№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
165
Тестті қолдану: В бағанына дұрыс жауаптардың тұсына 1 санын енгіземіз.
Бағдарламалық
ӛнімдерді
құрастырудағы
мақсатым
– мұғалімдерге
жүргізілетін пәндері бойынша тексеру тестін жүргізуде кӛмек кӛрсету. Әр түрлі
пәндер бойынша оқушыларға тест жұмыстарын тез әрі ӛз бетінше құруға
кӛмектеседі. Тест қорытындысы оқушының берген жауабына қарай ұпай және
бағамен кӛрсетіліп отырады. Сонымен қатар пән мұғалімдері мен сынып
жетекшілерінің жүргізетін жұмыстары негізінде Excel электрондық кестесінде
жасалынған түрлі есепке алу, жүргізу журналының электронды нұсқасын ұсынып
отырмын.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
166
Сынып жетекшілерге арналған «Оқушының сабаққа қатысын есепке алу»
электронды қолданбасы – бір ай бойғы оқушының сабақ босатуын есепке алуға
арналған. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, оқушылардың сабақ босату жай-күйін
жүргізуге қажет. Сізге ауырған оқушыға «а» белгісін, себепсіз қалған оқушыға «ж»
белгісін енгізуіңіз жеткілікті.
Нҧсқаулық:
0. Ағымдағы айдағы оқу күндерін енгіз /C6:AF6 диапазоны/.
1. Оқушы аты-жӛнін енгізіп, қалған күндеріне сырқаттанған оқушыға «а»,
себепсіз келмегендерге «ж» белгісін қою.
2. Сыныпта сол күні отырған оқушыға ешқандай белгі қойылмайды.
3. Әр ай сайын толтырып, оқушының ай сайын, тоқсан сайынғы қатысымын
автоматты түрде есептей аласыз.
Сонымен қатар ҰБТ қорытындысы, мектептегі сабақ кестесі, оқушылар
қозғалысы, оқу сапасы секілді жұмыстарды да электронды кестеде жүргізу мұғалім
жұмыстарын тиімді жүргізілуі мен уақытын үнемдеуге кӛмектеседі деп ойлаймын.
Қорытынды. Сонымен сӛз соңында, қазіргі заманғы мұғалім оқушылардың
басты құқықтарының бірі – сапалы білім алуын қамтамыссыз ету үшін оқытудың
қазіргі заманға сай құралдарын пайдалану қажет деген талап қойылып отыр.
Қазіргі уақытта бізге оқушылармен бірге ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың ресурстарын пайдалана отырып, білімнің қызықты әлеміне енуге
мүмкіндік туды, ӛйткені олар оқытудың қосымша құралдарынан біртіндеп негізгі
қатарға ауысып жатыр. Заман ағымына қарай жұмыс жасау – ол біздің ӛскелең ұрпақ
үшін жасаған мүмкіндігіміз және де электронды журналды пайдалану мұғалімнің
уақыты мен жұмыс жасау тиімділігін арттырады.
Әдебиеттер
1 «Информатика негіздері» журналы.
2 «Информатика и образование» журналы.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
167
3 «Первая сентября» газетінің «Информатика» қосымшасы.
4 Иманбекова Б.И. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс. – Алматы, 2003.
5 Оқушыларды ақпараттық-компьютерлік білім беру орталықтарында
бағдарлап оқыту. – Алматы, 2009.
СУЯРОВА Сайда,
Кенжекӛл жалпы орта білім беру мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы,
Павлодар қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЗИЛЬКЕНОВА Рымтай Оразбаевна,
Кенжекӛл жалпы орта білім беру мектебі «Математика» пәнінің мҧғалімі,
Павлодар қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
ЖЕТІСУ ӚҢІРІНІҢ 1855 ЖЫЛҒА ДЕЙІН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ БОЛҒАН
ҚАПАЛ СТАНИЦАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Жоңғар шапқыншылығына соққы беруде қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы да
елеулі рӛл атқарды. Жоңғардан басқа да қазақ даласына кӛз тіккен жаулары аз емес
заман еді. Хиуалықтар, Қоқан хандықтары мен Цинь империясы аш қасқырдай
жалақтады.
Шекарыны нығайту мақсатымен Алатау округы құрылған соң, шекара бойында
казак бекеттері бой кӛрсете бастады. Аталған округте XIX ғасырдың I-ші ширегінде
63400-дей тұрғыны болған. Жетісу ӛңірінің отарлануы Ресей империясы үшін
Қытай, Қашқария, Үндістанмен сауда жасаудың тӛте жолына айнала бастады. Осы
стратегиялық маңызды жол үстіне 1846-1847 жылдары бой кӛтерген Қапал
станицасы еді. Қапалдың салынуы Сарқан, Софьиская (Талғар), Верный, Луговая
сияқты станицалардың қалануына тікелей әсер етті.
1846 жылы кӛктемде харунжий атағына ие болған С.М. Абакумовтың
басқаруымен Сергиополь (Аягӛз) станицасынан отряд жолға шығады. Алға қойған
мақсаты Жетісу ӛңірінде шекара бойына әскери бекініс орнатуға ыңғайлы жер
таңдау.
Талай қиыншылықтарды бастан кешіріп, Лепсі, Басқан, Ақсу ӛзендерін жалдап
ӛтіп, Қызылағаш ӛзенінен жоғары ӛрлеген отряд, Қапал ӛзенінің «Жӛңке жазығын»
қыстап шығуды таңдады. Қыс бойы солдаттар палаткада тұрды. Жергілікті жұрт
солдаттар қыстаған жерді әлі күнге дейін «Солдат сай» деп атайды. Келер жылы
Қапал ӛзенінің сол жақ бойы бекініс салуға таңдап алынды. Бекіністің салынуы 1846
жылы басталып, 1851 жылы аяқталды. Негізгі басшылық пен ауыртпашылық С.М.
Абакумовқа түсті. Ол 20 жылдай ӛмірін осы Қапал бекінісін нығайту, кӛркейтуге
жұмсады [1].
1854 жылы Қапал бекінісіне округтік қала дәрежесі атағы берілді.
Петербургтен саяси кӛзқарасы үшін жер аударылып келген маман инженер,
құрылысшы М. Никитиннің басшылық етуімен құрылыс жедел қарқынмен дами
бастады. Үйлердің ірге тасы инженердің жобасымен жер сілкінісіне қарсы мықты
етіліп құйылды.
Сол жылдары сотник Ивтевтің жазып кеткен жазбаларынан: «Екі жылдан кейін
мұнда 550 отбасы кӛшіп келді, қосымша Қапал бекінісін салу үшін 200 қазақ-
түземдер келді», - дегенді оқимыз.
С.М. Абакумовтың бұйрығымен мұнда кірпіш зауыты салынған. Ш. Уәлиханов
жазбаларында мынадай жолдар кездеседі: «Абакумов кірпіш күйдіріп және шатыр
жабатын черепицаларды әзірлеу үшін «Қисық ауыздан» ерекше қасиетті топырақ
Достарыңызбен бөлісу: |