5В070300 «АҚпараттық ЖҮйелер» мамандығы студенттері үшін


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 2,44 Mb.
бет25/27
Дата13.02.2020
өлшемі2,44 Mb.
#28922
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. 1С:Бухгалтерия жүйесіндегі негізгі құралдар есебі қалай есептеледі?

2. Өндірістік шоттар бағдарламада қалай қалыптасады?

3. 1С:Кәсіпорын жүйесінің өндірістік шоттарды есептеу реті?

4. Өндірістік шоттарды тіркеу қалай жүргізіледі?
Тақырып 10. Еңбек ақы және кадр есебі
Дәріс сұрақтары

1. Кадрлық есеп

2. Конфигурацияняң объектілерін құру


Кадрлық есеп

Қазір біз кәсіпорынның қызметкерлерінің кадрлық есебінің мини-жүйесін құрамыз. Ол қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан шығаруға, сол сияқты кадрлық құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір коефигурация жеке каталогтарда сақталуы керек.



1. Кез келген дискіде жаңа бума құрыңыз, мысалы, "C:\Учебная"
2. «1С:Предприятие»-ны іске қосыңыз. Ақпараттық базаның тізімі ашылады.

1С:Кәсіпорын бағдарламасы бірнеше базалармен бір компьютерде жұмыс атқара алады. Мысалы,бір базада кадрлық есеп, екіншісінде – тауарлар есебі, ал үшіншісінде А фирмасы үшін бухгалтерлік есеп, төртіншісінде Б фирмасы үшін бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

3. «Добавить» батырмасын басыңыз. Тізімдер базасында көрсетілгендей ақпараттық база атын көрсетіңіз, мысалы, «Учебная». База аты кездейсоқ болуы мүмкін, одан еш нәрсе тәуелді емес.



4. Келесі өрісте 1 қадамдағы бумаға жол көрсетіңіз. «…» батырмасын басып, бумаға кіріңіз де «Выбрать» батырмасын басыңыз.


Бума компьютердің локальді қатты дискісінде орналасуы мүмкін, мысалы,

«C:\Учебная» немесе басқа компьютердің желісінде «\\SERVER\KADR». Бұл кезде бумаға барлық құқықтары беріліп, жеткізілуі тиіс (оқылуы, жазылуы, т.б.).

5. «ОК»-ді басыңыз. Ақпараттық база тізімінде жаңа жол пайда болады. Оны өзгерту үшін «Изменить» батырмасын басу қажет. Мысалы, ақпараттық базаны басқа жерге ауыстырды немесе сіз ақпараттық базаға басқа ат бергіңіз келсе. Ақпараттық базаны өшіру үшін «Удалить» батырмасын басу қажет. Бұл уақытта ақпараттық база тізімде өшіріледі де, бірақ дискіден өшірілмейді.

6. Іске қосу режимінде «Конфигуратор»-ды көрсетіңіз.




7. «Конфигуратор» режимінде базаны іске қосу үшін «ОК» батырмасын басыңыз.

8. Құрылған бумада ештеңе жоқ болған соң, онда 1С, мәліметтер базасы қай пішімде сақталғанын сұрайды: DBF немесе SQL-Server-де. «Файлы DBF» пішімін көрсетіңіз және «ОК» басыңыз.



9. «Конфигуратор» іске қосылады. Конфигурация ағашын ашыңыз, мұнда енді біз жиі жұмыс жасаймыз. Ол үшін: «Конфигурация» => «Открыть конфигурацию» командаларын немесе батырмасын басыңыз. Конфигурация ағашының терезесі пайда болады. Оған дұрыс өлшем беріңіз.




Бұл терезеде барлық конфигурация объектілері, оның ішінде: анықтамалар, құжаттар, есеп берулер және т.б. сияқты берілген. Ондағы бұтақтарды ашу үшін, екі рет «+»-ті немесе екі ретоның атына басу қажет.
Конфигурацияняң объектілерін құру

10. «Справочники» жолына курсорды қойып, және батырмасын шертіңіз (немесе тышқанның оң жағын басып және «Новый справочник» таңдаңыз). Бұл кезде «Конструктора справочников» терзесі ашылады.




Конструктурлар программисттерге белгілі бір анықталған әрекеттерді орындауда көмек үшін арналған. Жаңа біз «Конструктора справочников»-ті көрдік. 1С-те құжаттар конструктуры, есеп берулер конструкторы, сұраныстар конструкторы және т.б. Конструктор жасаған барлық әрекеттерді қолмен де жасауға болады, бірақ конструктормен жылдам болады. Егер сізге конструктор қажет болмаса (не ұнамаса), онда «Использовать конструкторы при создании новых объектов» жалаушасын алып тастаңыз. Берулген оқулықта барлығын қолмен жасаймыз, сонда ғана нағыз программист болуымыз мүмкін және 1С-тен барлығын сығып аламыз.

11. «Использовать конструкторы при создании новых объектов» жалаушасын алып тастаңыз және конструкторды жабу үшін «Отмена» батырмасын басыңыз. Ол қасарысса, сіз өз дегеніңізде тұрыңыз!

Содан соң қайтадан конструкторды «Конструкторы» менюінен басып шығаруға болады,бірақ біз оның барлығын қолмен жасауға тырысамыз.

12. Курсорды тағы да «Справочники» жолына апарып және батырмасын басыңыз (немесе тышқанның оң жағын басып және «Новый справочник» таңдаңыз). Бұл жағдайда терезе ашылады, бірақ «Конструктора справочников» терзесі ашылмайды, анықтама құрылымын өңдейтін жәй терезе пайда болады..



13. Идентификатор анықтамасын қосыңыз, мысалы «Должности» анықтамасын құрамыз.

Анықтама идентификаторына өте қажет, өйткені ол бағдарламауда қолданылады. Оны түзету оңай емес, өйткені қай жерде бұл анықтама қолданылса, сол жерде бағдарламада түзетіледі.

Идентификатор анықтамасына дұрыс көзбен қарау керек. Идентификатор локальді, түсінікті және анықтаманың мазмұнын толық көрсетіп тұруы керек. Мысалы, «Мемлекет», «Қызметкерлер», «Тауарлар» және т.б.

Бірыңғай қабылданған ереже болып анықтаманың атындағы көпше түр табылады, бірақ бұл аса қажет емес. Мысалы, сіз «Мекен-жай кітабы» анықтамасын құра аласыз. Идентификатор обьектісінде және ауыспалыларда арақашықтық болмауы керек, бірақ сандар сандар және сызылған белгілер болады. Идентификатор саннан басталмауы керек.

14. 30 белгіден тұратын атау енгізіңіз. Әрбір анықтама екі өрістен тұрады «Код» және «Наименование». «Код» және «Наименование» өрістердің ұзындығын және типін өзгертуге болады: сандық / мәтіндік.

15. Қызмет анықтамасы терезесін жабыңыз.

14. Тоқ өшуі немесе басқа да төтенше жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан еңбегіңіз жай кетпеуі үшін конфигурацияны сақтап қойыңыз.

Конфигурация таза екенін, тіптен сөздіктегі мәліметтер де жоқ екенін 1С анықтайды. Егер оған сөздік өте қажет болса, оны өзі жасап алады.




«Иә» пернесін басыңыз.

Ақпарат базасының құрылымы өзгертілгендіктен, 1С ақпарат базасын жаңадан құруды сұрайды. Үлкен көлемді конфигурация өте қиын және ұзақ үрдіс, ал бізде бұл оңай.


«Иә» пернесін басамыз.



1С база құрылымын талдап, өзгертулер тізімі бар терезені көрсетеді.

«Қабылдау» пернесін басыңыз.

Жаңадан база құрылғаннан соң «Ақпарат жаңадан құрылғаны» туралы ьелгі шығады.

15. «Қызметкерлер» анықтамасын құрамыз. «Қызметкерлер» анықтамасына (идентификаторына) ат беріңіз.

16. 100 белгіден тұратын атау құрыңыз



Бұл атауда қызметкерлердің аты-жөні сақталады. Кейбір жағдайда ұзын есімдер болады. Мысалы, «Александровский-Петровский Александр Александрович».

17. Бұл анықтамада бізде тағы бір «Должность» өрісі болады. Қазір реквизиттер тізімі бос. «Добавить» батырмасын басыңыз, сол кезде реквизиттің қасиеті деген өңдеу терезесі ашылады. Реквизит, атрибут және өріс – бұлар бір болып саналады. Яғни, «реквизит» деген сөзге үйрену керек.

18. «Должность» реквизитіне атау беріңіз. Алдында құрған "Справочник.Должности" реквизитінің типін көрсетіңіз. Бұл берілген реквизиттің мәні «Должности» анықтамасынан таңдалады. ОК басыңыз.

19. Оклад реквизитін құрыңыз (Число типі, Дәлдігі үтірден кейін 2 белгі)



20. ДатаПриема және ДатаУвольнения реквизиттерін құрыңыз (типі Дата)

21. Конфигурацияны сақтап қойыңыз (кез келген жағдайға байланысты).

Енді бізде екі анықтамалар бар және кейбір мәліметтерді енгізуге болады.

22. Кәсіпорын режимінде 1С:Кәсіпорын-ды іске қосыңыз. Бұны тура Конфигураторда батырмасын басып жасауға болады. 1С:Кәсіпорын терезесі пайда болады.


23. Должности анықтамсын ашыңыз. Ол үшін Операции => Справочники => Должности командаларын орындаңыз. Анықтама терезесі ашылады.


Анықтамаға жылдам кіру үшін кейінірек меню құрамыз, ал әзірше осы.

24. батырмасын немес INS пернесін қолданып бірнеше қызметтерді енгізіңіз. Мысалы, Директор, Бухгалтер, Программист.

Бұл жерде кодтар автоматты меншіктеледі, бірақ оларды өңдеуге де болушы еді. Кодтардың ерекшеліктерін сақтау қажет. Конфигураторда ерекшелік параметрлерін баптауға болады, мысалы, егер ол керек болмаса, оны тіптен алып тастауға болады.

«Наименования» бойынша үнсіз келісіммен сұрыптау орнатылған. Бұл қызметтің бірінші әріпін теруге мүмкіндік береді және курсор автоматты керек қызметке ауысады. Сұрыптаудың басқа типін: код бойыншы немесе реквизит бойынша орнатуға болады. Ол үшін оң батырманы басып және «Сортировка»-ны таңдаймыз. Біз бұны жасамаймыз, қалай тұр солай қалдырамыз.

25. «Должности» анықтамасын жабыңыз және «Сотрудники» анықтамасын ашыңыз. (Операции => Справочники => Сотрудники командаларын орындаңыз).


26. Бірнеше қызметкерлерді жазыңыз. Мысалы, Иванов - директор, Петров - Бухгалтер, Сидоров - Программист.



Ескеріңіз, қызметтерін көрсету кезінді «Должности» анықтамасы ашылады. Қызметтерін таңдау үшін соған екі рет шерту керек.

Шындық өмірде қызметкерді жұмысқа қабылдау «Приказ о приеме на работу» кадрлық құжат арқылы жүзеге асырылады. Қазір біз соны ұйымдастырамыз.

27. 1С:Кәсіпорын-ды жабыңыз және Конфигуратор режимінде базаны іске қосыңыз.

28. Енді «ПриемНаРаботу» жаңа құжатын құрыңыз. (курсорды «Документы»-ға қойыңыз және «Новый»-ды басыңыз). «ПриемНаРаботу» құжатына жаңа ат беріңіз.



29. «ФИО» шапка реквизитін қосыңыз, оған Строка мәндер типін және 100 символдар ұзындығын көрсетіңіз. ОК басыңыз.

Құжатта шапкасы және кестелік бөлімі бар. Шапкада тұтасымен құжатқа жататын реквизиттерді құрайды, мысалы, НомерДок, ДатаДок и т.д. Кестелік бөлімі жолдардан тұрады. Мысалы, бір «Накладная» құжаты бірнеше тауарлар бойынша ақпараттардан тұрады. Мұндай жағдайлар 1С-те қарастырылған.

Кез келген құжатта алдында берілген екі шапка реквизиттері "НомерДок" және "ДатаДок" бар.

Әрі қарай "ФИО" реквизиті сияқты қалған реквизиттерді де құруға болады және әрбіреуіне дұрыс типтерін көрсетіңіз:

- Должность реквизитіне - "Справочник.Должности" типі

- Оклад реквизитіне – Число типі, ұзындығы 10, дәлдігі 2

- ДатаПриема реквизитіне - Дата типі

30. Құжатта енгізу үшін қолайлы қалыпы болуы керек. Терезенің төменгі жағында "Форма" батырмасын басыңыз.

31. Мұнда бірінші рет кіргендіктен 1С құжатт қалпын автоматты құруға ұсынады.


Біз барлығын қолмен жасауды жөн көрдік, сондықтан «Отмена»-ны басамыз.



32. Бізге келесі түрдегі қалыпты құру керек



  • Өзіңізге сай қалып өлшемінқұрыңыз

  • Қалыпта «Прием на работу» атты тіркесті қою керек. Ол үшін батырмасын және қалыпты шерту керек. Сонымен қатар бұл батырманың жанында басқа да басқару элементтері бар. Олар арқылы біз болашақта жұмыс істейміз. Олар: батырмалар, өрістер, қосу құрылғылары, жалаушалар, қалыптар және т.б.

  • Қаріпті үлкен өлшемде көрсету керек, себебі ол бас атауы болып табылады. Ол үшін оң жақ батырманы жазуға қойып шерту керек, одан Свойства-ны таңдаймыз, Шрифт қыстырмасын басып, «Шрифт по умолчанию» жалаушаны алып тастап және 12 өлшемді қаріпті көрсетіңіз. Сонымен қоса басқа да бұйрықтарды орындауға болады. Мысалы, түс, қоюлық және т.б. Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз, біз әлі тек үйренудеміз. ОК –ді басыңыз.



  • НомерДок өрісін қалыпқа қосыңыз. Ол үшін батырмасын шертіңіз, сонда терезе пайда болады. Ондағы НомерДок реквитзитінің басына қалыпты қойып, ОК-ді басып қалыптың кез келген жерінен шертіңіз. Сонда НомерДок өрісі пайда болады. Оған өлшемдерді қойып қалыптың керекті жеріне апарыңыз.

  • Жанына «№» белгісімен мәтіндік өрісті қосыңыз.

  • Сол тәртәп бойынша қалған реквизиттерді қалыпқа орналастырыңыз: ДатаДок, ФИО, қызметі. Олардың жанына мәтіндік жазбаларды қоюды ұмытпаңыз.

  • ОК және жабу пернелерін қалыптың ортасына орналастыру керек (көлденеңнен). Ол үшін оларды тышқанмен белгілеп (екеуін бір уақытта) және батырмасын шертіңіз. Қызығушылық танытсаңыз жанындағы басқа да батырмаларды басып көріңіз.

Енді бұл құжатқа жаңа қызметкердің барлық керекті мәліметтерін енгізуге болады. Содан кейін қолданушы ОК пернесін басады, сол сәтте сіздің мәліметтеріңіз қызметкерлердің анықтамасына жаңа элемент ретінде қосылады. ОК-ді басу кезінде құжат алдымен жазылады, кейін өткізіледі.

Құжаттарды өткізу - өте маңызды түсінік. Қолданушы үшін құжаттарды өткізу оны іске жіберуді білдіреді. Құжатты өткізу кезінде ақпараттық базада өзгерістер орын алады: басты мәліметтер кестеге тіркеледі, қоймадағы тауарлардың қалдығы өседі, не кемиді, жаңадан бухгалтерлік екі жақты жазбалар құрылады және т.б.

Құжатты өткізуде нақты не болатынын программистпен анықтайды. Өткізу барысында алдын ала анықталатын Өткізуді Өңдеу (Обработка Проведения) процедурасы орындалады. Нақ осы процедурада программист жүйедегі барлық өзгерістерді жасайтын программаны жазады. Қазір бізге соған жету керек. Ол «Құжаттың модулінде» сақталады.

Құжат модулін ашу үшін құжаттың экрандық қалыбын жабамыз. Экранда тек құжаттың құрылымдық терезесі қалады. Астында «Құжат модулі» атты перне бар соны басыңыз. Мәтіндік программаны өңдейтін терезе ашылады. Онда өткізуге дайындау процедурасы бар, оның ішінде әлі мәнді ештеңе жоқ. Оның мағынасына мән бермей тұра келесі мәтінді жазыңыз.

СпрСотр =Создать Объект(«Справочник. Сотрудники»);

СпрСотр. Новый();

СпрСотр. Наименование = ФИО

СпрСотр. Оклад=Оклад;

СпрСотр. Дата Приема= Дата Приема;

СпрСотр. Записать();



Егер үңіле қарасаң бірдеңе түсінуге болады. Бірінші жол Сотрудники анықтамасына қатысты. Екінші жол жаңа элементті тудырады, әзірше бос. Кейін анықтамадағы реквизиттер толтырылады, мәліметтер құжаттан алынып анықтамаға ауыстырылады. Соңында өзгертілген элемент анықтамаға көшіріледі.

Айтпақшы, бастаушы программисттер Записать() шақыруды ұмытып кетеді. Мұндай ессіздікке тап болмаңдар! Егер сіз Записать() шақырмасаңыз, барлық өзгертулер базада сақталмайды.

Назар аударыңыз! Әрбір оператор 1С тілінде ";" тыныс белгісімен аяқталуы тиіс (үтірлі нүкте). КонецПроцедуры сөзі соңында тыныс белгісі қойылмайды, себебі ол оператор емес, ол операторлық жақша (1с-те осындай түсінік бар). Үтірлі нүкте


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау