Бақылау сұрақтары
1. Эквиваленттік масса дегеніміз не? Неге элементтердің мольдік массасы тұрақты шама, ал эквиваленттік масасы тұрақты емес?
2. Қандай жағдайда күкірт қышқылының эквиваленттік массасы ең кіші мәнге ие болады: а)ол қышқылдық тұзға; б) орташа тұзға; в) күкірт диоксидіне; г) бос күйдегі күкіртке айналганда?
3. Металдың 16,74 г тотыққанда оның 21,54 г оксиді түзілді. Металдың эквиваленттік массасын есептеңіз (г/ моль);
4. Тұз қышқылымен әрекеттескендегі Al(OH)3 эквиваленттіқ массасын анықтаңыз: Al(OH)3+HCl=Al(OH)2Cl+H2O
5. Оксид құрамында 50 % өттегі бар. Элементтің эквиваленттік массасын анықтаңыз.
6. Қалыпты жағдайда өттегінің 4 эквиваленті қандай көлем алады?
7. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз, егер оның 0,366 г бейтараптау үшін натрий гидроксидінің 0,292 г қажет.
2 лабораториялық жұмыс. Көміртегі /IV/ оксидінің мольдік массасын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Кипп аппараты арқылы көміртегі /IV/ оксидінің мольдік массасын анықтау
Теориялық кіріспе. Газдың күйі оның температурасымен, қысымымен және көлемімен сипатталады. Егер газдың температурасы 00С тең, ал қысымы атмосфералық қысымға (101,325 кПа немесе 760 мм с.б.б.) тең болса, осы шарттағы газдың күйі –қалыпты деп аталады. Осы шарттағы газдың көлемін V0 , ал қысымды – Р0 деп белгілейміз. Бойль-Мариотт заңы бойынша: тұрақты температурада берілген газдың көлемі оның қысымына кері пропорционал болады:
немесе PV= const (11)
мұндағы Р- қысым, V- газдың көлемі.
Гей-Люссак заңы бойынша: тұрақты қысымда газдың көлемінің өзгеруі температураға тура пропорционал болады, яғни
немесе (12)
мұндағы Т –температура К (кельвин).
Газдың көлемі, қысымы және температура арасындағы тәуелділігін Бойль-Мариотт пен Гей-Люссактың біріккен газ заңы көрсетеді:
(13)
мұндағы P0V0T0- қалыпты жағдайдағы қысым, газдың көлемі және температура (P0=101,325 кПа, T0= 273 К): ал PV –берілген температурадағы (Т) газдың қысымы мен көлемі.
Әдетте бұл формула басқа жағдайдағы көлемі белгілі болса берілген жағдайдағы газдың көлемін есептеуге қолданады.
Массасы мен мөлшері берілген газдың көлемін есептеу үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін қолданады:
PV = n RT (14)
немесе
PV = RT (15)
мұндағы n –газдың моль саны, m –масса (г), M –газдың молярлық массасы (г/моль), R-универсал газ тұрақтысы.
Достарыңызбен бөлісу: |