№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
160
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҤЗДІК ҒЫЛЫМИ
ЖҦМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН
ЖҦМЫСТАР
СӘРСЕНБАЕВА Аяжан Нҧрланқызы,
«№6 орта мектебі» ММ 11 сынып оқушысы, Шалқар қаласы,
Шалқар ауданы, Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ДОСМАЛОВА Гҥлжанар Алпамысқызы,
«№6 орта мектебі» ММ «Информатика» пәнінің мҧғалімі, Шалқар қаласы,
Шалқар ауданы, Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы
MICROSOFT EXCEL РЕДАКТОРЫНЫҢ МҤМКІНДІКТЕРІ
Болжам. Microsoft Excel редакторын тестілеу моделі ретінде қабылдауға
болады және де бағдарламаның басқа да мүмкіндіктерін қолдана отырып, түрлі
есептік жұмыстарды жүргізу арқылы нәтижеге жетуге болады.
Зерттеу нысаны. Оқушыларды компьютер арқылы тестілеу, сӛзжұмбақ
жасалу жолдарымен бірге сынып жетекшілерінің оқушылар қозғалысы, сабаққа
қатысы, сабақ үлгерімі, ҰБТ қорытындысы барысында қолданылу жолдары
қарастырылған.
Зерттелді: Microsoft Excel редакторымен бірге оның қосымшасы VBA
бағдарламалау тілі және редактордың қосымша мүмкіндіктері.
Зерттеу мақсаты: Microsoft Excel редакторын тестілеу моделі ретінде
қабылдауға болады және де редактордың басқа да мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, нәтижеге жете білу.
Кіріспе. Microsoft Еxcel. 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклинжәне
Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға кӛмектесетін және уақытты
үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте
бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сӛзінен қысқартылған VisiCalc
(Кӛрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер
бағдарламасы, оның ішінде Excel бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге
асты.
IBMжәне Macintoshкомпьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала
отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кестеқұрастыратын
қолданбалы бағдарлама. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі
функцияларарқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар
жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды
құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі – Microsoft
Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Негізгі бӛлім. WINDOWS жүйесіндегі EXCEL бағдарламасы. Математикалық
функцияларды қолдану. Microsoft Excel – бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде
дайындауға арналған программа. Ол математикалық амалдарды, күрделі
есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады.
Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып,
мәліметтер базасын даярлауға болады. Excel-де құжатымызды сақтау, жаңа құжат
ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б. операциялар үшін стандартты аспаптар
тақтасы, ал құжатымызды ӛндеуге және кӛрнекті етіп кӛрсету үшін форматтау
аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
161
4-формула жолында біріншісі – тӛртбұрышты кӛрсеткіш тұрған ұяшықтың
адресін кӛрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да, кӛрсеткіш тұрған
ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б. мәндерді кӛрсетеді. Егер
ұяшықтағы
текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жӛндеуге болады.
Одан тӛмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының тӛменгі
жағында Excel жұмыс режимінің кӛрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді
күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Дайын сӛзін
кӛрсетеді.
Excelде мәлімет енгізу және қорғау. Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар: 1.
Сан. 2. Текст 3. Дата (мерзім). 4. Формула.
1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан
автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.
2. Текст – Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті
текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады.
Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1
мамыр 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.мамыр.95 деп ӛзгертіледі ден, оң
жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 кӛрсетіледі.
4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула =
белгісінен басталады да, клетка адресі мен математикалық операция жазылады.
Арифметикалық операция белгілері: + (қосу), - (алу), / (бӛлу), * (кӛбейту), т.б.
Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп кӛрсетіп, не болмаса адресін
клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б. мәліметте қате
кетсе, түзету үшін кӛрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула
жолына түртіп, курсорды қойып түзейміз. Қате жӛндеген соң Enter басып шығамыз.
Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін
ерекшелеп, аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз. СУММ
(С1:С100) – С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі
ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы
мәліметтер жиыны. СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты кӛрсетілген клеткалардағы
сандардың ғана қосындысы.
Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін
курсорды басқару клавишалары қолданылады немесе Shift+Enter клавишасын басса,
курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса, тӛмен қарай, Tab
клавишасын басса, оң жақ клеткаға жылжып отырады. Таблица арқылы мәлімет
енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные»
«Форма»
командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер Қосу
нүктесін басып, формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы
жағына автоматты түрде пайда болады.
Мәліметтерді бӛгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис»
«защита» командасы
арқылы парақты не толық кітаптың ӛзін пароль қойып қорғауға болады.
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі Клетканың адресін түсіндіру
үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% ӛсімімен
қайтаруға қарыз алған. «На месяц» бағанасында ӛсімі есептелген. Яғни қарыз
сомасын В6 клеткасына (5%) кӛбейткен. Егер мен Е9 клеткасына = D9*B6 деп
жазып, басқа тӛмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы кӛшіре бастасам, В6 адресі
В7, одан тӛмен В8 болып ӛзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар ӛздеріңіз байқап
отырғандай, бос тұр.
Формула жазғанда клетка адресі ӛзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула
жолында кӛрсетілгендей, $ символын қолдану қажет. Клеткалардың адресін (атын)