Тат ауруына төзімділігін бағалау.
Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі рі өте қатты байқалса, сорттық төзімділігін оның шалдығу дәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдардың көлемін процентпен есептеу арққылы анықтайды (25-26-сұрет).
Астық дақылдардың тамыр шірігіне төзімділігін бағалау. Тамыр шірігі - астық дақылдары үшін бірден бір зиян келтіретін, кең тараған аурудың бірі.
Селекциялық материалдың бұл ауруға төзімділігін бағалауды әдеттегі жағдайда, eric алқабында немесе арнайы инфекциялық питомниктерде жүргізеді. Ол үшін дақыл толық пісіп жетілген кезде әрбір сынақ нөмірінен осы ауруға шалдығыдан өсімдікті сабағынан ұстап жалып тастайды. Бұл кезде, егер өсімдік толық зақымдалса, топырақтан жеңіл суырылып алынады, ал зақымданбаса сабағынан жолынады. Топырақтан суырылыл алынған өсімдіктің саны бойынша сынақ нөмірінің закымдану деңгейін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |