5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет20/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

40 

 

мұнай өндіру, мұнай өңдеу салалары.  



в) аумақтық пропорция өндірісті ел аумағына орналастыруды көрсетеді, яғни 

аймақтар арасындағы арақатынасты сипаттайды. 

г) сыртқы экономикалық пропорция - ел ішіндегі және тауар импорты мен экспорты 

арасындағы арақатынастың сақталуы.  

  салалық және аймақтық аспектілер үйлесімділігінің принципі салалық 

жоспарларда  сол  аумақтың  мүддесі  мен  жергілікті  ресурстарды  ұтымды  пайдаланылуын 

ескеруді талап етеді. 

2.  Экономика стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру үшін болжау жүйесі 

дайындалады.  Бұл  жүйеге  уақыт  бойынша  аспектілер  болжамы,  басқару  деңгейі  бойынша 

болжам,  елдің  және  аймақтың  экономикалық,  әлеуметтік  дамуының  жеке  және  кешенді 

болжамдары  жатады.  Болжамдық  есептемелер  нәтижелері  негізінде  әлеуметтік-

экономикалық  даму  стратегиясының  маңызды  бағыттары  анықталады,  индикативті  жоспар 

құрылады,  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  механизмдері  қалыптасады  және  негізгі 

реттегіштердің параметрлері анықталады. 

  Болжау ауқымы ауқымы бойынша болжау түрлері: макроэкономикалық, салааралық,  

аймақаралық,  халық  шаруашылығы  кешенінің  даму  болжамдары,  салалық  және  аймақтық 

болжам,  экономика  буындарының  болжамы:  кәсіпорын,  бірлестік,  жекелеген  өндіріс  пен 

өнім болжамы. 

  Уақыт аспектісі бойынша болжамдар: ұзақ мерзімді (5-15-20 жыл), орта 

мерзімдік (3-5жыл), қысқа мерзімдік (1 ай-1жыл), операциялық (1 айға дейін – күнге, аптаға, 

онкүндікке). 

Жеке болжау жүйесі: демографиялық болжамдар, табиғи ресурстар мен оларды 

игеру  болжамы,  экологиялық  болжам,  ғылым  мен  техника  дамуының  болжамы,  әлеуметтік 

және экономикалық болжам. 

 



Демографиялық болжамдар халықтың санының динамикасын, жыныстық-жастық 

құрамын,  еңбек  потенциалын,  олардың  елде  орналасуын,  миграциялық  процестерді 

сипаттайды.  Олар  потенциалды  еңбек  ресурстарын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Олардың 

негізінде демографиялық саясат қалыптасады, азық-түлікке және азық-түлік емес тауарларға 

қажеттілік анықталады, әлеуметтік саланың тұрғын үй құрылысының дамуы болжанады. 

 



Табиғи ресурстар мен оларды игеру болжамы, экологиялық болжамдар 

перспективадағы табиғи ресурстардың потенциалын анықтау үшін жасалады. Олар, сонымен 

қатар,  қоршаған  ортаның  жай-күйі  туралы  ақпаратты,  шаруашылық  қызметтің  қоршаған 

ортаға жағымсыз ықпалын бәсеңдету немесе алдын-алу шараларының кешенін қамтиды.  

 

Ғылым мен техниканың даму болжамы ғылыми және техникалық нәтижелер 



мен  жетістіктер  туралы  негізделген  түсінік  береді.  Болжаудың  бұл  бағыты  келесі  болжау 

түрлерін  қамтиды:  іргелі  ғылымдар  дамуының  болжамы,  салалар  бойынша  қолданбалы 

ғылымдар дамуының болжамы т.с.с. 

 



Әлеуметтік болжау әлеуметтік даму деңгейін сипаттайды.  

 



Экономиканың даму динамикасы, құрылымдық өзгерістер, сыртқы экономикалық 

байланыстар,  өндіргіш  күштерді  орналастырудағы  аумақтық  өзгерістер,  негізгі  қордың 

ұдайы өндірісі мен оларға қажетті инвестициялар экономикалық болжамды сипаттайды. 

Жеке болжамдар негізінде елдің және аймақтың экономикалық, әлеуметтік 

дамуының кешенді болжамы жасалады. 

Кешенді 


болжауды 

әзірлеудің 



логикасы

әлеуметтік-экономикалық 

даму 

тенденциясын бағалау, экономикалық өсу факторларының динамикасын бағалау, болашақта 



дамудың  баламаларын  анықтау,  құрылымдық,  ғылыми-техникалық,  әлеуметтік  және 

аймақтық  саясаттың  негізгі  бағыттары,  экономикадағы  институционалдық  өзгерістер, 

экономикалық  және  әлеуметтік  дамуды  мемлекеттік  реттеу  механизмдерін  қалыптастыру, 

ресурспен қамтылуды бағалау. 

Болжау  есептемелерінің  негізі  келесілер  бола  алады:  халық  шаруашылығының  және 

халықтың  қажеттілігі,  аймақтық  ресурстар  мен  оларды  ұтымды  пайдалану  нұсқалары,  ҒТП 




41 

 

және 



отын-шикізат 

ресурстарымен 

қамтамасыз 

ету 


бойынша 

мемлекетаралық 

байланыстардың мүмкін нұсқалары т.б.  

3.  Болжауды ұйымдастыру жұмыстарының міндеттері

-  болжау үшін қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу; 

-  болжаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгерген мамандарды дайындау; 

-  жұмыс топтарын құру және олардың қызметін ұйымдастыру. 

Болжау жұмыстарын ұйымдастыру принциптері

  адрестілік; 

  теңгерімділік; 

  параллельділік; 

  үздіксіздік; 

  адекваттылық; 

  тура бағытталу; 

  баламалық; 

  адаптивтілік (икемділік); 

Адрестілік принципі - болжауды нақты бір ұйым үшін әзірленуі. Мысалы, ғылыми- 

зерттеу немесе жобалық-конструкциялық ұйымдар, өнім шығарушы әкеәсіполрын т.с.с. 



Параллельділік  принципі  –  ақпаратты  жинау  және  өңдеу  үшін,  болжауды  оырндау 

үшін уақытты үнемдеу қажеттілігіне байланысты болжау жұмыстарына бірнеше бөлімдердің 

қатар қатысуы. 

Үздіксіздік  принципі  болжау  оырндалғаннан  кейін  де  келіп  түскен  қосымша 

ақпараттарды жинау және өңдеу, қажет жағдайда болжамға түзету енгізу.  



Адекваттылық  принципі  шешімнің  жүзеге  асу  ықтималдығын  шынайы  бағалаумен 

байланысты. 



Тура бағытталу ақпаратты бір орындаушыдан екінші орындаушыға тез арада тікелей 

жеткізумен байланысты.  

 

Адаптивтілік  принципі  объект  үшін  сыртқы  және  ішкі  орта  факторларының  әсерін 

зерттеумен  және  болжау  объектісінің  сол  факторлар  ықпалына  бейімділігін  анықтаумен 

байланысты.  

 

 



Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1. Болжау әдістерін атаңыз. 

2. Болжау қандай сатылардан тұрады?  

3. Болжам қандай критерийлер бойынша бағаланады? 

4. Сіз мемлекеттік басқаруда талдаудың қандай әдістерін тиімді деп санайсыз? 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Прогнозирование и планирование экономики: учеб.пос.  В.И.Борисевич и др. –Минск: 

ИП «Экоперспектива», 2000. – 432 с. 

2.  Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с. 

3.  Карданская Н.Л.  Принятие  управленческого решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с. 

4.  Ларичев  О.И.  Теория  и  методы  принятия  решений/  О.И.  Ларичев.  -  М.:  Логос,  2000.  - 

294 с. 


5.  Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 

2000. - 392 с. 

6.  Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с. 

7.  Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау