5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет17/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

34 

 

және жоспарлық-бақылаушы графиктер т.б.  арқылы иллюстрацияланады. 



  функционалдық-құндық талдау – объектіге жұмсалған жиынтық шығынның бір  

бірлігіне келетін қайтарымдылықты анықтап, оны арттыруға бағытталған.  

  экономикалық-математикалық әдістер қалыптасқан немесе жоспарланған  

экономикалық жағдайда үздік, ұтымды нұсқаны таңдау үшін қолданылады. 



Талдау тәсілдері: 

 



көрсеткіштерді топтастыру. Көрсеткіштер қандай да бір белгілері бойынша  

топтастырылады. Мысалы кесте құрып, топтастырып, көрсетуге болады; 

 

абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді қолдану. Абсолютті  



көрсеткіштерге  нақты  берілген  шамалар  жатады,  ал  салыстырмалы  көрсеткіштерге 

жоспардың  орындалу  деңгеңгейін,  норманың  сақталуын,  өсу  қарқыны,  өсімді,  құрылымды, 

үлес салмақты, интенсивтілік дәрежесін т.б. жатқызуға болады; 

 



орташа шамалар тәсілі. Бұл сапалық тұрғыдан біртекті экономикалық  

құбылыстарды  жалпылап  сипаттау  үшін  қолданылады.  Мысалы,  арифметикалық  орта 

арқылы талдау жасау; 

 



динамикалық қатарлар тәсілі. Көрсеткіштердің уақыт бойынша өзгерісінің  

сипаттамасын береді, даму заңдылықтары мен тенденциясын ашып көрсетеді; 

 

жаппай және іріктеп қадағалау тәсілі. Жаппай қадағалауда құбылыстардың  



жиынтығы  қарастырылады.  Іріктеуге  ықтималдылық  теориясының  әдістерін  жатқызуға 

болады. 


 

бөлшектеу және жалпылау тәсілі. Күрделі көрсеткіштерді жекелеген бөлшектер  

мен  факторлаға  бөлу  арқылы  олардың  әрқайсысының  сол  көрсеткіштерге  ықпалы 

анықталады.  Жалпылау  нәтижесінде  тұтас  объектінің,  құбылыстың,  процестің  бөліктері 

арасындағы  байланыс  ашылады,  жекелеген  ұйым  бөлімшелері  арасындағы  байланыс, 

олардың жалпы нәтижеге ықпалының дәрежесі  анықталады.  



2.  Белсендіруші әдістерге идеялар конференциясы, ми шабуылы, сұрақ және жауап  

әдісі, «6-5-3» әдісі, теориялық ойын әдістері, консультантпен жұмыс жасау әдісі жатады.  



Идеяны конференциялау әдісін қолдану ережесі: 

-  бір-бірімен байланысты 2-3 міндет қойылады; 

-  қатысушылардың саны шамамен 10 адам; 

-  ешқандай сын айтуға, ескерту жасауға болмайды; 

-  талқылау уақыты 35-50 мин.; 

-  ұсыныстардың барлығы қағазға жазылады. 

Егер мәселенің шешімі табылмаса, 2-3 күннен кейін қойылған міндеттер қайта талқыға  

салынады.  

Регламент аясында ұжымдық ойлау тиімді шешімдердің қабылдануына әкеледі. 

Ми  шабуылы  немесе  идеяларды  ұжымдық  генерациялау  әдісі  келесі  сатыларды 

қамтиды: 



1-саты:  «ми  шабуылына»  қатысатын  топтарды  құру.  Олардың  саны  эмпирикалық  жолмен 

анықталады, әдетте, 10-15 адам неғұрлым оңтайлы болып есептеледі. 



2-сатыда жұмыс тобы қарастырылатын мәселені сипаттайтын қағаз таратады. 

3-сатыда  идеялар  генерацияланады.  Әр  қатысушы  бірнеше  рет  қатыса  алады.  Алдыңғы 

сөйлегендердің  пікіріне  қатысты  сын  айтуларына,  ескерту  жасауларына  болмайды. 

Жүргізуші процесті реттеп тұрады. Ми шабуылы 20 мин-1 сағ. аралығында жүреді.  

4-сатыда айтылған идеялар жүйеге келтріледі. Ұқсас идеялар топтастырылады. 

5-сатыда  жүйеге  келтірілген  идеялар  20-25  адамнан  тұратын  жоғары  білікті  мамандар 

тарапынан жан-жақты сынға ұшырайды. 



6-сатыда  сыни  ескертулер  бағаланып,  іс  жүзінде  жүзеге  асырылатын  идеялардың  тізімі 

жасалады.  Бұл  әдіс  болжау  объектісінің  дамуының  нұсқаларын  сапалы  және  тез  бағалауға 

жағдай жасайды. 

 

Сұрақтар  мен  жауаптар  әдісі  бойынша  мәжіліс  жетекшісі  алдын-ала  сұрақ 

дайындайды. Мәжіліске 10-ға жуық адам қатысады. Оларға дайындалған сұрақтар қойылады. 



35 

 

Жауапты  ауызша  және  жазбаша  түрде  қайтаруға  болады.  Жауаптар  хаттамада  тіркеледі. 



Мәжіліс барысында ұжымдық талқылау жасауға жол берілмейді. Мәжілістің ұзақтығы 30-50 

мин.  Жетекші  жауаптарды  өңдеп,  шешім  қабылдайды.  Шешім  табылмаған  жағдайда,  2-3 

күннен кейін қайта мәжіліс өтеді.  

«635»  әдісі  –  «ми  шабуылының»  бір  түрі.  Мұндағы  6  саны  –  қатысушылар  саны,  3 

саны – әр қатысушы жазуы тиіс пікір саны, 5- үш пікірді жазуға кететін уақыт. 

Қағаз  қатысушылар  арасында  шеңбер  бойынша  айналып  жүреді.  5  минутта  әр 

қатысушы 3 пікір, 6 қатысушы 18 пікір жазады. 30 минутта әр қатысушы 18 пікір, барлығы 

18*6=108  пікір  жазады.  Бұл  әдіс  шетелдерде,  әсіресе,  Жапонияда,  қолданылады.  Бұл 

көптеген идеялар арасынан ерекше, прогрессивті идеялардың таңдалып алынуына мүмкіндік 

береді. 

3. Эксперттік бағалау әдістерін қолданғанда талдау негізінде кәсіби, ғылыми 

және тәжірибеге негізделген маманның немесе мамандар тобының пікірлері жатыр. 



Эксперттік бағалау әдістерінің түрлері: 

 



«интервью» әдісі; 

 



сараптамалық әдіс; 

 



ұжымдық эксперттік бағалау әдістері; 

   «дельфи» әдісі; 



 

«комиссия» әдісі; 



 

сценарий жазу әдісі. 



«Интервью» әдісі бойынша болжам жасаушы (жоспарлаушы) алдын-ала 

дайындаған бағдарламасына сәйкес, экспертке болжау объектісінің дамуына қатысты сұрақ 

қояды.  Мұндай  бағалаудың  табыстылығы,  көп  жағдайда,  берілген  сұрақтар  бойынша 

эксперттің шапшаң, толық қорытынды жасауына байланысты. 

 

Сараптамалық әдіс бойынша эксперт болжау объектісінің жай-күйінің бағасын, даму 

жолы  мен  тенденцияларының  талдауын  жан-жақты  зерттеу  жүргізеді.  Ол  болжау  объектісі 

туралы  барлық  қажетті  ақпаратты  пайдалана  алады.  Эксперт  жасаған  қорытындысын 

баяндама  түрінде  рәсімдейді.  Бұл  әдістің  басты  артықшылығы  –  эксперттің  өз  қабілетін 

толық  пайдалана  алуында.  Ал,  күрделі  жүйелерді  болжау  барысында  бұл  әдісті  қолдану 

тиімсіз, себебі, жалғыз маман-эксперттің білімі жеткіліксіз. 

Интервью және сараптамалық әдіс – жеке-дара эксперттік бағалау әдістері болып табылады. 

Ұжымдық эксперттік әдістер  неғұрлым шынайылау болады. Ұжымдық эксперттік 

бағалауды  жүргізу  үшін  жұмыс  тобы  құрылады,  олар  сауалнама  жүргізу,  материалдарды 

өңдеу, эксперттік баға нәтижелерін талдау жұмыстарымен айналысады. Эксперт ретінде 10-

нан  150-ге  дейін  адам  шақырылады,  олардың  саны  болжау  объектісінің  күрделілігіне 

байланысты. Сауалнама сұрақтары нақты қойылуы керек. 

«Дельфи»  әдісі  бойынша  бірқатар  ғылым  салаларындағы  даму  перспективасына 

қатысты  мамандар  пікірінің  өңделген  нәтижиесін  1964  жылы  АҚШ  корпорациясының 

қызметкерелері  Т.Гордон  мен  О.Хелмер  баспада  жариялаған  болаты.  Бұл  әдіске  «Дельфи» 

әдісі  деген  ат  қойылады.  Бұл  әдіс  бойынша  эксперттерден  сауалнама  нышанында  дербес 

жауап  алынады.  Эксперттік  топ  қатысушылары  бір-біріне  белгісіз  және  олардың  анкета 

толтыру барысында өзара байланыс жасауына жол берілмейді. 

Жауаптар  ЭЕМ-да  өңделіп,  топтың  ұжымдық  пікірлері  қалыптасады,  түрлі  пікірге 

қатысты  аргументтер  анықталып,  біріктіріледі.  ЭЕМ-да  өңделген  ақпарат  эксперттерге 

хабарланады. Олар берілген бағаларға түзету жүргізеді, өздерінің ұжым пікірлеріне келіспеу 

себептерін түсіндіреді. Бұл процедура 3-4 рет қайталанады. Нәтижесінде, бағалау диапазоны 

азаяды, объект дамуының перспективасына қатысты келісілген пікір пайда болады. Бұл әдіс, 

көбіне, ғылым мен техника саласын болжауда қолданылады.  



«Комиссия»  әдісі  –  ұжымдық  эксперттік  бағалау  әдістерінің  бірі.  Эксперттер  тобы 

«дөңгелек үстел» басында ортақ пікірге келу мақсатында мәселені талқылайды. Бұл әдістің 

кемшілігі – эксперттер тобы, негізінен, компромисс логикасын алға тардады. 



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау