49).Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады.Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
50).Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы.
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол — өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен сфтеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі - гуманистік және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: |