Оқу саяхатының түрлері.
Кіріспе саяхат.
Жаңа тақырыпты түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы.
Кезектегі саяхат.
Ұзақ мерзімді оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау.
Қорытынды саяхат.
Белгілі тарау аяқталғаннан кейін өткізіледі.
Саяхаттың мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді:
Саяхаттың мақсаты мен объектісі.
|
Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі. (әңгіме, бақылау, тәжірибе және т.б.)
|
Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
|
Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру.
|
Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларады саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
|
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжылдық: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын терңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.
Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілген сабақ түрлері кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілген оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктер бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Сынақ жұмыстарын бастауыш сынып оқушыларына енгізудегі мақсат-бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өзіндік білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын-ала хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |