|
3. Халықты қорғаудың негізгі әдістері. Дәрістің мақсаты
|
бет | 4/8 | Дата | 05.10.2022 | өлшемі | 279,43 Kb. | | #39521 |
| лекция 4Ол мыналарды қамтиды:
- санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;
- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;
- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;
- объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;
- санитаралық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді;
д) Өрттен қорғау шаралары
Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені.
Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:
- ықтимал өрт ахуалын болжауды;
- қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді;
- өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;
- өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды;
- өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды;
- өрттің алдын алуды, сөндіруді.
Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.
Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
4. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар.
Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер еңгізілген:
- даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;
- коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;
- гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;
- зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін, барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;
- радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу;
- көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар;
- санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;
- халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.
Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|