Болжам диагноз: Жүктілік 7-8 апта. Жүктілік токсикоз,орташа дәрежелі.
Диагнозды нақтылау және емдеу шараларын адекватты жүргізу үшін науқасқа лабораторлық және инструментальды зерттеулер жүргізілуі қажет.
-физикалық тексеру (дене салмағын бақылау). Науқастың алдынғы салмағын білсе сол салмақтан қаншалықты жоғалтқанын немесе емдеу барысында салмағын бақылап отыру қажет.
Қосымша науқастан -ЖҚА;,-ЖНА;,-қанның биохимиялық талдауы (билирубин, қалдық азот, несепнәр, электролиттер - калий, натрий, хлоридтер, жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар, -трансаминазалар, глюкоза, креатинин)-құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ,,-бүйректің УДЗ Ұрық УДЗ.зерттеулерін жасау қажет.
Емдеу – сулы-тұзды теңгерімді, метаболизмді, өмірлік маңызды ағзалардың қызметтерін қалпына келтіруге бағытталуы керек.
Ем:
Режим: І емдік-қорғау, теріс эмоцияларды жою.
Емдәм: жеңіл сіңірілетін, дәруменге бай әртүрлі тағамдар. Тағамды аз мөлшермен жиі қабылдау. Қорытуға ауыр болатын өнімдерді – қақталған өнімдерді, майлы етті, ащы және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеу (ДД III).
Сусын: сілтілі – минералды газдалмаған су, шөп шайлар, лимон қосылған қою емес шай, бөлме температурасындағы немесе салқын сұйықтықтар ұсынылады. Имбирь қосылған шай.
метоклопрамид 2 мл (10 мг) б/і немесе в/і күніне 1-2 рет – 5-7 күн Құсу тоқтаған кезде таблетка түріне өткіземіз.
Бір рет амбулаториялық деңгейде су тұз алмасуын коррекциялау мақсатында трисоль (1000 мл), ерітінді, құты 500 мл; В/і енгізуіміз қажет.
Ем шаралары қатаң бақылаумен жасалу қажет. Егерде жағдайы ауырлаған жағдайда бірден стационарлық емге жолдауымыз қажет.
22. Алғаш жүкті әйел Л. 31 жаста, жүктіліктің 35 аптасы балтырда ісінудің болуымен емханаға келді. АҚ – 140/90 мм с.б.б., 150/100 мм с.б.б., зәрде ақуыз 1,0 г/л. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз.
Науқас жағдайы қарау кезінде қанағаттанарлық дәрежелі.
Науқас қан қысымынын 140/90-150/100мм.сын бағ,ісінулерді,протеинурияны есепке ала отырып науқасқа мынандай диагноз қойылды:
Диагноз: Жүктілік 35 апта. Преэклампсия,жеңіл дәрежелі ауырлықта.
Гипертензиялық бұзылыстар кезінде жүкті əйелдерге негізгі диагностикалық шаралар тізімі 2 аптада 1 рет немесе көрсетілім бойынша одан да жиі жүргізілуі қажет:
1. ЖҚА(Гемоглобин, гематокритті анықтау);
2. Тромбоциттер шоғырлануын анықтау;
3. Белоктың сыртқа шығу деңгейін анықтау;
4. Қан сарысуы креатининінің шоғырлануын анықтау;
5. Қан сарысуында зəр қышқылының шоғырлануын анықтау;
6. Сарысулық трансаминаздың қоюлығын анықтау;
7. Сарысулық албуминді, лактатдегидрогеназды анықтау;
8. Коагуляция кескінін анықтау;
9. туғанға дейін ай сайын УДЗ .
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ;
2. Қан тобын анықтау, Rh –фактор;
3. Мерезге серологиялық тексеру;
4. Зəрді бактериологиялық зерттеу;
5. Нечипоренко бойынша сынама;
6. Бүйректі УДЗ;
7. Нефрологтың консультациясы;
Клиникалық протоколға(2014) сәйкес жеңіл дәрежелі преэклампсияда арнайы емшара жасалмайды. АҚҚ 150/100 мм сын бағ болғандықтан ұзартылған әсерлі гипотензивті препараттарды тағайындауымызға болады және науқас келісімімен үйіне қайтарып немесе күндізгі стационарда бақылауға аламыз. Бақылау тығыз болуы шарт. Егерде асқыну байғалған жағдайда жедел түрде магнезиялық терапия жасап стационарға жеткізу қажет.
Науқасқа ем-шара:
Режим: шектелген жартылай төсектік режим,стресс көңіл күй бұзылыстарынан аулақ болу
Диета: #7 белок көмірсуларға бай тағамдарды,тұзды шектеу. Лимон-жалбыз қосылған шайларды ішу,газды сусындарды шектеу.
Метилдопа-250 мг нан күніне 3рет ішке тағайындаймыз.
23. Босанғаннан кейін 3 тәулікте 23 жастағы науқас температурасы 38,5С, сол жақ сүт безінде ауру сезім,әлсіздікке шағымданды.Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ сүт безі сыртқы-жоғарғы квадранты гиперемирленген, тығыздалған, ауру сезімді.Жалпы қан талдауы: лейкоциттер-13000,Hb-120г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭТЖ- 35 мм/cағ. дейін. Мүмкін болатын диагноз қойыңыз.
Науқасты қарау кезінде жағдайы интоксикация синдромына, гипертермияға, ауырсыну синдромына байланысты орташа дәрежелі ауырлықта.
Дене температурасының 38,50С болуы,жергілікті тығыздалу гиперемиясы және ауырсынуына,интоксикация синдромының айқын болуына байланысты :
Достарыңызбен бөлісу: |