Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
сүйікті – любимый
алғашқы – первый
қадірлі – уважаемый
Біз алғаш мектепке келгенде жарқын жүзбен қарсы алатын алғашқы мұғалім бәрімізге де ыстық. Мұғалім өте қадірлі адам. Мұғалім бізді оқуға, жазуға, есеп шығаруға үйретеді. Біз сүйікті мұғалімімізді тыңдаймыз, сыйлаймыз, сүйеміз.
тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.
Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Кітаптарды ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
(Ш.Смаханұлы).
Түсініктеме: шаттыққа толы – полны радости;
жарқын жүзді – жизнерадотный;
гүл шоқтары – букеты цветов;
құшақ-құшақ – охапки.
тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып көшіріңдер.
Оқимыз, биыл, жаңа, мектепте.
Мен, сүйемін, өте, ұстазымды.
Таныстырды, мұғалім, бізді, жаңа, сабақпен.
Жарық, үлкен, сыныптары, мектептің.
Менің сүйікті пәнім
Сөздік
ана тілі – родной язык
мемлекеттік тіл –государственный язык
парыз – долг
Менің сүйікті пәнім
Мен қазақ тілі пәнін ұнатамын. Қазақ тілі менің ана тілім, мемлекеттік тіл. Қазақ тілін білу – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Қазақ тілі сабағында біз оқимыз, аударамыз, жазамыз, ән де айтамыз.
тапсырма. Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.
Кітап жасау үшін адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарып, қағаз жасап шығарады. Сонан соң жазушылар шығарма жазады. Суретшілер суретін салады. Баспаханадан кітап болып басылып шығады. Даяр кітаптарды машиналар мен пойыздарға тиеп, ауылдарға жеткізеді.
тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Еңбек кабинеті
Сөздік
ермексаз – пластилин қию – вырезать
желім – клей жасау - делать
қайшы – ножницы жапсыру - клеить
Еңбекке баулу пәні
Екінші сабақ еңбек сабағы. Балалар сабаққа желім, қайшы, ермексаз, әкелді. Әсел ермексаздан қояң жасап жатыр. Марат қағаздан қайшымен сурет қиып жатыр. Мерей қвйшымен гүл қиып отыр. Бұл еңбек сабағы.
тапсырма. Әр сөздің аудармасын қасына жазыңдар.
қайшы клей
қағаз делать
желім клеить
қию бумага
жапсыру резать
жасау ножницы
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сенің атың кім?
2. Сен нешінші сыныпта оқисың?
3. Сен қай сабақты жақсы көресің?
4. Еңбек сабағында не істейсің?
тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңдар.
Қағаз, ермексаз, түрлі түсті, гүл, үй, жануарлар.
Мектеп спортзалы
Спорт адамның денсаулығына қызмет етуі керек. Әр адам спортпен шұғылдануы қажет. Сондықтан біздің мектепте спортзал бар. Спортзалда дене шынықтыру сабақтары өтеді. Онда оқушылар денелерін шынықтырады, денсаулықтарын арттырады.
тапсырма. Сөйлесімді жалғастырыңдар.
Серік: - Нұрлан, сен спорттың қай түрін ұнатасың?
Нұрлан: - Мен шахмат ойнауды ұнатамын.
Серік: - Шахматты ойнауды кім үйретті?
Нұрлан: - Шахмат ойнауды әкем үйретті.
тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңдар.
дене шынықтыру –
мектеп спортзалы –
қызмет ету –
тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
Ойнайды, досым, менің, ойынын, футбол. 2. Ол, ойнайды, ықыласымен, бар, ойынды. 3. Досым, менің, шұғылданады, спортпен.
Менің сыныптастарым
Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.
тамаша – прекрасный
табалдырық – порог
сыныптастарым – однокласники
құштарлық – влюбленность
Мектеп өмірі тамаша. Мектеп табалдырығын аттаған күн – мен және менің сыныптастарым үшін мереке. Осы күннен бастап білімге деген құштарлығың артады. Мектепте өзіңе жолдас табасың. Менің сыныптастарым – менің жолдастарым. Олар маған көмектеседі. Бірге оқимыз, ойнаймыз, ән айтамыз.
тапсырма. Мәтінге 4-5 сұрақ қойып, диалог құрастырыңдар.
тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.
3-тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Экологиялық мұражай
Сөздік
таңғажайып – чудесный
мүсіндер – скульптуры
дарынды – талантливый
туындылар – пройзведения
ахуал – положе
Мүсіндер мұражайы
Америкалық Гренада аралында су астындағы таңғажайып мүсіндер мұражайы бар. Бұл идеяның авторы – дарынды мүсінші Джейсон де Кэйрес Тейлор.
Ол өзі жасаған су астындағы ерекше мүсіндердің арқасында төрткүл әлемге әйгілі болды. Оның туындылары теңіз түбіндегі түрлі экологиялық ахуалдарды бейнелейді. Бір ерекшелігі, су астындағы мүсіндерді жасау процесі әдеттегі мүсіндерден өзгеше. Джейсон су астындағы қалаларды, қозғалыстағы адамдарды, табиғи көріністер және тағы да басқа ғажайып туындыларды жасайды. Жыл сайын Кэйрес Тейлордың су астындағы мұражайын көруге 75 000 адам келеді екен.
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Америкалық Гренада аралында не бар?
Бұл идеяның авторы кім?
Джейсон қандай туындыларды жасады?
Жыл сайын мұражайды көруге қанша адам келеді?
тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, көптік жалғауын ажыратыңдар.
тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құраңдар.
Табиғат, су, мұражай, адам, әлем, автор, туындылар, қалалар.
Даңқ мұражайы
Достарыңызбен бөлісу: |