42 Жастарды отбасы өміріне даярлау. 43. Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы



жүктеу 2,19 Mb.
бет6/28
Дата18.05.2022
өлшемі2,19 Mb.
#38668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
23,06,2021 тәрбие жұмысының әдістемесі

52).Кәсіптік бағдар беру жүйесі.
. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

  • Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

  • Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

  • Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

  • Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Косіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады.Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады.Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді.Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады.Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

  • Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;

  • Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу;

  • Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.

Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау