№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
52
ӛзін-ӛзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім
беру сапасының жоғары болуы,
кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы ӛзі білетін нәрсенің
ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға
ұмтылады.
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-
пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және ӛздеріне деген сенімін арттыруға
мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы ӛткізген әрбір сабақ
оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан
ойын дамытып, оларды сӛйлетуге үйретеді.
Шәкіртіміздің сауаттылығын шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау –
біздің алдағы жауапкершілікті міндетіміздің бірі болып табылады. «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасымыздың
Қазақстан
халқынаЖолдауында
мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті
қойылды.
Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жӛніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың
мақсат, міндеті нақтыланды. Осыған орай математика саласында математикалық
әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымы да
жаңаруда.
Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту
әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз
қажет. Қазіргі кезде білім беру: пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және
мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек. Сонымен қатар: «Мәліметтерді
талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инженерлер, экономистер, заңгерлер,
құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруге тиіс», - деген Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың сӛзін басшылыққа ала отырып, адам қазіргі дамуында табиғаты мен
ойының мӛлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет деп есептеймін.
Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асыруда
маңызды механизмдердің бірі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану
үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Адамның жалпы білімін кӛтеру кең
ауқымды мәселе болып отыр.
Жалпы математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей
тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық
сауатылық мәселесінен бастауымыз керек.
«Сауаттылық» термині – білім, білік, дағды мазмұнын бағалауды терең
кӛрсетеді. Оқушы ӛз деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті меңгергенін
білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі:
- Оқытудағы
сауаттылық;
- Математикалық сауаттылық;
- Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, ӛмірге талпынысы,
қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір
тиімді тәсілі, ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.
Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз айтылып жүрген
жоқ. Әрбір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып, үнемі
кӛңіл бӛліп отырса, білім сапасы әлдеқайда жақсаратыны белгілі ұғым. Бұл күрделі