3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған



жүктеу 308,67 Kb.
бет29/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

Тоғызыншы. Өнімділігі мен қолайсыз факторларға төзімділігін арттыратын жеке бағалы қасиеттері бар сорттар мен гибридтер шығару: арпаның құрғақшылық; пен төмен температураларға төзімді екі түйінді формаларын; жоңышқа мен беденің самофертильділігін; қарақұмық, бұршақ және басқа дақылдардың өсуі шектеулі (детерминатты) бірыңғай формаларын; жоңышқаның гүлінде екі түйіні болатын формаларын, жапырақтары түктенген, тамыр жүйесі екі - үш белдеулі, Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер шығару; жапырақсыз (мұртты) бұршақ формаларын шығару, және тағы да басқа жұмыстар қолға алынуда.

Оныншы. Шөл жағдайында және қатты тұзданган топыраққа бейімделген галофит өсімдіктер шығару. Орта Азия жайылымдары үшін сорттар шығару жұмыстары көп жылдан бері жүргізіліп келеді. Галофиттердің үлкен коллекциясы (астық, жемшөп және майлы тұқымдар бағытындағы) жиналды, олар теңіз суымен суару үстінде зерттелуде.

Он бірінші. Суарылатын және құрғатылған жерлер үшін сорттар мен гибридтер шығару. Қазірдің өзінде өнімділік әлеуметтілігі жағынан мелиорациялауға кеткен шығынның орнын тиімді жабуға мүмкіндік беретін күздік бидай, жүгері, жоңышқа, соя, көкөніс және басқа дақылдардың жоғары өнімді сорттары шығарылып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда миллиондаған гектар суарылатын және құрғатылған жер бар екенін ескерсек,бұл мәселенің маңызы қандай екені көрінеді. Мұндай жерлердің ауқымы әлі де кеңейтіле бермек. Кез келген экологиялық жөн бұзушылық пен қателіктерге жол бермейтін, сондай-ақ суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің шараларын қолдану қажет.

Сұрыптаудағы осы аталган бағыттардың одан әрі дамытылуы сұрыптау тиімділігін айтарлықтай арттыруға ықпал етеді. Таяудағы он жылда Қазақстан селекционерлері тұрақты формалар шығару мен оларды өндірісте кеңінен игеру арқылы елдегі өсімдік ресұрстарының сорттық құрамын түбегейлі өзгерте алады. Мұның өзі пестицидтердің қоршаған орта мен адамға әсерін біршама азайтуға, өнімнің ысырабын қысқартуға және азық-түлік қорын көбейте тусуге мүмкіндік береді.

Еңбек ұжымдарының құқықтары кеңейіп, ғалымдардың ынтасы артып, ғылымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі көбейе түседі-ау деген қазіргі тәуелсіздік жағдайында, жоғарыда кәрсетілген міндеттердің орындалу ықтималдығы арта береді деген сенім бар.

Бірақ бүгінгі күні сұрыптау мен тұқым шаруашылығының дамуын, бұл саладағы күрделі міндеттерді шешуді сұрыптау орталықтарының, тұкым шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімсіздігі тежеп келеді. Республнканың экономика және шаруашылық органдары сұрыптау орталықтарын, тұқым зауыттарымен, оларды қазіргі заманғы жабдықпен жабдықтау туралы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуді қолға алуга тиіс. Өнеркәсіп министрлігі сұрыптау мекемелері мен мемлекеттік сынақ үшін қазіргі заманғы шағын көлемді техника жүйесін жасауды қолға алуы керек. Әзірге шетелден осындай машиналар сатып алуды назардан тыс қалдырмау керек. Жасыратыны жоқ, ғылыми сұрыптау мекемелері мен мемлекеттік сорт учаскелері әлі күнге дейін жұмыстың көп бөлігін қолмен атқарады, мұның өзі еңбек енімділігін, сұрыптау процесінің қарқыны мен сапасын төмендетуге әкеліп соғып отыр.

Сұрыптаудың ғылыми өнімі — сорт, будан, желі донор — күнге арзан. Мұндай жағдай сұрыптаушылармен сұрыптау орталықтарының өз еңбегінің нәтижесіне деген ынтасын көтермейтіні аян.



Жоғарыда аталған келелі мәселелер ең таяу уақытта шешілуге тиіс. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы осы мәселелер бойынша тиісті ұсыныстарды зерттеп, дайындады және осы ұсыныстарды экономика мен басқару органдарына табыстады.

Егеменді ел болған соң, жас сұрыптаушылар даярлау мәселесін де шешуге тиіспіз. Ауыл піаруашылық жоғары оқу орындарында осындай факультеттер мен бөлімшелерді тезірек ашуды қолға алу қажет. Ең бастысы, қабілетті жас мамандарды тауып, оларға сұрыптаушылық дарыныныц ашылуы мен дамуы үшін, жақсы нәтижелерге қол жеткізулері үшін барлық жағдай жасалу керек.




жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау