52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 1,48 Mb.
бет5/14
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Рельстерді шпалдар мен брустарға қолмен және балдақ қағатын құрылғымен бекіту.

Рельстерді төсемдерге клеммалы бқрандамалармен жеке бекітпелермен бекіту.

Рельстерді электр кескіш станокпен кесу.

Рельс саңылауларларын электр бұрғысымен бұрғылау.

Төсемдерді темір бетонды шпалдарға бұрандашегені бекіту мен электр кэлектр кілтімен бекіту.

Рельстік саңылауларды гидравликалық екпінді құрылғылармен темір бетонды шпал, тақта, блокты жол аудандарында реттеу.

Рельс шпалды торлома орналасуын гидравликалық тегістеуші құрылғымен темір бетонды шпалды жол аудандарында реттеу.

Қадалар ені мен деңгейі бойынша жолды темір гидравликалық және электрлік құрылғымен және ағаш шпалды аудандарда электрлік құрылғы арқылы өлшеу және түзеу.

Рельс шпалды торлама элементтерін темір бетонды шпал, тақта, блокты жол аудандарында жеке ауыстыру.

Автоматты блокадалаудың рельстік сымдарын жарамды жағдайда күту және жөндеу.

Аралық және торапты рельстік бекітпені электрлік құрылғы арқылы жинау және бөлшеутеу.

Торап, оқшау рельстік тоғысқан жерлерде және су бұрғыш темір бетонды арнашықтардағы темір бетонды төсемдерді монтаждау және демонтаждау.

Бағыттамалы бұрмаларды қарау және күту

Бағыттамалы бұрмалардағы ақауы бар бекітпе бөлшектерін жеке ауыстыру.

129. Білуге тиіс:

Темір бетонды шпал, тақта, блокты жол аудандарындағы жолды күту нормалары;

рельстік сымдары және автоматты блокадалауы бар аудандардағы жолды күтуге ұсынылатын жабдықтар мен талаптар;

Жолдың жоғарғы құрылысын электрлік, пневматикалық құрылғылар мен механизмерді пайдалана отырып құрылған құрылым орналасуын монтаждау, демонтаждау және реттеу бойынша жұмыстарды өндіру ережесі;

Электрлі рельс кескіш, электрлі бұрғылау станоктары және электрлік, пневматикалық құрылғыларды пайдалану жабдықтары, ережесі;

Жолдың жоғары құрылысы құрылымының темір бетонды негізді ауданда орналасуын реттеу ережесі.




4-параграф. Жол жөндеуші

5-разряд


130. Жұмыс сипаттамасы.

Жолдың жоғары құрылысы қүрылымын монтаждау, демонтаждау және жөндеудың күрделі жұмыстарын орындау.

Рельстерді ұзындығы бойынша таңдау және оларды бұрыштық және қалып бойынша орналасуын тексеру.

Бунақсыз жолдағы пісірілген рельсті бунақтардың соңғы орналасуын реттеу.

Торапсыз жолдағы рельстік бунақты аудандардың ақауларын ауыстыру.

Рельс шпалды торламаны темір бетонды тақта, блокты жол аудандарында реттеу.

Қадалар ені мен деңгейі бойынша темір бетонды тақта, блокты жолды өлшеу және түзеу.

Иірімді орындардағы жолды реттеу.

Торламасыз жолдағы температураның есептелген аралығына рельстік бунақтарды енгізу.

Жолдың шөккен жерлерін еселеп дырыстау.

Контррельстерді монтаждау және орнату.

Деңгейлі жабдықтарды монтаждау және демонтаждау.

Қуып кетуге қарсы құрылғыны монтаждау.

Рельс шпалды торлама элементтерін торламасыз жол аудандарында жеке ауыстыру.

131. Білуге тиіс:

Торламасыз жол мен бағыттамалы бұрма құрылымы, күту нормалары;

Торламасыз жол монтажын өндіру ережелері;

Жолдың жоғары құрылысын орналастыру сапасына қойылатын талаптар.

5-параграф. Жол жөндеуші

6-разряд

132. Жұмыс сипаттамасы.

Жолдың жоғары құрылысы қүрылымын монтаждау, демонтаждау және жөндеудың аса күрделі жұмыстарын орындау.

Бағыттамалы бұрма мен олардың шпалдар мен брустарға бекітілген орындарын монтаждау және демонтаждау.

Жолды жобалы орынға орналастыру үшін жылжытуды есептеу.

Бағыттамалы бұрма мен бұрмалы механизмді пайдалану кезінде реттеу.

Релстерді ұзындығы бойынша таңлдау және жасанды құрылыстың көпір брустарында бұрыш бойынша орналасуын тексеру.

Майысу бағыты бойынша имек жолды өлшеу.

Жолдың айналмалы және ауыспалы қисықтарын жобалы орнына орналастырған кезде нысаналау және ажырату.

Өсімдіктер өскен кезде және шөкекен кезде бағыттамалы бұрма пішінін реттеу.

Жолдың бұрмалы аудандарына қысқа рельстерді есептеу және таңдау.

Инвентарлық рельстерді бұрғылау бунағымен ауыстыруға арналған құрылғыны орнату және жанасу тораптарын реттеу.

Иірімді орындардағы жолды оптикалық аспап арқылы реттеу.

Түйіндерді түйін жинау желісіндегі жинау станоктарына жинау.

133. Білуге тиіс:

Бағыттамыл бұрманы монтаждау және демонтаждау жұмыстарын іске асыру ережелері;

бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру және реттеу жұмыстарын іске асыру ережелері;

майысу бағыты бойынша имек жолды өлшеу әдістері;

жолдың бұрмалы аудандарына қысқа рельстерді таңдау әдістері;

түйін жинау желісіндегі жинау станоктарының құрылымы және жұмыс жасау принциптері.

134. Ескерту.

Күрделі инженерлік геологиясы бар асулы аудандардағы (мари, карсты, батпақ, көмбе мұз, көшкін және басқа), рекуперативті тежегішті аудандардағы жасанды құрылыс пен жер төсеміндегі жолды күту және жөндеумен айналысатын, сонымен қатар сұрыпталатын теміржол станцияларының төбешікті және төбешік асты жолдарында қызмет ететін жол жөндеушілер бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

37. Айналдыратын дөңгелек моторисі

2-разряд


135. Жұмыс сипаттамасы.

Жұмыс көлемі тәулігіне 70 локомотивке дейінгі электр немесе пневможетектердің көмегімен айналдыратын дөңгелектерді басқару.

Айналдыратын дөңгелек фермаларына локомотивтің орнатылуын реттеу.

Айналдыратын дөңгелек құрылғысына қызмет көрсету, жөндеп ұстау және күту.

Қызмет көрсетілетін дөңгелекті реттеу және сынау.

Басқару кабинасында бекітілген магнит жібергіштер мен кнопкалы өшіргіштерді жинау және монтаждау.

Айналдыратын дөңгелек механизмдерінің бөлшектерін тазалау және майлау.

136. Білуге тиіс:

айналдыратын дөңгелектің және оның механизмдерінің құрылымы;

айналдыратын дөңгелек фермасындағы локомотивті орнату ережесі;

айналдыратын дөңгелек айлабұйымдары мен механизмдерінің бөлшектерін майлау және күту ережесі;

дөңгелек жұмысындағы сигнал беру, электр қозғалтқыш режимі.

Жұмыс көлемі тәулігіне 70 локомотивтен асатын дөңгелекті басқаруда - 3-разряд.

38. Паровоз қазандықтарын жылы сумен шаятын моторис

3-разряд

137. Жұмыс сипаттамасы.

Паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаю және жандырмай салуға арналған сорғылар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету.

Паровоз қазандықтарын циркуляциялық салқындату.

Паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаю және жандырмай толтыру.

Қазандықты шаюға арналған химикаттарды пайдалана отырып жылы судың берілген температурасын дайындау.

Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша оның деңгейін және температурасын бақылау және паровоз қазандықтарына су жіберу.

Паровоз қазандықтарын қысыммен сығымдау.

138. Білуге тиіс:

түрлі жүйедегі паровоз қазандықтарының, бу су аккумуляторларының, сүзгілердің, электр қозғалтқыш сорғыларының құрылымы;

жабдықтарды жөндеу және жарамды қалыпта ұстау ережесі;

паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаж және жандырмай толтыру технологиялық процесі.

39. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы
1-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

4-разряд

139. Жұмыс сипаттамасы.

Электрлік, пневматикалық, гидравликалық жол жабдықтарының, рельстерді жөндеуге арналған станок, іштен тұтанатын қозғалтқыштың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалана отырып баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу.

140. Білуге тиіс:

Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы;

қызмет көрсетілетін құрылғыны, станоктарды, ішкі жанып қозғалтқышты баптау және реттеу ережелері;

ақауларды ескерту және жою әдістері, элект техникасы, пневматика, гидравлика бойынша қажет мәліметтер;

қолданылатын бақылау-өлшеу құрал-жабдықтарының міндеті және құрылғысы.

2-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

5-разряд

141. Жұмыс сипаттамасы.

Рельстік бунақты, жол өлшеу арбасын тасымалдауға арналған арнайы баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу. Сәйкес бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалана отырып қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер ақауларын анықтау.

142. Білуге тиіс:

Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы, жол өлшеу арбалары құрылымы;

оларды баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану ережесі;

электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика туралы қажет мәліметтер;

ақауларды ескерту және жою әдістері.

3-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

6-разряд

143. Жұмыс сипаттамасы.

Бағыттамалы орындардағы пневмоүрлеу және электрмен қыздыру механизмдерін баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу құрылғыларды монтаждау және реттеу, бақылау шкафтары мен электрлі изоляцияларды бақылау және күту, электр жабдықтарын, электр клапандарын реттеу.

Тораптарды, механизмдер мен жол жоңғыларын, жоңғылы, плугты қар тазалағыштарды, арнайы құрамды басқару жүйесін энергетикалық құрылғылы торапсыз жолдың рельс бунақтарын, құрамдастырылған жолда әмбебап жол машиналарын, қар тазалағыш жоңғыларды, хоппер-мөлшерлегіштер, думпкарларды, жол торларын тасымалдауға арналған машиналарды тасымалдау үшін баптау және реттеу.

Сәйкес бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалана отырып қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер ақауларын анықтау және жою.

144. Білуге тиіс:

Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы, қызмет көрсетілетін машинаның электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика аппаратурасы туралы қажет мәліметтер;

ақауларды ескерту және жою әдістері.

4-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

7-разряд

145. Жұмыс сипаттамасы.

Тораптарды, механизмдер мен электрлік, пневматикалық, гидравликалық жүйелерді, өзі жүретін жол жөндеу лездемелерін, қар жинайтын поездарды, роторлық қар тазалағыштарды, электрлі балластерлеу, тығыздап жинау машиналарын, жыраларды жөндеу машиналары, жолдағы рельстерді жөндеу машиналары, рельстерді өңдегіш поездар, суаратын поездар, түйіндерді орналастыру машиналары, жол торламасын, бағыттамалы бұрманы, түйін жинағыш, ажыратқыш, шпал жөндеу желісі, ұсақталған тастарды (баластты) тазалағыш машиналары, балдақты қағуға арналған машиналарды, бқта кескіш, рельс пісіргіш машиналары, моторлы-рельсті тасу машинасы, жылжымалы электр станциясын баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету.

Дефектоскоп параметрлерінің бақылау-құру картасына сәйкестігін тексеру, техникалық параметрлер мен сипаттамалардың техникалық шарттар талаптарына сәйкес жетілдіру және түзеу.

146. Білуге тиіс:

Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы;

қызмет көрсетілетін машинаның электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика аппаратурасы;

жол машиналары мен дефектоскопты құрылғы ақауларын ескерту және жою әдістері.

147. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

5-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

8-разряд

148. Жұмыс сипаттамасы.

құрылғылармен, өнеркәсіптік электроника және электронды бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды басқару жүйелерін, жетекті-энегетикалық машиналарды, бұрмаларға арналған түзету-қағу-өңдеу; түзету-қағу-рихталау, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу, кюветтерді өңдеу және кесу; жолды тұрақтандыруға арналған; рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күшейтіп жөндеу машиналарын; клеммді және төсеу болттарын бекіту және майлау машиналарын; балластыны жоспарлау және тарату машиналарын; өзі жүретін рихталау машиналарын; өзі жүретін қар жинайтын машиналарды, қиыршық тасты терең тазалау машиналарын; рихталау агрегаты бар электр балластарды баптау, реттеу және техникалық қызмет көрсету.

Тораптар, механизмдер, автоматика жүйесі, электроника ақауларын анықтау және жою, жол машиналарын басқару.

149. Білуге тиіс:

Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы;

электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика аппаратурасы;

электронды сызбаларда, автоматика, гидравлика құрылғыларындағы ақауларды ескерту және жою әдістері.

150. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

40. Бақылау-өлшеу вагондарын баптаушы

6-разряд

151. Жұмыс сипаттамасы.

Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратурасын, машина аспаптары мен механизмдерді, түрлі құрылғылар мен дефектоскопты, жол өлшегіш, жол тексеру, габарит зерттеу вагондарын, вагон зертханаларды баптау, реттеу, қызмет көрсету.

Бақылау-өлшеу вагондарында тұратын бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратуралары мен механизмдерінің көмегімен теміржолдар мен басқа да теміржол нысандарының жағдайын бақылау және кемшіліктерді анықтау.

Бақылау нәтижелері мағынасын ашу.

Олардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау және пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды жою.

Техникалық құжаттаманы құрау және жүргізу.

152. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін аппараттардың, машиналар мен механизмдердің кинематикалық тәсімдері, құрылымы және жұмыс режимдері;

мемлекеттік стандартта белгіленген құрылым мен жылжымалы құрамның габариттері;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау, реттеу және ұстау ережесі;

ақаулықтарды анықтау және оларды жою тәсілдері;

бақыланатын нысандарды бақылау нәтижелерін оқу, ақаулықтарын айқындау ережесі мен оларды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағалау нормалары;

фотохимияны, электр техникасы, электроника, техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.

Микротәсімдердегі, компьютерлік техникада электронды аппаратураға, электронды акустикалық аппаратураға қызмет көрсете отырып дефектограммаларды оқу жөніндегі жұмыстарды орындауда - 7-й разряд.

153. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

41. Жолдарды және жасанды ғимараттарды аралап тексеруші
154. Жұмыс сипаттамасы.

Қызмет көрсетілетін учаскедегі теміржолдың беткі құрылымын, жер төсемін, жасанды ғимараттарды, опырылған жерлерді, балласты призмаларды, жол жағаларын, су бұратын имараттарды, трамвай жолдарының сыртқы қабатын, ферма алаңдарын, брустарды, перилаларды, көлденең және өтетін бөлік деңгейінде тігінен орналасқан балкаларды, теңдеу құралдарын, көпірдің тірек бөліктерін, портал алдындағы лотоктарды, тоннельдердегі қуыс және камераларды, жол, сигнал беру және тоннель белгілерін, көпір тіректеріндегі белгілерді, қорғалмайтын переездерді, қорғау айлабұйымдарын, алып қашуға қарсы құралдарды, тіректерді, шуруптарды, болттарды, бекітпелерді, бекіту тораптарын, кронштейндерді, рельс саңылауларын, қорғау қабаты қораптарын, контакті рельсін, өртке қарсы керек-жарақты, жұмыс және өлшеу құралдарын, басқа да жабдықтар мен ғимараттарды байқау.

Жол бетонының және қиыршық тас балласты, кронштейн және контактілі рельс қорғау қораптарының бетін тазалықта ұстау.

Жасанды құрылыс жағдайынғ қабырғалары қаптамасын, пилондарды, өтпе тоннельдері үстін, жер үсті станциясы мен вестибюль шатыры жағдайын бақылау.

Контактілі рельсте жоғары кернеудің жоқ екенін тексеру.

Деңгейлі рельстер мен рельстік желі араларындағы қалыпты, температуралы, оқшауланған тораптар жағдайын бақылау.

Контактілі желі, байланыс желісі, өтпелі поездардағы жылжымалы құрам мен жүк сигналдары жағдайын бақылау.

Поездардың үздіксіз қозғалысына қауіп тудыратын орындарын қоршау.

Жолда монтерлардың және басқа да жұмысшылардың қатысуын талап етпейтін жөндеу жұмыстары өндірістері ережесіне сәйкес жол және ғимараттардың кемшіліктерінің алдын алу, анықтау және жою.

155. Білуге тиіс:

жолдың сыртқы бетінің, жер төсемін, көпір, тоннель және жасанды имараттардың, контактілі рельс және ілетін бөлшектерінің, жоғары кернеуді айқындайтын аспаптардың құрылымы, қызметі және ұстау ережесі,

жер сілкінгенде, нөсер және тау кен опырылғанда жұмыс өндіруде рельстерді және бекітпелерді қарау, поезд қозғалысы үшін кедергілер табылғанда іс-әрекеттерді, орнату және алып тастау тәртібі;

бекітпе түйіндер мен қалыпты, температуралы, оқшауланған тораптарды жниау, бөлшектеу әдістері;

құлау және шөгудің алдын алу;

Контактілі желіге кернеу беру және алу ережесі, шаруашылық поездарын, жол вагоншесін және арбасын өткізу ережесі;

жол, жасанды ғимараттардың, контактілі рельстің негізгі ақаулықтары мен оларды жою тәсілдері;

байланыс және контактілі желілердің жарамдылығына қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін нысандарды байқау тәртібі;

тоннельдік және басқа да жасанды ғимараттардың құрылымы;

табиғи және жасанды қоршаулардың құрылым және ұстау ережесі;

жол және өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі;

теміржол қатынас жолы мен жасанды құрылыс аралаушысына, бақылап жүруге қойылған жол жөндеушіге арналған еңбекті қорғаудың типтік нұсқамасы.

Сағатына 20 поездға дейін қарқынды трамвай қозғалысын байқау және ұстау жұмыстарын орындауда; метрополитендердегі контактілі рельсті тазалықта және жарамдылықта ұстау жұмыстарын орындауда - 2-разряд;

сағатына 20 поездан жоғары қарқынды трамвай қозғалысын байқау және ұстау жұмыстарын орындауда; брутто 12 млн. ткм-ға дейін теміржол желілерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жолдарды, метрополитендердегі контактілі рельсті тазалықта және жарамдылықта ұстау жұмыстарын орындауда - 3-разряд;

метрополитендердегі теміржолда, жасанды имараттарды, брутто 12 млн. ткм-дан 25 млн. ткм-ға дейін теміржол желілерінде немесе класстан тыс стансалары, көпірлері, тоннельдері және басқа да жасанды ғимараттарға ие және қиын жол торапты теміржол тораптарында қызмет көрсетуде, келесіден тұратын:

үлкен торапты немесе сұрыптау станциясы немесе негізгі деполы станция;

ұзындығы 50 қума метр көпір, тоннель, басқа да жасанды құрылыстар немесе күшейтілген бақылауды қажет ететін жасанды құрылыс;

үзындығы қызмет көрсетілетін аудан ұзындығының 20 % -нан аспайтын, күшейтілген бақылауды қажет ететін ауру жер төсемі немесе өсімдікті жерлер;

теміржол қатынас жолындағы қызмет көрсетілетін аудандағы жазылмалы ұзындығы 50 % -дан кем емес ұзындықты, бекітілген құлама мен иілмелі кіші радиусты;

жолдың жазылмалы ұзындығы 10 км-ден артық - 4-разряд;

1 және 2- класты теміржолды тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын орындауда, теміржолдарға, брутто 25 млн. ткм-нан асатын желілердегі метрополитеннің жасанды ғимараттарын тексеру және қызмет көрсету, немесе электрофицирленген теміржол желілі учаскілерде, түйіспейтін теміржол жолдарында, темір бетонды шпалды теміржол жолдарында қызмет көрсетуде, иілген қіші радиусты, 20 промилле еңісті, контррельсті жол аудандары мен қызмет көрсетілетін аудандағы жазылмалы ұзындығы 25 % -дан кем емес ұзындықты метрополитен жолының күрделі аудандарындағы теміржолды тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын орындауда - 5-разряд.

42. Дефескопты арба операторы


156. Жұмыс сипаттамасы.

Дефескопты арба рельстеріндегі ақаулықтарды анықтау процесін жүргізу.

Табылған ақаулықтар мен рельс зақымдықтарын егжей-тегжейлі зерттеу және сыныптауышын жүргізу, ақаулықтардың дамуын бақылау, оларды тіркеу және қажетті жағдайларда поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету шараларын қабылдау.

Дефескоптарды пайдалану және технологиясы ережелерін сақтай отырып оларды жарамды қалыпта ұстау және техникалық қызмет көрсету.

Дефескопты арба элементтерін аспаптар бойынша және сыртын тексеріп айқындау.

Арбаның жеке түйіндері мен механизмдерін юбөлшектеу және жинау, оларды жөндеу, қажет болса жаңасына ауыстыру.

Бақылау тупигіндегі арбалардың жұмысқа жарамдылығын және сезімталдығын тексеру, баптау және реттеу.

Дефескопты арбаны жөндеуге қатысу.

157. Білуге тиіс:

магнитті және ультрадыбысты рельсті дефескоптардың құрылымы мен қызметі;

рельс ақаулықтарының сыныптауышы мен зақымдықтары және олардың поезд қозғалысына әсері;

рельстердің қалыпты жұмыс жағдайлары;

жолдың жоғары құрылысы құрылымы жіне қызметі;

электр техника, электроника, металл тану негіздері;

дефескоптарды ұстау, сақтау және техникалық пайдалану ережесі;

дефоскоптардың, іздеу құрылғылары мен телефондардың жұмыс қабілетін және шартты сезімталдығын тексеру ережесі;

аккумуляторлардың құрылымы және олардың алдын алу және қызмет көрсету шараларын жүргізу ережесі;

жол жұмыстарын жүргізгенде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы.

Магнит және бір жолды ультрадыбысты дефескопты арбаларда жұмыс орындауда - 4-разряд.

дефектінің мөлшерін айқындауға арналған электронды сәулелі түтікшемен жабдықталған магнит және екі жолақты ультрадыбысты рельс дефескоп арбаларында жұмыс орындауда - 5-й разряд.

микропроцессорлық құрылғылы ультрадыбысты және магнитті дефескоп арбаларында жұмыс орындауда - 6-разряд.

барлық үлгідегі рельсті дефескопты арбаларда жұмыс орындауда және дефескопты теңшеу жұмыстарына қатысуда - 7-разряд.

158. Ескерту.

Дефескопты арба жүргізу құқығы бар болса, оператордың басшылығымен жұмыс орындауда дефескопты арба операторының көмекшісі оператордан бір разряд төмен; құқығы болмаса - екі разряд оператордан төмен тарифтеледі.

43. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы
1-параграф. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

3-разряд


159. Жұмыс сипаттамасы.

Вагон автоматты тежегіштерін орталықтандырылған сынамалаудың басқару пультын жүргізу.

Поездарды қабылдау және жөнелту кестесіне сәйкес вагон автотежегіштерін тексеру, жөндеу және сынамалау жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындауға арналған техникалық қызмет көрсету пунктімен байланысты ұстап отыру.

160. Білуге тиіс:

барлық жүйедегі ауа таратқыш және электр ауа таратқыш жұмысында қолданылатын вагондарды, машинист крандары мен бақылау-өлшеу аспаптарын орталықтандырылған сынамалауды басқару пультының құрылымы;

вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегішті тексеру және сынамалау техникалық құралдарының орналасу тәсімі.

2-параграф. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

4-разряд


161. Жұмыс сипаттамасы.

Автоматты қашықтықтан басқару құрылғылары арқылы техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегіштерді сынамалау және поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу.

Поезд жүріп бара жатқанда жолаушы және жүк вагондарындағы ПОНАБ электронды аспап арқылы букстың қызу деңгейін айқындау.

162. Білуге тиіс:

электронды аспаптардың, автотежегіштерді сынамалау поездарының орталықтандырылған қоршау құрылғыларының құрылымы, баптау тәсілдері;

техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагондардың орталықтандырылған қабылдау-жөнелтуін орналастыру тәсімі.

3-параграф. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

5-разряд


163. Жұмыс сипаттамасы.

Станциялардың мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу, сондай-ақ, автоматты және ағын депо желілеріндегі жылжымалы құрамды жөндеуді басқару.

Қызмет көрсетілетін желінің жұмыс істеу режимі мен жүктемесін реттеу.

Автоматты желі ақаулықтарының алдын алу және жою.

ДИСК-БКВ-Ц аспаптарында қызмет көрсету және қыздырылған букстарды, жарамсыз дөңгелек жұптарын және сүйретіліп жүрген вагон бөлшектерін анықтау.

Механизмдерді жөндеуге қатысу.

Автоматика және вагон жөндеу машиналарын пайдалана отырып вагондар мен контейнерлерді жөндеу жөніндегі өндірістік операцияларды орындау.

164. Білуге тиіс:

автоматты желілер мен қосалқы жабдық құрылымдары, пайдалану ережесі;

жабдықтардың кинематикалық тәсімі және автоматты желі механизмдерінің өзара іс-әрекеті;


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау