№5 (48) 5 наурыз сенбі 2016 жыл



жүктеу 3,93 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата08.11.2018
өлшемі3,93 Mb.
#18669
1   2   3   4   5   6   7   8

3

Кәсіпкер 

келбеті

5 наурыз, 2016 жыл

Қ Ұ Р М Е Т

«АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ» 

АЛҒАШ РЕТ АТАЛЫП 

ӨТІЛДІ

Елбасы  2015  жылдың  сәуір  айында  Қазақстан 

халқы ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген 

сөзінде:  «Қазақстан  халқы  ассамблеясы  құрылған 

күн  –  1  наурызды  жыл  сайын  Барлық  этностардың 

бір-біріне  және  мейірбандық  танытып,  ол  адамдар-

ды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту 

күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді 

бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн 

мейірімділіктің,  бүкіл  қазақстандықтардың  бір-

біріне  деген  достығы  мен  махаббатының  жарқын 

мерекесі  бола  алар  еді»,  -  деген  болатын.  Осыған 

орай 2016 жылдың 15 қаңтарында Мемлекет басшы-

сы 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды.

Мерекенің негізгі идеологиясы – әрбір адамның 

бір-біріне  жақсылық  пен  жылулық  сыйлауы, 

жетім  балаларға  қол  ұшын  созу,  қамқорлыққа  зәру 

адамдарға көмектесу, үлкеннің – кішіге деген сүйіс-

пеншілігін,  кішінің  үлкенді  сыйлауы,  азаматтар 

арасындағы  сыпайылық  қарым-қатынасын  дамы-

ту,  әдептілік,  кіші пейілділік,  ізеттілік  қағидаларын 

дәріптеу.

Алғыс  айту  күніне  арналған  өңірлік  іс-шаралар 

жоспары  облыс  әкімінің  қолымен  бекітіліп, 

облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласы 

әкім діктеріне, облыстық басқалар мен аумақтық де-

партаменттерге, жоғары және орта оқу орындарына 

жолданды.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметінің  ұйым-

дас тыруымен  өткізілген  баспасөз-конференция 

бары сында  облыстық  ішкі  саясат  басқармасы  бас-

шысының  орынбасары  Меңлібаев  Еркебұлан 

Қайырбекұлы және бас инспектор Айгүл Сағымбай 

мерекенің маңыздылығына тоқталып, мерекелеу ба-

рысын түсіндірді.

1-наурыз  күні  қаладағы  «Дос тық»  үйінде 

облыстық  ассамблея  хат шы лы ғының  ұйым дасты-

руымен  Алғыс  айту  күніне  арналған  салтанатты 

шара өткі зіл ді. Салтанатты шара сол күні барлық ау-

дан орталықтары мен Қызыл орда қаласында жүзеге 

асырылды.

Таңшолпан ТӨКЕН

7 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРЫЛМАҚ

«Бизнестің  жол  картасы  2020»  бизнесті  қолдау 

мен  дамытудың  Бірыңғай  бағдарламасы  аясында 

Қызылордалық  кәсіпкерлердің  жалпы  құны  145,5 

млн.теңгені  құраған  7    жобасы  аймақтық  үйлестіру 

кеңесінің кезекті отырысында қолдау тапты.  

Облыс  әкімінің  орынбасары  Ғалым  Әміреевтің 

төрағалығымен  өткен    АҮК  кезекті  отырысында 

7  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерінің  жоба-

ларын  қолдауға  оң  шешім  шығарылды.  Кездесу 

қорытындысы  бойынша  барлық  кәсіпкерлердің  не-

сие  пайызы  субсидияланатын  болды  және  оның 

ішінде  үш кәсіпкерге ЕДБ несие рәсімдеу үшін қажет 

болған кепілмүліктің жетіспеушілігі «Даму» қорының 

кепілдендіру бағдарламасы аясында шешімін тапты. 

Аймақта жүзеге асатын жобалар тамақ өнімдерін 

шығару  өндірісі,    жарнама  агенттігі  қызметін 

ұйымдастыру  мен  жолаушылар  тасымалы  және 

стоматологиялық    клиника  салаларында  жұмыс  жа-

сайтын болады.

Аталған жобалардың сәтті жүзеге асуы үшін қазіргі 

таңда аймақтағы шағын және орта бизнесті белсенді 

қолдайтын    «Қазақстан  Халық  Банкі»  АҚ  және  ДБ 

«СбербанкРоссии» АҚ  банктері несиелендіретін бо-

лады. 

Осы  орайда,  2015  жылы  мемлекеттік  қолдау 



аясында  кілем  тазалайтын  цех  ашқан  21  жастағы 

кәсіпкер  Ғабиден  Жақсылықтың  ендігі  жоспары 

өзінің кәсіпорнын жаңғыртуға тағы бір несие алмақ. 

Жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті 

қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясын-

да өзінің кәсіпкерлік қызметін дамыту мақсатында қол 

жеткізген несие қаражатына автокөліктерді химиялық 

тазалайтын құрал-жабдық сатып алуды жоспарлауда.

-  Автокөліктерді  соңғы  үлгідегі  технологиямен 

жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың тазалау уақыты 

қазіргі  автожуу  орталықтарынан  бірнеше  есе  жыл-

дам әрі сапасы да әлдеқайда жоғары,- дейді Ғабиден 

Жақсылық.    ЖК  «Ансарлар»  банкке  рәсімдеген  не-

сие  қаражатына  қол  жеткізуі  үшін  Даму  Қорынан 

кепілдеме  беріледі.  Ескере  кететіні,  жас  кәсіпкер 

бүгінгі таңда 6 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып 

отыр. Ал, жаңа жобасы жүзеге асқан уақытта тағы 2 

жұмыс орны ашылмақ. 



«КК» ақпарат

Әйел-ана, әйел-өмір, әйел-тіршіліктірегі тірегі. Өмір 

бесігінде  сәби  тербетіп,  адамзат  баласына  ұрпақ  сый-

лар  –  ұлы  құдірет  иесінің  есімі  әрқашанда  қастерлі, 

тұғыры биік асыл жандар – аналар. Алтын құрсағынан 

адамзаттың  алабы  жаратылған  асыл  ананың  жүрегі 

үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. «Анаңды Мек-

кеге  үш  рет  арқалап  апарсаң  да  қарызыңнан  құтыла 

алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен 

солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып 

заманнан  ұрпағын  аман-есен  бүгінгі  күнге  жеткізген, 

әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, 

сөзбен  айтып  тауысу  мүмкін  емес.  Ана-болашақтың 

демеушісі,  ұлттың  жебеушісі.  Жанұяның  жылуын  су-

ытпай,  тал  бесікті  тербей  отырып,  ұрпағының  бойына 

адамдық  қасиеттерді  дарытып  қана  қоймай,  еліміздің 

қай  саласында  да  болмасын  еңбек  етіп  жүргендері 

ақиқат.  Өмір  атты  тіршіліктің  іргетасы  сол  асыл 

жандардың  қолымен,  еткен  еңбегімен  қаланады. 

«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні 

де әйелдерді ерекше құрметтейтіні белгілі.

Атап  айтқанда,  аналарды  Алладан  кейінгі  адамға 

өмір сыйлаушы құдіретті жандар деп бағалайтынымыз 

шындық. Өздерінің нәзіктігімен, әдемілігімен қоса, ер-

лермен қатар еңбек ете білулері ерлікпен пара-пар десек 

те болады. Бүгінгі күні нарық талабына сай кәсіпкерлік 

салада  да  аналар  мен  қыз-келіншектер  жұмыс  жасап 

жүр.  Өмірге қабілетті әйелдер заман талабына сай сан 

кәсіпті  игеруде.  Алдағы  әйелдер  мерекесі  қарсаңында 

осындай  іскер  әйелдермен  жолығып,  олармен  кәсіп 

саласындағы табыстарын көзімізбен көруді жөн көрдік. 

Осындай  кәсіпкерлік  салада  өзіндік  орны  бар, 

жұмыста  абыройлы,  құрметке  лайық  жанның  бірі 

Фарида  Шәкірқызы  Төлепбаева.  Ол  1963  жылдың  1 

қазанында  Шымкент  облысының  Қызылқұм  ауданын-

да  дүниеге  келген.  Жастайынан  еңбекке  жақын  өскен 

Ф. Шәкірқызы қазіргі күні құрылыс саласында жемісті 

еңбек етіп жүр. Бүгінде «Сығанақ» құрылыс базарының 

атқарушы  директоры  болып  қызмет  атқарады. 

Жұмысына  жауапкершілікпен,  адал  атқара  білетін  ол 

ортасына сыйлы жан.

Осындай  жандардың  бірі  базары  ашылғалы 

бері  еңбек  етіп  келе  жатқан  аспазшы  Кенжегүл 

Ермағанбетқызы. Бүгінде тіл үйірер дәмді ас дайында-

уымен жұмысшылардың алғысына бөленіп жүрген ая-

улы ана. Атап айтсақ, осы құрылыс саласында бірнеше 

жылдан  бері  еңбек  етіп  жүрген  «Сығанақ»  құрылыс 

базарының коммерсант-кәсіпкерлер Исаханова Феруза, 

Балжанова Жанат, сондай-ақ контролер-бақылаушылар 

Жұмабаева  Мархаббат,    Бекзат  Абиеваларды  атап 

айтпасқа болмас. «Еркек үйдің-егесі, әйел үйдің-шегесі» 

демекші, отбасындағы атқарар міндеттері мен жұмысты 

да  құстың  қос  қанатындай  қатар  алып  жүрген  нәзік 

жандылардың еңбектері айрықша. Иә, «Отбасы-шағын 

мемлекет»  деген  сөз  бар.  Ынтымағы  келіскен,  түтіні 

түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт-берекесі. 

Әйел  –  барлық  қиындықты  жеңетін  сарқылмайтын 

күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Аллаға шүкір, бүгінде 

әрбір  қазақ  әйелінің  дастарқаны  ырысқа  толы,  қонағы 

ырза, дүниесі түгел.

Көңілдеріңізге  көктем  шуағындай  сезім  мен  нұр 

құйып,  тағы  да  8-Наурыз  халықаралық  әйелдер  күні 

жарқырай, шуағын шаша келді. Осынау көркем мерекенің 

қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға де-

ген  ыстық  сезім, 

ал ғыс пен құр мет 

еш қа шан  сөнбек 

емес.  Олар-өмір-

дің  гүлі,  кө ңіл-

дің  жыры,  әр 

отбасының  ал-

тын  діңгегі.  Мы-

нау 

тынымсыз 



тіршілік 

пен 


кең 

дүниенің 

өзі  тек  аналар-

мен ажарлы. Ана-деген тіршіліктің тірегі. Бізде 8-Нау-

рыз  халықаралық  әйелдер  күні  мерекесі  құтты  бол-

сын, - дейміз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, 

өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім шуағын 

шашып жүре беріңіздер!



Таңшолпан ТАБЫН.

ТҰҒЫРЫ БИІК АСЫЛ ЖАНДАР


жүктеу 3,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау