390200 му к лаб раб по неорганической химии



жүктеу 0,83 Mb.
бет9/15
Дата19.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#21484
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Жұмыстың орындалуы
1 тәжірибе. Әлсіз негіз ерітіндінің иондық тепе-тендігін ығыстыру.

Екі пробиркаға 0,1 н аммоний гидроксид (NH4OH) ерітіндісінен 5-6 мл және фенолфталеин ерітіндісінен 1-2 тамшы құйыңыз. Индикатор түсінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. 1-ші пробиркаға аммоний хлоридінің 2-3 кристалын қосып, оны ерігенше араластыру қажет. Пробиркалардың түсін салыстырып, диссоциацияның молекулалық тендеуін пайдаланып аммоний гидроксидінің диссоциация бағытының алмасуын түсіндіріңіз. Теңдеулер жазаңыз.

2 тәжірибе. Амфотерлі электролиттер.

Пробиркаға мырыш сульфатының ерітіндісінен 2-3 мл және натрий гидроксиді ертіндісін аз мөлшерінде құйыныз. Пайда болған тұнбаны екі пробиркаға бөліп : 1- шіге – 2 н HCl ертіндісін ; 2- сіне – 10 % NaOH тұнба ерігенше қосыңыз. Реакция теңдеуін жазып, мырыш гидроксиді неліктен екі жақты қасиеттерді көрсететінің түсіндіріңіз.

3 тәжірибе. Иондық алмасу реакциялары.

а) Екі пробиркаға натрий сульфидінен 2-3 мл құйыныз. Бірінші пробиркаға аз мөлшерінде темір (II) сульфатының ертіндісін қосыныз; екіншісіне – мыс (II) сульфатынын ертіндісін құйыңыз. Пайда болған тұнбаларды байқаңыздар. Тұнба түзілу реакциялардың молекулалық, толық және қысқартылған иондық тендеулерін жазыңыздар.

б) Үш пробиркаға 2-3 мл ерітінділері құйыңыз: 1-ші -натрий сульфатын, 2-ші –магний сульфатын, 3-шіге – алюминий сульфатын. Барлық пробиркаларға 1 -2 мл барий хлоридінің ерітіндісін косыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз. Тұнба түзілгенін байқап неге осы реакциялар қайтымсыз екенін түсіндіріңіз.

4 тәжірибе. Тұнбалардың еруі және ерігіштік көбейтіндісі

Үшінші тәжірибеде алынған FeS мен CuS тұнбаларына аз мөлшерінде 2 н. түз қышқылының ерітіндісін қосыңыз. Тұнбалардың қайсысы еріді? Реакция теңдеуін құрыныз. Ерігіштіктің көбейтіндісі тұсінігін колдана отырып, тұнбалар айырмашылығын дәлелдеңіз.

Бақылау сұрақтары
1.Электролиттер деп қандай заттарды атаймыз?

2. Әлсіз және күшті электролиттер айырмашылығы ?

3. Қандай факторлар электролиттік диссоциация процесіне әсер етеді?

4. Әлсіз электролиттерге қандай заттар жатады?

5. Оствальд сұйылту заңының математикалық теңдеуін келтіріңіз.

6. 0,05 М алюминий хлоридінің ерітіндісің диссоциациялану дәрежесі =60% бойынша хлор ионының концентрациясы қандай болады?

7. 0,1 М сірке қышқылының ерітітіндісінің диссоциациялану дәрежесі 1,32 10-2 тең. Осы қышқылдың диссоциация тұрақтысын есептеңіз.
8 лабораториялық жұмыс. Тотығу-тотықсыздану реакциялар

Жұмыстың мақсаты.

1 Кең таралған тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштардың қасиеттерін білу;

2 тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін құрастыруын үйрену.

Теориялық кіріспе. Реакцияға қатысатын заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.

Тотығу дәреже – ионның шартты заряды; ол бүтін, бөлшек сандарға ие болуы мүмкін. Жай және күрделі заттардағы элементтердің тотығу дәрежелері бейтарап, оң, теріс болуы мүмкін. Тотығу дәрежені анықтау үшін мынадай ережелерді қолдану керек :



    1. Сутегінің қосылыстарындағы тотығу дәрежәсі: а) бейметалдармен 1+ тең (мысалы ); б) металдармен 1- тең (мысалы, гидридтерде NaH).

    2. Оттегінің тотығу дәрежесі 2- (тек пероксидтерде 1-; мысалы Н2О2 );

    3. Металдардың тотығу дәрежесі оң зарядты болады;

    4. Бейметалдардың тотығу дәрежесі оң немесе теріс зарядты бола алады (мысалы N , N , N );

    5. жай заттардың тотығу дәрежесі нөлге тең ( мысалы Zn , Al, Сl2);

      жүктеу 0,83 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау