3-6 І. Пысықтауышты оқыту


Пысықтауыштың мағыналық түрлері



жүктеу 0,72 Mb.
бет2/3
Дата29.01.2018
өлшемі0,72 Mb.
#8069
1   2   3

1.2. Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс - қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін мүшені пысықтауыш дейміз. Жанай ақырын ғана, тақырыбсыз өз бөлмесіне өтті (С. Мұрат).

Пысықтауыш ретінде үстеулер сын есім, сан есім, атау, ілік, табыстан басқа септік формасындағы зат есімдер жасалады. Пысықтауыштың түр - түріне қарай жасалу амалдары бар.

Мезгіл пысықтауыш ретінде көбіне мезгіл мағыналы үстеулер жұмсалады. Бүрғышылар қыстай осы өқірде болды. Ертең олар Жаңасайға қаныс аудармак.

Бұлардан бөлек мезгіл пысықтауыштар мына тұлғаларды жасалады.

1. Зат есім сөздер жатыс, батыс септікте келіп мезгілдік мағына алып мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.



Биылғы жарыста бұл бригада озып шықты. Кеңшілікте еркін отырып әңгімелесті:

2. Сын есім сөздер субстантивтеніп, жатыс септік формасында келіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.

Қараңғыда жолды әзер тапты. Осы суықта жолға шықты.

3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.


Келеріңде соны ерте кел. Барғанда хабарлай сал.

4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, күн


т.б.) атау немесе жатыс септік формаларында тұрып, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.

Сол уақытта поезд да келіп еді. Алдыңғы күні жұмысшылар мая салды.

5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер, есімшелер кейін, сон, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.

Күні бойы жұмыс істеп, шаршап келгенде ыстық пештың жалына бет шарпып қарсы алса қандай рақат! (С. Мұрат).

6. Зат есім мен - а, - е, - й тұлғалы көмекшілер бастауыштың -


баяндауыштық байланыста келіп үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды.

Жолаушылар ел орынға отыра қалаға кірді.

7. - ғалы, - гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш қызметінде
жұмсалады.

Келгелі осы жұмыспен айналысып жатыр.



Мекен пысықтауыштардың жасалуы. Іс - әрекеттің орын, беталысын, шығу мекен пысықтауыш дейміз. Мекен пысықтауыш қызметінде мына сөздер жұмсалады:

  1. Мекен үстеулер - осы қызметке түгелдей бейімделген сөздер. Шаң
    шудаланып, ілгері жылжиды.

  2. Зат есім сөздер барыс, жатыс, көмектес септікте тұрып мекен пысықтауыш ретінде жұмсалады. Бірақ зат есімдердің бұл формасының пысықтауыш қызметін толықтауыштан айыруда көп қиындық бар. Мысалы: көшемен
    келді - Поездан түсті, Қайда жүр, Үстіне киді, Суға шомылды т. б.

Анық мекен пысықтауыштар болатындар - мекендік мағынасы бар сөздер. Олардың мекендік мағынасы етістік сөздермен тіркесте анық көрінеді. Қалаға барды.

Пысықтауыш ретінде - сыз, - сөз, - дай, - дей жұрнақтары арқылы жасалған туынды сын есімдер жиі жұмсалады.



  1. Сын есімдер жеке немесе мөлшер мағыналы зат есімдермен бірігіп сын -
    қимыл пысықтауыш ретінде жұмсалады: екі келді, үш рет келді, екі құшақ алды т.б.

  2. - ған, - ген формалары есімше мен күйі (келген күйі) сөзі тіркесіп сын -
    қимыл пысықтауыш қызметің. атқарады. Әкесі сол тісін шұкыған күйі
    терезеден сыртқа қарап отыр екен. (С. Мұрат).

  3. Абстрактылы зат есім сөздер көмектес септік формасында келіп сын -
    қимыл пысықтауыш ретінде жұмсалады.

Қатқыл үнмен жауап қайтарды. Жылы жүзбен шығарып салды.

8. Зат есім, есімше сөздер құрлы шылаумен бірігіп (бала құрлы, келген


құрлы) сын - қимыл пысықтауыш қызметін атқарады. Лақ құрлы
бақырмай, өлгенім бе, апырмай! (Б. М).

Етістік арқылы айтылған іс - әрекеттің, қимылдың мақсатын білдіретін пысықтауышты мақсат пысықтауыш деп атаймыз.



Мақсат пысықтауыш ретінде мына сөздер жұмсалады:

  1. Мақсат мағыналы үстеулер (әдейі, арнайы, жорты, қасықана т.б.). Абай
    үшін домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын (М. Ә.)-

  2. - ғалы, - гелі тұлғалы көсемшелер. Анықтап байқағалы келіп турмын.

  3. бүйрық рай етістік деп көмекий етістігімен бірігіп (келейін деп) құралған
    тұлға. Осы қалық шиді орайын деп бүгін ерте қолданда.

  4. - у, үшін (тұйық рай - үшін тұрғалы етістік. Ерте жету үшін бүгін
    шыққанымыз жөн).

  5. Барыс септіктегі тұйық рай етістік (оқуға алдым). Сені ғой бүгін, міне,
    отарбайдың орнына шеп тартуға жіберді (С. Мұрат).

Себеп пысықтауыштардың жасалуы:

Қимылдың, іс - әрекеттің себебін білдіретін пысықтауыштарды себеп пысықтауыш деп атаймыз.

Себеп пысықтауыштар мына сөздерден жасалады:


  1. Өткен шақ есімшелер - дықтан, - діктен қосымшаларын жалғап себеп
    пысықтауыш ретінде жұмсалады. Кешіккендіктен жолыға алмады.

  2. Өткен шақ есімшелер шығыс жолғауын жалған себеп пысықтауыш ретінде жұмсалады. Ол құрығырды қай жетіскеннен айтады дейсің (Қ. М.)

  3. Кесір, ыза, суық, қуаныш, жегі, көңілдшектік, жалқаулық тәрізді зат есім
    сөздер шығыс септікте тұрып себеп пысықтауыш ретінде жұмсалады. Осы қырқылжыңның бәрі сол Бақыттың кесірінен болғалы отыр (С. Мұрат).
    Жаңбырдан ой – шұңқыр түгел суға толды.

  4. Өткен шақ есімшелер соң, кейін шылауларыментіркесіп (келген соң,
    айтқан соң) себеп пысықтауыш ретінде жұмсалады. Қатарың болған соң
    Күләннің көзінше беделіңді түсірмейін дедім (Қ. М.).

  5. Абстрактылы зат есім, өткен шақ есімшелер үшін шылаумен тіркесіп
    (келгенін үшін риза болды, сөзің үшін ұрысты т.т.) себеп пысыктауыш
    қызметінде жұмсалады.



ІІ. Пысықтауыш мүшелердің стильдік түрлері

және олардың жұмсалуы.

Пысықтауыш мүшелердің стиль таңдауға бейтарап келетін негізгі формалары

ілгеріде айтылады. Осыларға жарысы тілдің тілдің үнемділікке талпыну тарабына

сөзді түрлендіріп айту, эмоциялы құру талабына сай шыққан, синоним формалар бар.



Пысықтауыштың бұл түрлері былай жасалады:

1. Есімше, есім сөздердің септік тұлғасы арқылы жасалған мезгіл, мекен мағыналы пысықтауыштармей (келгенде, қалада) қатар өінде есімдігін қосқан синоним форма жұмсалады: келгеннің өзінде, қаланың өзінде. Пысықтауыштың бұл эмоциялы формасын құрайтын компоненттер өзара шатасып байланысады. Синтаксистік форма беретін жалғау есімдікке жалғанады.

Осы келгеннің өзінде де Тымақбайдың атын сурап жегіп келіп отырмыз - деді көзін жаутандатып.

2. «Зат есім - болып» «есімдік болып» түрінде құралған пысыктауыш


мүшелер іс - әрекетке қатысушылардың мөлшерін көрсетеді. Орта мектепті
бітірген соң бұлар бүкіл класс болып колхозда қалады. (С. Мүрат).

Кейде «зат есім (субстантивтенген сын есім) болып» түрінде коралған синтаксистік мүше сөйлемге бастауыш мүшеге телінген қыстырма ретінде кірігіп субъектілердің құрамын саралау немесе ішінен бірін саралап көрсету үшін жұмсалады.

Салтаттысы, арбалысы болып, бізді бір көш жерге дейін көп достар шығарып салды, (С. М.).

Осындай грамматикалық субъектінің жанында тетелес жұмсалудың ілгері жетілуі ретте зат есім - болып тәрізді пысықтауыштардың субъектіні білдірудің бір амалы ретінде жұмсалатыны бар; Пүлларбай, Сабырбай, Мұқсызбайлар болып Майбасарға мықтап дүре соқты (М. Ә.)- Субъектілі пысықтауыш мүше формасында білдіру - сөзді үйреншікті ережеден шығарып, түрлендіріп құраудың бір амалы және бұл амал негізінен ауыз екі сөйлеу тіліне тән.

  1. «Зат есім - болып» түрінде құралған пысықтауыштың тағы бір езгеше
    мағынасы бар. Ол іс - қимылдың ұқсастық сапасын білдіреді: үлкен кісі
    болып сөйледі, сиыр болып сүйкенді, қасқыр болып үлыды.

  2. Ауызекі сөйлеу тілінде алғанын алғанша, түскенін түскенше тәрізді
    ұйымдасқан пысықтауыштың түрі жұмсалады. Пысықтауыштар іс -
    қимылдың қарқындық сапасын білдіреді. Құрылысшылар тақтайда

түскенін түскенше жаратып жатыр. Мен айтқандарыңды табылғанын табылғанынша жібергенмін.

Пысықтауыш бір сөзді қайталау негізінде құрылған. Пысықтауыш құрамындағы басты компонент табыс септік тұлғылы есімше сөз де, - ша. - ше тұлғалы компонент саны қайталау ретінде қатысып тур. Осылай кұрылған пысықтауыш мүше іс - әрекеттің қарқынын білдіреді.



  1. Айтқанын айтқандай, естігенін естігендей тәрізді пысықтауыштар да осы
    ыңғаймен құрылған, мағынасы да бірдей. Айырмашылығы - соңғы
    компоненттің формасы. Ол компонент - дай, - дей тұлғалы сын есім
    ретінде қатысады. Бұл пысықтауышты бөлек атап отырғанымызға себеп
    жалғыз бұл емес. Ол сөздердің лексика - грамматикалық түрлерін
    қамтуында да өзгешелік бар. Пысықтауыштың бұл түрі негізгі компонент
    ретінде қатысады. Бул пысықтауышты бөлек атап отырғанымызға себеп
    жалғыз бұл емес. Ол сөздердің лексика - грамматикалық түрлерін
    қамтуында да өзгешелік бар. Пысықтауыштың бұл түрі негізгі компонент
    ретінде зат есім сөзді де қатыстыра алады: астықты астықтай, ақшаны
    ақшадай (алды). Асқар көргенін көргендей күнделігіне жазып отырды. Бұл
    ашқарақ етті еттей, майды майдай жей береді.

  2. «Есім сөз - демей» ретінде құралған пысықтауыштық форма ауызекі
    сөйлеу тілінде жұмсалып, эмоциялықты білдіреді. Бұның эмоциялығы ылғи ритм тудыратын қосақта жұмсалуынан да көрінеді. Ол кісі кәрі демей, жас демей қалжыңдаса береді.

  3. «Есім сөз - үшін» тәрізді құралған себеп пысықтауыштарымен қатар оған
    синоним ретінде «барыс септік тұлғалы есім - бола» түрінде кұрылған
    пысықтауыштық форма жұмсалады: сен үшін - саған бола. Соңғы вариант қимылдың себебін менсінбей, төмен көрсетіп атау үшін жұмсалатын форма. Қай әрі, соған бола соттап! (Б. М.).

Осымен қатар бұл пысықтауыш қимыл - әрекеттің себебін ерекшелеп атау үшін де жұмсалады. Бұл мағына ілгергі эмоциялық мағынасына тығыз байланысты.

8. Ауызекі сөйлеу тілінде бір қатар пысықтауыштық формалар кысқартылып жұмсалады. Бұл сөзді үнемді құрау талабынан пайда болған.

Қысқартылған варианты бар пысықтауыштар мыналар:

а) Мезгіл мағыналы көктемде, жазда, күзде, қыста тәрізді пысықтауыш сөздер
септік жалғауын түсіріп айтылады: Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз
көбіне бірігіп отырады (Б. М.).

э) Топтау сан есімдердің шығыс септікжалғаулы түрінен жасалған пысықтауыш мүшелер септік жалғауын түсіріп айтыла алады. Кісілер бесеу -бесеу бөлініп қос тікті. Кәрі - құртақ шалдар, кемпірлер екеу - екеу көлеңкеде отыр (Б. М.).

б) «Есім - кезінен», «есім - ішінен» түрінде құралған пысықтауыш мүшелер
көмекші компоненттерін тісіріп айтыла алады. Септік жалғауын негізгі сөз қабылдайды; Жас кезінен - жасынан, балаларының ішінен – балаларынан т.т.
Әй, Алдеке - ай, күшігінен қолды өсіргесін дәріптей бересіз ғой, әйтпесе,
Аламайнақ дегеннің де ала күшік емес пе (Ә. Н.).

2.1. Грамматика сабақтарының түрлері.

Қазақ тілінен бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі.

Педагогиканың үйретүі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардың білімін бекіту сабағы, 3) оқыған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың білімін, білігін, дағдасын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.

Сабақтың кең тараған түрі біріккен сабақ болғандықтан, аз - кем тоқталып өтелік:


  1. біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жылдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас
    сабақ болып етеді;

  2. мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді;

  3. сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан - жакты толық
    дайындалады;

  4. сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады;

Біріккен сабақ бірде үй тапсырмасын қайталап, өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жұмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардыц білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бұл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабак сайын колданыла бермеді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп сыналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне карай әр сабаққа пайдаланылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: «Бір буынды және көп буынды сөздерден ажыратады, көп буынды сөздерді буынға бөлу. Мақсаты - бір буынды сөздерді коп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету арқылы оқушының ерікті зейінін, бақылампаздығын жетілдіру және мысалдар мен жаттығулардың тәрбиелік жағына баса назар аудару».

Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнін көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындагы байланыстарды анықтайды т.б. Мысалы, I сыныпта «Әліппедегі» сұрақтарды көрсетіп, жемістердің атын аттады. «Қарақат» сөзін буынға бөлгізеді, онда үші буын бар екені анықтлған соң, әр буын сұралады, әр буында кірістіріп, сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, карақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында «Біздің бақта» мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақаттар да бар. Қара қарақат та бар. Қаракат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз).

Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін.

Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, «Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде.бір сөз бірнеше түрге енеді; 2) мүнда оған бірнеше сұрақ қойылады; 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттык касиетінен айырылмайды, 4) олар заттың атын білдіреді; 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? Деген сұраулар қойылады деген сияқтьі түрғыда түжырым жасайды.

Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның шартын оқиды, сонан соң мұғалім: «ал сонымен жаттығудағы басым нәрсе не болады?» деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол жаттығуды қалай орындайтындықтарын сұрауға да болады.

Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл - мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты. Алайда жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі мүмкін.

Сабақтың қай түрі болмасын, барлыгында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуға тиіс:



  1. Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың тақырыбы мен максатына оқушылардың анық түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе, оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының жұмысында қате бар, оны қалай табуға болады? Дұрысы қалай болар еді? Сияқты сұрақтарды шешу проблемасын да қоюға болады. Сабақтың соңында сол күнгі оқушылардың білген жаңалықтары, оны білу не үшін керектігі анықталады.Ол оқушылар ана тілінен алатын білім, білік, дағдының әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін білсе, жұмысты ынталына орындайды.

  2. Материалды түсіндіруде жаңа материал өтілген материалдармен
    байланысты және оған негізделіп келуі шарт; білімділік, дамытушылық,
    тәрбиелік маңызы күшті мысалдар іріктеліп алынып, балалардың белсенділігін арттыру, өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту, қорытынды шығару, дәлелдету сияқты жұмыстар кеңінен қолдануы қажет.

  3. Жаттығудың формасы мен түрлері мейлінше түрлендіріліп отырылуға тиіс (сан алуан грамматикалық жұмыстар, көшіру, диктанттар. сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма т. б.).

  4. Әр сабақта өтілген материал қайталанады. Ол үй тапсырмасын гексеру
    кезінде болсын, түрлі жаттығулар, арқылы жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар қайта жаңгырығады, беки түседі. Оқу жылының барысында немесе тоқсан аяғында, кейде бір үлкен тақырыпты аяктағанда, жоғарыда көрсетілгендей, тұтас сабақ - өтілген материалды қайталауға арналады.

  1. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын
    ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады. (Мұғалімнің түсіндермесі, қысқа, анық, конымды, тартымды болуы керек.
    Жаттығу тапсырмалары анық, оқушылар қайта - қайта сұрап, бір - бірінің
    зейінін болмайтылдей болғаны жөн). Оқушылардың тілін дамыту жұмысы негізгі, басты міндет ретінде іске асырылады. Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем, мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың ойын оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған жөн.

  2. Қазақ тілі сабақтарында таблица, схема, дидактикалық материал. суреттер, заттар т. б. түрлі көрнекі құралдар кең қолданылады.

  3. Балалардың барлығына бірдей талап қоймай, жеке ерекшеліктеріи есепке
    алып, нашар үлгеретіндерге ерекше көңіл бөліп отыруды кам ғамасыз
    ететін әдіс - тәсілдер таңдалуы қажет.

Шағын комплектілі мектептерде мұғалім бір кезде бірнеше сыныппеп жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай мектептердегі балаларды алғашкы күннен бастап тапсырманы өз беттерімен орындауға үйретуі тиіс. Ол үшін мыма сияқты жұмыс түрлерін ұтымды болады. 1) түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды көшіру, 2) жазбаша талдау жасау, 3) сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер құрастырып жазу, 4) мәтіннен қажетті сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді тауып жазу, 5) мәтінді бөлімге бөлу. 6) катемен жұмыс (мұғалімнің көрсетуі бойынша). Сабақтың соңында балалардың тапсырманы қалай орындағандарын тексеріп, бағалайды.

Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті - балалардың анық естіп. қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сәйлегенін естіп қабылдайды.

Сабақтарда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе анық бөлшектерін (әріптерді, буындардағы морфемаларды) анық көретін болуға тпіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолда қозғау көрнектілігі қажет.

Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздері анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуде де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптердегі жазуларды да қамтиды.

Әдетте көрнекілік деп грамматикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптен немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады, екі асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншісінде қосымшасы).

Мұндай тәсілдер жазылғандарды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан таблица т. б. жасау үшін материалдар жан - жақты ойластырылып, тандалып алынады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұксас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды ығарып, бслгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет. Мысалы, «й», «и» әріптерінің жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына сияқты сөздерді бағана етіп жазады.

Киін - кейін Ки - қой

Жина - жайна Сиыр - сойыл

Биле - бейне Түйе - түйме т. б.

Мұнда «и», «й» әріптерін қызыл түспен жазуға да болады. Бірак негізгі әдіс -бірінші бағанадағы сөздерді екінші бағанадағы сөздермен салыстыру. Бұл сөздердің жазылуын салыстыра отырып, балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табады, «и» әріпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын анықтайды. «И» - дің дауыссыздардан, «й» әріпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері айтады. Бұған мысалдар келтіреді, берілген создерден, сөйлемдерден, мәтіннен құрамында «й», «и» әріптері бар сөздерді тауып, олардың қандай дыбыстардан кейін келіп тұрғанын айтады. Мұғалім өзі бірнеше сөз беріп (мысалы, көбей, секемді, мұхит, айқай т.б.), онда «и» мен «й» - дің қайсысын, не себепті жазу керектігін сұрайды; «и» - дің сөздің басында, ортасында. аяғында жазылатынын, ал «й» - дің сөздің басында жазылмайтынын, бірақ сөздің орғасында да, аяғында да келе беретінін байқатып, «и» мен «й» - дің ұқсастық қасиеггсрі (екеуі де «ый»дыбысының таңбаса, екеуі де сөздің ортасында, аяғында келеді) жлне бір -бірінен ерекшеліктерін («и» - дауысты дыбыстардан кейін келмейді, «й» - дауысты дыбыстардан кейін келеді, «и» - буын құрайды, «й» - буын құрай алмайды, «и» -дауысты дыбыс, «й» - дауыссыз дыбыс, «и» - сөздің басында келеді, «й» - сөздің басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр әріптің жеке қасиеттерін анықтау арқылы қорытынды шығарылады.



Көрнекі құрал ретінде қандайда болмасын грамматикалық және
орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады.

Мұнда оқушылар тіліміздегі жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.



Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін схемалар екі түрлі: аналитикалық және синтетикалық. Мысалы, қалың орманның ішінен тәтті жидектің иісі аңқиды сөйлеміне аналитикалық схема жасасақ

Исі аңқиды

Ненің? Қайдан?



Жидектің орман ішінен

Қандай? Қандай?

Тәтті қалың

Осы сөйлемдерді синтетикалық схема жасасақ:

Қалың —► орман —► ішінен —► жидектің —► исі —► аңқиды.

Бұл схемалардың екеуінде де сөздердің арасындағы байланыс корсетілді. Біріншісінде сөздердің сұрақтар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіишісінде сұрақсыз сызықтар стрелкамен көрсетілген. Бірінші схемада сөздердің қайсысы қайсысымен байланысып тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған. Ал. екінші схемада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде. Бұл схемалардың екеуін де (біріншісін III сыныпта, екіншісін IV сыныпта) қолдануға болады.

2.2. Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктср

Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс:

1. Таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеу керек. Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай - ақ мәтіндерді
таблицаларда берудің қажеті жоқ.


  1. Таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеліп алынған (түсіндірілетін тұлғаны анықтай түсетін) мысалдар беруге болады.

  2. Таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, морфема, әріп таолицада
    бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктрі басқа бір элементпен
    салыстырыла көрсетуге тиіс.

  3. Оқылып отырған грамматикалық неше орфографиялық құбылыс таблица
    мазмұнында тасада қалып қоймау жағына мұқият назар аударған жөн.

  4. Әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету т. б.

Кез келген тақырыпқа таблица жасай берудің қажеті жоқ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру барысындағы жұмыстың максатына, сипатына қарай. жалпы (қорытынды) таблица және жеке таблица жасалады.

Көрнекі құралдың пайдалы жағынан бірі оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқушылар мұғалімнің басшы.іығымен таблицаны оқиды, түсінеді, оның бөліктерінің ара қатынасын анықтайды, қопытынды шығарады. Сонан кейін мұғалім оларға түрлі тапсырма береді (таблицанып дәптерге көшіріп жазу, басқа бір материалға осындай таблица жасау, өз жандарынан мысалдар келтіріліп, таблицаларды салыстыру, қорытынды жасау, таблица бойынша тсксерту т. б.).

Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін, әдісін, сондай - ақ, оқушының білім, білік, дағды дарежесін білуге болады. Қысқасы, дәптер - оқушы жұмысының айнасы.

Әр сабақтың барысында оқушылардың барлық дэтерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады, жаттығуларға түрлі түсті қарындаштарда пайдаланылады.

Көрнекі құралдарға компьютер, магнитофон, грампластинка, оқу фильмдер; диафильмдер де жатады. Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды зейін қоя тыңдап мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін қояды, талдайды. Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады. Оның ішінде әсіресе, түрлі буындар, сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, конверттер көп қолданылады.

Стильдік - синтаксистік жаттығу жұмыстары - оқушыларға тіл стильдері тұралы, олардың тілдік құралдары және ерекшеліктерін таныту барысындағы ең көп жүргізілетін жаттығу жұмыстарының бірі.

Негізінде стильдік - синтаксистік жаттығулар жүйесі оқушыларға сөз тіркестері, сөйлем, тіркестерщдің стильдік қолдануы мен олардың ойды жеткізудегі тіл стильдеріне қатысы туралы білім мен дағды беру немесе оны бекітуді кездейді.

Мысалы: Сөз тіркесіне байланысты стильдік - синтаксистік жаттығу жүйесі негізінде грамматикалық материалдарға байланысты. сөз тіркестерінің стильдік қолданылуын анықтау мақсатында жүргізіледі:



Оқытудың негізгі мәні тілді практикалық меңгерту болғандықған сөз тіркестерін оқытудағы жүргізілетін стильдік - синтаксистік жаттығуларға сөз тіркестерін белгілі бір тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрастыру және мектеп оқушыларының тілдегі сөйлем құрудағы стильдік кемшіліктерді түзету сияқты жұмыстар ұйымдастыру енеді. Мысалы:

1 - жаттығу. Берілген текстердегі негізгі және бағынышты сөзді анықта. Кітаби стильдеріне байланысты қолданылатын тіркестерді көрсет.

Жиналысты өткізу, қызықты кітап, көңілді серуен, ытыққан жүздер, уақытты өлтіру, ондағы мақсат, табыс кепілі, өнімдерді өндіру.

Сөйлемді оқытуға байланысты жүргізілетін стильдік - синтаксистік жаттығулар негізінде сөйлемнің стильдік ерекшеліктерін танытуға байланысты және ойды жеткізудегі сөйлемдердің тіл стильдеріне катысын анықтау барысында жүргізіледі.

Әсіресе, сөйлемдердің тіл стильдеріне байланысты түрліше құрастырылуы, жасалуы сияқты ерекшеліктерін үйретуге сай жаттығулар жүйелі түрде жүргізіледі.

Стильдік - синтаксистік жаттығу жұмыстары синтаксистің стильдік ерекшеліктерін игертуге байланысты мынадай мәселелерге көңіл аудартады:

- тілдегі стильдік - синтаксистік тіркестердің ерекшеліктерін таныстыру; бір ойды беретін әр түрлі синонимдік тіркестер мен варианттарды салыстыра байқау;

ойды тіл стильдеріне байланысты жеткізу мақсатында тіркестер мен сөйлемдерді алмастырып, стильдік эксперимент жасауға дағдыландыру; әр түрлі тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрау мен текст құрастыруға жаттықтыру;

тіл стильдеріне байланысты ойды жеткізу бағытында өз практикасында қолдана білуге дағдыландыру.

Стильдік — синтаксистік қате деп сөз бен создің байланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем құрастырудан жіберілген кемшіліктерді айтамыз. Оқушыларда бұл қателердің мына сияқты түрлері кездеседі:

А) сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен кате жібереді. 1. Алыстағы ағаш басы карауытып көрінеді.



Бұл сөйлемдегі шатаса байланыс жасайтын ілік септігінің жалғауын түсіріп қолдану, сөйлемдегі ойды күңгірттеген. Тілімізде ілік септігінің жалғауының түсіріліп қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқушылар ондай құбылысты дағдылы норма деп ұғынады да өз ойларын жеткізуде талғамай қолданып, стильдік қате жібереді.

Ә) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінен қате жіберіп, сөздің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәнді ескермейді. Содан барып оқушылар инверсиядан қате жібереді, ол туралы түсініктерінің аз екендігін байқатады. Мысалы, «ұзақ сапардан шаршап келді. Ер Төстік» деген сөйлемдегі бастауыш сөз эдсттегі өз орнында тұрған жоқ.



Жазушылар мен ақындардың шығармаларында мұндай сөйлемдерді стилистикалық мақсатты қолдана береді. Орым ауыстырып қолдану кебінесе инверсия, қайталау мақсатында, яғни сол орын ауыстырылған сөзге оқушылырдың назарын аударып, экспрессивтік мән беру үшін қолданылады. Оқушылар ондай мақсатта қолдануға тәжірбесіз келеді.

Әсіресе, оқушылар бұл сияқты қателерді өлең сөздің мазмұнын айтыл беруде жібереді. Өйткені, өлең сөзде сөздердің әдеттегі орны сақтала бермейді. Оқушылар өлеңці мазмұндап беруде өлеңде қолданылған сөйлемдерді сол калпында пайдаланады. Мысалы, «мен көрдім ұзын қайыц күлағанын» деген сеіілемдегі бастауыш пен баяндауыш бөлек турыл, бяндауышы сөлемнің соңында турып байланыстырылады. Ал, оқушылар сол секілді сөйлемдегі сөздердің орныл ауыстырып, ойын жеткізуде мақсатына қарай түрлендіріп қолдануға тәжірибесіз болады.

Б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыраталмай, араластырып, бір - бірімен байланыстырылмай, айтатын ойын шашыраикы беру кездеседі. 1. Интернатқа Бораштың апасы келіп, апасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.

В) сөйлемдерде екі бастауыш сөзді қатар колдана береді. 1. Ғ. Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.

Стильдік - синтаксистік кателіктерді болддырмау мен түзету барысында мына сияқты жұмыстарды жүргізуге болады:

- белгілі сөздерден сөз тіркестерін жасату және олардан сөйлемдер құрату;


аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау және сөздерді алмастырып көру;

бір ойды беру үшін вариант пен сөйлемдер құрату;

сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып көру ондағы ауысуын қадағалау;

- құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдерді ажыратып, тиянақтау жәнес ондағы ойды анықтау немесе берілген бірнеше жай сөйлемнен бір құрмалас сөйлем құрауға жаттықтыру;



сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орнын анықтау, оны ауыстырып байқау;

- өлеңмен жазылған сюжетті көркем шығармаларды ауызша және жазбаша мазмұндату (әр түрлі шақта және жақта); берілген жоспар бойынша шығармалар мен мазмұндамалар жаздыруға жаттықтыру.

Стильдік - синтаксистік қателермен жұмыс жүргізуде тыныс белгілер бойынша да стильдік жұмыстарды байланыстыра жүргізген абзал. Өйткені, пунктуацияның тілімізде стильдік рең беруде қызметі айрықша. Ал, оны оқушыларға өтіліп отырған матеиалға байланыстыра таныстырыл отырған жөн.

Бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімнің саласы - сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін таныту, оның ішінде жалаң, жайылма сөйлемдер туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаға сәйкес, 3 - сыныпта өтіледі. Сөйлемнің құралымдық түрлерін меңгерту сөйлем мүшелерін, олардың сойлемдегі орнын танытумен қоса жүргізіледі. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады. Жаңа сөздер, орфоэпиялық норманы сақтап, сауатты сөйлеу, сөйлемді толық айту үйретіледі. Мұның бәрі жаңа материалды игерту кезінде, сабақ барысында жүзеге асуы тиіс. Төменде 3 - сыныптағы қазақ тілі сабағьвд ұсынып отырмыз.

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаттары:

А) білімділік: Жалаң және жайылма сөйлемдердің айырмашылығын таныту. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға дағдыландыру;

Ә) дамытушылық: Сөздік қорды байыту, ауызекі сөйлеу тілінде жайылма сөйлемдермен сөйлеуді қалыптастыру;

Б) тәрбиелік: Балаларды кішіпейілдікке, адамгершілікке, адалдыққа, әдептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Оқыту түрі: Жеке жұмыстар және топтық, шығармашылық жұмыстар.

Оқыту әдісі: Ауызша (ізденушілік), көрнекіліктер (зерттеушілік), сұрақ -жауап, ауызекі сөйлеу.



Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар, мазмұнды суреттер, бстшелер, тірек схемалар сөз - жұмбақтар т. б.

Сабақтың жүру барысы.

I. Ұйымдастыру.

II. Үй жұмысын тексеру (192 - жаттығу).

Кесіртке құмын сүйеді,

Тасбака тыңын суйеді,



Сұңқар шыңын сүйеді,

Тұлпар қырын сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

Өлеңнің соңғы сөйлемін сөйлем мүшелерін талда.

Сөйлем деп нені айтамыз? Сөйлемнің қандай түрлері бар? Бастауыш дегеніміз не? бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылады?

III. Жаңа сабақ.

Ерте, ерте - ертеде, Сөзстан деген қалада Сөйлем деген ата өмір сүріпті. Сөйлемнің екі баласы болған екен. Біреуі - жай сөйлем, екіншісі - құрмалас сөйлем. Жай сөйлем өз алдына бір атау болса, құрмалас сөйлем өз алдына бір отау екен. Сөйлем ата жай сөйлемге қонақка барады. Барса, баласы тату - тэтті өмір сүріп жатыр екен. Жай сөйлемнің екі баласы бар екен.

Жай сөйлем

Жалаң сөйлем Жайылма сөйлвм

Әсет оқыды. Әсет жақсы оқыды.

Қар жауды. Қар қалын жауды.

Бастауыш пен баяндауыштап құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Тұрлаулы мүшелерден баска тұрлаусыз мүшелері де бар сойлемді жайылма сөйлем дейміз.



Қар жауды. Қар қалың жауды.

¥шақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді.



Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.

Күн жылынды. Күн көктемде жылынды.

  1. Екі бағандығы сөйлемді салыстыру.

  2. Сөйлем мүшелеріне назар аудару.

  3. Айырмашылығын табу.

Сөйлем ата Жай сөйлем балама келгенде бірнеше аялдамаларға тоқтап келдім, сендер менің жүріп өткен аялдамаларымнан мүдірмей өтіп, сабақ барысында анықтап, біліңіздер.

Тапсырма. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазу.

№ 3 «Даналық әліппесі» аялдамасы.

Тапсырма. Жалаң сөйлемнен тұратын мақалды көшіріп жазу. Мағынасын түсіндіру.

1. Ел құлағы - елу.

Ғазет, журнал, теледидар, радио арқылы жаңалықтарды естиміз. Ауыл жылы, Білім заңы, ауа - райы, «Әнші балапан», фестивальдер, мүшайра, айтыс т. б.

2. Күш - білімде.

Білімді адамдарымыз, ғалымдарымыз, асылдарымыз өте көп. Мысалы: Абай, Шэкәрім, Шоқан, Мұхтар т. б.

3. Ұстаздан шәкірт озар.

Қаршыға Ахмедияров ағамыз туралы айтуға болады, ҚР - на еңбегі сіңген артист, күйші, профессор. Ал оның шзкірті - Айгул Үсенбаева домбырашылардың республмкалық сайысында бас жүлдені жеңіп алды.

4. Талапты ерге нұр жауар.

Біздің мектептің талантты оқушысы - Оразбаев Жасұлан. Жасұланнің салған суреттері өте көп. Биыл ол сайыста 1 - орын алды.

№ 4 «Ұшқыр ой» аялдамасы. (Өз беттерімен жұмыс). А) Өздерің білетін өтірік өлеңді айтыңдар.



  1. Түнде күндіз болды,
    Жерге жұлдыз қонды.

  2. Ертең бардым қонаққа,
    Сонда тойдым тамаққа.

  3. Арбаға атты қойып, қоңыз жектім,
    Бір емес, қатарынан тоғыз жектім.

  4. Қыстам күні шатырға,
    Алма өсірбім, тақ қалма.

№ 5. «Шежіре» аялдамасы.

Тапсырма. Бастауыш пен оаяндауыштың арасына қойылатын ережені еске түсіріп, сөйлем құраңдар.



Махамбет
Батыр домбырашы күйші ақын.

Батырлық туралы мақал - мәтелдер (топпен жұмыстар).



  1. Батыр ел үшін туады,
    Ел үшін өледі.

  2. Батыр туса, ел ырысы,
    Жаңбыр жауса, жер ырысы.

  3. Атадан жақсы ұл туса,
    Елінің қамын жейді.
    Атадан жаман ұл туса, Елінің шамын жейді.

  4. Жақсы адам - елдің арысы, Жаман адам - жаннің тылысы.;

№ 7. «¥рпаққа мұра» аялдамасы (Ырым сөздер айтқызу).

  1. Тезеңді тартпа!

  2. Бесікті сатпа!

  3. Есікке керілме!

  4. Табалдырыққа тұрма!

  5. Ожаумен ұрма!

  6. Айға қолыңды шошайтпа!

  7. Құр бесікті тербетпе!

  8. Пышақты шолқасынан қойма!

  9. Үйде ысқырма!

  10. Ақты төкпе!

№ 8. Қорытындылау (Схемамен жұмыс).

1.

2.



3.

№ 9. Бағалау, мадақтау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларға қызыл, көк, сары белгілер беру.














№ 10. Үйге тапсырма. «Менің әжем» атты шығарма жазып келу.

205 - жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдап, сөздердің байланысын табу.



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау