№5 (48) 5 наурыз сенбі 2016 жыл



жүктеу 3,93 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата08.11.2018
өлшемі3,93 Mb.
#18669
1   2   3   4   5   6   7   8

5

Кәсіпкер 

келбеті

5 наурыз, 2016 жыл

Ұ Л А Ғ А Т

Бүгінгі  жастың  күндердің  күнінде  қария  болатыны, 

оның да самайына ақ түсетіні анық. Сондықтан қартаю 

мәселесіне де көз жүгіртіп қойғанымыз артықтық етпес.

Мәселен, БҰҰ сарапшылары да, отандық демограф-

тар  да  Қазақстан  халқының  қартайып  келе  жатқанын 

бірнеше  рет  айтып,  дабыл  қаққан.  Олардың  болжамы 

қандай?  Бүгінде  тұрғындардың  ерте  қартаймауы  үшін 

қандай жағдай жасалып отыр?

Мысалы, бізде геронтологиялық және гериатриялық 

мәселелер әлеу меттік қамсыздандыру, денсау лық сақтау, 

заңдық қорғау, білім беру жүйесінде тиісінше шешілді 

деп  айта  алмаймыз.  Олай  дейтіні міз,  Қазақ станда  егде 

тартқан  адам дарға  қатыс ты  нақты  стратегиялық  жо-

спар жоқ. Ал БҰҰ-ның сарап шылары Қазақ станды тез 

қартаю шы  мемлекеттердің  қатарына  жат қызған.  2050 

жылға қарай елімізде қарттардың саны 2,5 есе, яғни 25 

пайызға өседі деп болжап отыр. Қа зір елімізде орта жас 

– 70. Қазақ станда халықтың басым бөлігі, яғни 68 пай-

ызы 15-64 жас аралы ғын дағы жандар болса, 25 пайызы 

–  0-14  жастағы  жеткіншектер,  ал  7  пайызы  –  65  және 

одан үлкен жас тағылар. Бірақ жасы 65-тен асқан дардың 

саны  бізде  ТМД  елдерімен  салыстырғанда  аздау  екен. 

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің Әлеуметтік және 

демо гра фиялық статистика департаменті директо рының 

орынбасары  Ерболат  Мұса бек  осыдан  2-3  жыл  бұрын: 

«65 жас тан асқандардың үлесі 7 пайыз. Ресей, Беларусь 

пен Украинада бұл көрсеткіш 12-13 пайызға жуық» де-

ген болатын. Десек те, БҰҰ сарап шыла ры 2030 жылға 

қарай  қариялардың  үлесі  11,5  пайыз  болатынын,  2050 

жылы Қазақстан тұрғындарының төрттен бір бөлігі 65 

жастан  асқандар  болатынын  жеткізген.  Мамандардың 

айтуына  қарағанда,  туу  көрсеткішінің  тө мен деуі  егде 

тартқан топтағы тұр ғындардың артуына алып келмек. 

Айта кетейік, геронтология – ағ за ның қартаю заң ды-

лықтарын зерт тейтін ғылым. Ал гериатрия – егде және 

қарт  адамдардың  аурула рын  зерттейтін  клиникалық 

ме дици на  саласы.  Алматы  қалалық  ар да гер лер  үйінде 

С.Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық  медицина-

лық  универ ситетінің  Геронтология  және  гериа трия 

инновациялық  ғылыми  мектебі  істеп  тұр.  «Қазір  ар-

дагерлер  үйінде  293  қария  бар.  58-ге  жуығы  1-2  топ-

тағы  мүгедек тер.  Қалғандары  –  зейнеткерлік  жастағы 

қариялар» дейді Арда герлер үйі директордың әлеуметтік 

істері  жөніндегі  орынба сары  Нұр зия  Әлімбекова.  Бұл 

мек теп тің жұмыс істеп келе жатқанына екі жыл. Герон-

тология  және  гериа трия  инновациялық  ғылыми  мекте-

бінiң  жетекшісі  Айнұр  Ешманованың  айтуынша,  мек-

тепте қартаю бо йын ша медициналық, әлеуметтік салада 

қандай  мәселелер  кездесе ті нін  зерттеу  бірінші  орынға 

қойы лып отыр. 

Медицина  ғылымдарының  док торы  Айқан  Ақанов: 

«Әр  жас тағы  адамның  өзінің  проблемалары  бар.  Қазір 

елімізде  егде  жастағы  адамдарға  қатысты  жоспар  жоқ. 

Сол үшін мем лекеттік бағдарлама дайындау керек. Мем-

лекет,  үкімет тік  емес  ұйымдар  және  сала  ма мандары 

басымызды  қо суымыз  керек»  дейді.  Өйткені  осыған 

дейін қартаю мәселесі негізінен, мем  ле кеттік «Саламат-

ты  Қазақ стан»  бағ дарламасы  аясында  қа расты ры лып 

келді. Енді 2016-2020 жылдарға арналған «Ден саулық» 

мемлекеттік бағдарла ма сында ес керілмек. Де сек те, ма-

мандар  бұл  мәселені  жеке  бөліп  шешкен  дұ рыс  деген 

пікірде. Бұл тұр ғыда Ай нұр Ешманова алдағы уақыт та 

үлкен  ғылыми  конфе ренция  өт кізу ді  жоспарлап  отыр-

ған дарын  және  қартаюға  бай ла нысты  ұлттық  бағдар-

лама дайындалып жатқанын айтады. 

Қартаю шағында кездесетін проб  лемалар – медици-

налық,  әлеу меттік  және  экономикалық.  Ме дици налық-

әлеуметтік  пробле маларға  келе тін  болсақ,  75  және 

одан асқан жандардың 50 пайызы жүруге қина ла ды, 45 

пайызы  өз  беті мен  әрекет  етуге  қауқарсыз  бо лады,  40 

пайызы ның көру қабілеті нашарлайды екен. Сол себепті 

2002 жылы БҰҰ-ның қар таю мәселелері жөніндегі екін-

ші дүниежүзілік ассамблеясында Ма дрид халық аралық 

жоспары  қабыл данған.  Құ рылып  отырған  Ұлттық  іс-

қимыл  жоспарының  мақсаты  қарт тардың  өмір  сүру 

деңгейін жақ сар ту, ден саулық сақтау қызметтеріне қол-

же тімділігін  арттыру  мен  олар ды  елі міздің  әлеуметті-

эконо микалық дамуына жұмылдыруға бағыттал ған. Ма-

дрид жоспарын 159 елдің өкілдері қабылдаған. 

–  Бізде  тұрғындардың  қарта юына  қанша  алаң дау-

шылық  білді рілгені мен,  Мадрид  халықаралық  жоспа-

рын  жүзеге  асыру  аясында  бірде-бір  шара  жасалған 

жоқ. Егде жастағылардың жағдайын жақсарту бойынша 

Ұлттық жоспар да қабыл данбады. Қазақстан да бұл мәсе-

лемен  тек  үкіметтік  емес  ұйымдар дың  түрлі  секторла-

ры мен басқа да ұйымдар жұмыс істейді. Бұл – кешенді 

жұмыс талап ететін сала ара лық және дисциплинааралық 

мәселе.  Сондықтан  мемлекеттің,  азаматтық  қоғамның, 

ғалымдар  мен  мамандардың  бірлесіп  жұмыс  іс теуінің 

арқасында ғана нәтиже шы ғаруға болады, – дейді Айқан 

Ақанов. 


Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА

ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ НЕГЕ АЗ?

Степногор  қаласының  әкімі 

Әнуар  Күмпекеев  Халықаралық 

әйелдер  мерекесі  қарсаңында 

Қатира 

Нұрмағамбетқызын 



104  жасқа  толуымен  құт-

тықтады.


Степногор  қаласында 

көп жасаған кісілер аз емес. 

Олардың ішінде Қатира Му-

сина әжей көш бастап тұр. 

Қатира  Нұрмағамбетқызы 

1912  жылы  Ерейментау 

ауданындағы  Өлеңті  ауы-

лында дүниеге келген. Ұлы 

отан  соғысы  жылдарында 

күйеуі  майданға  аттанған 

Қатира  Мусина  Торғай 

кенішіндегі шахтада жұмыс 

істеді. Одан кейін осындағы авто-

базада еңбек етіп, зейнеткерлікке 

шыққан.

Өмірлік жолдасы қан майдан-



нан оралмай, 7 бала тәрбиелеген 

қарт  ана  бүгінде  38  немере,  65 

шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр.

Қатира  әжейдің  77  жасқа 

толған үлкен қызы Мәруаш апай 

11  бала  тәрбиелеп,  «Батыр  ана» 

атағын  алған.  Қазіргі  таңда  қарт 

әжей  кенже  ұлы  Кенжебек  пен 

келіні  Салтанаттың  қолында 

тұрады.


Ғасыр жасаған аяулы ана қала 

басшылығымен 

емен-жарқын 

әңгімелесіп,  көрсетілген  сый-

құрметке  ризашылығын  білдіріп, 

ақ батасын берді.



Бақберген Амалбек

ÌÅРÅÊÅДÅ 104 ÆАСТАҒЫ ÊÅÉÓАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ



АРАЛДА БАЛЫҚ 

ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Арал  ауданында  Қарашалаң  балық 

сервистік-дайындау орталығы жұмысын 

бастады.  Зауыттың  жылдық  балық 

өңдеу  қуаттылығы  3000  тоннаға  есеп-

телген.  Мұнда  50-ден  астам  жергілікті 

тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Зауыттың  жұмысымен  облыс  әкімі 

Қырымбек  Көшербаев  танысып,  ба-

лық  шылармен  кездесті.  Бұл  туралы 

облыстық  әкімдіктің  баспасөз  қызметі 

хабарлады.

Жалпы Қызылорда облысында жыл-

дық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 

8  балық  өңдеу  зауыты  жұмыс  істейді. 

Бұл  300-ден  астам  адамды  тұрақты 

жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.

Цехтың  материалдық  техникалық 

базасы  -  тоңазытылған  балықты  300 

тоннаға дейін сақтай алады. Ал, балықты 

тез  қатыратын  мұздатқыш  құрылғысы 

тәулігіне 50 тоннаға дейін қабылдайды. 

Айта  кетейік,  сервистік  кешен  құры-

лысы  жеке  құрылтайшылардың  қар-

жысы есебінен салынған.

- Соңғы жылдары облыстағы балық 

шаруашылығы тез дамып, аймақ эконо-

ми касының салмақты бөлігіне айналып 

келеді.  Өткен  3  жылда  балық  аулау  2 

мың тоннаға немесе 30 пайызға көбейді. 

Бұл  Кіші  Арал  жобасының  алғашқы 

кезеңі  сәтті  аяқталуымен  тығыз  байла-

нысты. Енді біз балықты тек аулап қана 

қоймай оны өңдеуді дамытуымыз қажет. 

Соның нәтижесінде сыртқы нарыққа тек 

өңделген  өнім  шығаратын  боламыз,  - 

деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Өткен  жылдың  өзінде  облыста  8,4 

мың  тонна  балық  ауланды.  Соңғы  екі 

жылда  балық  өнімдерінің  экспорты  45 

пайызға, оның ішінде Евроодақ елдеріне 

- 2 есеге өсті. 2015 жылы құны 4,6 млн. 

АҚШ  долларын  құрайтын  867  тонна 

балық  Европа  елдеріне  және  құны  202 

мың АҚШ доллары болатын 920 тонна 

өнім Ресейге жөнелтілген.



«РАХМЕТ АЙТ ТА, 

БӘРІН АЛ» ДҮКЕНІ

 

Қазалы  ауданында  «Мейірімді 



жүрекпен»  акциясы  аясында  «Рахмет 

айт та, бәрін ал!» дүкені ашылды.

Аудан  әкімдігінің  баспасөз  қыз-

метінің  хабарлауынша,  аудан  басшысы 

Нажмадин  Шамұратов  тұрғындарды 

Алғыс  күнімен  құттықтап,  оларды 

акцияға  белсене  қатысып,  мұқтаж 

жандарға көмек көрсетуге шақырды.

Акция  аясында  мекеме  басшылары 

мен  кәсіпкерлерден  киім-кешек  жина-

лып, таратылды. Адамдар бұйымдарды 

тек  рахмет  айтып,  тегін  алып  жатты. 

Осы акция аясында жыл бойында тағы 

да басқа шаралар ұйымдастырылмақ. 



«КК» ақпарат 

Аймақ жаңалықтары


жүктеу 3,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау