М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
5В010900 – Математика мамандығы бойынша
кредиттік оқу жүйесінде оқитын
1-4 курс студенттеріне арналған оқу сараманына
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Әдістемелік нұсқаулық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша ОӘК жасаған және ендірген және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ҚР МЖМБС /5.03.005-2009, Астана негізінде құрастырылған.
Құрастырушылар: Аға оқытушылар Айтенова Г.М., Имангалиева Б. С.
Келісілген:
Келіскен: Сафуллин Е. Н. ____________________________20__ж.
Қызметі: «"Өрлеу " біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»" акционерлік қоғамның филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" директорының орынбасары.
Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
“ _ “_ _2015ж. № _ хаттама.
Бірінші бөлім:
ТҮСІНІК ХАТ
Қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай, әлемдік мәдени – білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді.
Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын – ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық – педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.
Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық сараман негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Бұл әдістемелік нұсқаулық «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетініңі «Кәсіби сараманды ұйымдастыру ережелеріне» және 5В010900 – Математика мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 1-4 курс студенттеріне арналған оқу сараманының жұмыс бағдарламасы сәйкес әзірленген.
Кәсіби сараман университетте окыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылары мен жетік білімділіктің қалыптасуына, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.
Педагогикалық сараман: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді – шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу – тәрбие іс – әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу – тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Педагогикалық сараман мына шарттар арқылы өткізіледі:
- мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің обьектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
- студент оқу іс – әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
- Психологиялық – педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми – зерттеу жұмысына бағыттау;
- Педагогикалық сараманның болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталуы.
Педагогикалық сараманның мақсаты:
Жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық педогогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.
Педагогикалық сараманның міндеттері:
Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;
Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасы сын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;
Пән мұғалімдерінің, оқушылармен психологиялық қызметтің қызметкерлерімен ата – аналарымен ынтақтастықта болу;
Педагогикалық құзырлығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалары) дамыту және қалыптастыру;
Кәсіби педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақты оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі);
Дәстүрлі және жаңашыл технологияларын оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;
Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік қалыптасыру;
Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;
Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.
Екінші бөлім
Бакалавриат даярлаудағы білім берудің негізгі бағдарламасы құрылымындағы педагогикалық сараманның орны.
Педагогикалық сараман университетте оқытылған педагогика, психология, математиканы оқыту әдістемесі, психологиялық – педагогикалық пәндерден алған теориялық біімдерін бекітіп, тереңдету, осы білімдерді оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-тәжірибеде пайдалануды үйретуге бағытталады. Жалпы педагогикалық сараман жалпығылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психолого-педагогикалық даярлықтардың бірігуіне негізделеді.
Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру мен оған жетекшілік ету
Педагогикалық практиканы факультет деканы, кафедраның педагогикалық практика жетекшісі ұйымдастырады. Педагогикалық практиканың алдында ұйымдастыру конференциясы өткізіліп, оған математика және физика, педагогика мен психология кафедрасының әдіскер-ғалым мамандары, оқытушылары қатысады. Онда студенттер практиканың алдына қойылған міндет-мақсатымен, жалпы тәртібімен танысады.
Педагогикалық практика жетекшілерінің атқарар міндеттері:
Кафедра бойынша педагогикалық сараман жетекшісінің қызметі:
1.Педагогикалық сараман өткізілетін мектептерді уақтылы анықтап, олармен байланыста болу.
2.Студенттерді практика өткізілетін мектептерге бөліп, олардың педагогикалық практикаға шығатыны жөнінде ректор атына мәлімдеме дайындап, әдіскерлер тағайындау.
3.Педагогикалық сараман алдындағы ұйымдастырушы және қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру, әдістемелік жадығаттар негізінде көрмелер ұйымдастыру.
Әдіскерлерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау, семинарлар мен кеңестер өткізу.
Әдіскер – оқытушылардың және мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің практика барысында өз міндеттерін жауапты орындауын қадағалау.
4.Студенттердің кейбір сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарына қатысу.
5.Топ жетекшілерінің тапсырған құжаттарының негізінде мектеп қызметкерлерінің ақысын, өзге құжаттарын уақытылы тапсыру.
6.Педагогикалық сараман жұмысының аяқталуымен байланысты есеп дайындап, оны кафедра кеңесі мен ғылыми-әдістемелік кеңесте талқылауға ұсыну.
Пән бойынша әдіскер-оқытушының міндеті:
1. Сараман жетекшісі сараманның алдында білім алушылардың қажетті дайындығын ұйымдастырады, Ұйымдастыру және қорытынды конференцияға қатысу.
2.Студенттерді мектеп мұғалімдерімен келісе отырып, сыныптарға бөлу.
3.Студент-практикант өткізетін пәндік сабақтың,факультативтік сабақтың және сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлы кестесін жасау.
4.Студент-практиканттардың сабаққа, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, оған талдау жасауларын ұйымдастыру.
5.Студенттермен консультациялар ұйымдастырып, оның сабақ жоспарымен конспектісін дағдылы тексеріп, бекітіп отыру.
6.Студенттердің танымдық қабілетін, белсенділігін арттыруда түрлі әдістерді қолданып, қазіргі сабақ үлгісін өткізуді ұйымдастыру, әр сабақтың танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсатына көңіл бөлудге үйрету.
7.Студенттермен мектепте өтілетін семинарлар мен әдістемелік кеңеске қатысу.
8.Студент-практикант өткізген сабаққа қатысып, оған талдау жасау.
9.Студент-практиканттардың оқу-тәрбие жұмыстарын педагогика-психология, физиология кафедраларының оқытушыларымен, мектеп мұғалімдерімен келісе отырып бақылау.
10.Мектеп мұғалімдеріне студент-практиканттармен жұмыс жасау барысында ғылыми-әдістемелік көмектер ұйымдастыру.
11.Студентердің оқу-тәрбие жұмысы бойынша құжаттарын тексеріп, қорытынды бағаларын қою.
12.Сараман жетекшісіне сараман соңындағы топтың есебі мен мектеп қызметкерлеріне төленетін ақысын құжаттарын уақытылы тапсыру.
13.Сынақ құжаты мен кітапшасына студенттердің тиісті бағаларын қою.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндеті:
Мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:
Педагогикалық практиканың көңілдегідей өтуіне жағдай жасау, кезекті практиканың өтуі туралы мектеп мұғалімдерімен, өзге қызметкерлермен, оқушылармен жұмыс жүргізу.
Студент практиканттардың педагогикалық кеңес жұмысына, ата-аналар комитетінің отырысына қатысуына мүмкіндік жасап, олардың жұмыс жоспарларымен таныстыру.
Студент-практиканттың кейбір сабағына, тәрбие жұмысының біріне қатысып, оған талдау жасау.
Педагогикалық сараманның аяқталуымен байланысты мектепте педагогикалық кеңес өткізіп, мүмкіндік болса, университеттегі конференцияға қатысу.
Пән мұғалімінің міндеті:
Мұғалім студент-практикантқа өзінің педагогикалық қызметі, жұмыс жасау стилі туралы айтып, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларымен таныстыру, өзі сабақ беретін сыныптарда үлгілі сабақтар өткізіп. Оны студентпен бірге талдау.
Сабаққа даярлану үстінде студент-практикантқа көмектесіп, кеңес беріп отыру, сабақ жоспарын тексеру, бекіту.
Әрбір студенттің сабағына қатысып, талдау жасап, өз бағасын беру.
Студенттерге жеке жұмыс жасауды, үйірме жұмысын, дәптер тексеру, көрнекі құралдар жасау, т.б. жұмыстарды ұйымдастыру.
Студенттерді бағалап, мінездеме беру.
Мектептегі педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты кеңеске қатысады, сонымен қоса мүмкіндігі болса, университеттегі конференцияға да қатысу.
Студент-практиканттың міндеттері мен құқы
Студент – практиканттың құқығы:
Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.
Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.
Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.
Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.
Студент- практиканттардың пән – мұғалімі және сынып жетекшісі ретіндегі міндеттері:
1.Бойына мұғалімге тән жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізе алатындай, кәсіби дайындыққа ие болуға.
2.Мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігімен топ жетекшісінің талабын орындауға.
3.Өзіне жүктелетін жұмыс түрлерін уақытылы орындауға.
4.Өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарын уақытында дайындап отыруға.
5.Мектептегі педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша өткізілетін кеңеске, университеттегі конференцияға қатысуға.
6.Педагогикалық практикадан кейінгі тапсырылуға тиіс құжаттар мен сынақ кітапшасын топ жетекшісіне белгіленген мерзімде тапсыруға.
Әрбір топ практика барысында өздерінің старостасын сайлайды.Олай болса, староста студенттердің қатысын есепке ала отырып, топ күшімен істелінетін жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті.
Үшінші бөлім:
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы мен мерзімі
Педагогикалық практиканың базасы-ЖББОМ, мектеп гимназиялары,мектеп-лицейі болып табылады.
4 курс студенттерінің мемлекеттік педагогикалық практикасы 8 семестрде 10 апта бойы өтеді.
Бітіруші курстағы педагогикалық практика мектептегі оқу – тәрбиелік процесін ұйымдастырудағы алдыңғы практиканың үйлесімді аяқталуы болып табылады және тұтас педагогикалық процесті басқарудағы білім, іскерлік және дағдыны меңгеруге және диплом жобасы бойынша тәжірибе жұмыстарын өткізуге бағытталған
Төртінші бөлім:
Педагогикалық сараман нәтижесінде студенттерде қалыптасатын кәсіптік құзіреттіліктер
Құзіреттілік қалыптастырылады:
― жоспарлау, болжау, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің негізгі компоненттерін талдау;
― оқыту құралдарының дидактикалық мақсаты мен қызметі және қолданатын әдісіне сәйкес дәрежесін анықтау;
― әдістемелерді ұйымдастыру мен әр түрлі формаларын қолдану және оқу;
― танымдық, еңбектік, қоғамдық, табиғатты қорғау, денсаулық сақтау, ойындық және басқа да оқушылар іс - әрекенінің түрлері;
― оқушыларға оқу кезінде және тәрбие жұмысы барысында оның жеке
дамуын іске асыру;
― педагогикалық процесс жағдайына педагогикалық диагностика өткізу.
Меңгереді:
- Құжаттар /мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б/;
- Өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;
- Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;
- Оқу – тәрбие іс – әрекеттерінің психологиялық аспектісі /сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс – әрекеттің ерекшеліктері, қарым – қатынас, сабақтың микроклиматы/
- Пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;
- Пән бойынша оқушылардың іскерлігі, білім деңгейі;
- Сыныптағы тәрбие процесі / жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субьект – субьекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез – құлық тәртібі /;
Іске асырады:
- Пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс – әрекеті;
- Жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық – педагогикалық талдауы;
- Оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;
- Оқыту әдістерін және қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалану;
- Ата – аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу – тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру /ата – аналар жиналысына дайындық, сұхбаттасу, сауалнамалық сұрақ/;
- Оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;
- Жалпы мектептік тәрбиелік іс – шаралардың психологиялық – педагогикалық талдауы;
- Пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс – шаралар өткізу және дайындық /пәндік кештер, апталық, олимпиада, конкурстар, білім күні;
- Ұжымдық шығармашылық іс – әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс – шаралар өткізу тақырыптар кештер, күзгі баллдар және т.б.
Қатысады:
- Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;
- Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмыстары;
- Сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;
- Кіші педагогикалық жұмыстары /студенттердің/;
- Оқыту іс – әрекетінің анализі және өзіндік анализі;
- Оқушылармен тәрбие жұмыстарының анализі және өзіндік анализі.
Педагогикалық практиканың мазмұны мен көлемі
Негізгі бағыттары:
- мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысу;
- сынып ұжымын және жеке оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;
Педагогикалық практика барысында:
- сынып жетекшісі және алдыңғы қатарлы мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін жинақтау және педагогикалық тәжибелерді талдау;
- педагогикалық қызметті жоспарлау;
- оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
- пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар;
- ата-аналармен жұмыс;
- студенттердің әдістемелік және зерттеушілік қызметі;
- оқушылармен тәрбие жұмысына, кәсіби жарамдылығына өздік баға.
Бітіру практикасының ерекшеліктері:
Студент-практикант:
- сыныптағы және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын зерттейді;
- сыныптың біріндегі сынып жетекшісінің қызметімен танысады (әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, тәрбие жұмысының жоспарын зерттейді т.с.с);
- сынып ұжымын зерттейді (диагностикалық картамен жұмыс);
- педагогикалық практика барысында тәрбие қызметін жоспарлайды;
- оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, сынып ұжымында (КТД) ұжымдық шығармашылық істерді жасап, өткізіп және талдайды;
- сынып жетекшілері әріптестерінің ұжымдық шығармашылық істеріне қатысып және талдау жасайды;
- педагогикалық практика бойынша есеп беруге дайындалады.
Студент-практикант жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша өзінің педагогикалық қызметін жетілдіреді, сондай-ақ:
- оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асырады;
- сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу.
Дайындық кезеңі:
-педагогикалық практиканың тұрақтандыру конференциясына қатысып,педагогикалық практиканың жағдайымен және орнымен танысу (оқушылармен, педагогтармен кездесу);
- практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер;
- педагогикалық практиканың іс қағаздарымен танысу.
- практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау.
Негізгі кезең:
- Сабақтардың конспектілерін құру.
- Дидактикалық жадығаттарды таңдау, көрнекі құралдарын жасау
- Мамандыққа сәйкес пән бойынша сыныптан тыс тәрбиелік шараларды дайындау және өткізу
- оқушылар ұжымына диагностика және педагогикалық практика барысында жұмыс жоспарын жасау;
- диагностикалық карталар көрсеткіштері негізінде қызметті жоспарлау;
- инварианттық модель бойынша жасалынған педагогикалық сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу;
- міндетті ұжымдық шығармашылық істердің кешенін (даму қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың ынтасы, мектептің жоспарлар болжамы, сынып жетекшілері) орындау;
- өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау;
Қорытынды кезең:
- есеп беру құжаттарын дайындау;
- практикадан кейінгі өзін-өзі кәсіби дамыту үшін жеке міндеттерді
қысқа әрі дәл жеткізу.
-педагогикалық практика нәтижесін қорытындылайтын комиссияға практика документтерін даярлау.
-практиканың нәтижесін талқылауға арналған қорытынды конференцияға қатысу.
Студенттердің әдістемелік және зерттеушілік қызметі
Студенттер мұғалімдердің және сынып жетекшісінің әдістемелік семинар жұмыстарына қатысады, әдістемелік бірлестік отырыстарында әртүрлі проблемалар талқыланады: оқушылардың дара ерекшіліктерін ескере отырып педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдері, сыныппен психологиялық және дара жұмыс істеу әдістернің мазмұны, дамудағы ауытқулары бар оқушылармен жұмыста тәрбиелік міндеттерді қысқа әрі дәл жасау. Машықкерлер оқытушылардың жалпы жеке тапсырмаларын орындайды, оларға шығармашылық шешім табуға ұмтылады: жаңа нұсқаны жасайды, нәтижеге жетудегі дәстүрлі жолдарды өзгертеді, тапсырманы орындаудың жаңа түрлері мен құралдарын пайдаланады.
Студенттер диплом және курстық жұмыстардың тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеушілік ізденістер жүргізеді, педагогикалық проблемаларды шешуге пәнаралық байланысты орнатуды үйренеді, сабақта және сыныптан тыс жұмыстардағы тәрбиелік міндеттердің дәстүрлі емес шешімдерін табады, оқушыларды бақылайды және алынған нәтижені талдайды; модульді дидактикалық құрылыммен жұмыс істейді; педагогикалық эксперимент жүргізіледі, қорытынды және тұжырым жасайды. Зерттеу нәтижелерін ғылыми баяндама түрінде рәсімдейді.
Бесінші бөлім.
Шығармашылық тапсырма
1) Сынып жетекшісімен танысыңыз, олармен сынып оқушылар жөнінде әңгімелесіңіз. Диагностикалық карта негізінде алдын-ала сұрақтар тізімін анықтаңыз. Оқушылар жөнінде ауызша хабарлама жасаңыз.
2) Мектеп бойынша кезекшілік уақыттындағы оның сыныбын, оқушылар және сынып жетекшілерінің қызметі туралы біліңіз.
3) Оқушылардың үйіне баруға сұрақты ойлаңыз, оны сынып белсенділерімен бірге істеңіз (кімге барасыз, бару мақсатыңыз, олардың проблемаларын қызықтыратын сұрақтар бойынша ата-аналарға нұсқаулар).
4) Әртүрлі қызмет түрі бойынша педпрактика кезеңінде сынып оқушыларымен бірге жоспар құрыңыз. Жұмысты жоспарлауда оқушыларды тарту тәсілдерін ойластырыңыз. Ұсынылған тәрбиелік шаралары өткізу қажеттілігін дәлелдейтін және оны орындалу ақиқаттығына жету. Тәрбиелеушілердің арнайы іскерлік, дағдысын ескеріңіз, олардың жақсы көретін сабақтарын, белгіленген жоспарды орындау бойынша қызметтің әртүрлі түрлерінде олардың бейнеленуіндегі шығармашылық қабілеттер.
5) Ата – аналар жиналысынан бір тақырыпты таңдаңыз да, толқылауға сұрақтарды ойлаңыз.
6) Оқушылар жиналысын өткізуді қамтамассыз етіңіз, оны сыныптың белсенділерімен бірге дайындаңыз, өзіңіздің бағытыңызды, ақыл-кеңес және ұсыныстарды ойлаңыз.
7) Мектеп алаңын тазалау бағдарламасының белгілеңіз (басы, жауапты адамдар, құралдары, қорытынды шығару).
8) Өзінің қызығушылығы және пән мамандықтары бойынша бірінші үйірме сабақтарына хабарлама дайындаңыз (жұмыстың мазмұны, үйірме мүшелеріне қойылатын талаптар, олардың қызығушылықтарын дамыту т.б.).
9) Енжар оқушылардың белсенділігімен инициативасын қалыптастыруда қызметтің әртүрлі түрлеріне тарту жөнінде бірқатар іс-әрекеттерді белгілеп қойыңыз.
10) Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құруға оқышаларға көмектесіңіз, оны орындаудағы оқушылардың әрекеттері және оның негізгі бағыттарын талқылаңыздар.
11) Оқушылардың әртүрлі тапсырмаларының мазмұнын ашыңыз, оны орындау тәсілдерін жазыңыз. Сынып белсенділерімен бірге тапсырмалардың тізімін құрыңыз.
12) Мектепте оқу-тәрбие жұмысында оқушылардың жас ерекшіліктерін сынып жетекшісі және пән-мұғалімдері қалай есепке алатынына бақылау жүргізіңіз.
13) Дайындауға қойылған негізгі және қосымша міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан, сынып сағатының бір түрін жүргізу әдістемесіне талдау жасаңыз.
14) Қыин оқушылардың мінез-құлқын түзету үшін қолданылатын сынп жетекшісінің педагогикалық ықпал ету әдістері туралы қорытынды жасаңыз.
15) қоғамдық пайдалы еңбекке оқушыларды баулу мақсатындағы сынып жетекшісінің қолданылатын тәрбие тәсілдері мен құралдарын көрсетіңіз.
16) Сынып жұмыстарындағы кемшіліктерді анықтаңыз, оны жою және өзін-өзі басқару органдарының қызметін жетілдіру бойынша іс-әрекетті белгілеңіз.
17) Жеке педагогикалық міндеттерді жазыңыз және оны шешу жолдарын көрсетіңіз.
18) Сынып ұжымының тәрбиелік және даму деңгейіне байланысты тақырыптарыңыздың бірі бойынша оқушылармен әңгіме жүргізу конспектісін жасаңыз. Сынып жетекшісімен әңгіменің мазмұнын талдаңыз, оқушылармен сұрақтармен талқылау үшін әңгіме мазмұнын сыныптың тәжірибе ісімен байланыстырыңыз.
19) Диагностикалық карта және басқада оқушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, сыныпқа толық мінездеме беріңіз.
20) мұғалім мамандығы туралы оқушылардың пікірлерін айқындау. Қандай тартымды және тартымсыз жақтары олар көретінін біліңіздер. Мұғалім болғысы келетін оқушылардан мұғалім мамандығын таңдау мотивін нақтылаңыз.
21) Оқушыларды педагогикалық университетке экскурсияға әкеліңіз, факультеттер туралы айтыңыз, мұражайларды, лабораторияларды көрсетіңіз; университетті бітірушілермен және оқытушылармен кездесу ұйымдастырыңыз.
22) Сабақта жаңа материалды баяндау тәжірюиесін зерттеу. 2-3 сабаққа қатысыңыздар, мұғалім сабақта жаңа материалды қалай түсіндіретінін бақылаңыз, тақырып бойынша сабақ жүйесінде оқу үрдісінің кезеңдерін, оның танымдылық-тәрбиелік мәнділігін анықтаңыз, оқушылардың түсінгенін, мұғалім қалай тексеретінін бақылаңыз; жаңа материалды баяндауда оқушыларға жаңа тұрғыдан келуді қалай жүзеге асырады; жаңа білімдерді меңгеру мен жаңа материалды қабылдауға (ереже, заң, ұғым) мұғалім оқушыларды қалай дайындайды. Бақылаудан қорытынды жасаңыздар.
23) Сабақта жаңа білімді бекіту және оқушылардың тәжірбиелік іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірбиесін зерттеңіздер:
- әр пән бойынша _____ сыныптың 2-3 сабағына қатысыңыз, бақылаңыз, мұғалім қалай сабақта білімді бекітеді; күшті және нашар оқушылармен білімді бекіту бойынша жұмысты қалай ұйымдастырады; сабақта білімді бекітуде өзбетіндік жұмыстардың алатын орны, оның тиімділігі, мақсаттылығы қандай. Бақылау нәтижесін шығарыңыз.
24) Сабақта оқушылармен педагогикалық талаптарды орындауды зерттеңіз.
- сыныпта 2-3 сабаққа қатысып, оқушылар педагогикалық талаптарды қалай орындайтынын бақылаңыз. Бақылаудан қорытынды жасаңыз.
25) сабақта педагогикалық техника элементтерін зерттеңіз.
- сыныптағы 2-3 сабаққа қатысыңыз, мұғалім педагогикалық элементтерді қалай пайдалатынын қараңыз (мимика, понтономиканы меңгеруі; көңіл-күй, эмоцияны басқаруы; әлеуметтік-перцептивті қабілеті: зейіні, байқағыштығы, қиялдануы; Сөйлеу техникасы: дем алуы, дауысты қою, дикциясы, сөйлеу тепмі; оқыту және тәрбие үрдісінің технологиялық жағы: дидактикалық, ұйымдастырушылық, құрастырушылық, коммуникативті іскерлігі; қарым-қатынас стилі: гуманистік, демократиялық т.б.) мұғалім әдістерінің арсеналы қорытынды жасау.
26) Сабақта оқушыларға жеке тұрғыдан келуді жүзеге асырудағы мұғалімнің тәжірбиесін оқып-үйрену.
- сыныптың 2-3 сабағына қатысыңыз, сабақта оқушыларға жеке тұрғыдан келуді тәжірбиеді мұғалім қалай жүзеге асырады. Мұғалім жеке оқушы мен сынып қызметін қалай қарайтынын зерттеңіз, өз бақылауыңыздың нәтижесін жазып қойыңыз және жеке оқушы мен сынып ұжымына психологиялық сипаттама береді. Білімді бекіту, алдыңғы материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеруде оқушыға мұғалімнің жеке тұрғыдан келуін неден байқалатынын анықтаңыз. Бақылаудың нәтижесін шығарыңыз.
27) Алдыңғы материалды қайталау және үй тапсырмасын тексеруді жүзеге асыру сұрақтарын оқып-үйреніңіз:
- сыныптың 2-3 сабағына қатысып, өткен материалды қайталау және үй тапсырмасын тексеруді мұғалім қалай жүзеге асырады. Үй тапсырмасын тексеру уақытында оқушылардың зейінділік деңгейлеріне көңіл аударыңыз; үй тапсырмасын түсіндірудің болуы немесе болмауы. Бұл жұмысты өткізу әдістемесін оның тиімділігік тұрғысынан қарастырыңыз. Бақылаудан қорытынды жасаңыз.
28) Пән мұғалімінің тәрбие жұмысының тәжірбиесін оқып – үйрену.
- бекітілген сыныпта 2-3 сабаққа қатысыңыз, сабақта тәрбие жұмыстарын қалай жүзеге асырады. Адамгершілік саналарының қалыптасуына, мұғалім және оқушының өзара іс-әрекет жасау сипатына, қатынас стиліне көңіл аударыңыз, оқушы жеке басына мұғалім қандай тәрбиелік ықпал жасайтынын оқып-үйрену (сыртқы түрі, сабақтағы мұғалімнің мінез-құлқы: белсенділік деңгейі, эмоциялық жоғарлауы, ұстамдылығы, сенімділігі, сергектігі); оқушыға деген қарым-қатынасы (сыйластық және сезгіштігі, талап қоющылығы және әдептілігі, бағалаудағы объективтігі және көмек көрсетуге ынталылығы); мұғалімге деген оқушының қарым-қатынасы (сыйластығы, қарапайымдылығы, сенімді, тыңдаушылығы); балалар құқығын сыйлау, оның дара ерекшеліктерін есепке алу.
Мектептегі қорытынды жиналыс
Жиналыс мақсаты – студенттердің педпрактикасының қорытындысы шығарылады. Жиналысқа барлық студент топтарв, университете кафедрасының өкілі, мектеп директоры немесе оның орынбасарлары, пән-мұғалімі және сынып жетекшісі.
Бұнда студенттер өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары туралы есеп береді, қиыншылықтар кездескен жұмыстың себептерін талдайды. Пән-мұғалімі және сынып жетекшілері студенттердің жұмыстарына мінездеме береді (оның мазмұнына, оқушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынастар, студенттің жұмысқа деген қарым-қатынасы), жасалған жұмыстарына баға беріледі, болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттердің сапасын жетілдіру туралы пікірлерін, ұсыныстарын айтады.
Мектеп әкімшілігі студенттердің барлық топтарына баға береді, кейбір студенттерге сын пікірлер және тілектер айтылады. Студенттер оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың кейбір бағыттары бойынша жұмыс тәжірибелерінен қорытынды жасап сөйлей алады.
Сондай ақ жауап беру ретінде топ жетекшісі және 1-2 студент сөз алады. Үш күндік мерзімде педпрактика біткеннен кейін факультеттерде комиссия құрылып, студент-практиканттардың қорғау есептері тыңдалады. Қорғау нәтижесінің негізінде, мектептегі педагогикалық кеңесте алған бағасы, құжаттарды талдауда барлығын жинақтай келе студентке педагогикалық практикасы үшін жалпы баға қойылады. Баға әдіскерлер кеңесінде, пән-әдіскерінің пікірін ескере отырып, әдіскер-педагогтер мен психологтардың пікірлерімен санаса келе талқыланады.
Педагогикалық практика бойынша кіріспе және қорытынды конференция
Кіріспе конференция студенттерді педагогикалық практика кезінде мектептер және онда жасайтын жұмыс ауқымын айқындау бойынша өткізіледі.
1) Кіріспе және қорытынды конференциясының уақытын педпрактика меңгерушісі мен деканат, директораттармен келісім бойынша факультет жетекшісі тағайындайды.
2) Конференцияға барлық әдіскерлер мен деканат директорат өкілдері қатысады.
3) Факультет жетекшісі конференцияға мектеп администрациясы мен оқу және тәрбие жұмыстары бойынша әдіскерлерді (төлемақы) шақырады.
4) Кіріспе конференцияда шығып сөйлейтіндер: практика меңгерушісі, факультет басшысы, оқу тәрбие жұмыстары бойынша факультет жетекшілері, кітапхана жұмыскерлері.
5) Студенттерді педпрактиканың мақсатымен, міндеттерімен, оның мазмұнымен, студенттердің міндеттерімен, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі проблемалары мен педагогикалық этика мәселесімен, мектептер бойынша студенттерді бөлу туралы бұйрықпен таныстырады.
Қорытынды конференцияда педагогикалық сараман қорытындысы шығарылады. Бұған мүмкін болса кіші курс студенттерін шақырған дұрыс. Қорытынды конференцияда студенттердің әрбір мектептегі топтарының есептері тыңдалады. Сонан соң оқу және тәрбие практикасы бойынша әдіскерлер шығып сөйлейді. Пән бойынша факультет жетекшісі жалпы қорытындысын шығарып, педагогикалық практиканың бағасын жариялайды. Осы конференцияға студенттердің практикадағы оқу-тәрбие жұмыстары бойынша көрмелер ұйымдастырылады (қабырға газеті, тақырыптық қабырға сөрелері, фотографиялар, үлгілер, кестелер, макеттер). Видеожазбалар арқылы сабақтар, сыныптық шаралар көрсетуге болады.
Қорытынды шығаруда практика кезінде студенттердің ұшырасқан қателіктері және оларды болдырмау жолдарын табу.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіру туралы пікірлермен ұсыныстарды ескеру, жинақтау.
Алтыншы бөлім.
Педагогикалық сараман кезінде студенттердің оқу-әдістемелік, ақпараттық,материалды –техникалық қамтылуы
Топтық және даралық кеңестер
Кеңес мақсаты – машықкерге сабақты және тәрбие шараларын даярлауға әдістемелік көмек көрсету.
Әдіскерлер міндеттері – студенттердің дидактикалық немесе тәрбиелеушілік міндеттерді шешудің жолдарын айқындауға көмектесу; қиыншылықтардан шығу жолдарын табуға, оқу-тәрбие жұмыстарында қателіктер мен кемшіліктердің себептерін болдырмау жолдарын іздеу.
Кеңес аптасына бір-екі рет жүргізіледі. Сараман басында «Сараманның алғашқы аптасы» тақырыбына топтық консультация өткізілу қажет.
Мектепте студенттермен бірге «студент-практикант бұрышы» - онда қажетті ақпараттар орналасуы қажет. Дара түріндегі консультация график бойынша жүргізіледі. Графикті сабақ пен, сынып сағаттары кестесіне сәйкес әдіскерлер құрастырады.
Педагогикалық сараманның нәтижелеріне баға беру
Педагогикалық сараманның қорытындысы бойынша, студенттер сәйкес кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі және консультантымен тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Студенттердің педагогикалық практикасының бағасы мектепте өткізілген педагогикалық кенестің қорытынды бағасымен комиссия мүшелерінің қойған бағасы арқылы қорытындыланады.
Педагогикалық практика нәтижесін қорытындылайтын комиссия мүшелері:
1. Кафедра менгерушісі
2. Жұмыс беруші.
3 Физика, математика кафедрасың әдіскері.
4 Педагогика кафедрасының
5 Мектеп гигиенасы бойынша әдіскер.
Педагогикалық сараманның нәтижесін бағалаудың негізгі критериялары төмендегідей болып табылады:
- кәсіби – педагогикалық іскерлікті қалыптастыру сатысы;
- өзінің практикалық қызметінде (оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері) студенттердің теориялық түсіну деңгейі;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылық деңгейі, олардың әлеуметтік белсенділігі (педагогикалық мамандыққа қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, жұмысқа деген жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынас т.б.).
Студенттердін педагогикалық сараманының нәтижелеріне негізгі баға беру өлшемдері мыналар:
- студенттердің өз мамандығы бойынша теориялық дайындық деңгейі;
- "мұғалім-оқушылар" жүйесіндегі педагогикалық ерекшеліктерін білу;
- тұтас педагогикалық процестің ізгілендіру жағдайында тұлғалық бағдар негізінде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыра білу;
- кәсіби педагогикалық іскерліктің қалыптасуы;
- оқушының жеке тұлғасын зерттеу және тұтас оқу-тәрбие жұмысын зерттеу әдістемесін меңгеру;
- сыныптағы педагогикалық процесс жағдайын меңгеру үшін зерттеу әдістерін қолдана білу, оны жоспарлау және түзете білу іскерлігі;
- студенттердің кәсіби педагогикалық бағыттылық денгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағыттау, әлеуметтік белсенділігі, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы , педагогикалық практикаға қатынасты.
Баға критериі
|
Әріптік
|
Сандық
|
Пайызбен
|
Дәстүрлі
|
Студент сабақ пен кластан тыс тапсырмаларды жоғары ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде орындаса, оқытудың жаңаша әдістерін оқушылар белсенділігіне сай қолданса және оқу дидактикалық жадығатты талдауды өзіндік шығармашылық іскерлігін танытқан болса
|
А
|
|
95-100
|
Өте жақсы
|
Сабақта білімділік-тәрбиелік міндеттер нақты қойылған және тиімді шешілген болса; оқытудың алуан түрлі әдістері, оқушылардың жаса мен жеке басының ерекшеліктері ескерілумен, олардың белсенділігін арттырудың тәсілдері ұжымды үлгіде қолданылған болса
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
Өте жақсы
|
Сабақ сәтіндегі және сыныптан тыс оқу жұмысы жоғары ғылыми дәрежеде өткізілсе; егер онда білімділік пен тәрбиелік міндеттер ойдағыдай шешімін тапса;бірақ оқушылар белсендігін арттырудың жекелеген әдістемелік тәсілдері жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмаған болса
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
Сабақта білімділік пен тәрбиелік міндеттер ойдағыдай шешімін тапса,студент психологиялық-педагогикалық теориядан білімін, оқу және дидактикалық жадығатты іріктеп алуда өзіндік іскерлікті толық көрсетпесе сонымен бірге сабақ өткізу мен құрылымында азғана кемшіліктер жіберсе .
|
В
|
|
80-84
|
Жақсы
|
Егер студент психологиялық-педагогикалық теориядан білімін, оқу және дидактикалық жадығатты іріктеп алуда өзіндік іскерлік көрсеткенімен, өткізу мен құрылымында бірер қателер жіберген болса
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
Жақсы
|
Сабақта білімділік пен тәрбиелік міндеттер ойдағыдай шешкенмен, оқытудың әдістерін жеткіліксіз қолданса
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
Студент білімдік- тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда қателіктер жіберген болса, психологиялық-педагогикалық теорияны,оқушыларды танымдық қызметке белсендіре алмаса
|
С
|
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
Оқу жадығатын түсіндіруде елеулі қателіктер жіберген болса,оқушылармен байланысты үнемі жасай алмаса, сабақты талдау кезінде өзінің қателіктерімен кемшіліктерін байқамаған
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Жетінші бөлім. Студенттерге құжаттар дайындауға қажетті үлгілер
І. Оқушы тұлғасын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мінездеме беру үлгісі.
Оқушы туралы жалпы мәлімет.
тегі және аты, туған күні,айы, жылы, сыныбы, жалпы физиологиялық дамуы,денсаулығы, жанұя жағдайы, жанұя тәрбиесінің ерекшеліктері.
Оқу іс-әркеті;
Оқу үлгерімі (басым бағалары т.б.)
Жалпы ақыл-ой дамуы; (дүниетанымы, сөздік қоры, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білуі т.б.)
Танымдық процестер сипаттамасы:
Оқу материалын қабылдау ерекшелігі
Зейіні (ырықты зейіннің даму деңгейі, оның тұрақтылығы, шоғылануы, бөліну қасиеттері).
Ойлау ерекшеліктері (заттар мен құбыластарды ажырата алама, салыстыру,қорытындылау, жалпылау,талдай алама, оқу материалын ұғыну шапшандығы).
Қиялдың дамуы (қиялдың басым түрі).
Оқу қабілеті:
Оқу процесінде өз бетімен жұмыстануы
Оқуға қатынасы (танымдық қызығушылығы, бағаға, мадақтауға қатынасы, негізгі оқу мотивациясы )
Оқу қабілеті (күн режимін сақтау, жоспарлай білуі, оқу іс-әркетіне жинақылығы мен тәртіптілігі, кітаппен жұмыстана білуі және т.б.)
Еңбекке қатынасы;
Еңбектене білеме, әлде немқұрайлыма, еңбекке икемділігі мен ептілігі, жинақылығы мен тәртіптілігі, қандай еңбек түріне икемді, үйде және мектепте еңбек әрекеттерін орындауы т.б.
Қоғамдық жұмыстарға қатынасы;
Сынып өміріне қатынасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы, сыныптастарымен бірігіп әрекет етуі, белсенділігі.
Сыныптас жолдастарымен және мектеппен қатынасы;
Сыныптағы орны, сыныптастарына көзқарасы, кіммен дос, сыныптастарымен арасында дау-жанжал болама, оның себебі, мектепке көзқарасы және т.б.
Оқушының тәртібі;
Оқушы тұлғасының мінезі, қабілеті мен темпераменті.
Қажеттіліктері мен қызығушылықтары
өзіне және қоршаған ортаға қатысты ерекшеліктері (мейірімділігі, қарапайымдылығы, ұжымшылдығы, шынайылығы, адалдығы өзімшілдігі т.б.)
мінезінің жағымды және жағымсыз қасиеттері
темперамент типі және ерекшелігі
көңіл-күйінің ауыспалылығы немесе тұрақтылығы,
белгілі іс-әрекетке қабілеттілігі және оның көрінуі.
Жалпы түйіні:
Оқушы тұлғасының басты ең жақсы қасиеттері және кемшіліктері, мінезіндегі ауытқушылықтың себебі.
Оқушы тұлғасының дамытып, қалыптастыруға бағытталған негізгі тәрбие жұмыстары.
ІІ. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Студенттің сарамандық
жеке жоспары
Аты-жөні.........................................................
Мамандығы...................................................
Мектеп №.......................................................
Мекен-жайы...................................................
Пән мұғалімі .....................................
Сынып жетекшісі............................
Әдіскер................................................
Орал – 2016 жыл
Оқу үрдісі
Күні
|
Сабақтың тақырыбы
|
Орындалуы туралы белгілеу
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бекітемін:
Тәрбие жұмысы бойынша әдіскер_______________________
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы
Күні
|
Сыныптан тыс (тәрбие жұмысы бойынша және тәжірибеленушінің өзі өткізген немесе қатысқан тәрбие жұмысының аты)
|
Орындалуы туралы белгілеу
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бекітемін:
Тәрбие жұмысы бойынша әдіскер_______________________
Сабақтан тыс пән бойынша жұмыстар
Күні
|
Сыныптан тыс (пән бойынша және тәжірибеленушінің өзі өткізген немесе қатысқан жұмысының аты)
|
Орындалуы туралы белгілеу
|
Бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бекітемін:
Тәрбие жұмысы бойынша әдіскер_______________________
Сараман кезінде мынадай жұмыстарды атқарды
|
Саны (цифрмен және жазумен)
|
1. Мамандығы бойынша сабаққа қатысты
|
|
2. Басқа пәндерден сабаққа қатысты
|
|
3. Мамандығы бойынша сабақ өткізді
|
|
4. Сабақтан тыс және тәрбие шаралары
|
|
Оқу жұмысының қорытындысы
|
Тәрбие жұмысының қорытындысы
|
|
|
Мектеп директоры_______________________________________________________
Педагогикалық тәжірибенің қорытынды бағасы______________________________
ІІІ. (Титульный лист)
Педагогикалық сараман күнделігі
Студент – машықкер_____________________________________________
Мамандық _______________ курс_________
Сараман _________________ облысы _________________ аудан
ЖББ №_______________орта мектебінде өтеді
_________________________________сыныпта
____________ күннен _______________ дейін
Мектептің мекен - жайы______________________________________
Телефон____________________________________________________
№ 1 бет
Журналдың соңғы бетіндегі формасы бойынша оқушылардың тізімі
Оқушылардың сыныптағы орналасу жоспары
Мектептің қоңырау кестесі
Пән бойынша мұғалімнің сабақ кестесі
Бекітілген сыныптың сабақ кестесі
Топтағы студент – машықкерлердің сабақ кестесі
Күні
|
Оқу – тәрбие жұмысының мазмұны
|
Оқу – тәрбие жұмысын талдау
|
Оқушыны (сыныпты) зерттеудегі ақпарат
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |