5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін


Акт – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың кең өрісті шешімі. Акт халықаралық  болуы мүмкін.  Акцепт



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет25/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

50 

 

Акт – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың кең өрісті шешімі. Акт халықаралық 

болуы мүмкін. 

Акцепт  –  офертте  ұсынылған  жағдайлар  негізінде  келісім  жасау  туралы  ұсынысты 

қабылдау  туралы  шешім.  Акцепт  –  бұл  контракттың  екінші  жағы.  Оферта  және  акцепт 

контрактты құрайды. 

Бюллетень  –  қоғамдық  мәні  бар  оқиғалар  бойынша  бағыныштыларды  қысқаша 

хабарлау туралы басшының шешімі. 



Декларация – басшының маңызды бағдарламалық мәлімдемесі. 

Келісім  – қызметтің коммерциялық және коммерциялық емес сфераларындағы өзара 

құқықтары мен міндеттемелерін көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім. 



Заң – жалпыға міндетті және бұлжымайтын сипатқа ие жоғары мемлекеттік биліктің 

шешімі. 


Мәлімдеме –  жоғары дәрежесі бар басшының ресми хабарлауы. 

Өзгерту – қандай да бір қызметтегі түпкілікті өзгерістер туралы шешім. 

Нұсқаулық – қандай да бір әрекеттерді орындау тәртібі мен әдісін бекітетін шешім. 

Кодекс – заңдар жинағы. 

Контракт  –  әдетте  коммерциялық  сипатқа ие,    өзара  құқықтар  мен  міндеттемелерді 

көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім. Контракт шарттың бір түрі болып 

табылды. 

Тұжырымдама – қандай да бір құжатта көрсетілген басшының көзқарастар жүйесі. 

Қандай да бір процестің немесе құбылыстың  үлгісі  – бұл  сыртқы ықпалдарға нақты 

процестің  немесе  құбылыстың  реакциясын  анық  көрсететін,  белгілі  элементтер  мен 

байланыстардың  жиынтығынан  тұратын  шешім.  Мысалы,  зауыттың  үлгісі  өзіне  қосады: 

анықтамалық  мәліметтер  (мысалы,  потенциалды  жабдықтаушылар  және  олардың  өнімі 

туралы  толық  мәліметтер);  ұйымның  имитациялық  үлгісі;  экономикалық  есептеу  мен 

болжаудың  әдістемелері;  басқа  ұйымдардың  ұқсас  жағдайларындағы  шешімдер  мен  нақты 

алынған нәтижелер туралы ақпарат; заңнамалық актілердің жиынтығы және т.б. 



Норма  –  қандай  да  бір  облысындағы  мемлекетпен,  саламен  немесе  компаниямен 

заңдастырылған  әрекеттер тәртібі, мысалы, құқық нормасы, тәртіп нормасы. 



Норматив  –  норманың  ұйымдастырушылық,  технологиялық,  экономикалық, 

әлеуметтік көрсеткіші, онымен сәйкес қызмет жүзеге асырылады. 



Шолу – қандай да процестер немесе құбылыстар туралы  қысқа хабарлау. 

Оферта  -  әдетте  коммерциялық  сипатқа  ие,  көрсетілген  шарттар  негізінде  нақты 

немесе  кез  келген  тұлғаға  келісім  жасауға  ұсыну  туралы  шешім.  Оферта  контракттың  екі 

жағының бірі болып табылады. 

Тізім – қандай да бір тәртіп бойынша жіктелген хабарлама. 

Жоспар  –  қызметтің  мақсаттарын  және  нақты  міндеттерін,  оларды  іске  асыру 

құралдарын, әдістері мен уақытын көрсететін шешім. 



Ереже  –  қандай  да  бір  қызметті  реттейтін  заңдар,  қағидалар  мен  нұсқаулықтар 

жиынтығын көрсететін шешім. 



Тәртіп  –  жөнге  салынған  қызмет  үшін  объектілердің  лайықты  орналастыру  туралы 

құжат. 


Қаулы  –  қандай  да  ұйым  үшін  биліктің  жоғары  органының  ұжымдық  немесе  жеке 

шешімі. Әдетте өкім мәртебесі бұйрық мәртебесінен жоғары. 



Қағида  –  ұйымның  дәстүрлерін  есепке  алатын  және  қызметкерлердің  белгілі 

топтарының  орындау  үшін  ұсынылатын  қызметі  мен  тәртібінің  бекітілген  нормаларының 

жиынтығын көрсететін. 

Прейскурант  –  тауарлар  мен  қызметтерге  тарифтерден,  бағалардан  тұратын  

анықтамалық. 



Баспасөз хабарламасы – бұқаралық ақпараттар құралдарында жедел жариялау үшін 

арнайы  бюллетень.  Үкімет  мекемелерімен,  халықаралық  ұйымдармен  және  пресс-бюромен 

құрастырылады. 



51 

 

Бұйрық (жазбаша немесе ауызша) – ұйымда немесе оның ірі бөлімшесінде билікке ие 

басшының  шешімі.  Бұйрық  орындау  үшін  оның  бағыныштыларына  міндетті  және  басшы 

құзыреттілігіне  кіретін  сұрақтар  бойынша  дайындалуы  мүмкін.  Бұйрық  –  бұл  мұрағатта 

сақталатын номативтік құжат. 

Хаттама – қандай да оқиғаларды көрсету туралы шешім. 

Өкім  –  әкімшілік  қызметтерге  ие  емес  басшының  шешімі.  Өкім  әдетте  қауіпсіздік 

техникасы  мен  еңбекті  ұйымдастыру,  технологиясы  сұрақтарына  қатысты  болады.  Ол 

басшының тікелей бағыныштыларымен орындау үшін міндетті. 

Шарт  –  қандай  да  қызметтің  жалпы  жағымды  инфрақұрылымын  қалыптастыратын 

шешім.  


Жарлық  –  парламентпен  бекітілген  мемлекет  басшының  шешімі.  Жарлық  заңның 

күшіне ие. 



Нұсқау  –  әдістемелік,  технологиялық  сипатқа  ие  шешім,  өсиет  немесе  түсіндіру 

формасында жүзеге асырылады. 



Жарғы – қандай да ұйымдардың қызметін реттейтін ережелер жиынтығы. 

2.  Басқару  шешімдерін  жүзеге  асыру  жағдайларына  байланысты  келесі  формаларды 

қолдануға болады: 



Көшірме – қандай да құжаттың аяқталған фрагменті. 

Іскерлік  әңгіме  –  компания  үшін  өзекті,  алдын  ала  ескертілген  тақырып  бойынша 

пікірлермен  алмасу  үшін  басшымен  арнайы  ұйымдастырылған  бағыныштылармен  немесе 

бағыныштылар тобымен кездесуі. 

Іскерлік  ойын  (тренинг)  –  нақты  процестердің  имитациялық  үлгілері  негізінде 

басқарушылық  шешімдерді  дайындау  мен  жүзеге  асыру  бойынша  қызметкерлердің  арнайы 

ұйымдастырылған  қарқынды қызметі. Іскерлік ойын процесінде басқарушылық шешімдерді 

әзірлеу  әдістерін,  технологияларын,    біртиптік  жағдайларын  көп  рет  қайталау  есебінен 

басқарушылық шешімдерді әзірлеу дағдылары бекітіледі

Іскерлік  сөз  –  бағыныштылар  арасында  да,  жоғары  тұрған  басшылар  арасында  да 

басшы беделімен бекітілген бағыныштыға ауызша түрде берілетін басшының берік шешімі. 



Мәжіліс  –  негізінен  ұйымдастырушылық  сұрақтарды  шешу  үшін  тар  кәсіптік 

мәслихат (мысалы, кәсіби комитеттің мәжілісі және т.б.). 



Ақпараттық  хат – мүдделі тұлғаларға жіберілетін келісімге, шартқа, офертаға және 

т.б. анықтаушы мәліметтер жиынтығы. 



Жеке  бастың  үлгісі  –  басқарушылық  шешімдерді  орындау  техникасында  беделді 

адамдарға  еліктеу  әсерін    бағыныштыларда  дамыту  үшін  алдын  ала  дайындалған  сценарий 

бойынша бағыныштылар ортасында басшының әрекеті. 

Әдістеме – қандай да қызметті кәсіби орындау үшін әдістер жиынтығы. 

Өсиет  –  басқарушылық  шешімдерді  сәтті  орындау  үшін  тәжірибені  беру,  үйрету 

мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме. 



Оқыту  –  қандай  да  қызметті  орындау  үшін  жаңа  білімді  немесе  ақпаратты  беру 

мақсатымен  басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме. 



Есеп  –  басқарушылық  шешімдерді  орындау  бойынша  жеке  немесе  ұжымдық 

жасалынған  жұмыс  нәтижелері  туралы  маманның  шешімі.  Есеп  жазбаша  немесе  ауызша 

болуы мүмкін. 

Хат  –  мүдделі  тұлғаларға  немесе  ұйымдарға  жіберілетін  қандай  да  хабарламаның 

мәтіні. 


Ұйғарым    -  бекітілген  мерзімде  шешімді  міндетті  түрде  орындау  туралы  қандай  да 

лауазымдық тұлғаға бағытталған ресми  хабарлама қағаз. 



Мәжбүрлеу  –  қорқытулар  немесе  жоғары  марапаттау  жолымен  БШ  орындауға 

жұмысшыны мәжбүр ету мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. 



Түсіндіру  –  басқару  шешімдерінің  мәні  мен  мазмұнын  түсінікті  ету,  түсіндіру 

мақсатымен  басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. 




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау