Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................56
Қосымша
Кіріспе
Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда.
Оқытуды ұйымдастыруды формалары – ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі. Оқушыларды оқытуға қамту санына қатысты:
жеке;
топтық;
жаппай болып бөлінеді.
Оқушыларды оқыту жайына қатысты:
мектептік;
мектептен тыс;
экстернат формада болып аталады.
Оқытудың ұзақтығына байланысты:
классикалық сабақ – 45-50 минөт;
қысқартылған сабақ – 30-35 минөт;
«Қоңыраусыз» сабақтар – еркін қызметтердегі сабақтар регламентінде болады.
Мектептің даму тарихы түрлі оқыту жүйелерге бөледі:
жекелей (ертедегі антика елдерінде);
жеке-топтық (Орта ғасырдағы мектептер);
өзара оқыту (Англиядағы белль – ланкастерлік жүйе);
саралап оқыту – дифференциялы – оқушылардың қабілетіне қатысты (мангеймдік жүйе);
бригадалық оқыту (кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдары);
американдық «Трамп жоспары» - оқушылар үлкен топтарда (100-150 оқушылармен) жалпы уақыттың 40 % бірге болуы;
ал 20 % - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арнаған.
Бастауыш мектептің мұғалімдері үшін «Дальтон – жоспары» Дальтон қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі ХХ ғасырдың басында Э. Паркхерст (1887-1973) ұсынған қызықты. Оның ерекшелігі:
оқыту мазмұнын еркін таңдау оқушыларға беріледі;
мәндерді оқыту ретін өзгерту;
өзінің жұмыс уақытын пайдалану;
белгілі пәндерді оқыту келісімдерін жасау.
Дальтон – планы негізінен жеке кабинет-зертханаларда ұйымдастырылады.
Қазіргі кезеңде уақыт сынынан өткен, ХҮІІ ғасырға пайда болған, 300 жылдан астам уақыт жетіліп келе жатқан сыныптық – сабақтық жүйенің басты элементі – сабақ, оқыту маңыздылығы үлкен.
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалану маңыздылықты анықтауда, жалғасуда. Оқытудың алғашқы жобасын голландия педагогы Д. Сил, неміс профессоры И. Штурм, жүйені жобалаған И. Лойологт, ал теориялық негіздемені Я. А. Коменский жасаған.
Сонымен білім берудің, оқытудың басты формасы сыныптық сабақтық жүйе. Қазіргі кезеңде
а) – қосымша;
ә) – сыныптан тыс;
б) – сабақтан тыс;
в) – жұмыстары;
г) - өзіндік;
д) - өзін-өзі тану; деп аталатын формалары қолданылады.
Сыныптың - сабақтық формасы келесі ерекшеліктер айғақтайды:
жастары шамалас және дайындық деңгейі жуық бірдей жастағы тұрақты құрамдағы оқушылар.
әрбір сыныпта жылдық жоспарға – оқу жоспарына қатысты жұмыс оқу- тәрбие жұмысында (оытуды жоспарлау)
оқу процесі өзара байланысқан, бірінен кейін бірі өтілетін бөліктерден, сабақтардан тұратын өтетін үрдіс.
әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);
сабақтардың тұрақты алмасуы (сабақ кестесі);
мұғалімнің басқарушылық ролі (педагогикалық басқару);
оқушылардың танымдық қызметтерінің түрі мен формасының әртүрлілігі;
Сыныптық – сабақ форманың басқа формалармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:
қатаң ұйымдастырушылық құрылымы бар.
оқушылармен бір мезгілде жұмыс істеуі;
оқушыларды өзара білім алуына ыңғайлы;
ұжымдық қызмет, біріне -бірі көмектеседі;
тәрбиелеу, білім алу, дамытылуда жарысушылық.
Тәрбиелі, білімді, өзін -өзі жетілдіруге, бірін -бірі тануға, өзін -өзі тануға салыстыру, қарама -қайшылықтар қозғаушы күш туындатады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың формаларын пайдалану әдістемесіне талдама жасау;
Зерттеу міндеттері:
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалануы арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін анықтау;
Педагогикалық жағдайларды анықтау;
Технологиясына талдама жасау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпты оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланулар нәтижесін анықтау.
Зерттеу әдістері:
педагогикалық зерделеу;
педагогикалық бақылау;
педагогикалық талдау, салыстыру;
мұғалімдермен әңгімелесу;
оқушылармен пікірлесу;
ата-аналармен кеңесу;
озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;
педагогикалық эксперимент.
Диплом жұмысы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; пайдаланған әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.
Жұмыста психология, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы, Қазақстан Республикасындағы білім берудің негізгі тұжырымдамалар жайлы әдебиеттер пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |