№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
156
мәдениетінен енген екі түрлі геометриялық оюдың элементтері, олар «гирих» және
ӛсімдік іспеттес ою түрі «ислими» қазақ оюларының арасында кездеседі.
Түрік қағанаты кезіндегі кӛптеген ою-ӛрнектердің геометриялық символдары
сақ дәстүрін ӛзгертпей, сол қалпын сақтап қалған. Ол туралы ғалым Б.Н.
Засыпкиннің пікірінше «түрік елдерінде ою-ӛрнек басқа шығыс елдеріне қарағанда
ерте пайда болған және алғашқы оюлардың элементі тасқа емес ағашқа салынған»
дегенді айтқан болатын. Ал А.Н. Бернштамның тұжырымы бойынша «қазақ ою
үлгісіне ұқсайтын сәулет ӛнерінің ӛрнектері қарахандықтар әулеті кезінде Орта және
Таяу Шығыс елдеріне тараған» деген. Сақ дәуірінен келе жатқан «құс» ӛрнегін араб
және ислам ӛрнекшілері түрлендіріп, «құс қанатының» жаңа нұсқасын жасаған
болатын.
Археологиялық қазба кезінде Тараз қаласынан VІІ-ІХ ғғ. құмыра сияқты ыдыс-
аяқтарынан қанаты қайырылған құсты бейнелеген геометриялық сызбалары
табылған. Ою-ӛрнек тарихын зерттеген М.В. Рыдиннің зерттемесінде қазақ
оюларының кӛршілес халықтар арасында да кездесетіндігін айтқан болатын. Оның
еңбектерінде – «мүйіз, жартылай мүйіз, текемүйіз, бұғы, жыланбас, итқұйрық, гүл,
шынжыр» сияқты ою- ӛрнектер кездескен. Осыдан кӛршілес халықтардың ою-ӛрнек
нұсқалары бір-біріне жақын екендігін және басқа халықтарға қарағанда қазақ
оюында да ӛзіндік қайталанбас әсемдік логикалары барын, сонымен бірге оның жеке
дара түрде де қолданыстар табатындығы анықталған.
«Қазақ оюы әрбір бұйымда ӛзінің тақырыптық мазмұнын, құрылымын, тепе-
теңдігін, ырғағын және философиялық мәнін сақтайтындығын» зерттеуші Т. Бәсенов
айтқан болатын. Оюдың жай және күрделі элементтері ӛрнекте бірнеше рет
қайталанса да, симметриялық заңдылығын сақтайтындығы анықталған.
Кӛне дәуірдің ӛзінде қолӛнершілер қос аң бейнесін салу арқылы тепе-теңдікті
сақтау ұғымын кӛбіне қалтқысыз орындаған. Археологиялық қазбалар кезінде
табылған заттардан кӛне замандарда адамдардың симметриялық заңдылыққа қатаң
кӛңіл бӛліп, оны сақтауларын байқауға болады. Осы заңдылық бүгінгі күні қазақ ою-
ӛрнегінде берік орын алған және оны зооморфтық ӛрнектерден – «қосмүйіз, сыңар
мүйіз, қырықмүйіз, ӛркеш, ботамойын, түйетабаннан» байқауға болады.
Осыған тағы бір айғақ «Берел қазыналы қорғанынан» табылған аң бейнелі
стильде жасалған, кӛбінесе ат әбзелдеріндегі аң-құстар ӛрнектері (грифондар),
аяқтары бүгіліп бейнеленген тұяқтылардың тізбекті символикасы мен ағашқа
салынған «қошқар мүйіз» ӛрнегі ӛткен ата-баба ӛмірінен дерек береді. Мұның ӛзі
келешекте археологиялық ӛлке тану мұражайларының ауқымы кеңеюіне және ел
танымын еселей түсуіне мүмкіндіктер береді деген ойларды оқырман санасында
қалыптастырады.
Ою-ӛрнектердің нақышы мен әсемдігін арттыру үшін бояу түрлерінің
атқаратын рӛлі үлкен болған. Себебі бояу әр елдік ӛзіндік ерекшелігін, дүние
танымын байқатқан.
Қазақ ӛнерінде қолданыста жүрген түстердің әсемдіктен басқа тағы символдық
мағыналары болған. Қазақтарда кӛк түс ӛсудің, жақсы болудың, жастың, жастықтың
мағынасын берген. Ӛмірі жақсы ӛтіп жатқан адамды «қарны тоқ, кӛйлегі кӛк» дейді.
Түркі халықтарында «кӛк» сӛзі шаңқан кӛк түстен жасылға дейін бірнеше түстер
реңкін қамтитын рәсімдігін айтуға болады. Ақ түс – кіршіксіз тазалықтың,
адалдықтың, пәктіктің, ақиқаттың символы. Қызыл түс – қашанда қыздармен
байланысты, ол гүлдің, құмарлықтың, махабаттың түсі. Ӛрнектегі сары түстер –
ақыл мен парасатты білдірген.
Ою-ӛрнекке осы түстердің реңкін бергенде ғана, оның мәні болған.
Кӛшпелілерді ертеде бұйымдарындағы «күн» ӛрнегіндегі ӛрнекте күннен кейін
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
157
алтын түсті бояу, ал содан соң сары жасыл, қызыл, қара түстер орналасқан.
Түстердің бұлайша ретпен орналасуы кӛшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі
тұрақтылықты білдірген.
Ал кейіннен түстерді аралас алма кезек пайдалану дәстүрге айналған. Ою-
ӛрнектерде кӛбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай боялады. Әр заманда, әр
халықта ӛздері жасаған ою-ӛрнек түстеріне ат беріп отырған және қазақ еліне тән
ӛзіндік танымдылығын кӛрсете білген. «Ою-ӛрнекте бояулар – ой мен идеяны
бейнелеудің, күрделі сюжеттер жасаудың құралы» дейді белгілі зерттеуші Т.
Бәсенов. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-ӛрнектерінде қолданылатын бояу түстері,
оның эстетикалық әсемдігін, ӛмірдегі танымдылығын және болмыс шындығын
танытады.
Ою-ӛрнек композициялық құрылымын халқымыздың зерттеушілері, ағартушы
этнографтары: Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, С. Қасиманов, Б. Байжігітов т.б. үшке
бӛлген: жиекті (әдіптік, кемерлік, жолақ) ӛрнектер; гүлді ӛрнектер (шеңбер,
шанышқы, табақша т.б.); торлама (бұйым бетін тұтас жауып тұратын) ӛрнектер.
Этнографиялық зерттеу нәтижесінде ою-ӛрнекте эпиграфиялық (құбылтып
астарлап жазу) ӛрнегі, сонымен бірге ру мен ел таңбалары, малға салынатын ен
таңбаларының элементтері (айшық, тұмар, босаға, абақ, тарақ, кӛз, кӛсеу шӛміш,
ашамай т.б.) мәнді орын алды. Осы ою-ӛрнектерді тұрмыстық заттарға нақыштап,
беттерін әшекейлеп, әрлеуде қолданылатын тәсілдерді: бедерлеу, оймыштау, шеку,
қашау, тісеу, қару, құрау, сыру, бояу сияқтыларды қолданған.
Қазақ ою-ӛрнегіндегі кездесетін әртүрлі сазды (мотив) элементтер кӛп
ғасырлар бойы сұрыптаудан ӛтіп, әр шебердің ӛзінше ӛзгерістер енгізуінен бір
түрден екіншісіне ауысып отырғандықтан, бірнеше элементтерден бір-бірімен тұтаса
біріккен мыңдаған түрлі композициялық варианттар жасау осының айғағы болса
керек. Ою композициясының теориясын жақсы құра білген оюшы бір жазықтықтың
бетіне бірнеше оюларды қабаттап салу арқылы ӛте күрделі біртұтас ою шығара
алған. Әр оюды ӛзіне тән түрге бояп, бір-бірінен қалған жазықтардаға бос
орындарды композицияның статикалық теңдігін сақтап ӛрнектеген.
Мұндай оюларды халық арасында «шытырман» оюлар деген. Себебі, әр оюдың
элементтері ӛздерінің орналасу орындарына қарай бірде біреуі оның астынан ӛтсе,
ал енді бірде керісінше, үстінен басып ӛтеді де, күрделі ою композициясын құрайды.
Қазіргі кезде ою-ӛрнек элементтері ӛзіндік құнын жоймай, қайта керісінше
жаңаша бағыт алған. Ою-ӛрнектердің қазіргі ӛрісін олардың әдістемеліктерінен
байқауға болады, ал ол әдістемелер топтамасы былайша аталады:
1. Жай айналы симметрия әдісі бойынша жасалған оюлар. Бұл топтағы оюлар
тек бір ось симметриясы бойынша жасалынады, сондықтан оны композицияға
кіретін ою элементтерін құрастырушы ось деп атайды.
2. Бұрыштық айналы симметрия әдісі бойынша жасалған оюлар. Бұл топтағы
оюлардың симметрия осьтері жазықтың бір нүктесінде қиылысады да, әртүрлі
мӛлшерде бір-бірімен – 30, 45, 60, 90, 120 т.б. градустарда бұрыш жасайды.
Осьтердің саны бойынша оюлар да екі, үш, тӛрт, бес, алты, т.с.с. ось симметриясы
бойынша жасалған деп танылады. Бұл әдіспен орындалған оюлар сыртқы пішініне
байланысты – шаршы, тӛртбұрышты), ромб, дӛңгелек (табақ), бесжұлдыз, алты
бұрыш, сегіз бұрыш сияқты бӛлінеді.
3. Бұрыштық бұрылу симметрия әдісі бойынша жасалған оюлар тобы.
4. Аралас симметрия бойынша жасалған оюлар. Бұл топтағы оюлар бұрыштық
айналы және бұрыштық бұрылу заңдары негізінде үйлестіріліп жасалады.
5. Жай, айналы және күрделі трансляция әдісі бойынша жасалған оюлар.
Достарыңызбен бөлісу: |