2.2 Банкет өткізуде үстел басындағы әдепті сақтау
Ас ішуге арналған асханалық құралдар тамақ ішуді жеңілдетеді. Егер бұл құралдарды дұрыс пайдалануды білмесе, тамақ ішуге көмектесуге арналған бұл құралдар, пайда тигізудің орына адамға ыңғайсыздық туғызатын кездері болады. Сондықтан, дастарханда асхана құралдарын өзінің бағытымен пайдаланудың маңызы өте зор, бұл өте күрделі емес. Тәрелкінің оң жағында орналасқан қасықтар мен шанышқыларды ас ішкен кезде оң қолмен, ал сол жағында орналасқандарды сол қолмен ұстайды. Десерттік құралдардың ұстайтын сабы оң жақтағысын оң қолмен, солға қарап тұрған сабын сол қолмен ұстайды. Дастархан барлық ережеге сәйкес дайындалса, дастарханға ұсынылатын ас мәзірінің санын, қойылатын асханалық құралдарға қарап білуге болады. Егер бірнеше шанышқы қойылса, оның тәрелкіден ең алшақ тұрғанынан бастап қолданылады. Тамақтың түрі ауысқан сайын, сол ас мәзіріне байланысты құралдар да ауысады. Тамақты ортақ ыдыстан алған кезде асханалық құралдар, соның ішінде шанышқы мен қасық қолданылады. Бұл жағдайда шанышқы немесе қасықтағы тамақтың дастарханға түсіп кетпеуін қадағалау керек. Қасықты ұстағанда сұқ саусақпен оның ұшын, ал қасықтың негізгі бөлігін ортаңғы саусақпен ұстау керек. Бұл кезде бас бармақпен қасықтың жоғарғы жағынан ортаңғы саусаққа қарай, ал сұқ саусақпен оны жанынан ұстау керек. Кеспені ішкен кезде, қасықпен алынған тамақ төгіліп – шашылмайтындай мөлшерде алынады. Қасық тікесінен емес, жанымен ауызға жақындатылып, ауызға құйылады, ең бастысы сораптап ішуден аулақ болу керек.Егер кеспе ыссы болса, онда қасықпен былғалап суыту керек емес, қажетті температураға жеткенше күте тұрған абзал. Кеспенің қалғанын ішкен кезде тәрелкені еңкейтіп, қасықты да соның ыңғайына оңайлап ұстау керек. Кеспе ішіліп болған кезде қасықты шалқасынан қаратып бос тәрелкеге салады.
Қасық үнемі оң қолда, сұқ саусақпен қасықтың сабын бас жағына қарай ұстап, дәл осы саусақпен тамақты кескен кезде пышақтың сабын қысып ұстайды, қалағн саусақтар алақанға қарайыңғайланып,бүлгіледі.Шанышқыны сол қолға, тісін төмен қаратып ұстайды.Тамақ алға қойылған кезде, пышақпен кесілмейтін тамақ болса, шанышқыны оң қолда ұстайды, ал шанышқымен тамақ жер кезде тамақты оның иілген бөлігімен қасық тәрізді тәрелкіден алып деу өте ыңғайлы болғанымен, сырттай қарағанда әдемі көрінбейді.Тәжірибеде үстел басында тамақ ішудің екі түрі бар:американдық –яғни тауық немесе еттің үлкен түйірін пышақпен кесіп алғаннан кейін шанышқыны сол қолдан оң қолға ауыстырылады.Ет немесе басқа тағамдарды кескенде өзіне қарай бағыттап, кеседі, тек өзі жейтіндей бір түйірден кеседі, бәрін түгел турап тастау әдепсізділікке жатады. Дастархан басында өзін ыңғайсыз жағдайда болудан сақтану үшін баланы кішкене кезінен бастап қасық пен шанышқыны дұрыс ұстауға дағдыландыру керек.Ұсақ туралған тағамдар шанышқыға ілікпесе, оны қасық тәрізді ыңғайлап алып, тамақты пайдаланамыз. Тамақ ішу кезінде пышақтың өткір бөлігімен тамақты шанышқыға демдейді. Шаншқыны немесе пышақты ұстаған кезде тәрелкеге еңкейтіп ұстайды. Шанышқымен тамақты алғанда пышақпен тамақты үстіне салмайды, тек жай көмекші қимылдар жасайды. Тамақты пышақ пен шанышқының көмегімен жегенде, оларды екі қолымен ұстап отырады, тіпті шанышқыны қолданған кезде де. Бұл құралдарды пайдаланбаған кезде оларды дастарханның үстіне емес, тәрелкенің жанына қояды. Егер тек шанышқының қолдансаңыз, пышақты сізге кедергі болмайтын жерге, тәрелкенің оң жағына қояды.
Егер дастархан да үзіліс болса, онда асханалық құралдарды тәрелкенің үстіне қайшыландырып қояды:
- Пышақты – өткір жағымен солға пайдаланады.
- Шанышқыны дөңес келген шығыңқы жағын жоғары қаратып, сабын шетіне,
- Пышақты бесті көрсеткен сағат тіліндей етіп қоямсыз.
Пышақтың өткірленген жоғарғы үштен бір бөлігін шанышқының тісті ұшына ұйқастыра орналастырамыз. Пышақ пен шанышқының бас жағын тәрелкеге, ал сабын үстелге қоюға болады.Ас ішіп болған соң, пышақ пен шанышқыны қатар орналастырып, саптарын оңға қаратып қоямыз. Пышақтың өткір бөлігін солға, ал шанышқының дөңес келген шығыңқы жағын жоғары қаратып орналастырады. Десерттік қасық пен пышақты да параллельді түрде қатар орналастырып қойылады. Егер десерт аяқты вазаларда немесе астында тәрелкесі бар шұңғыл вазада берілсе, онда құралды тәрелкеге қоямыз. Егер ваза ұсақ немесе кең болса, онда құралды соның ішіне немесе тәрелкеге қалдырады.
Егер асханалық құралды біреуге алып беру керек болса, оны сабынан алып береді. Дастарханда отырып асханалық құралды, рюмканы немесе фужерді айналдырып отыру өте ыңғайсыз.Шырынға арналған ыдысты қолданғанда, сіз қозғалыстарыңыздың нәзік болуын қадағалаңыз.Стаканды тек саусақтармен, рюмканы аяқтарынан ұстап, шырын ішетін ыдыстардың тәрелкелердің қасына тым жақын орналасып қалмауын қадағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |