Төртінші. Бойында амин қышқылы — лизиннің құрамы таптырмайтьн құрғақ протеинге шаққанда 4,1 — 4,5 процент және одан да көп болатын арпа мен жүгерінің сорттары мен будандарын шығару. Мұндай сорттар мен будандар дәні азықтық құндылығы жағынан арнайы құрама жеммен пара-пар. Ол үшін жоғары лизинді жүгерінің доноры мен қайнар көзі ретінде әлемге әйгілі Опейк 2 және Флаури 2 желілері қолданылуда. Өкінішке орай, бұл донорлар тұрақты тұқым қуалаушылық сипаттарының сақталуын қамтамасыз ете алмайды. Онымен бірге, бұл гендер келеңсіз шаруашылық қасиеттерінің пайда болуын тудыратын басқа гендермен байланысқан. Сондықтан, қазіргі уақытта лизин құрамы жоғары, сенімдірек негіздер мен донорлар іздестіру әрі бұл қасиеттерді тұқымда бекіту жүргізілуде. Лизинді өнеркәсіптік ендірудің экологиялық қауіптілігін, шектеулі екендігін және көп қаржы керек ететіндігін ескере отырып, өсімдік шаруашылыгында бұл мәселені биологиялық жолмен шешуді ең басты міндеттердің бірі ретінде қарастыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |