Тапсырма
Жұмыстың орындалу реті:
Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа ведомость атауын беріңіз.
1.-сурет.Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер
Төменде берілген кестедегі мәліметтерді енгізіңіз.
Төлемақыны төмендегі формула бойынша есептеңіз. Алдымен =ЕСЛИ(C4=I5;J5;ЕСЛИ(C4=I6;J6;J7)) формуласын енгізіп, көлікті жөндеу құны если функциясының көмегімен сәйкестендіріңіз, сонан соң, формула жолына курсорды қойып, шыққан нәтижеге көлік санын көбейтіңіз. Формула келесідей болады: =ЕСЛИ(C4=I5;J5;ЕСЛИ(C4=I6;J6;J7))*D4
Көлік саны мен төлемақының барлық санының қосындысын СУММ функциясының көмегімен есептеңіз.
Курсорды тізімнің, яғни негізгі кестенің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (Данные) - Сүзгі (Фильтр) –Автосүзгі (Автофильтр) командасын таңдаңыз. Кестенің тақырыптар жолында, ашылатын мәндер тізімі бар -батырмалары пайда болады.
№1-бригада жұмысшылары тізімін шығару керек болсын. Ол үшін бригада тақырыбының төменгі жағындағы ашылатын мәндер тізімі бар арнайы батырмасын шертіп, ашылған тізімнен 1 мәнін таңдаймыз.
Келесі сүзгі критерийі: Көлік түрі өрісінен «ВАЗ- 2121» мәнін таңдау. Онда экранға үш жол ғана шығады.
2.-сурет.Автосүзгі орнатылған терезе
10. Жекелеген баған бойынша сүзгі критерийін өшіру үшін, ашылған тізімнен Барлығы(Все) параметрін таңдау керек.
11. Көлік саны өрісінде келесі шарт бойынша іріктеу жүргізіңіз: үшке тең және үшеуден артық көлік жөндеген қызметкерлер жайында жазбаларды таңдау. Ол үшін ашылған тізімнен Шарт…(Условие…) параметрін таңдап, ашылған Пайдаланушы автосүзгісі (Пользовательский автофильтр) сұхбаттық терезісінде 3.-суретте көрсетілгендей қажетті параметрлерді енгізіңіз.
3.-сурет.Сұхбаттық терезеде шартты орнату
Нәтижесі 4.-суретте көрсетілген.
4.-сурет.Автосүзгі нәтижесі
2-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді фамилия бойынша өсу қатарымен сұрыптаңыз. Сүзгіні пайдаланып 1 курс студенттерінің тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.
3-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді авиакомпания бойынша кему қатары бойынша сұрыптаңыз. Ұшып келген ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Сағат 6:05 дейінгі ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.
4-тапсырма. Видеокассета прокат пункті берілген. Бағаналардың атын видеокассетаның аты, ұзақтығы, жанры, тақырыбы, шыққан жылы, шыққан жері, кинокомпания, басты актерлар деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
5-тапсырма. Кинотеатр мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кинотеатрдың аты, кионтеатрдың адресі, фильмнің аты, фильмнің жанры, фильмнің бағасы, уақыты, күн деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
6-тапсырма. Ресторан мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын тағамның аты, тағамның бағасы, кухня түрі, категориясы (бірінші, екінші және т.б.; етті, балық, салат және т.б.), тағамның компоненттері деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
7-тапсырма. Кітапхана мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кітаптың шифры, аты, авторы, шыққан жері, баспасы, беті, шыққан жылы деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Сүзгінің қандай түрлері бар және сүзгі қандай мәзірде орналасқан?
Автосүзгіде шартты қалай ендіреміз?
Кеңейтілген сүзгіде қандай параметрлерді енгіземіз?
Достарыңызбен бөлісу: |