыстырылғанда 29-ға артады.
Объективьі ауыстыру автоматты түрде экспонирлеу кезінде түсірістің шетінде оптикалық көрсткіштің көмегімен белгіленеді. Көрсеткіш – бұл енсіз саңылау түріндегі диафрагмасы бар оптикалық трубка болып табылады. Объектив затворға иеленбеген, сондықтан да экспонирлеу объективке кигізілетін қалпақшаның көмегімен қолмен жүргізіледі.
Қолданбалы рамкада әрбіреуінде үш тіспен кесілген төрт координаталаық белгілер бекітілген. Қарама-қарсы белгілердің тесіктерінің центрі арқылы жүргізілген сызықтар түсірістің координаттық осьтерінің орнын анықтайды.
Қолданбалы рамканың астында камернаның фокустық арақашықтығының мәні кескінделген пластинка бекітілген. Рамканың сол жағында 0-ден 90 дейінгі регистратор және төменде көрсетілген оптикалық камераның алты жағдайы үшін әріптердің жинағы бар түсіріс 9 түрінің көрсеткіші орналасқан:
Базистің сол жақ нүктесінен түсіріс кезінде :
А – нормалы
AL – сол жаққа ауытқу
AR – оң жаққа ауытқу
Базистің оң жақ нүктесінен түсіріс кезінде :
B – нормалы
BL – сол жаққа ауытқу
BR – оң жаққа ауытқу
Оптикалық осьтің стандарттық ауытқуы түсіріс жағдайында солға немесе оңға ауытқу 313000 құрайды:
Фототеодолиттік жинақ келесіден тұрады:
фототеодолит Photheo 19/1318 – 1дана
теодолит – тахеометр Theo – 020 – 1 дана
рейка Bala – 1дана
кассеталар жинағы 24 дана
маркалар – 3дана
жіптік тіктеуіштер – 3дана
штативтер – 3
қапталған деңгей – 2дана
юстировкалық құрылғы – 1дана
тіреуіштер – 3дана
жұмысқа дайын фототеодолит келесі шартарға ие болу керек:
а) аспап айналуының вертикаль осі бағдарланған құрылғының айналуына сәйкес келеді;
б) камераның оптикалық осі айналудың вертикаль осімен қиылысады;
в) камераның оптикалық осі айналудың вертикаль осіне перпендикуляр;
г) цилиндрлік деңгейлеуіштің осьтері айналудың вертикаль осіне перпендикуляр;
д) бағдарлы құрылғының призманың айналу осі ЗТ визирлі осінің аспаптың айналу вертикаль осіне перпендикуляр;
ж) түсірістің координаттық осьтері, қиылысу нүктесі түсірістің басты нүктесіне сәйкес келеді және х осі айналудың вертикаль осіне перпендикуляр.
Фототеодолиттің құрамдық бөліктері:
1 – объектив;
2 – қолданбалы рамка;
3 – координаталық белгілер;
4 – фотокамера;
5 – станциялар нөмірінің регистраторы;
6 – түсіріс түрін нұсқағыш;
7 – тіреуіш;
8 – винт;
9 – суппорт;
10 – кассеталық рамка;
11 – шағын дабыл;
12 – көру құбыры;
13 – есептегіш микроскоп;
14 –жалпы корпус;
15 – бекітілетін винт;
16 – жүргізілетін винт;
17 – иілу бұрышының есебі үшін шағын дабыл;
18 – есептеу шеңбері.
Достарыңызбен бөлісу: |