3 І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері



жүктеу 0,67 Mb.
бет2/4
Дата21.12.2017
өлшемі0,67 Mb.
#5202
1   2   3   4

Д.Б.Эльконин осы кезеңдердегі бастауыш мектептердегі оқытудың принциптері мен тәсілдерін талдай келе, оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларында білімді игеру мынадай үш буыннан тұрады деп атап көрсетті:

1) мұғалім өмір шындығының қандай да бір саласы туралы мәлімет береді және түсіндіреді, ал оқушы оны қабылдай отырып, өзінің даму деңгейіне сәйкес түсінуге және есте сақтауға тырысады;

2) мұғалім бірнеше біртектес міндеттер ұсынады, кейде шешімінің үлгісін көрсетеді, ал оқушы осы үлгіні қабылдайды немесе қарапайым міндеттерді шешуге білімін өз бетінше қолдануға тырысады, яғни көптеген біртектес жаттығуларды атқару арқылы білімін, білігін және дағдысын бекітеді.

19 – 20 жылдары мектептерді құлдырататын сенімсіз педагогикалық тұжырымдамаларға орай “жобалар әдісі” деген атты икемденген оқыту формасы пайда болды. Оқушылар ауылшаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ тұрмыстық еңбекке қатысты тапсырмаларды орындауы тиіс болды. Мысалы, белгілі бір тауық санына сәйкес тауыққора жобалауға тапсырма беріледі. Оқытудың осы формасын жасаушылардың ойынша, балалар сызбаларды, есептеулерді жасау процесінде математикадан, ана тілінен, физикадан, химиядан, сызудан, суреттен, еңбектен және басқа да пәндерден кешенді білім алды. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы үзіп-жұлма, кездейсоқ білім алуға алып келді, әрине, кейбір жекелеген оқу сабақтарын пәнаралық байланыстарды, ынта мен ықыласты арттыру мақсатында осылай жүргізу тиімді болса да, ол оқу пәнінің мазмұнына, жүйелілігіне, ғылымилығына кері әсер етті.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

- Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;

- Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова, Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл – ой іс-әрекетінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

- Б.Г.Ананьев, А.А.Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ен бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жекізуге болады деп тұжырымдайды;

- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекетінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

- Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қорытындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:

- даму бұл организмнің жүйке жүйесінің психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерістерінің көрінісі;

- оқыту - қоғамның – тарихи тәжірибені мақсатты жүргізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгерудің ұйымдастыру процесі.

Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрлі, ұлттық психологияны сипаттайды. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Песталоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Бүгінгі ұстаздардың білім беру жолы тек сабақпен шектелмейді. Ол әртүрлі қосымша сабақ, өз бетінше білімін жетілдіру, ақпарат құралдары арқылы оқу т.б. Осылардың нәтижесінде сабақтың көп түрі жүйесі қалыптасуда.



Ұстаздың шәкіртке білім беру жүйесіндегі, сабақтарды үшке бөлуге болады: 1. Негізгі. 2. Қосалқы. 3. Көмекші.

1. Негізгі сабақтарға: Сыныптық сабақтар, лекция, семинар, үй жұмысын орындау, емтихан жатады. Осы көрсетілген сабақтың түрлерінен басқа негізгі сабақтарға : өндірістік бригадалы жұмыс, мектепаралық оқу-еңбек комбинатындағы оқу, құрылыс отрядындағы жұмыс, шығармашылық – практикалық қызметтегі – лабораториялық, практикалық, үйірмелік, секциялық топтардың қызметтері жатады.

2. Қосалқы сабақтарға: оқу саяхаты, бригадалық – лабораториялық сабақ, консультация, конференция, жеке бағдарлама бойынша жұмыс істеу жатады. Ал, еңбек сабақтарында: тәжірибе алмасу, кеңесу, тәжірибені қорытындылау жатады. Шығармашылық – практикалық қызметте: симпозиум, көрме жұмысты қорғау кіреді.

3. Көмекші сабақтарға: үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу, жеке және топтық қосымша сабақ, артта қалған балаларды репетитор арқылы қатарға қосу жатады.

Сонымен, жоғарыда қарастырылған мәселелер оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін еместігін көрсетеді. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктерінің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болады. Сондықтан, оқушылардың сыныптық сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.



Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт – бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.

Саяхат жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру және бекіту болып табылады. Сондықтан, оқыту процесінде оның мазмұны зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе, дүниетану, табиғаттану және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.

Саяхат сабағын өткізу орнына: мектептің алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.



Оқытуды саяхат жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:

Біріншісі – кіріспе саяхат деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Саяхаттың бұл түрін бастауыш сыныптарда алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.

Екіншісі – ілеспелі саяхат деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде жүргізілуі мүмкін.

Үшіншісі – қорытынды саяхат деп аталады. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.

Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады. Оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады.


Оқу саяхатының түрлері.


Кіріспе саяхат.
Жаңа тақырыпты түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы.

Кезектегі саяхат.
Ұзақ мерзімді оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау.

Қорытынды саяхат.
Белгілі тарау аяқталғаннан кейін өткізіледі.



Саяхаттың мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.

Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді:



Саяхаттың мақсаты мен объектісі.


Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі. (әңгіме, бақылау, тәжірибе және т.б.)


Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.


Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру.


Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларады саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.



Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжылдық: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын терңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.

Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады.

Конференция ретінде өткізілген сабақ түрлері кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілген оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.

Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктер бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.



Сынақ жұмыстарын бастауыш сынып оқушыларына енгізудегі мақсат-бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.

Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өзіндік білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.

Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын-ала хабарлайды.

Үйдегі оқу жұмысы. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.

Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқытудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.

2. Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен, олардың іс – тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.

3. Үй тапсырмасы бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.

4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

5. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушылараға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.

6. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.

7. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сипатына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

8. Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса, онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.

9. Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін - өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар, өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өз бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын білім берушілік және тәрбиелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын тиімді пайдалану үшін бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу өте қажетті, маңызды қағида екендігін айтуға болады.


1.3. Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері.

Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында: «білім беру жүйесінің басым міндеттері – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» - деп көрсетілген. Мұнда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу – мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ұстанатын ең басты қағидасы болу керек екендігін көздейді. Осыған орай, біз мұғалім өзінің кәсіби педагогикалық міндетін атқаруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың бойындағы дара қажет, қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір ерекшеліктерге тоқталамыз.

Бастауыш сынып оқушыларын өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігі тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемелік және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.

Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттен (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.

Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларын үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.

Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді – енді келеді», «Бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын», «Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын», міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субьекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясына қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.

Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтасымен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектегін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді «үлкен» екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. «Балалар қоғамының» ролі мен ережелері үлкендер қоғанымының қалыптасқан ережелері туралы белуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.

Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелсізділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың қалқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «Неге?», «Қалай?», «Неліктен?», деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенгенге, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образды деп аталады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.

Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентизмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.

Білімінде жүйеліліктің жоқтығымен, түсініктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бәрдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей өздерінен алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.

Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттеу бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда, да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршамайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.

Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады. Балалар, альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы бұрышына, міне, мына жерге дөңгелік сызыңдар және т.б.

Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады.

Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда қиынсыздықтар араласып, оның мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзіндік сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.

Бұл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып, және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.

Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.

Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы пайда болады, құсады, басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, соныдқтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып, қаламын дегендіктен емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы, баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы-қасіртте қалуы оны қатты алаңдатады. Ата-аналар баланың көзінше өз алаңдаушылық тарын күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата-анасы үшін алаңдаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайын ойлап, бала басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.

Әртүрлі оқиғалар, «өлеңдер» ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, граикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастуаы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы – тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару. Кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.

Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиындықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялында ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады. Қиял өз мазмұны бойынша қандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе қатігездіктікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайлрға бейімделе алады.

Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынандай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де – тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да ол деңгейден төмен болмауы тиіс.

Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата-ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді емес ата-аналар баланың үнемі өз қастарында боулын қалайды. Олардың саналы түрле баландан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табандылыққа деген ынтасын жояды.

Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады.

Баланы тыңдап отырғаннан да, оны мектепке баруға достық ниетпен қалай да көндірген дұрыс.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл-ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез-құлқы жүйкеге күш түсуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.

Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенділіктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күнделікті ішіп жүрген тағамнан, баланың өзінің ерік-жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі әдістемелер қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі – тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.

Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И. М. Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын қашықтық».

Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атып көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау