Сегізінші. Қазақстан үшін күздік бидай мен қара бидайдың сорттарын шығару — ауыл шаруашылығы үшін ежелгі әрі көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл мәселені біздің селекционерлеріміз жайыла өсетін бидайық пен жұмсақ бидайды будандастыру жолымен шешуге тырысқан. Н. В. Цицин бидайдың салыстырмалы тұрақты, қысқа төзімділігі осал көп жылдық формасын ғана ала біледі. Осыған орай, бидайды эгилопстармен будандастыру жолы таңдап алынды. Нәтижесінде қысқа төзімді сорттар мен формалары алынды. Бырақ олардың қысқа төзімділігі әлі де жеткіліксіз. Сондықтан мұнда да биотехнология әдістерін пайдалану қажет. Мәселе шешуін күтуде.
Достарыңызбен бөлісу: |