52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 1,48 Mb.
бет2/14
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Метрополитенмен бару бағдары туралы жолаушыларға түсіндіру беру.

46. Білуге тиіс:

автоматты жіберу пункттерін қолдану принципі және пайдалану, ақаулықтарды анықтау және жою ережесі;

метрополитенмен жүру құқығын беретін жол жүру құжаттарының түрлері;

метрополитенді пайдалану ережесі.

Тәулігіне 25 мың адамға дейін жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде қызмет көрсету кезінде – 2-разряд;

тәулігіне 40 мың адамнан көп жолаушыларға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

тәулігіне 40 мың адамнан көп жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде немесе теміржол вокзалы мен станциясына жанасатын метрополитен станциясының автоматты бақылау пункттерінде қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.

13. Теміржол қатынас жолы жағдайын бақылаушы


47. Жұмыс сипаттамасы

Теміржол қатынас жолын, бағыттамалы бұрмаларды, жер төсемін белгіленген мерзімде сырттай бақылау.

Теміржол қатынас жолын, бағыттамалы бұрмаларды белгіленген кесте бойынша жолды өлшеудің қол құралдарымен тексеру, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау.

Теміржол қатынас жолының жоғарғы құрылысы мен жер төсемі элементтерінде көрінетін ақауларды анықтау.

Ауыстыруды қажет ететін шпалдарды тексеру және таңбалау, релсьтер мен бағыттамалы бұрмалардығ металл бөліктерін тозуын өлшеу.

Анықталған ақаулар бойынша белгіленген есепті жүргізу.

Ақауларды жою және орындалған жұмыстардың сапасын бақылау.

48. Білуге тиіс:

Теміржол қатынас жолы мен жасанды құрылыс құрылғысы;

ағымдағы жұмыстар мен теміржол қатынас жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі мен технологиясы;

теміржол қатынас жолының ағымдық құрылысы бойынша нұсқау;

теміржол қатынас жолының жоғарғы құрылысы мен жасанды құрылысы элементтері ақаулары түрі;

жылжымалы құрам мен құрылыстың жақындау габариті;

ағымдық жұмыстар мен теміржол қатынас жолы, жасанды құрылыста қолданылатын құрал-саймандар көмегімен өлшемдер жүргізу ережесі.

49. Орта кәсіптік білім қажет.

Жүк кернеулігі 5 млн. тонна-километр брутто/км-ге дейінгі теміржол қатынас жолының жалпы қолданысқа арналмаған мен жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд.

Жүк кернеулігі 5-25 млн. тонна-километр брутто/км теміржол қатынас жолының жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде - 6-разряд.

Жүк кернеулігі 25-50 млн. тонна-километр брутто/км теміржол қатынас жолының жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде немесе сұрыптаудан басқа I класты және кластан тыс теміржол станцияларынан тұратын теміржол аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде - 7-разряд.

Жүк кернеулігі 50 миллион (далее - млн.) тонна-километр брутто/км-ден жоғары теміржол қатынас жолының жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде немесе сұрыптау станциясынан тұратын теміржол аумақтарында;

жылдам және өте жылдам қозғалысты аумақтардағы жұмыстарды орындау кезінде - 8-разряд.

14. Депо паровоздарының кочегары

3-разряд


50. Жұмыс сипаттамасы.

Деподағы ыстық паровоздарға және оған жолда қызмет көрсету.

Желідегі жұмысқа оларды уақытылы даярлау.

От жағу, қазандық, арматура, сумен қоректендіру және бақылау-өлшеу аспаптарын жарамды қалыпта ұстап отыру.

Қазандықтардағы будың талап етілетін қысымы мен судың қалыпты деңгейін ұстап отыру.

Қазандық жұмысын реттеу.

Суық паровоздарды отын және суға толтыру.

51. Білуге тиіс:

қазандықтардың, қызмет көрсетілетін паровоздардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы нұсқаулығы;

өрт қауіпсіздігі ережесі, паровоздарды қатты және сұйық отынмен оңтайлы жылыту режимдері;

сумен қоректендіру және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс істеу принципі;

қазандықтардың ақаулықтарының алдын алу және жою тәсілдері, слесарлық жұмыстардың қарапайым тәсілдері;

депо жолдарының орналасуы.

52. Ескерту:

Депо паровоздарының аға кочегары өзі басқаратын депо паровоздарының кочегарларынан бір разряд жоғары тарифтеледі.

15. Автомотриса машинисі
53. Жұмыс сипаттамасы.

Адамдарды тасымалдауға арналған автомотрисаны басқару, теміржолдарда пайдалану және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде контактілі желі құрылғыларын жөндеу және байқау жұмыстарын жүргізу.

Автомотрисаға техникалық қызмет көрсету.

Жабдық қозғалтқышын, электр және гидравликалық жабдықтардың, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, автомотрисаның жүрдек бөлшектерін және оның көтерме жабдықтарын жарамады қалыпта ұстап отыру.

Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.

Механизмдердің ысқылайтын бөліктерін майлау.

Жоспарлы-алдын алу жөндеуіне қатысу.

54. Білуге тиіс:

автомотриса құрылымы, оны жабдықтау және жүргізу ережесі;

автомотриса механизмдерінің ақаулық себептері және алдын алу, жою;

қолданылатын отын және майлайтын материалдардың түрлері мен сапасы; олардың шығу нормасы;

бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы;

автомотриса тораптарын, дөңгелек жұптарын техникалық байқау түрлері, мерзімдері, жөндеу және куәландыру;

адамдарды тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі;

электр техникасы, радиотехника, гидравлика және механика негіздері.

Бензин қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд;

қуаттылығы 220 кВт-қа дейінгі дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 6-разряд;

қуаттылығы 220 кВт-тан асатын дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 7-разряд.

55. Ескерту:

Автомотриса машинисінің көмекшісі басшылығында жұмыс істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.



16. Газ тұрбасын тасымалдау машинисі
56. Жұмыс сипаттамасы.

Газ тұрбасын тасымалдау басқару, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықты теміржол қатынас жолы пішінінен, поезд салмағынан тәуелді жүк поездын енгізу, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Отынның минимум шығынында поезды енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.



Газ тұрбасын тасымалдауын қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, газдылықты бақылау жүйесін қарау және қызметтерін тексеру, өртті анықтау және сөндіру, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.

Газ тұрбасын тасымалдау жұмысқа дайындау және жабдықтау.

Газ тұрбасын тасымалдауының құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.

Газ тұрбасын тасымалдауының тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.

Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.

Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.



Газ тұрбасын тасымалдау машинисіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес газ турбовозына техникалық қызмет көрсету.

Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Газ тұрбасын тасымалдаушының механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаған кездегі жағдайын тексеру.

Теміржол қатынас жолында маневрлік жұмыстарды орындау. Газ тұрбасын тасымалдаудағы немесе поезд құрамындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде пойызды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

Газ тұрбасын тасымалдау машинисін, сонымен қатар, «газ тұрбасын тасымалдау машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды газ тұрбасын тасымалдаушыны күту, қызмет көрсету және басқарудың ұтымды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

57. Білуге тиіс:



Газ тұрбасын тасымалдаушы құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

газ тұрбасын тасымалдаушыны пайдалану кезінде күтім тәртібі;

тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

теміржол қатынас жолы пішіні;

қызмет көрсетілетін аумақтағы сигнал белгілері мен көрсеткіштері;

теміржол қатынас жолы сызбасы;

жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;



газ тұрбасын тасымалдаушыны пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

тежегіш башмағын қолдану ережесі;

поездар қозғалысы кестесі;

назды қолданатын құрылғыны қауіпсіз қолдану негіздері;

электр техникасы негіздері.

58. Кәсіптік дайындық пен газ турбовозын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

17. Дизель пойыз машинисі
59. Жұмыс сипаттамасы.

Дизель пойызды қозғалыс кестесін сақтай отырып, теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді бекітілген жылдамдықпен дизель пойызды басқару және енгізу.

Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.

Дизель пойызды дизельдік отынды минимум шығындау кезінде енгізудің рационалды режимдерімен қамтамасыз ету.

Дизель пойызды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, торап, электрлік, механикалық, тежегіш және қосымша жабдықтар, бақылау-өлшеу аспабы, радиобайланыс және дөңгелек жұп астына топырақ төсеу құрылғысын қарау және қызметін тексеру.

Дизельпоезды жұмысқа дайындау және жабдықтау.

Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.

Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

Бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес дизель пойызына техникалық қызмет көрсету.

Электрлік, механикалық, тежегіш, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жолаушылардан дизель пойызы қазғалысына қауіп төнгені туралы деректер алған жағдайда апатты жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

Дизель пойыздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде дизель пойызын тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

Дизель пойызы машинистін, сонымен қатар, «дизель пойызы машинисті көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды дизель пойызына қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

60. Білуге тиіс:

Дизель пойызы құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

дизель пойызын пайдалану кезінде күтім тәртібі;

тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

теміржол қатынас жолы пішіні;

қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;

жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

дизель пойызына ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету ережелерінің негізгі тәртібі ;

отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары міндеті және орнатылуы;

тораптар мен дөңгелек жұптарын техникалық тексеру, жөндеу, куәландыру ережесі, түрлері және мерзімі;

электр техникасы, радиобайланыс негізі;

гидро хабар жұмысы принципі және негізгі функциялары;

темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

тежегіш башмағын қолдану ережесі;

поездар қозғалысы кестесі.

61. Кәсіптік дайындық пен дизель пойызын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

18. Теміржол - құрылыс машиналарының (жол) машинисі
62. Жұмыс сипаттамасы.

Теміржолдардың, жасанды имараттардың, жер төсемдерінің және балласт призмалардың беткі құрылымын салу, жөндеу және ағымдағы ұстап отырудың технологиялық процесіне сәйкес түрлі үлгідегі және қызметтегі машиналарды, күш құрылғыларын және жекелеген жұмыс тораптары мен механизмдерін басқару.

Машиналарға техникалық қызмет көрсету.

Машиналардың жұмыс процесінде кемшіліктерді анықтау және жою.

Жабдықтарды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

Жанар және жағар май материалдарын құю.

63. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызметі, құрылымы, пайдалану ережесі және орындалатын жұмыстардың технологиясы;

ақаулықтардың пайда болу себептері мен олардың алдын алу және жою тәсілдері;

электр, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережесі және орындалатын жұмыстардың сапсына қойылатын техникалық талаптар;

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережесі және нормалары,

жол жұмыстарын жасауда поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары,

теміржолдардағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыстардың нұсқаулықтары,

теміржолдарда белгі беру нұсқаулықтары,

теміржолды техникалық пайдалану ережесі (сәйкес көлемде);

жағар, жанар май материалдары мен электр энергиясының шығу нормалары.

Рельс плетьтерді тасымалдауға арналған машиналар мен арнайы құрамды басқаруда - 4-разряд;

түзету-қағу-өңдеу машинасын (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен дизель-генератор құрылғылар), думпкарларды, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), плуг қар тазалағыштарды, құрастырмалы әмбебап машинаны, жол жоңғысын, жол көтергіштерді, жол жөндегіштерді, тар жол салғыштарды, кең жол салғыштарды (жүк көтергіштер мен жентек қалау немесе жүктеу кранын), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетьті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, хоппер-мөлшерлегіш, қиыршық құмнан тазалайтын машинаны (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен күш құрылғылары) басқаруда - 5-разряд;

балласттау машинасын, балласт тығыздау машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу-өңдеу машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу рихталау машинасын, звено құрастыру және звено бөлу машинасын, қазандық қазатын, тал шыбық кесетін машиналарды, клеммді және салма болттарды бекіту және майлау машинасын, звенолық қалау, тиеу және тасымалдау машиналарын, кюветтерді өңдеу және кесу машиналарын, жол рельстерін өңдеу машиналарын, жол рельстерін пісіру машинасын, кең жолақты жол салғыш, рельс тегістеу поездын, рихталау машинасын, өзі жүретін жол жөндеу машинасын, балласттарды жоспарлау және бөлу машинасын, өзі жүретін рельс тазалау машиналарын, өзі жүретін қар тазалайтын машинаны, шпал ауыстыратын машинасын, электр жетекті жұмыс органдары машиналарын, қар тазалайтын поездарды, балласттарды тиеу және тасымалдау, механикалық түрде түсіру арнайы құрамын, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда - 6-разряд;

тартатын энергетикалық машинаны, өнеркәсіптік электроникамен жабдықталған және автоматталған басқару жүйесі бар машиналарды: түзету-қағу-өңдеу машинасын, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, қиыршық құм тазалайтын машинаны, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда - 7-разряд;

лазер құрылғылармен және микропроцессорлы бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды: түзету-қағу-рихталау машинасын, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жолды жөндеу машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу машиналарын, рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күрделі жөндеу қиыршық құм тазарту машинасын басқаруда – 8-разряд.

64.Ескерту:

Теміржол-құрылыс машинасын басқаруға рұқсат берілген жағдайда- машинистінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.

Теміржол-құрылыс машинасын басқаруға рұқсат берілмеген жағдайда- басшылығында істейтін машинистен екі разрядқа кем тарифтеледі.

19. Зумпфты агрегат машинисі
1-параграф. Зумпфты агрегат машинисі

4-разряд


65. Жұмыс сипаттамасы.

Цистернаны вакуум сорғылы зумпфты агрегатпен және қолмен тазалауды басқару. Агрегатты, оның құрылғыларын және жабдықтарына қызмет көрсету және дұрыс жағдайда күту. Су төгетін құрылғының лас жиниғышын тазалау. Вакуум сорғына бақылау-өлшеу құрылғысымен жөндеу және реттеу. Цистернаның автоматты дабыл беру жабдығын және толуын шектеуді реттеу. Агрегаттың, лас жинағышты, су төгетін құрылғыны, шлангты лас қойыртпақты ағызып шығаруға дайындығын тексеру. Тексеріс нәтижелерін арнайы журналға жазу. Агрегат электр қуатын, насос құрылғысының автоматикасы мен дабыл беру жабдығын қосу және сөндіру. Метрополитен туннеліндегі лас жинағыш пен су төгетін құрылғыда жиналған лас қойыртпақтарды ағызып шығару. Сусіңгіш қайта айдау құрылғысы жұмысын тексеру және жөндеу. Агрегатты транспорттық жағдайға дайындау. Цистернаны лас қойырпадан қолмен тазалау және белгіленген орынға шығару.

66. Білуге тиіс:

вакуум сорғылы зумпфты агрегаты құрылғысы, бақылау-өлшеу құрылғысы, метрополитен жолындағы сусіңгіш қайта айдау құрылғысы (су төгетін құрылғының лас жиниғышы) және жұмыс режимі;

уақытша кабельді электр қуаты көзіне қосу және өшіру тәртібі;

агрегатты тексреу және жоспарлы-ескертпе жөндеуді жүргізу тәртібі;

гидравлика негіздері, электр техникасы.

2-параграф. Зумпфты агрегат машинисі

5-разряд

67. Жұмыс сипаттамасы.

Қоқыс пульпасын механикалық және гидравликалық түрде түсіретін және вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқару.

Тұндырғыштарды тазалауда сорғы агрегаттарын басқару. Бақылау-өлшеу аспаптары мен іске қосылуын реттейтін аппаратураның жарамдылығын тексеру.

Цистерналардан пульпаны түсіру механизмдерін басқару, баптау және реттеу.

Айдау жұмыстары шарттарына байланысты цистерналарды толтыруға қажетті уақытты есептеу.

Түрлі үлгідегі вакуум сорғыларды реттеу және сынау.

Бекітілген агрегаттарға, машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жарамды қалыпта ұстап отыру.

68.Білуге тиіс:

механикалық және гидравликалық түсіретін зумпфты агрегаттар мен ил соратын агрегаттардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері;

зумпфты агрегаттарда қолданылатын түрлі үлгідегі вакуум сорғылардың техникалық сипаттамалары;

аспаптар мен айлабұйымдар;

цистерналарды механикалық босататын жабдықтар.

Өнімділігі сағатына 740 м (3) және одан жоғары, 100 КПА және одан жоғары бәсеңдету деңгейін қамтамасыз ететін 150-57-0-384-290-С-00 үлгісіндегі ротациялық су сақиналы вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқаруда - 6-разряд.

20. Жуатын құрылғы машинисі
1-параграф. Жуатын құрылғы машинисі

2-разряд


69. Жұмыс сипаттамасы.

Трамвай вагондарын, троллейбустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды жуу және ысқылауға арналған жуатын құрылғылар мен аппаратураларда қызмет көрсету.

Қолданылатын жуатын ерітінділерді әзірлеу.

Пайдалану процесінде құрылғылар мен аппаратуралардың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.

70. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін аппаратура мен құрылғының жұмыс принципі;

жуатын ерітінділерді әзірлеу тәсілдері мен жолдары.

2-параграф. Жуатын құрылғы машинисі

3-разряд

71. Жұмыс сипаттамасы.

Локомотивтерді, жолаушы және жүк вагондарын, қазандардың сыртқы бетін, цистерналарды, жақтау, арба жаны, электр поезд вагондарын, дизель-поездарды;

метрополитен тоннельдерін жуатын машиналарды, метрополитен вагондарын жуу және кептіру машиналарын;

метрополитеннен қоқысты шығаруға арналған контейнерлерді шаю құрылғыларын;

жылжымалы құрам бөлшектері мен тораптарын шаю машиналарын;

суды хлорлау құрылғыларын жуатын құрылғыларға қызмет көрсету.

Қолданылатын ерітінділерді әзірлеу.

Бақылау-өлшеу аспаптары арқылы қызмет көрсетілетін машиналар мен құрылғылардың жұмыс режимін реттеу.

Қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

Вагон кузовтарын, локомотив және олардың бөлшектерін жуу сапасын тексеру.

72. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналар мен құрылғылардың құрылымы;

бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы;

метрополитен тоннелін жуу тәртібі;

қолданылатын ерітінділердің қызметі мен құрамы, жуатын материалдарды қолдану ережесі;

локомотивтерді, вагондарды, метрополитен тоннельдерін, контейнерлер мен жылжымалы құрам бөлшектерін жууға қойылатын талаптар.

3-параграф. Жуатын құрылғы машинисі

4-разряд

73. Жұмыс сипаттамасы.

Метрополитеннің жол жиектерінде шаю жөніндегі теміржолмен жүретін мрамор жуатын машинаға;


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау