4
Кәсіпкер
келбеті
5 наурыз, 2016 жыл
Т І Р Ш І Л І К
Қазақстан Республикасының Пре зи денті Н.Ә.Назарбаев
еліміздің агро өнер кәсіп саласы алдына еңбек өнім ділігін
2020 жылға қарай 4 есе арттыру, ал ішкі рыноктың 80 пайы-
зын отандық азық-түлік тауарлары есебінен қамтамасыз ету
жөнінде нақтылы міндеттер қойып, Үкіметке астық саласын
ұйымдастыру және құрылымдау, мал шаруашылығын, жем-
шөп өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық жерлерді игеру
жөніндегі бағдарламалар жасап, оның жүйелі орындалуын
қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай, ауыл
шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған отандық
және шетелдік тиімділігі жоғары технологиялар мен
ғылыми әзірлемелерді өндіріске жеделдете енгізу, оларды
пайдалану тәжірибесін өңірлерге тарату мақсатында Ауыл
шаруашылығы министрлігінің қол дауы мен 2009 жылдан
бері Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласын-
да білімдерді тарату орталықтарын құру жөніндегі жобаны
жүзеге асыруда.
Аталмыш жоба аясында, Ы.Жақаев атындағы Қазақ
күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының база-
сында, 2012 жылдың 28 сәуірінде, елімізде 10-шы болып
«Қызылорда» білім тарату орталығы (БТО) ресми ашылды.
Орталық саланың сан салалы дамуына тың серпін беруге
бағытталып жасаланып отыр.
Төрт жылдан бері өз жұмысын жүргізіп отырған
«Қызылорда» білім тарату орталығы сала мамандарына және
фермерлерге оқытушылық және тәжірибелік білім беруді
дамытып келеді. Түрлі іс-шаралары арқылы білімдерін,
тәсілдер мен технологияларды жетілдіруге көмектесіп, сол
арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға және шаруашылық
субъектілердің табыстарын молайтуға, үкіметіміздің тікелей
қолдауымен іске асырылып жатқан жобаны Қызылода об-
лысында жүйелі түрде іске асыруға атсалысуға мүмкіндік
беруде.
2012 жылдан бері бүгінгі күнге дейін орталықта
ұйымдастырылған семинарларға 1000-нан аса ауыл
шаруашылығы саласының мамандары қатысып, өз
біліктіліктерін арттырды. Өткізілген семинарларға тал-
дау жасасақ, аймағымыздың ауылшаруашылығы саласы
негізінен егін шаруашылығымен, оның ішінде күріш өндіру
болғандықтан, семинарлардың көпшілігі Қызылорда об-
лысы жағдайында күріш өсіру технологиясы және күріш
шаруашылығында инновациялық технологияларды қолдану,
егін шаруашылығын әртараптандыру ба ғыт тарында
ұйымдастырылды. Семи нар ларға күріш өндірумен айна-
лысатын шаруашылықтардың агрономдары, сушыларымен
қатар, кейбір жеке қожалықтардың басшылары да қатысып,
күріш шаруашылығы бойынша тың ақпараттар алды.
Аймақты көкөніс-бақша, жеміс-жидек дақылдарымен
қамтамасыздау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні бұл саламен негізінен жеке қожалықтар
мен кәсіпкерлер айналысуда. Осыған орай, семинарлар
тақырыптарына өңірімізде жылыжай шаруашылығын да-
мыту, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсіруде су
үнемдеу технологиясын қолдану бағыттары енгізілді.
Соңғы кезде мал шаруашылығын қай та жаңғыртуға
бағытталған мемле кет тік бағдарламалардың игілігі арқылы
өңі рімізде осы саламен айналысатын ша руа шылықтардың
саны артып, нәти желі істердің бастауына серпін беріп отыр.
Басымдық негізінен ет, сүт және асыл тұқымды мал басын
көбейтуге бағытталған. Осыған орай орталықта Қызыл-
орда облысында мал шаруашылығын ұйымдастырудың
инновациялық жолдары, мал шаруашылығын асыл-
дандыру және қолдан ұрықтандыру мәселесіне орай
ұйымдастырылды. Семинарға жеке қожалық басшыларымен
қатар, мал дәрігерлері және облыстық ауылшаруашылық
басқармасының аудандық бөлімдерінің сала мамандары
қатысып, тәжірибесімен бөлісті.
Өткен жылы жоспарланған 13 семинар ұйымдастырылып,
оған межелеген 285 тыңдаушының орнына 324 адам қатысты.
Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы мамандары жағынан
жаңа технологияларға деген қызығушылығын көрсетеді.
Тың технологияға иек артқан заманда ауыл шаруашылығы
саласында да жаңашылдық қажет. Осы талапты меңгерту
үшін сала мамандарының сауаттылығын арттыру басты
міндет болып отыр.
2015 жылдың алғашқы семинары мамыр айының
4-6 аралығында «Аграрлық менеджмент және ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарын басқару» тақырыбында
ұйымдастырылды. Оқу семинары барысында Қызылорда
облысындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық
даму жағдайы және оның негізгі проблемалары және
аграрлық саланы жүйелі түрде дамыту жолдары басты
назарға алынды. Аймағымыздың алдыңғы қатарлы өндіріс
орны болып саналатын «Абзал и К» толық серіктестігінде
өндірістік практикалық дәрістері ұйымдастырылды.
Семинарға облыс бойынша 17 сала маманы қамтылды.
Екінші семинар мамыр айының 26-29 аралығында
«Қызылорда облысы жағдайында егін шаруашылығын
әртараптандыру мен күріш ауыспалы егіс жүйесін сақтау»
тақырыбын қамтыды. Семинар барысында күріш ауыспа-
лы егісіне енгізуге суды аз тұтынатын дақылдар ұсынылып,
ғылыми негіздемелері талқыланды. Семинарға облыс бой-
ынша 40 сала маманы қатысты.
Кезекті үшінші семинар маусым айының 2-4 аралығында
«Қызылорда облысы жағдайында ауылшаруашылық
малдарының асыл тұқымды құндылықтарын бағалауды
ұйымдастыру және жүргізу (бонитировкалау)» атау-
ында өткізілді. Жиын барысында асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамыту жолдары, асыл тұқымды мал будан-
дарын бағалаудың тәсілдері теориялық және практика жүзінде
машықтандырылды. «Қызылорда» қалалық ветеринарлық
станциясымен «Ақбарыс» шаруа қожалығында далалық
дәрістер ұйымдастырылды. Семинарға облыс бойынша 37
мал шаруашылығы бағытындағы мамандар қамтылды.
8-10 маусым аралығында өткен келесі семинар
«Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан
қорғау» тақы ры бына арналды. Басқосуда Қызылорда облы-
сында өсірілетін ауылшаруашылығы дақылдарымен қатар
жеміс-жидек ауруларымен зиянкестерінен қорғаудың тиімді
тәсілдері жайында теориялық, практикалық дәрістерді
жергілікті ғалымдар және «Қазақ өсімдік қорғау және ка-
рантин» ғылыми-зерттеу институтының бас директорының
орынбасары б.ғ.к. Б.А.Дүйсембеков оқыды. Семинарға об-
лыс бойынша 25 өсімдік шаруашылығының түрлі сала ма-
мандары қатысты.
«Көкөніс-бақша, картоп дақылдарын, жеміс ағаштары
мен жүзімдіктерді тамшылатып суғару технологиясы»
тақырыбында өткен семинар 11-13 маусым аралығында
жүзеге асты. Бұл жолы тамшылатып суғару жүйесінің
әлемдік тәжірибелерімен қатар өңіріміздегі тамшылатып
суғару жүйесінің артықшылықтары, су үнемдеп-өнімділікті
арттыру жолдары жан-жақты талқыланды. Семинарға 16
сала мамандары қамтылды.
Алтыншы
семинар
5-7
тамыз
аралығында
«Ауылшаруашылық
дақылдарын
терең
өңдеу»
тақырыбында ұйымдастырылды. Келелі жиын барысында
ауылшаруашылық дақылдарын сақтау, сапалы мал азықтық
сүрлемдер дайындау жолдары және ауылшаруашылық
өндірісі қалдықтарын қайта өңдеп, оны халық
шаруашылығына энергия көзі ретінде қайта ұсыну техноло-
гиялары аясында дәрістер берілді. Білім тарату орталығының
ұйымдастыруымен «Абзал и К» толық серіктестігінде өнді-
ріс тік-практикалық дәрістер ұйымдас ты рылды. Семинарға
салалық ғылыми-зерттеу институттар қызметкерлері
(«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ҒЗИ»
мекемесінің зертхана меңгерушісі Ж.М.Чаканова, «Ми-
кробиология және вирусология» институтының зертха-
на меңгерушісі Ж.Ш.Жұмаділова, «Қазақ картоп және
көкөніс шаруашылығы ҒЗИ, А.А.Бильманова) дәріс оқуға
шақырылды. Семинарға 17 сала мамандары қатысты.
Кезекті семинар 5-7 тамыз аралығында өткізілді.
Бұл жолғы тақырып: «Қызылорда облысы жағдайында
ауылшаруашылық
жануарларының
инфекциялық,
инвазиялық және соматикалық ауруларының алдын алу
және емдеу». Семинар барысында Қызылорда облысындағы
ауылшаруашылық жануарларының қатерлі ауруларының
алдын алу және оны тиімді емдеу жолдары ұсынылды.
«Мұхтар» шаруашылығының өнді рістік базасындағы
бордақылау ала ңында машықтандыру сабақтары жүр-
гізілді. Семинарға облыс бойынша 17 мал шаруашылығы
бағытындағы мамандар қатыстырылды.
Сегізінші семинар 24-28 тамыз аралы ғында «Қызылорда
облысының суармалы жерлерінде ауылшаруашылық
дақылдарын өндірудің су-ресурс үнемдегіш технологияла-
ры» тақырыбын арқау етті. Семинарда ауылшаруашылығы
дақылдарын өсірудегі су-ресурс үнемдеу бағытындағы
инновациялық заманауи технологиялар сарапқа салынды.
Су-ресурс үнемдеу аясында «Қарауылтөбе» тірек пунктінде
жасалып жатқан жаңа жобалармен таныстырылды.
Семинарға облыс бойынша 20 сала мамандары қамтылды.
Тоғызыншы семинар 31 тамыз - 4 қыр күйек аралығында
«Ауыл шаруа шылық малдарын қолдап ұрықтандыру тех-
нологиясы» атауында өтті. Оқу-семинарында аналық
малды қолдан ұрықтандыруда кездесетін проблемалар-
ды шешу жолдары, құрал-жабдықтармен жұмыс жасау
тәсілдері және қолдан ұрықтандырудың жаңа тәсілдерімен
машықтандыру дәрістері болды. Семинар барысын-
да «Ақбарыс» шаруашылығының өндірістік базасында
далалық дәрістер ұйымдастырылып, тыңдаушылар тәжірибе
алмасты. Семинарға облыс бойынша 25 мал шаруашылығы
бағытындағы мамандар қатысты.
Жүйелі жоспарланған семинар 8-10 қыркүйек
аралығында «Өнімділігі төмен ескі пайдаланылмай жатқан
(залеж) және егістік айналымнан шығып қал ған жерлерді
жоғары өнімді шабындық және жайылымдық алаңдарға
трансформа ция лау мен игерудің мелиоративтік әдіс тері»
тақырыбына арналды. Семинар тың дау шы ла рына ҚР АШМ
«КазСуШар» РММ, «Су-Метрология» филиалының бас
метрологы А.А.Наурызбаев, «Қазақ су шаруашылығы»
ҒЗИ, су қорларын басқару бөлімінің ғылыми қызметкері
В.И.Стульнев, және өзге де жергілікті жердің ғалымдары
деградацияға (құлдырау) ұшыраған жерлерді кайта ауыспа-
лы егіс жүйесіне қосудың тиімді жолдарын ұсынды. Басқосу
барысында тың даушыларға «Қарауылтөбе» тірек пунк тін-
дегі деградацияға ұшыраған жерлерді игеру бағытындағы
институт ғалымдарының жұмыстарымен танысу мақсатында
далалық дәріс ұйымдастырылды. Семинарға облыс бойын-
ша 34 сала мамандары атсалысты.
22-24 қыркүйек аралығында өткен семинар «Қызылорда
облысы жағдайында асыл тұқымды ауылшаруашылық
малдарының төлін өсіру және азықтандыру» тақырыбын
қаузады. Жиын барысында тыңдаушыларды асыл тұқымды
ауылшаруашылық мал да рының төлдерін азықтандыру ра-
ционын жасау, күтіп-бағу ерекшеліктерінің принциптеріне
машықтандырды. Семинарға облыс бойынша 25 мал
шаруашылығы бағытындағы мамандар қамтылды.
«Жылыжай шаруашылығын ұйым дас тыру. Көкөніс
дақылдарын жабық то пы рақ тарда өсіру технология сы»
тақы ры бында өткен семинар тыңдау шы ларына жергі-
лікті ғалым дармен қатар «Қазақ картоп және көкөніс
шаруашылығы» ҒЗИ-дің бөлім меңгерушісі С.Қ.Жантасов,
шақырылып, дәріс оқылды. Кездесу барысында жылы-
жай шаруашылығын ұйымдастыру, егі летін дақылдың егу
мерзімін, жалпы агро тех ни калық шараларын сақтаудың
әдістері талқыға түсті. Семинарға облыс бойынша 22 сала
мамандары оның ішінде жылыжай қызметкерлері қатысты.
Биылғы жылдың соңғы 13-ші семинары 9-10 қараша
аралығында «Генетика. Қазақстанның табиғи-климаттық
жағдайына бейімделген қой тұқымдары» тақырыбына
арналды. Семинарға Австралиялық мал шаруашылығы
бағытындағы сарапшы Уильям Дейли шақырылып,
жергілікті маман дарға теориялық-практикалық дәріс-
тер оқып, өзара тәжірибе алмасу жүргізілді. Жаңақорған
ауданындағы «Көбелдес» шаруа шылығына далалық семи-
нар ұйым дас тырылып, қой шаруашылығын дамыту жолда-
ры мәселе ретінде мінберден көтерілді. Семинарға облыс
бойынша 31 мал шаруашылығы бағытындағы мамандар
қамтылды.
Әр семинар сайын тыңдаушыларға тео рия лық білім
берумен қатар, өңіріміздің озық шаруашылықтарының
базаларында практикалық машықтандыру сабақтары
ұйымдастырылды.
Барлық оқу семинарларына қатысу шы ларға тегін
3 мезгіл ыстық ауқат, қажет тілігіне байланысты жатар
орын беріледі және жол шығындары мемлекеттік бюджет
есебінен өтеледі. Яғни мемлекет тарапынан жасалынып
жатқан жағдай саланың дамуына бағытталып отырғанын
аңғаруға болады.
Экономикасы дамыған өркениетті елдерде агро өнер-
кәсіптік сала мамандарын кәсіби машықтандыру мәселесі
жүйелі жолға қойылған. Мәселен АҚШ, Канада елдерінде
білім тарату жүйесін қарқынды дамыту бағытында мемле-
кет тарапынан қаражат бөлу, оның нәтижелігін талдап-та-
разылау елдік деңгейде жүзеге асады. Біздің елде де оқыту
жұмыстарына, яғни орталыққа сұраныс белгілі бір деңгейде
сұраныс бар, алайда жұмысты жүргізуге қаржылық мәсе-
лелерде қолбайлау болып отыр. Әрбір аймақтан құрылған
орталықтардың жұмы сы ның жандануына жергілікті жер-
ден қара жат бөлінсе, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың
инновациялық жолын, саланың даму деңгейін арттыраттын
боламыз.
Ж.БАЙМАНОВ,
«Қызылорда» білім тарату орталығы жетекшісі,
т.ғ.к, доцент.
Инновация
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ