Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кiрiспе, екi тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
ТАРАУ 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
1.1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Экономикалық қызмет саласындағы бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны-ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы,) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-бап), жалған ақша (206-бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есел ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда матриалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-баптарында көзделген қылмыстар.
ҚК-тің осы, қарастылырып отырған қылмыстардың бірқатар баптарында бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚР ҚК-тің 197, 205, 218-баптары.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚР ҚК-тің 192, 193, 198, 204-баптары).
Экономикалық кызмет саласындағы қылмыстардың субьектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субьектісі тек лауазымды адамдар (ҚК-тің баптары), банк қызметкерлері ғана (189,202 -баптары) болады.
Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:
1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы,) заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын- сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (225-бап), мәліме жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға тәжбүр ету (ҚК-тің 226-бабы);
2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және
мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194-бабы), несиелік берешекті өтуден әдейі жалтыру (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы зағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207-бапы);
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстары: акциздік алым
маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208-бап), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222-бабы);
4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар:
көпшілік сауда-саттықтар мен аукцияндардағы өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тің 224-бабы);
5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |