3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі



жүктеу 0,57 Mb.
бет28/53
Дата13.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#35792
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
3. Санды талдау дістеріні жіктелуі

Лекция 6

Тақырыбы: Титриметрия

Жоспар

  1. Әдістің негізі.

  2. Титриметрия әдістерінің жіктелуі.

  3. Титриметрияда қолданылатын реакцияларға қойылатын талаптар

1.Титриметриялық анализ – анықталатын затпен әрекеттесуге жұмсалған реагенттің (титранттың) дәл көлемін өлшеуге негізделген сандық анализ әдісі.

Бұл әдіс бойынша анықталатын А затының ерітіндісіне концентрациясы нақты белгілі реагенттің В затының ерітіндісін біртіндеп қосады. Бұл В реагентті қосуды оның мөлшері А затына эквивалентті болғанша дейін жүргізеді.

Мысал:

HCl ерітіндісін құйған сайын ерітіндінің сілтілігі азая түседі. Бір уақытта НС1 ерітіндісінің құйылған мөлшері NaOH-тың мөлшеріне тең болады, басқаша айтқанда эквивалентті болады. Реагенттің жұмсалған көлемін, концентрациясын біле отыра белгісіз заттың мөлшерін анықтайды.

Анықталатын зат деп берілген үлгідегі анықталатын химиялық элемент, жай немесе күрделі затты айтады, оны А әрпімен белгілейді. Бұлардан басқа: атомдар, иондар, функционалды топтар, байланысқан және бос радикалдар болады.Реагент (титрант) деп қатты, сұйық, газ тәрізді затты айтады, оны В әрпімен белгілейді.

Титрлеу. Концентрациясы нақты белгілі титрантты анықталатын заттың ерітіндісін біртіндеп құю процесін титрлеу деп атайды.

Реагенттің концентрациясы нақтылы белігілі ерітіндісін стандартты немесе титрант деп атайды.

Стандартты біріншілік және екіншілік ерітінділерді айырады. Біріншілік стандартты ерітіндісін дайындау үшін химиялық таза заттың (біріншілік стандарт) сынамасын дәл өлшеп, ерітіп, өлшеу колбасының белгісіне дейін сумен сұйылтады. Біріншілік стандарт ретінде ерітіндіде және қатты күйінде сақтағанда тұрақты, құрамы химиялық формуласына дәл сәйкес келетін химиялық таза заттар қолданылады. Мұндай заттарға келесілер жатады: натрий тетраборатының декагидраты , натрий карбонаты , қымыздық қышқылының дегидраты , натрий оксолаты , янтарь қышқылы , калий хлориді , натрий хлориді , калий бихроматы және т.б.

Концентрациясы біріншілік стандартты ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталатын стандартты ерітіндіні екіншілік стандартты ерітінді деп атайды, ал оның концентрациясын анықтау процессін стандарттау деп атайды.

Стандарттау қажеттілігі кейбір заттардың біріншілік стандарт талабына сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. Мысалы, натрий гидроксиді, хлорсутек және бірқатар басқа заттардың өлшендісін алып, ерітіндісін дайындағанда концентрациясы өзгереді, себебі натрий гидроксиді, мысалы, көміртек (ІV) оксидімен СО2 және ауа ылғалдығымен әрекеттеседі, ал хлорсутек ауада ұшады.

Титрлеу барысында титранттың мөлшері титреленетін заттың мөлшеріне эквивалентті болса, басқа сөзбен айтқанда титранттың теориялық есептелген мөлшері құйылса, онда бұл кезең эквиваленттік нүкте деп аталады. Эквиваленттік нүктені әртүрлі әдістермен анықтайды. Оның ішінде титрленетін ерітіндіге қосылатын индикатордың түсінің өзгеруі, ерітінідінің электрохимиялық, физикалық қасиеттерінің өзгеруі. Осы өзгерістерді, әсіресе индикатордың түсінің өзгеруін байқау негізінде анықталған нүктені титрлеудің соңғы нүктесі деп атайды. Бұл екі нүкте бір-бірімен сәйкеспейді. Себебі титрант индикатормен әрекеттесуге жұмсалады.




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау