№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
56
- Қарым-қатынастық құзырлығын және тілдік сӛйлеуді дамытуға арналған
арнайы жүйелі
жаттығуларды ұйымдастыру;
- Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сӛйлеу қабілетін
арттыру мақсатында жүйелі тапсырмаларды ӛңдеу;
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту;
- Ағылшын тілін оқытуда бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлға
ретінде тілін дамытады, ауызша және жазбаша сӛйлеу үрдісін толық меңгеруге
бағытталған.
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту
керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі
оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни
оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Кӛптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері ағылшын тілі сабақтарында
ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды
даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісті іске асырудың негізгі құралы
компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық
шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім
қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға ӛз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге,
ӛз жұмысының нәтижесін кӛріп, ӛз ӛзіне сын кӛзбен қарауына және жеткен
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін сабағының
түріне дұрыс таңдау жасай білуі қажет.
Ағылшын тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды
пайдалану арқылы ӛтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту
барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады.
Фонетиканы, морфологияны оқытуда компьютерді ӛз ретімен пайдалану қажет.
Мысалы:
- Ағылшынтіліфонетикасын оқыту барысында сӛздегі не сӛйлемдегі дауысты,
дауыссыз дыбыстар
санын анықтау;
- Сӛз құрамындағы қажетті әріпті табу бағдарламасын құруға арналған
тапсырма беруге болады;
- Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін
бағалауға болады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге ағылшын
тілі сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі ӛзгертуге, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және
қабілеттерін кӛре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін былай кӛрсетуге болады:
- Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай
дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан ӛзін еркін
сезінеді;
- Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік
және ӛзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы ӛз бетінше
еңбектенеді. Ӛз еңбегінің нәтижесін кӛреді. Ӛзін-ӛзі қадағалауға мүмкіншілік туады.
Тапсырмаларды мұғалімнің кӛмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте
сақтау қабілеттері дамиды.