Жетінші. Сұрыптауда гетерозисті пайдалануды кеңейту.Жүгеріге қоса күнбағыс будандарын шығару жөнінде де жұмыстар жүргізілуде. Бізде қазірдің өзінде бұл дақылдың гектарына 4 тонна өнім беретін және дәнөктеріндегі май қүрамы 50 проценттен асатын будандары шығарылды және аудандастырылды. Күнбағыс егістігі негізінен елімізде және шетелдерде бұрышталган будандармен егіледі. Жүгері егістігінде негізінен отандық будандар егіліп жүр. Көкөніс дақылдары, күріш, рапс будандарын шығару үші де зерттеулер жүргізілуде. Гетерозисті сұрыптаудың зор мүмкіншіліктері әлі де толығымен пайдаланылмай келеді. Біздің селекционерлеріміз соңғы жылдары қант қызылша сының бағалы гетерозисті будандарын шығарды. Дегенмен, бұл саладағы негізгі жұмыстар әлі алда.
Достарыңызбен бөлісу: |