№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет37/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
76 
Қасым  ханның  тұсында  Орта  Азия,  Еділ  бойы,  Сібірмен  сауда  және  елшілік 
байланыс  жасалды.  Орыс  мемлекетімен  байланыс  болды.  Ұлы  князь  3  Василий 
(1505-1533)  билік  құрған  кездегі  Мәскеу  мемлекеті  еді.  Батыс  Еуропа  да  қазақ 
хандығын осы кезде танып білді. 
«Қасым  ханның  қасқа  жолы»  деген  әдет-ғұрып  ережелері  негізінде  қазақ 
заңдары  жасалынды.  Қасым  ӛлгеннен  кейін  бірден  байқалды.  Ӛзара  қырқыс,  таққа 
талас  басталды.  Моғол  және  ӛзбек  хандарының  қазақ  билеушілеріне  қарсы  одағы 
қалыптасты.  Ӛзара  тартыс  кезінде  Қасым  ханның  ұлы  және  мұрагері  Мамаш  қаза 
тапты. 
Қасым  ханның  немере  інісі  Таһир  (1523-1532)  хан  болды.  Оның  айырықша 
елшілік  және  әскери  қабілеті  болмады.  Маңғыт  және  Монғол  хандарымен  әскери 
қақтығыстар  басталды.  Бұл  соғыстар  қазақтар  үшін  сәтті  болмады.  Қазақ  хандығы 
оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бӛлігінен айрылып, оның ықпалы 
тек  Жетісуда  сақталып  қалды.  Таһир  ханның інісі  Бұйдаштың  (1533-1534)  тұсында 
да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. 
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-
1580 жж.) ӛз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, 
Жайық ӛзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-
Шаньды  басып  алуды  кӛздеген  Моғол  ханы  Абд-  Рашидке  қарсы  ұтымды  күрес 
жүргізілді. 
Ақназар ӛзара тартыста ӛзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы 
қалаларды (Сауран, Түркістан) ӛзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан 
қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды 
у  беріп  ӛлтірді.  Ақназардың  мұрагері  Жәдіктің  баласы  және  Жәнібек  ханның 
немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол ӛзінің баласы Тәуекелмен (1586-
1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. 
Абдолла  Шығайға  Ходжент  қаласын  сыйға  тартып,  онымен  қосылып,  Баба 
сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. 
Қазақ  хандығының  иелігі  енді  Тәуекелге  кӛшеді.  Тәуекел  хан  Орта  Азияның 
сауда  орталықтарына  шығу  үшін  күресті.  1583  жылы  ол  бұрынырақ  Бұқарамен 
жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, 
Самарқанд  сияқты  қалаларды  қазақ  хандығына  қаратты.  Бұқара  қаласын  қоршауға 
алған кезде Тәуекел хан жараланып, қаза болды. 
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы 
Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша ӛзбектер бұрын тартып алған Сыр 
бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сӛйтіп, Сыр бойындағы 
қалалар  үшін,  Оңтүстік  Қазақстанның  жерін  кеңейту  үшін  бір  жарым  ғасырға 
созылған күрес біраз бәсеңдеді. 
Есім  хан  елді  жуасытып  бағындыру  саясатын  жүргізді.  Сондықтан  ол  қанға 
қан,  құн  тӛлеу,  барымта  алу,  құлды  сату,  зекет,  ұшыр  жинау,  айып  салу  және  т.б. 
уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады. 
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы 
Түмен)  шектесті.  1563  жылы  Шайбани  әулеті  мен  Тайбұғы  руы  арасындағы  ұзақ 
жылдар  бойы  жүргізілген  күрестен  кейін  Сібір  хандығы  Шайбани  әулеті  Кӛшім 
ханның қолына кӛшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған 
және  угар  тайпаларының  жиынтығынан  тұрды.  Хандықтың  негізгі  халқы  түркі 
тілдес  «Сібір  татарлары»  деген  атпен  белгілі  болды.  Сібір  хандығы  Қазақстанмен 
саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 
1552  ж.  Ресей  Қазан  қаласын  жаулап  алғаннан  кейін,  ол  Сібір  хандығымен 
кӛрші  болып  шықты.  1581  ж.  Ермактың  Сібірге  жорығы  басталды.  Кӛшім  хан 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
77 
жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж. қаза тапты. Бірақ Сібір 
хандығы да кӛтерілмеді. Сӛйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 
17  ғ.  2  ж.  Қазақ  хандығының  жағдайы  нашарлады.  Ӛзара  қырқысты 
пайдаланған  жоңғарлар  Жетісудың  бір  бӛлігін  басып  алып,  осы  аймақта  кӛшіп 
жүрген  қазақтар  мен  қырғыздарды  бағындырды.  Бұқара  әскерлері  Ташкентті  алып, 
қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін 
жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ  жасауға кӛндірді. Жәңгір  жоңғарларға 
қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 
17 ғ. 90-ж.-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ 
хандығының  нығаюы,  қырғыздар  мен  қазақтар  арасындағы  одақ  және  оған 
қарақалпақтардың  қосылуы  күшті  жүрді.  1680  ж.  Жәңгірдің  баласы  Тәуке  (1680-
1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинағы құрастырылды. 
Жеті  жарғы  кӛшпелілердің  ел  билеу  заңы  болып  табылады.  Феодалдық  салт 
кӛптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары 
басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты 
жер  иеленушілік,  жерге  меншіктің  тұрақты  түрлері,  әсіресе  Қазақстанның  оңтүстік 
аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, 
иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. 
Ханнан  тархандық  құқық  алып,  сыйлық  жерді  иеленушілер  онда  тұратын 
егіншілерден,  қолӛнершілерден  ӛз  пайдасына  салық  жинады.  Қазақ  қоғамын 
әлеуметтік-таптық  топтарға  бӛлу  негізіне  әл-ауқаттылық  жағдайынан  гӛрі, 
әлеуметтік  шығу  тегі  негізге  алынды.  Жоғары  аристократтық  топ  ақсүйектерге 
Шыңғыс  әулеттері  хандар,  сұлтандар,  оғландар  тӛрелер,  қожалар  жатты.  Ал  басқа 
халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды. 
Қазақ поэзиясының бұл кезеңдегі аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет 
(16  ғ.),  Жиембет,  Ақтамберді  (17  ғ.).  Қазақтың  батырлар  жыры  тарихи  оқиғаларға 
құрылған.  Мысалы:  Қобыланды,  Ер  Тарғын,  Алпамыс,  Ер  Сайын,  Қамбар  батыр 
дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды. 
Керей  мен  Жәнібек  Шу  мен  Талас  ӛзендері  бойына  келіп,  Қазақ  хандығын 
тұрғызды.  Бұл  –  Қазақ  тарихындағы  жаңа  беттің  ашылып,  қазақ  ұлтының 
қалыптасуы  еді.  Ел  болып  қалыптасқалы  түбегейлі  ӛзгерістерге  ұшырап,  елеулі 
оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер кӛлемі 
де ұлғайды. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулати  –  қазақ  хандығын  толығымен  суреттеп,  қағазға 
жазған  алғашқы  қазақ  тарихшысы.  Дулат  тайпасынан  шыққан  ол  Кашмир  елінде 
басшылық ете отырып, Орта Азия елдері жӛнінде кӛптеген мәліметтер қалдырды. 
Қазақ  халқы  үш  жүзден  құралды.  Әрбір  жүз  пен  рудың  ӛз  алдына  жеке 
таңбалары  мен  ұрандары  бар.  Жүзге  жатпайтын  рулардың  да  таңбалары  мен 
ұрандары сақталынған. Олар әртүрлі себептермен қазақ халқының құрамына кірген. 
Әрине,  жүзге  бӛлінуге  байланысты  жауларымыздың  ру  мен  жүздер  арасына 
қақтығыстар  туғызу  арқылы  ӛз  мақсаттарын  іске  асырып  отырды.  Бірақ,  қазақ 
хандығының үш жүзді басқарған билер жүйесі ӛте пайдалы еді. Би ханның кеңесшісі 
қызметін атқарып, қарабайыр халық пен ханды байланыстырып, жүзге, руға бӛлінген 
елдің  ұйытқысы  бола  отырып,  ұлттың  мүддесін  ӛте  жоғары  дәрежеде  қорғап 
отырды. 
Үш  жүздің  билері  Тӛле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би  Әз-Тәуке  ханмен  бірігіп, 
жоңғарды тарих сахнасынан жойды. Әз-Тәуке хан ӛзінің дипломатиялық, әрі әскери 
шеберлігін кӛрсетті. 
«Ақтабан  шұбырынды  алқакӛл  сұламада»  кӛптеген  қазақтар  Қытай  жеріне 
ӛтіп, шалғайда атамекенін аңсап қалды. Ал, қаншамасы мерт болды. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау