Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдерді ұзақ әрі тұрақты түрде пайдаланғанда жақсы көрсеткіштер алуға болады. Егістік тәсіл негізгі әдіс болып есептеледі. Өйткені, бұл әдіс бойынша, сорттардың шынығу немесе оның әр түрлі жағдайда өліп кету себептері жөнінде білуге болады. Кей-бір селекциялық орталықтарда кез келген жылда (соның ішінде қолайлы жылдары да) сорттарды бағалау үшін әдейі дайындалған қатар аралығы 15 см. болып келетін бөлшектерде сынайды. Қысты күні мүндай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы: бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау, бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |