109. Баспа машинасының машинисі
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Баспа машинасында басудың офсеттік тәсілімен асбест – цементті табақтардың үстіне суреттерді, ағаштардың әртүрлі жыныстарына, қаланған кірпішке және басқаларға ұқсайтын текстураны салу процесін жүргізу. Баспа машинасының жұмысын реттеу. Факельді пышақтарды орнату мен қайрау бояу үшін ванна мен офсеттік білікті дұрыс орнатуды бақылау. Машинаның оймалау білігі баспа суреттерінің қосарлануын байқау. Баспа және офсеттік біліктердің өзара іс-әрекет үйлесімділігін қамтамасыз ету. Технологиялық шарттарға сәйкес баспа бояуының түсі мен тұтқырлығын дәлдеп түзету. Факельді пышақтардың, текстуралық цилиндр мен офсеттік біліктің қыспағындағы сығылған ауаның қысымын бақылау. Асбест – цементті табақтардың ассортиментіне тәуелді баспа машинасын икемдеу мен қайта икемдеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; қолданылатын бояулардың рецептурасы; біліктер жүйесі өзара іс-әрекеттері үйлесімділіген баспа машинасының жұмысын тексеру ережесі; баспа бояуының түсі мен тұтқырлығын дәлдеп түзету тәсілдері; баспа машинасын икемдеу және қайта икемдеу ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-саймандарының міндеті, қолдану ережесі.
110. Пневматикалық және бұрамалы сорғылардың машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі бұрандалы, екі камералы және басқа да пневматикалық сорғыларға қызмет көрсету. Ауаны өткізу және сығылған ауаны тазалау сүзгіші жүйелерінің жұмыс жағдайын байқау. Сорғының араластыру камерасына сығылған ауаны беруді реттеу. Сығылған ауаны тазалау сүзгішіндегі торфты әзірлеу мен ауыстыру. Сорғы механизмдерінің үйкелетін бөліктерін майлау. Ауа өткізгіштер мен екі жүрісті айырғыштардағы тозған мембранды клапандардың манеттерін, камера-сорғылардың поршень манжеттері мен клапандарын, инелі бүріккіштерді, маталы сүзгіштерді ауыстыру. Жабдықтың саңылаусыздығын қамтамасыз ету. Мойынтіректің температурасын бақылау және қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, цемент өткізгіштердің және дабыл беру қалқаны мен сыныпты айырғыштарды электр сымдарының құрылысы мен әрекет принципі; ауа өткізу мен цемент өткізу сұлбалары; шұраның, ысырманың құрылысы; бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика, дабыл беру және блокадалау аспаптарының міндеті, әрекет принципі және орнату жері; қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау картасы, майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары; майлау материалдарын жұмсау нормалары мен сорғының бөліктерін майлау жиілігі; сығылған ауаны тазалау сүзгішіндегі торфтың қызмет мерзімі және ауыстыру тәртібі; бұрамалы және пневматикалық сорғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннадан асатын сорғыларға қызмет көрсеткен кезде - 3-разряд.
111. Нығарлау машинасының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен текстуралық қағазбен жабылған асбест – цементті табақтардың үстін полимер қабыршығымен нығарлаған кезде нығарлау машинасын басқару. Бағыттаушы біліктердің арасын қағаз бен қабыршық орамасын орнату. Текстуралық қағаз бен полимерлік қабыршықты кесу. Машинаның тораптарын еріткішпен жуу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; машинаға қағаз бен қабыршық орамасын орнату ережесі; нығарлау машинасына қағаз бен қабыршықты салудың тәсілдері; текстуралық қағаз бен полимерлік қабыршықты кесу ережесі; машинаның тораптарын жуу ережесі; қолданылатын материалдар мен дайын өнімдерге техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар.
112. Нығарлау машинасының машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Текстуралық қағазбен жабылған асбест – цементті табақтардың үстін полимер қабыршығымен нығарлаған кезде асбест – цементті табақтарға текстуралық қағазды жапсыру. Текстуралық қағазды, қабыршықты, асбест – цементті табақты беру үйлесімдігін, әрлеу материалдарының тегіс және тығыз орналасуын қамтамасыз ету. Асбест – цементті табақ қозғалысының жылдамдығын және полимер қабыршығының нығарлануын реттеу. Бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша сығылған ауаның қысымын байқау. Қағаздың, қабыршықтың астында ауа көбіршігінің болуын бақылау және оны кетіру. Нығарлау машинасын берілген технологиялық режимге икемдеу.
Білуге тиіс: нығарлау машинасының құрылымы мен әрекет принципі; машинаның жұмыс режимін икемдеу мен реттеу ережесі; асбест – цементті табақтарға текстуралық қағазды салу әдістері; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; сығылған ауаның қысымын және асбест – цементті табақтар мен қабыршықты нығарлау қозғалысының жылдамдығын реттеу ережесі; бақылау – есептеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
113. Өздігінен жүретін газды – ерітінді араластыру
(дірілдегіш газды – бетонды араластыру) машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуысты бетондардан бұйымдар әзірлеу процесінде өздігінен жүретін газды-ерітінділі араластырғыш механизмдерін басқару. Газды-көбікті-бетонды қоспаны, ерітінділер мен массаны дайындау. Араластыру агрегатының сыйымдылығына газды-қышқылды массаны құрайтын компоненттерді оны тұрақты түрде араластырумен құю. Газды-ерітінділі араластырғышты газды-қышқылды массасымен қалыптау орнына жеткізу және массаны қалып табанға құю. Бөлу бункерін онда қалған массадан босату. Газды-ерітінділі араластырғышты қатып қалған массадан жүйелі түрде босату, құбыршек пен шығатын саңылауды тазарту. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткішін байқау. Ауысымдық журналды жүргізу. Газды-ерітінділі араластырғыш механизмдерін реттеу және икемдеу, ұсақ ақауларды түзету. Жуу суын төгу. Гидравликалық ұстау қалыбын ілмектеу.
Білуге тиіс: өздігінен жүретін газды-ерітінділі араластырғыштың құрылысы мен пайдалану ережесі; газды-көбікті қоспаны, ерітінді мен массаны әзірлеу технологиясы және рецептурасы; жекелеген компоненттерді салу реттілігі; араластыру режимі; қатқылдауды жеделдеткішті мөлшерлеу, түрлері мен міндеті; газды-көбікті қоспаның әртүрлі маркаларының ерекшеліктері мен олардың міндеті; бұйымдар мен қалыптарды ілмектеу ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
Қуысты қоспаның компоненттерін мөлшерлеу функциясын орындаған кезде - 5-разряд.
114. Слюдалы қыртыс жасайтын машинаның машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен слюдалы қыртысты құю процесін жүргізу. Қойыртпаны, айналма және таза суды беруді реттеу. Көмекші жабдықтарды реттеу, машинаның жағдайын байқау және оның жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Жабдықтарға профидактикалық жөндеуді жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; слюда қыртысы өндірісінің технологиялық процесі туралы негізгі мағлұматтар; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі; өнімдердің сапасына қойылатын талаптар; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
115. Слюдалы қыртыс жасайтын машинаның машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. слюдалы қыртысты құю процесін жүргізу. Вакуум-сорғының, калорифердің, желдеткіштің жұмысын реттеу. Өндірілетін слюда қыртысының сапасын, бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын және көрсеткіштерін байқау, таспа параметрлерін реттеу. Машиналарды тазалауға және ағымдағы жөндеуге қатысу. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; слюдалы қыртысты өндірудің технологиялық процесі; коммуникация сұлбасы; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету әдістері; өндірілетін өнімдерге техникалық шарттар.
116. Кептіру агрегаттарының машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр пешінде, конвейерімен электрлі-шамды кептіргіштерде және басқа да кептіргіш құрылғыларда слюданы кептіру процесін жүргізу. Слюданы тиеу мен түсіру. Жабдықтарды іске қосу мен тоқтату, кептіру режимін байқау. Электрлі-шамды кептіргіштегі кептіру конвейерінің қозғалысын реттеу. Гүрсілдеу процесін байқау.
Білуге тиіс: әртүрлі құрылымдағы және жүйелердегі кептіру құрылғыларының құрылысы мен жұмыс принципі; слюданы кептірудің технологиялық режимі; дірілдеткіш – гүрсілдің құрылысы мен жұмыс принципі.
117. Шикізаттық диірменнің машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қатты шикізатпен жұмыс және құрғақ ұнтақтаудың тәсілі кезінде – қосынды өнімділігі сағатына 100 тоннадан астам жұмсақ шикізатпен жұмыстар сағатына 200 тоннадан астам, «Гидрофил» және «Аэрофил» диірмендерінде жұмыс істеген кезде – сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірменде шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу. Диірмендерді қоректендіруді реттеуге және шикізаттық ұн мен қойыртпақтың сапасына қойылатын технологиялық талаптарды сақтауға қатысу. Қоректендіруші, мөлшерлеуші, тасымалдаушы және топтастыру құрылғыларының, диірменді, диірмендерді тамыздықтаудың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Диірменнің корпусының, бронефутеровкасының және тығыздау құрылғыларының, мойынтіректерді майлау және суыту жүйелерінің жұмысын байқау. Диірмендерді толық тиеу мен ауыстырып тиеуге қатысу. Шикізаттық диірмендердің және жинақтаушы жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.
Білуге тиіс: ұнтақтау агрегаттары мен көмекші қондырғылардың әрекет принципі және құрылысы; ұнтақтау агрегаттарының жұмысына ықпал ететін факторлар; шикізаттық үн мен қойыртпақтың компоненттерінің негізгі қасиеттері және сапалық сипаттамалары, борланған денелерді сұрыптау әдістері; бақылау-өлшеу құралдарының, дабыл беру, автоматика және блокадалау аспаптарының міндеті мен әрекет принципі; механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері; майлау карталары, майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары.
118. Шикізаттық диірменнің машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты шикізатпен жұмыс және құрғақ ұнтақтаудың тәсілі кезінде – қосынды өнімділігі сағатына 100 тоннадан астам жұмсақ шикізатпен жұмыстар сағатына 200 тоннадан астам, «Гидрофил» және «Аэрофил» диірмендерінде жұмыс істеген кезде – сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірменде шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу, сондай-ақ өзінен біліктілігі жоғары машинистің ьасшылығымен қосынды өнімділігі тиісінше сағатына 100 тоннадан, сағатына 200 тоннадан, сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірмендерде шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу. Диірмендерді қоректендіруді реттеу және шикізаттық қоспа мен қойыртпақтың сапасына қойылатын белгіленген технологиялық талаптарды қамтамасыз ету. Шикізатты бір мезгілде кептіру мен ұнтақтау кезінде газ ағынының температурасы мен жылдамдығын реттеу. Диірмендердің, электр энергиясының, отынның, борлы денелердің үнемді өнімділігін қамтамасыз ету. Диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесін сақтау. Белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу. Ұнтақтау агрегаттары мен жинақтаушы жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды басқару.
Білуге тиіс: ұнтақтау агрегаттары мен көмекші жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс режимін реттеу тәсілдері; газдардың температурасы мен қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдері; құрғақ әдіс кезінде шикізатты кептіру режимінің параметрлері; диірмен агрегаттарының жұмысына және өнімділігіне ықпал ететін факторлар; шикізатты ұнтақтау процесін үдету тәсілдері; шикізаттық қоспалар мен қойыртпақтар құрауыштарының қасиеттері және сапалық сипаттамасы; шикізаттық қоспалар мен қойыртпақтар сапасын бақылау әдістері мен тәсілдері; шикізаттық қоспалар мен қойыртпақтарды тасымалдау сұлбасы; диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесі; бақылау-өлшеу құралдарының, автоматты реттек, дабыл беру және блокадалау жүйелерінің міндеті мен әрекет принципі.
Қосынды өнімділіктері: қатты шикізатпен және ұнтақтаудың құрғақ әдісі кезінде сағатына 100 тоннадан астам; жұмсақ шикізатпен жұмыс кезінде сағатына 200 тоннадан астам; «Гидрофил» мен «Аэрофил» диірмендерінде жұмыс кезінде сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірмендерге қызмет көрсеткенде - 5-разряд
119. Құбырлық машинаның машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбырды қалыптау процесін жүргізуге қатысу. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің нұсқауы бойынша машинаның техникалы шұғасының қозғалысын реттеу. Асбест – цементті құбырды орау үшін форматты білікті бекіту. Қалыптау процесінде құбырдың соңының және вакуумдық жүйе жұмысының сапасын бақылау. Форматты білікке оралған құбырды пышақ – бізбен қайырып түйреу және оны қайтадан жаншу. Оралған құбырдан білікті алу және бос білікті кіргізу. Құбырларды түсіріп алуға көмектесу. Форматты білікті, торкөзді цилиндрді, техникалық шұғаны ауыстыруға қатысу. Шұға мен торкөзді цилиндрлерді жууға, құбырлық машинаны жууға және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принциптері; құбырды қалыптаудың технологиялық процесі; асбесттің, цементтің және техникалық шұғаның қасиеттері; құбыр ақауларының сыртқы белгілері; ақаулардың туындау себептері мен алдын алудың әдістері; өндірілетін өнімдерге стандарттар (техникалық шарттар).
120. Құбырлық машинаның машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің көмегімен құбырларды қалырптау процесін жүргізу. Асбест-цементті массаны торкөзді цилиндрдің ваннасына салуды ретту. Суспензияны араластыруды және оның қоюлануын байқау. Ваннаға су беруді реттейтін қалтқының жұмысын байқау. Индикатордың көрсеткіштері, монометрдегі майдың қысым, вакуум жүйесінің жуут үктерінің, тезникалық шұғаның және машинаның басқа да тораптарының жұмысы бойынша оралатын құбырлар қабырғасының қалыңдығын байқау. Торкөзді цилиндрлерді ауыстыру мен жуып-шаю жэәне техникалық шұғаларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарға қатысу. Құбырлық машинаны тазалауға, жөндеуге, бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі; асбест-цементті құбырлар өндірісінің технологиялық процесі; асбест пен цементтің қасиеттері, олардың сұрыптары мен маркалары; цементті күлтелеу әдістері; құбырды қатыру процесі; құбыр ақауларының сыртқы белгілері; ақаулардың туындау себептері мен алдын алудың әдістері; өндірілетін өнімдерге стандарттар (техникалық шарттар).
121. Құбырлық машинаның машинисі
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Асбест-цементті құбырларды қалыптау процесін жүргізу. Асбест-цементті массаның қоюлануын реттеу. Құбырларды қалыптау процесінде қабыршықтың біркелкі қалыңдығын қамтамасыз ету. Вакуум-сорғының жұмысын байқау. Вакуумдық қорапшадағы сейілтуді және жуу құбырлардағы қысымды реттеу. Қысым экипажының көмегімен шұғаның тартылуын және оралатын құбырлардың тығыздалуын реттеу. Біліктерді алу және салу. Қысым экипажын көтеру және түсіру. Құбырларды орағаннан кейін оларды қайтадан жаныштау. Торкөзді цилиндрелерді аусытыру және жуу, техникалық шұғаларды ауыстыру, тазалау және жуу, гауч-біліктерді қайта орау жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысу. Құбырлық машинаны тазалауға, бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі; асбест-цементті құбырлар өндірісінің технологиялық процесі; асбест пен цементтің қасиеттері, олардың сұрыптары мен маркалары; цементті күлтелеу әдістері; құбырды қатыру процесі; құбыр ақауларының сыртқы белгілері; ақаулардың туындау себептері мен алдын алудың әдістері; өндірілетін өнімдерге стандарттар (техникалық шарттар); жабдықтардың майлау ережесі.
Құбырлық машиналарға қызмет көрсететін бригадаға басшылық жасаған кезде - 7-разряд.
122. Көмірлік және цементтік диірмендердің машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен өнімділігі сағатына 16 тоннаға дейінгі көмірлік диірмендерде көмірді, қосынды өнімділігі сағатына 75 тоннаға дейінгі цементтік диірмендерде клинкерді ұнтақтау процесін жүргізу. Қоректендірушілердің, мөлшерлеушілердің, күщпен үрлеу және топтастыру құрылғыларының жұмысын бақылау. Берілген режимге және көмірдің срогына сәйкес кептіру агенттігінің температурасымен жылдамдығын реттеу. Бункерлердегі, көліктік механихмдерде және диірмендерде көмір мен көмір тозаңының температурасын бақылау. Диірменді толық тиеуге және қайта тиеуге қатысу. Жабдықтардың саңылаусыздығын бақылау. Диірменді қоректендіруді және цементтің сапасына қойылатын талаптардың сақталуын реттеуге қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың үздіксіз жұмысын, жарамдылық жағдайын қамтамазсыз ету. Мойынтіректер температурасын, май станциясының жұмысын, майлау және сумен суыту жүйесін бақылау. Диірмендер корпусының, борнефутеровканың және нығарлаушы құрылғысының жағдайын бақылау. Диірмендерге борлы денелерді толық тиеуге және қайталап тиеуге қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды алдын алу және түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принйипі; ұнтақтау сапасына, көмірлік диірмендердің, ұнтақтау агрегаттарының жұмысына ықпал ететін факторлар; көмірді кептіру, ұсақтау және ұнтақтау агрегаттарын техникалық шарттары мен жұмыс режимі; диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесі; бақылау-өлшеу құралдарының, автоматты реттеу құрылғыларының, дабыл беру және блокадалау жүйесінің міндеті мен әрекет принципі; клинкермен үстеменің сапалық сипаттамалары; цементтің сапасын зертханалық анықтаудың негізгі тәсілдері мен әдістері; майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері; механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері; цементке мемлекеттік стандарттар.
123. Көмірлік және цементтік диірмендердің машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қосынды өнімділігі сағатына 16 тоннаға дейінгі көмірлік диірмендерде көмірді, қосынды өнімділігі сағатына 75 тоннаға дейінгі цементтік диірмендерде клинкерді, сондай-ақ қосынды өнімділігі сәйкес түрде сағатына 16 тоннадан асатын және сағатына 75 тоннадан асатын диірмендерде ұнтақтау процесін жүргізу. Келіп түсетін көмірдің сапасын бақылау. Диірмендерді көмірмен, клинкермен және үстемемен қоректенджіруді реттеу. Ұнтақтаудың, көмірдің сапасына белгіленген талаптарды сақтау. Газ ағынының температурасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету. Диірмендердің үнемді өнімділігін, электр энергиясы мен борлы денелердің үлестік жұмсалуын қамтамасыз ету. Диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесін сақтау. Белгіленген техникалық құжаттамаларды жүргізу. Диірмендермен жинақтаушы қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен техникалық сипаттамалары; ұнтақтау режимін реттеу әдістері, әртүрлі маркадағы көмірде кептірудің, ұсақтау және ұнтақтаудың техникалық шартары; отындық шихтаның талаптары; газдың қозғалыс сұлбасы; диірмендердің жұмысы мен өнімділіген ықпал ететін факторлар; клинкерді ұнтақтау процесін бірегейлендіру әдістері; клинкер мен үстемелердің қасиеттері және сапалық сипаттамалары; шихтаны жасау жөніндегі талаптар; тозаң аулау процесінің мәні; ауаны тазалау деңгейі нормалары.
Қосынды өнімділігі сағатына 16 тоннадан асатын көмірлік диірмендерге, сағатына 75 тоннадан асатын цементтік диірмендерге қызмет көрсеткен кезде - 5-разряд.
124. Темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарын сынау бойынша қондырғы машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарын беріктікке, қаттылыққа және жарылу шыдамдылығына, қысымды құбырларды су өткізбеуге сынау кезінде механизмдердің және қол аралардың жұмысын бақылау. Сынау сұлбасына сәйкес стендке бұйымдарды орнату. Көрсеткіштерді ресімдеу мен сынау нәтижелерін өлшеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы, әрекет принципі мен техникалықы пайдалану ережесі; беріктікке, қаттылыққа және жарылу шыдамдылығына техникалық талаптар; сыналатын бұйымдарды ілмектеу, орнату және орналастыру ережесі.
125. Қоймалжың әзірлеу бойынша қондырғының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қоймалжыңды әзірлеу және топтарғыштарда слюданы топтастыру процесін жүргізу. Барлық сатылы дезинтеграторларды, қойырқыштарды, топтастырушыларды, барботераларды, сыртқа тебу сорғылары, механикалық сүзгіштерді және қоймалжыңды сақтау жөніндегі қондырғыларды басқару. Бақылау-өлшеу қондырғыларының көрсеткіштерін байқау. Қоймалжың өнірісінің технологиялық процесін реттеу. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету мен жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қоймалжың өнідірісі жөніндегі қондырғылардың құрылысы мен әрекет принципі; слюданы топтастырудың технологиялық режимі; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен міндеті; жабдықтарға рұқсат етілетін жүктемелер; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері.
126. Слюданы бөлшектеу бойынша қондырғының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слюданы механикалық бөлшектеуге арналған агрегаттарда слюданы бөлшектеу процесін жүргізу. Слюданы бөлшектеудің технологиялық процесін реттеу. Слюданы механикалық бөлшектеуге арналған агрегаттарды бейімдеу және оның қалыңдығы бойынша ауалық тоқтау. Агрегаттарға профилактикалық жөндеу жүргізу және ағымдағы жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: слюданы механикалық бөлшектеуге арналған агрегаттардың режимі; слюданы бөлшектеу процесінің технологиялық режимі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері; шикізатпен тарамдалған слюдаға мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар.
127. Қалыптау агрегатының машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетон және темір-бетон бұйымдарын қалыптау процесін жүргізу. Қалыптау агрегаттарының кешеніне кіретін барлық механизмдердің: бетон төсеушінің, дірілдегіш алаңшалардың, тегістеу және жазу құрылғаларының жұмысын басқару. Агрегат механизмдерін жұмысқа дайындау. Қызмет көрсететін механизмдерді реттеу, бейімдеу, тазалау мен майлау, олардың жұмысындағы ақауларды түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қалыптау агрегаттары механизмдеріңн құрылысы, әрекет принципі мен техникалық пайдалану ережесі; бетондардың негізгі қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар; бұйымдарды қалыптау жөніндегі жұмыс өндірісі технологиясы, арматура мен салынбалы бөлшектерге талаптар; оларды орнату мен бекітудің ережесі, кезектілігі; торкөздерді, қаңқаларды, қалыптар мен бұйымдарды ілмектеу және орнын ауыстыру әдістері; агрегаттардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
128. Қалыптау агрегатының машинисі
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыстың көлемдік темір-бетон элементтерін: бөлмелерді, басқыш шабақтары, рлифтердің, машина қоныстарын қалыптау кезінде көлемдік қалыптау машиналарының барлық механизмдерінің жұмысын басқару, машиналарды жұмысқа дайындау. Арматуралық қаңқалардың, салынбалы бөлшектердің және түтік жасаушылардың элементтерін құрастыру, орнату және бекіту. Бетон қоспасын салу және тығыздау. Бұйымдарды жылу-ылғалдық өңдеуге тапсыру. Көлемдік элементтерді қайта қалыптау. Механизмдерді ретеу, бейімдеу, тазалау, майлау, жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін көлемдік-қалыптау машиналарының онымен тікелей байланысты құрылғыларының және механизмдерінің барлық кешендерінің құрылысы, әрекет принципі, техникалық пайдалану ережесі; бетоондар мен ерітінділердің негізгі қасиеттері, оларға қойылатын талаптар; көлемдік элементтерді қалыптау жөніндегі жұмыстар өндірісінің технологиясы; арматура мен салынбалы бөлшектерге талаптар, оларды орнату мен бекітудің ережесі, реттілігі; ішпектер мен өзекшелерді құрастыру, бөлшектеу және бекіту кезектілігі; қондырғының торкөздерін, қаңқаларын, бұйымдар мен бөлшектерді ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |